Топтық жұмыстың тиімділігі және оны ұйымдастыру.Сабақта оқушының топтық жұмысын ұйымдастыру бұл оқушылардың өзара үйлесімді қызметі.Топтық жұмыс белгілі бір тәртіп талабымен құрылады.Мұғалімнің топтық жұмыс барысындағы қызметі барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, мәселені барлық сынып болып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Топтық жұмыс жасау оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, қателерін табуға жаттығады. Өз сабақтарымда көбінесе оқушылардың бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көп көңіл бөлемін. Оқушылар бірлесіп ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірге шығармашылықпен қарау тұрғысында, жаңалықтар ашу барысында жұмыс жасайды. Топта жұмыс жасап үйренген оқушылардың іс-әрекеті нәтижелі болады, білімдері шыңдалады. Сонымен қатар, сабақ барысында ұдайы бір үлгідегі тапсырмалар қайталап бере алмаймыз.Топтық жұмысқа негізделген тапсырмаларды әр сабақ сайын түрлендіріп, формасын өзгертіп орындатқызған дұрыс. Топтық жұмыс жасаудың ең тиімді әдісі - берілген тапсырма бойынша постер жасап, топ мүшелерінің сыныптастары алдында өз білімдерін саралап, қорғай білу. Математика сабағында топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Мұнда біреудің жұмыстан тыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады. Топқа бөлудің де қызықты тәсілдерін қолдану керек. Жаңа сабақты түсіндіру барысында өтілетін тақырыпты «Джигсо» әдісімен бөліп беріп әр оқушыға тапсырма беріледі де, уақыт белгенеді.Содан соң уақыт өткен соң,сарапшы топтаталқылайды және постер жасап қорғайды. Топтық жұмыс барысында оқушыларға рөлдербөлініп беріледі. Таймкипер, хатшы, төраға, баяндамашы,суретшіт.б. Математика пәнінен үлгерімі төмендеу оқушылар топтық жұмыстарда, топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасады. Топтық жұмыстарда ережелер құрастыру, есептер жазылған үлестірмелік кестелер, сұрақ тапсырмалар арқылы түрлендіріп отырды. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін сұрақтың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды қоя білуге үйреттім. Б. Блум таксономиясы бойынша білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау кезеңдерімен тапсырмалар ұсынып орындаттым. Математика сабағында оқушыларды сөйлете алмайтынбыз. Математикалық тіл кейбір балалар үшін қиын және проблемаға айналған. Топтық жұмыстарда байқағаным оқушылар еркін болғандықтан шығар, әр оқушының ойын жеткізуге мүмкіндіктер бар. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі»стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен сіңісе алмайды,сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алатын және бұрынғы жаттығулар сыныпқа түгелдей беріліп немесе жеке –жеке тапсырмалармен бағаланып жататын. Мұғалім айтады,оқушы орындайтын. Жақсы оқитын есеп шығара алатыны көңіл толтыратын. Кейбір балалар есепті шығара алмаса да, көшіріп алатын. Жақсы оқитын бала мен нашар оқитын баланы үйрететін. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақтаған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән мағынасы терең меңгерілмей,жай ғана жаттағандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалатын.
Міне, осындай бақылаулардан соң менің ойыма түйгенім мынандай: тапсырмаларды таңдап алу, сабақ жоспарын оқушылардың тілегіне сай өзгертіп отыру, кіммен топта жұмыс істегісі келсе қалауына сай бөлу, тапсырманы орындау әдістерін өздері таңдап алуына жағдай жасау, жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік беру тілегі мен ынтасын ескеру керек. Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде ,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуді көздейді. Сабақ жүргізу барысында интербелсенді тақта, желілік жүйе, түрлі-түсті стикер, маркер, т. б құралдармен жүргіздім және олар сабақ өткізуіме тиімді болды. Интербелсенді тақтаны жаңа сабаққа қатысты тірек сызбаларында, математикалық диктанттардың жауабын тесеруде, сергітусәттерінде, бейне жазбаларында пайдаландым. Жинаған деректер өздігінен сыр ашпайды. Зерттеу барысында бейне жазбалар арқылы өткен сабақтарымды талдадым. Кемшіліктерімді жоюға ықпал етті.
Мен оқушыларда әр сабақтан соң сауалнама, сұрақ қою (сұрақ жәшігіне), кері байланыстар алып отырдым. Сабағымда оқыту үшін бағалауды қолдандым. Бағалаудың талаптары мен әдістеріне оқушылардың
өздері де тартылуын қадағаладым. Мұндай ұстаным бағалауды оқушылардың өзіндік іс әрекетіне айналдырады. Бағалау критерийлері бойынша, топтық жұмыстарды бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек», интервью, жазбаша жұмыс түрлері тәсілдерін қолдандым.
Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен
мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі [МАН 106 бет].
Мысалы, егер балаға оның белгілі бір деңгейге жететіндігін айтса, бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді. Менің пікірімше, осы бағалаудың артықшылығы баламен бірлесіп ненің нәтижесінде мұндай баға алғанын және бағалау өлшемдерін түсіндіріп, талдау жасап отырғанда ғана оң нәтиже бермек. Сол кезде оқушы нәтижесін жақсарту үшін не істеу керектігін түсінеді.
Осы жоғарыда айтылған жаңа әдіс тәсілдерді қолданып, жеті модульді ықпалдастырып сабақ беретін болсақ, оқушыларға сапалы білім беретінімізге сенімім мол. 7-сынып оқушыларына сабақ өткізгенде оқушылардың әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түсетінін байқадым. Сонымен қатар ынтымақтастық топтарда жұмыс істейтін балалардың өзінің сыныптарына анағұрлым көңілі толатыны білінді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Топтық оқыту барысындағы қиындықтарды шешу жолдары

шағым қалдыра аласыз