Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану мамандығының
4 курс студенті
Тоқай А.Б.
«Толеранттылық - татулық кепілі»
Кіріспе
Біз. Біз деген кімдер? Біз – адамзат. Біз саналы жаратылыс иелеріміз, өзге жаратылыс иелерінен де осы санамыз бен ойлау қабілетіміз,тіліміз бен дініміз арқылы ерекшеленеміз. Сол себептен де адам деген ұғымның өзі «біз» деген ортақтығымызға дәлел бола алады. Біз адамдар жер планетасының тұрғындарымыз бәріміздің жұтатын ауамыз бір және төбеміздегі күніміз бір, жалғыз күн бүкіл адамзатқа жарық пен жылу береді. Соған қарамастан біз көп түрлі ұлт өкілдеріне бөлінгенбіз, әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, әр ұлттың өз салты мен жоралғылары,діні мен ділі бар. Сондай заңдылықты тіршілік шеңберіндегі Қазақстан атты мемлекетте «біз» өмір сүрудеміз. Еліміз тәуелсіз, егеменді, унитарлы және зайырлы мемлекет. Бейбіт қара шаңырағымыздың астында көптеген ұлт өкілдері тату өмір сүруде,шүкір. Қазақ халқының әуелгі ұстанатын дәстүрлі діні ислам, дегенмен де елімізде діни сенім бостандығы қамтамасыз етілген, түрлі конфессия өкілдері бірге өмір сүруде және бұл толықтай ақылға қонымды. Біздің сенімдеріміз бөлек болғанымен,достығымыз ортақ. Осы бір сөйлемнің мағынасының өзінде талай ой жатыр, ниет жатыр және қадам жатыр. Достығымыз бірдегеніміз еліміздің жеріміздің бір екендігі, ұлы жер ананың Еуразия материгінің кіндігінен орын алған Қазақстан территориясындағы әрбір тұрғын-туыс,қандас. Біздің осы достығымыздың негізі болып отырған – адамгершілік пен махаббат, достық пен сыйластық. Екіжақты құрмет пен толеранттылық. Осы орайда осы бір достықты, ынтымақтастықты сақтап қалу, ары қарай ілгері домалату, атылған асық болар болса, алшысынан тұрғызу біздің парызымыз.
Негізгі бөлім
Мен 2022-жылы мектеп бітіріп, ҚазҰУ ға дінтану мамандығына түстім. Мамандығым бойынша білім ала келе әр түрлі діндермен таныстым, маған өте қызық болды, сан алуан мәдениет алуан түрлі рәсімдер мен әдебиеттер, керемет. Елімізде ресми тіркелеген 18 конфессиямен таныстым. Тәжірибе барысында ғибадат орындарына да бардым, байқағаным, олар бізді жат көрмейді екен, бауырларына басып, жақын тартып өзге ұлттар болған күнде де қазақы қонақжайлық танытқандарын көрдім, ризашылық сезім кернеді. Уақыт өте келе субъективті пікірім қалыптаса яки өзгере бастады, әлемге, өмірге жаңа көзқараспен қарай бастадым. Менің бір түсінгенім дінтанушы болу, бұл, бауырмал болу, уақыт өте келе мейірбан болу және айналаңа жылу сыйлау екен. Ешбір дін жамандыққа бастмайды, ешбір ұлт қаскөй болмайды, керісінше адам сондай болады, иә,адам, мен секілді,сіз секілді адам, ол қайдан шықты қандай сенімде айырмашылғы жоқ, тек адам баласы сондай қиғаш пиғылмен туылған немесе соған өзі жүре келген бір пенде ғой. Бұл дегенім белгілі бір дін өкілдерін немесе ұлт өкілдерін толықтай бір адамға немесе бір оқиғаға қарап бәрі сондай деп баға беруге болмайды, қазақта бір сөз бар ғой, бір құмалақ бір қарын майды шірітеді деген, сол секілді, бір адамның қателігіне бола бір ұлтты одан асты бір дінді жаман деуге болмайды. Бұлай айтып отырған себебім қазір жиырма бірінші ғасыр, ақпараттық соғыс заманында өте ауқымды ақпарат теңізінде қандай толқын келіп соғары белгісіз, осы тұста дін атын жамылып жалғанға жол бергізетін алаяқатрда табылады,біздің міндетіміз соны болдырмау, алдын алу, шаралар қабылдау. Осыны бір кесел деп қарасақ дінтанушылар болып вакцинасын өндіруіміз керек. Діни сауатсыздық-ашты жөтел болса, базалық дінтанулық білім сол жөтелге дәрі деп білемін. Қоғамды бейбіт және тату ұстау, еліміздің зайырлы деген лауазымын жүз пайызға орындау осы мақсат екені анық әрине.
Қазақстан – этносаралық келісім мен діни сенім алуандылығын ортақ мүдде жолында ұйыстыра білген санаулы елдердің сапында. Қазіргі таңда елімізде 18 конфессия мен жүзден астам этнос өкілі бейбіт өмір сүріп жатыр. [3]
Біз сенімдеріміздің әртүрлілігіне қарамастан достық орната алған мемлекетпіз,жеке тәжірибеден мысал келтірер болсақ қарапайым университет қабырғасын алайық, бір аудиторияныің ішінде мұсылман,христиан және буддист отыруы мүмкін. Олардың алатын білімі бір, мақсаты ортақ. Осы ортақ мақсат пен ортақ құндылықтар әр түрлі сенім өкілдерін біріктіруші фактор деп айта аламын. Осы тұста осы достықты бұдан әрі нығайту үшін түрлі ұсыныстар мен жобалар ойлап табу керек.
Ендеше келесі кезекте осы ортақ достыққа кедергі келітіріп жатқан фактілерге мән беретін болсақ, Мен ең елеулі деп діни сауатсыздықтың салдарын айтатын едім,себебі әрбір осы тұста сауатсыздық танытқан азаматтарымыз құрдымға кетуі және тыныштықты бұзуы әбден мүмкін.
Дінге сенушілердің көпшілігі өз дінінің негізін білмейді. Бір жерден оқыдық, біреуден естідік, одан артық ізденіс жасамаған. Діни сауатсыздық қауіпті, себебі бұл жағдайда деструктивті секталар мен экстремистік ұйымдарға ену қаупі жоғары. Бұл лаңкестер үшін қолайлы мүмкіндік. Біз азаматтарымызды психикалық, рухани және жиі кездесетін физикалық денсаулыққа орны толмас зиян келтіретін идеологиялардан қорғауымыз керек. Рухани азық іздеуде мұқият әрі абай болыңыз. Тек ресми дін қызметкерлеріне жүгініңіз. Қазақстанда тіркелген және тыйым салынған діни бірлестіктер тізіміне назар аударыңыз. Ресми діни өкілдеріне жүгіну арқылы сіз өзіңізді экстремистік идеологиядан қорғайсыз. [1]
Экстремизм дін емес, сенім емес — бұл сананың сырқат күйі. [1]
Экстремизм адамдардың сенімдерінен, құмарлығынан тұрады. Бұл жарқын әрі қызықты әлем біреулер үшін махаббат пен құрметке толы болса, енді біреулер үшін әділетсіздікке, жеккөрушілікке, қатыгездікке толы. Егер біріншілері діннен жұбаныш пен тыныштық тапса, екіншілері одан өзіндегі қызғаныш пен ашу-ызаны ақтайды. «Сенім — бір түйір қамыр сияқты. Сіз одан қалаған нәрсеңізді жасай аласыз» деген нақыл сөз бар. [1]
Біріншіден, біз «діни экстремизм» ұғымынан бас тартуымыз керек, өйткені шынайы дін ешқашан зорлық-зомбылыққа шақырмайды. [1]
Өздерін діндар әрі тақуа мұсылман санайтын, бірақ лаңкестік әрекеттерді ақтайтын жастар — ислам ілімдерінен сауатсыз жандар. Исламды терроризммен теңестіру түбегейлі қате түсінік. Мынадай мысал келтірсек болады: егер мас жүргізуші жол апатына ұшыраса, біз көлік өндірушісін болған оқиғаға кінәләмаймыз. Дінде де солай, санаулы адамның ессіз әрекеті үшін бүкіл мұсылмандарды кінәләмәу керек. Оның үстіне, дәл осы мұсылмандар терроризмнің басты құрбанына айналуда. [1]
Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда ислам басқа дінге сенушілердің саны жағынан алғашқы орындарда. Мұсылмандар белсенді азаматтық ұстанымды ұстанып, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосып, толеранттылық пен дінаралық диалогты қалыптастыруға атсалысуда. [1]
Мәселен, Алматыда ислам, христиан және басқа да діндердің өкілдері кіретін Діни бірлестіктер жетекшілерінің клубы жұмыс істейді. Мәдениетаралық және дінаралық диалог Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен өткізілуде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда белсенді жұмыс жасауда. [1]
Сондықтан қоғамда исламофобияның таралуына жол бермей, адамдарға қарапайым шындықты, яғни ешбір дін зорлық-зомбылыққа шақырмайтынын жеткізе білуіміз керек. Соңғы мәліметтерге қарағанда, азаматтарымыздың басым көпшілігі — шамамен 70%-ға жуығы өздерін ислам дінін ұстанушылар қатарына жатқызады. Біздің ойымызша, жоғары пайыздық фактордың болуы — қазақ халқының исламды өзінің этникалық бірегейлігінің бір бөлігі ретінде қабылдауынан. [1]
Халықтың басым бөлігі өздерін мұсылманбыз деп санайды және белгілі бір дәрежеде әдет-ғұрыптарды және ережелерді сақтайды. Сыртқы белгілерге келетін болсақ, бұл адамның діндарлығын көрсетпейді, кейбір жағдайларда бұл жай ғана сән үшін болуы мүмкін. [1]
Қазақстан үшін дәстүрлі ислам негізінде уағыздайтын дін өкілдері ғана радикализмге идеологиялық тұрғыда төтеп бере алады деген нақты түсінік бар. Демек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдарына сенім артуға болады, олар білімді әрі сауатты мамандар. [1]
Діни идеологияның артына жасырынған экстремизм конфессияаралық қақтығыстардың пайда болуына және шиеленісуіне әкеледі. Діни экстремистердің басты мақсаты — өз идеяларын саясатқа, қоғамның күнделікті өміріне енгізу. Ең негізгісі — бүкіл халық үшін барлық құқықтық нормаларды міндетті діни ережелермен ауыстыратын жеке мемлекет құруды міндет етіп қояды. Діни экстремизм тағы бір радикалды ағыммен — фундаментализммен жиі тоғысып жатады, оның мәні дінге сенушілердің басым көпшілігі жоғалтқан идеологиялық негізге қайта оралу болып табылады. [1]
Әр нәрсенің өз себебі бар. Діни экстремизмнің пайда болу себептері мүлдем басқа:
1. Діни сауатсыздық немесе дінді үстірт білу. Қай дін: ислам, христиан, буддизм және т.б. екендігі маңызды емес. “Жартысын білгенше, ештеңе білмеген дұрыс” деп айтатындар бар. Діннің мәнін шектеулі және үстірт түсіну фанатизмге әкеледі.
2. Өмір сүру деңгейінің төмендігі. Бұл, ең алдымен, жұмыссыздықпен, табыстың төмендігімен және соның салдарынан кедейлік пен қиын өмірлік жағдайлардан шығу жолын іздеумен байланысты. Бұл жағдайда жұмыс орындарының жетіспеушілігі мен төмен жалақы мәселесін жоюға бағытталған мемлекеттік шаралардың маңызы зор. [1]
Кез келген дәстүрлі діннің сыртында оны қиратушы культтер бар, олар өз ізбасарларына түрлі айла-тәсілдер арқылы әсер етіп, оларды өздеріне бағындыруға тырысады. Діни сенім бостандығы — адамның негізгі құқығы, бірақ көбісі бұл еркіндікті өз теріс мақсаттары үшін пайдаланады. Олар дін атын жамылу арқылы зорлық-зомбылықты ақтап, қылмыстық қудалауда конституциялық құқықты қалқан ретінде пайдаланады. [1]
Қорытынды
Менің бұл проблемаларды атап өтуімінің бүгінгі тақырыбыма әбден қатысы бар, себебі дін атын жамылған надандар бір дінге залал келтірсе оған өзге дін өкілдері толеранттылықпен қарай алмайтыны анық. Сондықтан осы мәселеде шапшаң жұмыс жасау керек, әйтпесе қоғамда түрлі шеттетулер мен қиындықтар туындайды. Алайда біз қазір бейбіт елміз, бейбіт ел болып алға қадам жасап,дамимыз,біздің мотивіміз де мақсатымыз да осы, осы ортақ құндылық бізді сенімдеріміздің бөлек болуына қарамастан біріктіреді және бірлігімізді арттырады. Біз толерантты болуымыз керек.
Осы тұста қарапайым халықта мынадай сауал туады деп ойлаймын,жеке тәжірибемнен. Менің құдайым басқа ,оның құдайы басқа мен оның сеніміне мүлдем сенбеймін сонда қалай оған құрметпен қараймын? -,деген сынды сауалдар болуы мүмкін. Бұл толықтай орынды сұрақ осыған жауап беріп ойымды қорытындыласам, біз өзімізді зайырлы ел тұрғыны дейміз. Зайырлы мемлекет дегеніміз – дінге қарсы мемлекет емес. Ол — дінге бейтарап, яғни ешбір дінді не атеизмді артық қоймайтын жүйе. Сондықтан азаматтар өзінің дінін еркін ұстануға құқылы, бірақ мемлекет басқа сенімдегілерге де бірдей құқық береді. Бұл – толеранттылықтың құқықтық негізі. Иә, мүмкін сіз тәухид сенімін ұстанасыз. Ислам діні «Алладан басқа құдай жоқ» деп үйретеді.
Бірақ бұл:
• басқа діннің құдайларына сену керек дегенді білдірмейді,
• олардың сенімін ақиқат деп мойындау керек
деген де сөз емес.
Бірақ олардың адами құқығы мен ар-намысына
құрметпен қарау – Исламның да талабы. Құранда былай дейді:
«Алла
сендерді өздеріңмен дін үшін соғыспаған және өз атамекендеріңнен
қумағандарға жақсылық жасаудан һәм оларға барынша әділ болудан
тыймайды. Шүбәсіз, Алла әділдікке, адам құқығына ерекше мән
беретіндерді жақсы көреді.
»
(Мумтахана сүресі, 8-аят)
Мен айтқандай, сіз ішіңізден
ақиқат – Исламда деп
сенесіз. Бұл сеніміңізден таймайсыз. Бірақ толеранттылық
деген:
• «Сеніңкі де дұрыс» деу емес,
• «Мен сенікіне сенбеймін, бірақ сенің таңдау құқығыңа қол
сұқпаймын» деу.
Яғни толеранттылық – өз сеніміңе адал
болып,
басқаның адами еркіндігін таптамау.Егер толеранттылықты ақиқатты жасыру емес, адамға
құрмет көрсету деп
түсінсек, бұл көзбояушылық емес – рухани кемелдік.
Қазақстанда 18 қазан –
Рухани келісім күні ретінде аталып
өтеді. [2] Бұл –
бейбітшілік, төзімділік, өзара сыйластық пен дінаралық татулықты
насихаттайтын ерекше күн. Дегенмен, қазіргі таңда бұл мереке халық
арасында кеңінен танымал емес, әсіресе жастар арасында маңызы толық
сезілмейді. Сондықтан бұл күннің құндылығын арттыру
қажет.
