Төрлет, құтты жаңа жыл
Жаңа жылым мол болсын!
Басқан қадам оң болсын!
Төрле, төрле жаңа жыл!
Бізге құтты жыл болсын!
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Балалардың асыға күтетін мерекесі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жаңа табыс пен жаңа бақыт күтеміз.
Осы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Балауса» балабақшасы, «Балапан» тобы тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен жаңа жылдық мерекеге арналған ертеңгілік өткізілді. Д.А.Рахметова «Балалардың қалай ақшақарға көмектесуі» атты жаңа жылдық ертеңгілікті балалармен және ата-аналардың қатысуымен ұйымдастырды.
Жаңа жылдық ертеңгілік өткізілетін зал ортасында әсем ойынышықтармен безендірілген шырша орнатылған. Көз тоймас әсем суреттер мен құттықтаулар ілінген. Балалар ертеңгілікке байланысты әр түрлі жаңа жылдық киімдер киген.
Жаңа жыл кешіне балалар асыға күтетін Аяз ата мен ақшақар келді. Балалар өздерінің жаттаған тақпақтары мен әндерін Аяз атаға шырқап айтып жатты. Аяз ата балаларға керемет сыйлықтарын сыйлады. Балалар Аяз ата мен ақшақармен қол ұстасып бірге жасыл шыршаны айналып, ән шырқады. Ата - аналар да бұл мерекеден қалыс қалмады. Бірге шыршаны айналып ән шырқап, бірге биледі. Ата – аналар балаларының көңілді кешті өткізіп жатқанын өте қуанышты. Жылы лебіздерін де білдіріп жатты.
Жақсы ауданы,
Подгорное ауылы
«Балауса» балабақшасының
«Балапан» тобының тәрбиешісі
Д.А.Рахметова
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Төрлет, құтты жаңа жыл!!!!
Төрлет, құтты жаңа жыл!!!!
Төрлет, құтты жаңа жыл
Жаңа жылым мол болсын!
Басқан қадам оң болсын!
Төрле, төрле жаңа жыл!
Бізге құтты жыл болсын!
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Балалардың асыға күтетін мерекесі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жаңа табыс пен жаңа бақыт күтеміз.
Осы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Балауса» балабақшасы, «Балапан» тобы тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен жаңа жылдық мерекеге арналған ертеңгілік өткізілді. Д.А.Рахметова «Балалардың қалай ақшақарға көмектесуі» атты жаңа жылдық ертеңгілікті балалармен және ата-аналардың қатысуымен ұйымдастырды.
Жаңа жылдық ертеңгілік өткізілетін зал ортасында әсем ойынышықтармен безендірілген шырша орнатылған. Көз тоймас әсем суреттер мен құттықтаулар ілінген. Балалар ертеңгілікке байланысты әр түрлі жаңа жылдық киімдер киген.
Жаңа жыл кешіне балалар асыға күтетін Аяз ата мен ақшақар келді. Балалар өздерінің жаттаған тақпақтары мен әндерін Аяз атаға шырқап айтып жатты. Аяз ата балаларға керемет сыйлықтарын сыйлады. Балалар Аяз ата мен ақшақармен қол ұстасып бірге жасыл шыршаны айналып, ән шырқады. Ата - аналар да бұл мерекеден қалыс қалмады. Бірге шыршаны айналып ән шырқап, бірге биледі. Ата – аналар балаларының көңілді кешті өткізіп жатқанын өте қуанышты. Жылы лебіздерін де білдіріп жатты.
Жақсы ауданы,
Подгорное ауылы
«Балауса» балабақшасының
«Балапан» тобының тәрбиешісі
Д.А.Рахметова
шағым қалдыра аласыз













