Топтық жұмыс арқылы оқушыларды
оқытудың амалдары мен тәсілдері.
ХХІ ғасыр мұғалімі оқушылардың белсенді, бірлескен оқу ортасын құрушы білімнің ұйымдастырушысы ретінде танылады. Оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне қатыса отырып, өз болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, мақсат қояды, нәтижелерін қадағалайды, эксперимент жасайды және бала топтық жұмыста өзінің пікірі немесе ұсынысы қате болса, түзетуге мүмкіндік алады.
Топпен оқыту технологиясы – оқушылардың оқу-танымдық шығармашылығын топтық түрде ұйымдастыру. Топтық түрде оқыту кезінде сынып оқушылары белгілі бір оқу мәселелерін шешу мақсатында бірнеше оқу топтарына бөлінеді. Әрбір топ белгілі бір мәселені шешу бағытында жұмыс жүргізеді. Бұл жерде әрбір топқа жеке бөлек тапсырма берілуі немесе барлық топтарға бірдей тапсырмалар берілуі мүмкін. Топтар көшбасшының немесе мұғалімнің тікелей басқаруымен ұжымдаса орындайды. Топпен оқыту технологиясы жайында А. Г. Ривин, В.К. Дьяченко. Н. Гузик, И. Первин, В. Фирсов. А. Гин., және басқа ғалымдардың еңбектерінде баяндалады.
Топтық оқыту технологиясын қолданудың тиімділігінің себептері бірнеше. Мәселен, менің ойымша осындай бірнеше себепті мысалға айтсам:
-
жұмыстың жеңіл ұйымдастырылатындығы;
-
жұмыста оқушылардың толық қамтылуы;
-
оқушылардың бір-бірлеріне деген жылы қарым-қатынасын қалыптастыратындығы;
-
оқушылардың жеке танымдық дамуына көмектесетіндігі.
Топтық оқыту әдісін қолдану кезінде оқушылардың өзін-өзі басқару, өзін-өзі бағалау топта оқушылардың білім деңгейін, ынтасын көтереді, бір-біріне көмектесу, бірінің білмегенің бірі толықтыру арқылы сенімділік артып, оқушының тақырыпты меңгерудегі олқы жерлерін бақылап, мұғалім мен оқушылар арасында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатылады. Математика сабағындағы топтық жұмыстар қолданылған жекелеген жобаларда толық топтарға қарағанда, шағын топтағы оқушылардың шығармашылық неғұрлым тиімді жұмыс істегені байқалады.Себебі, тығыз ынтымақтастық пен қателіктер сындарлы әңгімелесу жағдайында математика есептерін шешуде өздерін сенімді ұстайды.
Оқушыларды топқа бөлудің екі жолы бар. Бірінші, құрылымдалмай бөлінген топтардағы топтық жұмыс /Групповая работа с неструктурированным делением на группы/ Unstructured group work - топтық жұмысты ұйымдастыру нысаны. Білім беруші білім алушылардың қабілеттерін, көшбасшылық қасиеттерін ескермей, кездейсоқ таңдау әдісімен топқа бөледі. Екіншісі, құрылымдалып бөлінген топтардағы топтық жұмыс /Групповая работа со структурированным делением на группы / Structured group work - топтық жұмысты ұйымдастыру нысаны. Білім беруші білім алушыларды шағын топтарға бөлуді бүкіл топтың, сондай-ақ жекелеген білім алушылардың ерекшеліктерін (мысалы, оқу үлгерімі, аталған пәнді оқуға деген қабілеті, көшбасшылық қасиеттері, қарым-қатынас жасау қабілетінің деңгейі) ескере отырып, алдын ала жоспарлайды.
Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін топтың жекелеген мүшелері бір-бірін құрметтей отырып жұмыстанатын дәрежеге жеткізу керек, яғни жұмыстың алғышарттарының бірі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы күтілетін нәтижеге жетуге негізделген. Мұғалім топтарға арналған ережелерді әзірлей отырып немесе топ мүшелерінің жеке ережелерін келісуі арқылы топтық жұмысқа бейімдейді. Қандай топтық жұмыс болмасын сол топты құрайтын нақты адамдарға арналған ереже құрылғаны маңызды. Ережелерде адалдық мәдениетін күшейту, ұжымдық жауапкершілік белгілеу, тыңдау машықтары тәжірибесін дамыту, топ міндеттері мерзімін сақтау, шығармашылық пен стандартты емес, идеяларды бағалау, қайырымдылық ескерілу керек. Топтық ережені күн тәртібінде бақылауда ұстау арқылы топтық жұмыстың өнімді болуына қол жеткіземіз. «Топ мүшелеріне адамдармен жұмыс істеу үшін оларды жақсы көру міндетті емес екенін ескертіңіз. Кәсіби өмірде сияқты топтық жұмыста адамдар топ құрамында жұмыс істейді, жеке дау-дамайларды барлық топтың алға жылжуына кедергі жасамайтындай етіп шешу керек». Сонымен қатар, топтық жұмысты ұйымдастырушы мұғалім «Топ ережелерін қабылдаған әрбір адамды бұл топтан тыс жеке блок құрудан сақтап, алға қарай апарады. Адамдар бастапқыдан-ақ айтылған пікірлермен келіспеген жағдайда да әрбір дауыс естілуге құқылы. Топтың әрбір қатысушысы өз көзқарасын, пікірін білдіруін ынталандыру керек, олар естілмей қалмасын. Топ жұмысына топ мүшелерінің әрқайсысы тең дәрежеде қатысуға тиіс. Бұл олардың әрқайсысы бір нәрсені істеу керек дегенді білдірмейді. Бәрінен де, міндеттер топ мүшелеріне қалай бөлінетіні туралы ақылдасып шешкен дұрыс болады. Топ мүшелері сондай-ақ бір–бірімен тәжірибе алмаса және басқалардың идеяларына сүйене отырып, өз үлесін қосуға дайын болуға тиіс» деген нұсқауларды негізге алуы тиіс.
Топтық оқытудың бірнеше кемшіліктерін де айтып өтейін. Біріншіден, сыныпты топтарға бөлудің қиындығы (бір қиын оқушының болуы, оны топтардың өзіне қосқысы келмеуі, сыныпты жұмыс қарқындары теңдей болатындай топтарға бөлу) және топтардағы жұмысты ұйымдастырудың қиындығы; екіншіден, барлық оқушыларды бірдей жұмысқа араластыру мен сыныптағы шудың болуы.
Айтылған кемшіліктерге қарамастан, топпен оқыту технологиясын математика сабақтарында қолдану оқушыларға білімдерді жақсы және тереңірек меңгеруге , жеке сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға, берілген мәселені ұжымдаса шеше білуге үйретуге көмектеседі екен.
Сыныпты топқа бөлудің де өзіндік мәселелері бар. Мәселен, сынып оқушыларын топқа бөлу мақсатын дұрыс қабылдамай жатуы, өз келіспеушіліктерін білдірулері. Бұл уақыттың босқа кетуіне әкеледі. Сыныпты топқа бөлу тәсілдерін таңдау топпен оқыту мақсаттарынан шығады. Мәселен,
-
әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды беруге негізделген, білім дәрежелеріне қарап құрылған топтар;
-
әр түрді білім дәрежелері бар оқушылардан құрылған оқу топтары, оқушылардың бір-бірлеріне көмек беріп отыруы жүзеге асып отырады. Бірақ барлық топтар бірдей деңгейде құрылуға ұмтылуымыз керек.
-
бір-бірімен дос оқушыларды топтастыру немесе керісінше;
-
тағы басқа.
Сынып оқушыларын кездейсоқ топтарға бөлудің мынадай тәсілдерін айтып өтуге болады:
-
сыныптағы парталар бойынша;
-
көрші парталар бойынша;
-
журналдағы тізім бойынша;
-
туған айлары бойынша;
-
санату көмегімен (1-ден 5ке дейін, т.с.с.);
-
мозайка әдісімен (дұрыс жалғасын табу арқылы);
-
жеребе тарту көмегімен, бұл жерде конвертте немесе себетте:
-
түрлі түсті жапырақтар, қима қағаздар;
-
геометриялық фигуралар;
-
сандар (натурал, бүтін, бөлшек);
-
жемістердің суреттері (алма, өрік, алмұрт, шие);
тағы басқа.
Қорытындылай келе айтарым, мұғалім біріншіден сыныпты топқа бөлудің нақты ережесін анықтап дайындауы керек; екіншіден біртіндеп оқушыларды оған үйретуі керек. Сабақтарда топтық оқытуды жиірек қолданған сайын сынып оқушылары да топпен оқуға тез бейімделеді.
Мұғалімге топтық оқытудағы қиыншылықтардың алдын алу мақсатында
-
оқушылармен бірлесіп топпен жұмыс ережесін құрып келісімге келуі керек;
-
барлық қатысушылардың ережеге бағынуларын бақылап отыруы керек;
-
әр жеке мәселеге арнап дәл уақыт шектеулерін қойып отыруды дағдыға айналдыруы керек. Бұл үшін оқушылар көріп отырулары үшін сыныпта құмсағат қоюға, экранға сағат шығарып қоюға, немесе секундомен қоюға болады;
Иә, балаларды топтық оқытудың кейбір қиындықтары бар. Мұғалімде де осыған қарай сәтсіздіктер де болып жатар. Бірақ та, осы жүйеде жұмыс жүргізетін мұғалім түбінде сыныпты жақсы сезініп, топтық жұмысты шебер ұйымдастырушыға айналатынына сенімдімін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Топтық жұмыс арқылы оқушыларды оқытудың амалдары мен тәсілдері

шағым қалдыра аласыз