Ең алдымен, бұл
күнді мектептер мен университеттерде арнайы тәрбие сағаттары арқылы
атап өтуге болады. Жастар арасында шығарма, сурет, видео сияқты
байқаулар ұйымдастырылып, рухани келісімнің мәнін түсіндіру керек.
Сонымен қатар, теледидар мен әлеуметтік желілерде осы күнге
арналған бейнероликтер, сұхбаттар, нақты мысалдар арқылы көпшілікке
жеткізу маңызды. Бұдан бөлек,
қайырымдылық шараларын өткізіп, халықты бірлікке, жанашырлыққа
баулу – бұл күннің рухына сай болар еді. Әртүрлі этнос пен дін
өкілдерінің қатысуымен форумдар мен мәдени кештер ұйымдастырылса,
қоғамда татулық пен өзара құрмет нығая
түседі.
Қорытындылай
келе, Рухани келісім күнін жай ғана күнтізбедегі дата ретінде емес,
шынайы мазмұнға ие, халықты біріктіретін мереке ретінде атап өтуді
қолға алуымыз керек. Сонда ғана бұл күннің тәрбиелік және қоғамдық
маңызы артады.
Қазақстанда рухани келісім мен ұлтаралық татулықты нығайту мақсатында түрлі ұлт пен діни сенім өкілдеріне арналған электронды ойын әзірлеуді ұсынамыз. Бұл ойын жастарды біріктіруге, олардың бір-бірін түсінуіне, бейбітшілікті бағалауға бағытталады.
Ойын идеясы
қысқаша:
•
Ойын — Қазақстанның болашағын өркендету жолындағы
бірлескен саяхат
(мысалы,
виртуалды қала салу, экологиялық мәселелерді шешу, білім мен
ғылымды дамыту);
• Әр қатысушы —
әртүрлі ұлт немесе дін өкілі, бірақ ортақ мақсатқа жету
үшін бірлесе әрекет
етеді;
•
Ішінде рухани құндылықтар, салт-дәстүр,
толеранттылық туралы тапсырмалар, мини-викториналар,
квесттер болады.
Мақсаты:
• Ойын
арқылы рухани келісімді
насихаттау;
• Түрлі
көзқарастағы адамдардың ынтымақтаса отырып жұмыс істеуіне жағдай
жасау;
• Жастар арасында толеранттылықты
арттыру және елімізге
деген сүйіспеншілікті ояту. Маңызы:
Бұл
ойын интерактивті әрі заманауи
формат арқылы жастарды
жақындастырып, олардың арасында
сенім, достық,
өзара құрметті
нығайтады.
Сонымен қатар, Қазақстанның көпэтносты қоғам ретінде дамуына
оң үлес
қосады.
Менің ортақ достықты арттыру мақсатында ойға алған идеяларым көп,алдағы уақытта білікті маман болып оларды тиімді жолмен іске асырғым келеді.
Сөз соңында еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын дегім келеді. Біз Қазақстанның байтақ жерінің тұрғындары, бәріміз бауырмыз,бәріміз бір ұяның балапандарымыз, отанымызға адал болу және оны әрбір қиянаттан аман сақтау әрбірімізге жүктелеген парыз, себепсіз орындауға тиіс борышымыз. Сенімдеріміз әр түрлі бірақ мүддеміз бір. Біз кемпірқосақ секілдіміз,әр түрлі түстіміз алайда жауыннан соң бәріміз де бір жерден табыламыз. Үйлесімді,бірге және ажырамас.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
«Зайырлы білім беру жүйесіндегі дінді зерттеудің заманауи әдістері» А.Д.Курманалиева, Қ.М.Бишманоы,Е.Г.Берикбаев- Алматы: Қазақ университеті, 2024.-54с.
-
Қазақстан халқы ассамблеясы ресми сайты https://assembly.kz/news/b-gin-aza-standa-rukhani-kelisim-k-ni-atalyp-tude/?utm_source=chatgpt.com
-
Конфессияаралық келісім – Қазақстан тәуелсіздігінің басты құндылығы Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ, Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі. https://nv.kz/2025/04/16/310882/?utm_source=chatgpt.com
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз