Топтағы ұйымшылдықты психологиялық тұрғыдан қарастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Топтағы ұйымшылдықты психологиялық тұрғыдан қарастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен , адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым – қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы мүмкін. Олар шартты, байланысты және ұжымдық топтар. Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Топтағы ұйымшылдықты психологиялық тұрғыдан қарастыру

Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен , адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым – қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы мүмкін. Олар шартты, байланысты және ұжымдық топтар.

Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады.

Адамдар қарым-қатынасының сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір – біріне тәуелділігі , бағынуы , бірлесіп атқаратын істері , өзара көмектесуі – олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сапалар. Олардың арасындағы қарым – қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе – адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы.

Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап көрсетті және олардың мынадай деңгейлерде қалыптасып отыратындығына мән береді :

- диффузиялық топ – бұл аралас топ деп те аталады , мұндай топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасы топтың іс-әрекетіне байланыссыз –ақ жүзеге асады ;

- ассоциация – бұл күрделі топ , топтың іс-әрекеті әрбір адамның мүддесіне сай келетін болғандықтан , топтар ішіндегі қарым-қатынас жандана бермек;

- корпорация, мұнда да жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассоциациялық негізде дами бермек ;

- ұжым - топтың ең жоғарғы деңгейде ұйымдасқан формасы , мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып , әрбір адамның қоғамдық мақсат - мүддесімен ұштасып жатады.

Американдық психолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың қарым-қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті ұсынған болатын. Бұл әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағын ұжымдардың жетекшілері , өндірістік –кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарым-қатынасын анықтай алады.

Адамдар арасындағы үйлесімділік қатынастар гомеостат аспаптары арқылы зерттеледі. Бұл тәсіл адам организмі мен жүйке жүйесінің қоршаған ортаның қиын жағдайына икемделу мүмкіншіліктері арнайы жасалған үлгі бойынша қарастырылады.

Ұйымшылдық пен бірлік топтардың тәжірибелік іс-әрекетінің мақсат - мүддесімен байланысты. Мұнда жоспарланған істерді қалайда жүзеге асырып отыру көзделеді. Топ ішіндегі тағы бір жайт – жеке адамның топтың атқаратын іс-әрекеттеріне илануы. Бұл – психологиядағы ерік сипаты . Илану адамның көнгіштігімен анықталады.

Шағын топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынасы және олардың өздеріне серік іздеп , әріптестер таңдауы адам психологиясындағы өзіндік маңызы бар мәселе болып табылады.

Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық - әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен , адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.06.2021
535
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі