"Төтенше жағдайларда өзіме және басқаларға қалай көмектесе аламын?"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Төтенше жағдайларда өзіме және басқаларға қалай көмектесе аламын?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы медициналық көмек - бұл дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында зардап шеккен адамға көрсетілуі керек шаралар кешені. Ең жиі кездесетін төтенше жағдайларда көрсетілуі тиіс алғашқы көмектерді қарастырайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Р.Қошқарбаев атындағы № 50 ЖББМ» КММ






Тақырыбы

«Төтенше жағдайларда өзіме және басқаларға

қалай көмектесе аламын?»




Өткізген: «Жаһандық құзіреттер»

пәні мұғалімі О.Рустемов.


Сыныбы: 9 «А»







§ 19 «Төтенше жағдайларда өзіме және басқаларға

қалай көмектесе аламын?»


Алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек

Алғашқы медициналық көмек - бұл дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында зардап шеккен адамға көрсетілуі керек шаралар кешені. Ең жиі кездесетін төтенше жағдайларда көрсетілуі тиіс алғашқы көмектерді қарастырайық.


Алғашқы медициналық көмек түрлері

Алғашқы медициналық көмек оқыс оқиға болған орында зардап шеккен немесе күрт науқастанған адамға "жедел жәрдем" келгенге дейін алғашқы медициналық ем шараларын жасауды қарастырады. Алғашқы медициналық көмек жәбірленуші қандай жарақат алуына қарай көрсетіледі.


Алғашқы медициналық көмек ережелері

Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде төрт негізгі ережені сақтау керек.

1)     оқиға орнын қарау;

2)     бірінші рет қарау, көмек көрсету;

3)     жедел жәрдем шақыру;

4)     екінші рет қарау.


Оқиға орнын қарау

* Сіз үшін қауіпті емес пе?

* Не болды?

* Зардап шеккендер қанша?

* Айналаңыздағылардың сізге көмек көрсететін жағдайы бар ма?

Қарау кезінде әрбір нәрсеге назар аударыңыз. Бұл оқиғаның немесе жарақаттың бастапқы себептерін көрсетеді. Егер зардап шеккен адам ес-түссіз болса, ал куәгерлер болмаса, түбегейлі қарау өте маңызды. 

Жәбірленушінің, айналадағы адамдардың өміріне не қауіп төндіруі мүмкін екенін тексеру керек. Мысалы, ашық жатқан электр сымдары, қирандылардың құлауы, түтін немесе терең су сынды факторлар. Егер сіздің өміріңізге қауіп төнуі мүмкін болса, онда жедел жәрдем шақырып, көмек көрсетуді мамандарға қалдыру керек. Зардап шеккен адамды сабырға шақыруға тырысыңыз.


Бірінші рет қарау, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету (бірінші кезекте, өмірлік маңызды органдарға төнген қауіпті анықтауға бағытталған) ол:

1)     есін тексеру (ми жүйесі);

2)     тыныс жолдарының демалысын тексеру;

3)     тыныс алудың болуын тексеру (өкпе);

4)     пульсін тексеру (жүректің жұмысын). 

Есін тексеру 

  • Зардап шегушінің есінен айырылмағанын анықтаңыз.

  • Егер ол қатты айқай, иығынан жұлқылау сияқты сыртқы тітіркендіргіштерді сезбесе, оны көмек көрсетуге келісті деп есептеңіз.

Сіздің келесі әрекеттеріңіз:

  • Тыныс жолдарының демалысын тексеру;

  • Пульсін тексеру.

Тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесінің жай-күйін тексеру керек. Егер науқас ес-түссіз жатса, оның тірі екеніне көз жеткізу қажет. Ол тыныс алған кезде кеуде тұсы қозғалады. Сондықтан алақанды науқастың кеуде тұсына қойып, оның қозғалысын бақылау қажет. Егер ол тыныс алмай жатса, оны қолдан дем алдыру керек. Егер тыныс алмай жатса, тамыр соғысын тексеру керек. Ол үшін мойындағы ұйқы күретамырын саусақпен басу қажет. Тамыр соғысы әлсіз болса, жүрек соғуын анықтау қиын болады. Мұндай жағдайда саусақпен мойынның шет жағындағы теріні басып тұру керек. Жүрек соғуы байқалмаса, жүрекке тікелей емес массаж жасап, қолдан дем алдыру керек.


Тыныс алудың бұзылуын келесе белгілері бойынша анықтауға болады: 

  • Сау адамның тыныс алуы тұрақты, жеңіл және шусыз.

  • Тыныштық жағдайдағы ересек адамның қалыпты тыныс алу жиілігі минутына 12-20 деп алуды құрайды. Балалар мен сәбилердің әдетте тыныс алу жиілігі жоғары.

  • Зардап шегуші ауаны аузымен жұтады.

  • Тыныс алуы шулы, ысқырықты. Тыныс алу кезінде бүлкілдеген дыбыстар, тыныс алудың жиілеуі немесе баяулауы. Тыныс алу кезіндегі ауыру сезімі.

  • Өте терең немесе тым беткейлік тыныс алу.

  • Өкпені жасанды желдету үшін зардап шегушінің басын шалқайтыңыз және иегін сәл көтеріңіз.

  • 5 сек ішінде көру, есту және сезіну бақылауын жүргізіңіз. Егер зардап шегуші тыныс алмаса, өкпені жасанды желдетуді жүргізіңіз.


Жедел жәрдем шақыру. 

Жедел жәрдемді келесі кез-келген жағдайларда шақыру керек:

  • ес-түссіз немесе ес деңгейінің өзгермелілігі;

  • тыныс алудағы қиындықтар (тыныс алудың қиындауы немесе болмауы);

  • үздіксіз ауру сезімі немесе кеудедегі қысымды сезіну;

  • пульстің болмауы;

  • көп қан кетуі;

  • іштің қатты ауыруы;

  • қан құсу немесе қанның бөлінулер (зәрмен, қақырықпен) шығуы;

  • улану;

  • сіңір тартылу, қатты ауыру немесе түсініксіз сөйлеу;

  • бастың, мойынның немесе арқаның жарақаты, сүйек сыну ықтималдығы. 


Шоктық жағдай 

  • Қатты қан кетуден немесе организмнің сусыздануынан (құсу, іш өту, күйік) миға басқа да өмірлік маңызды органдарға қан мен оттегі келуінің төмендеуі нәтижесінде пайда болатын, өлім қаупін тудыратын жағдай. 

Алғашқы көмек:

  • Зардап шегушінің жылытыңыз (көрпе т.б. жабыңыз);

  • Зардап шегушіні арқасымен жатқызыңыз, аяғын дене деңгейінен 30 см жоғары көтеріңіз (егер бас, мойын немесе омыртқа жарақаттанбаса).

  • Зардап шегушіні тыныштандырыңыз, шоктың дамуына әкеп соғатын басқа да жарақаттар мен аурулардың болуы кезінде көмек көрсетіңіз. Зардап шегушіге сусын бермеңіз. 


Талу 

Миға қан келуінің уақытша төмендеуі салдарынан болатын жартылай немесе толық мерзімдік естен тану.

Алғашқы көмек: 

  • Өмір сүру белгілері болуын тексеріңіз;

  • Шок жағдайындағыдай көмек көрсетіңіз: зардап шегушіні арқасына жатқызыңыз, аяғын басынан 30 см жоғары көтеріңіз;

  • Таза ауамен қамтамасыз ету;

  • Егер зардап шегуші 1-2 минут ішінде есін жинамаа, жедел жәрдем шақырыңыз. 


Қан кету. Қанның ағуымен жүретін, тамыр қабырғасының бүтіндігінің бұзылуы

Қан кету кезінде

Артериялық қан кету кезінде қан алқызыл түсті болады. Артериялық қан кету ең қауіпті жағдайдың бірі. Себбебі адам аз уақыт ішінде көп қан жоғалтуы және бұл өлімге әкелуі мүмкін. Тез арада қан кетуді тоқтату шараларын қабылдау керек.

Артериалық қан кету кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету барысында мыналарды орындау қажет:

  • жарақаттан сәл жоғары тұстағы тамырды үлкен саусақпен басу арқылы қанды тоқтатуға немесе қан ағуын баяулатуға тырысу керек;

  • резинка немесе қолдан жасалған кез келген бұраумен (мысалы, белдік, арқан және басқа) жараның жоғарғы жағындағы артерияны байлау керек, бұл қан жоғалтуды төмендетеді;

  • бұрау (жгут) қай уақытта салынған жазып қою;

  • жарақатты таңу;

  • зардап шеккен адамға көмек көрсеткеннен кейін оны мамандандырылған медициналық мекемеге (аурухана немесе емхана) жеткізу керек.

Ал көктамырдан қан кеткенде қанның түсі қою қызыл болады. Алайда ірі көктамырдан қан кетсе және дер кезінде көмек көрсетілмесе, бұл да адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Көктамырдан қан кеткенде алғашқы көмек көрсету барысында мыналарды орындау керек:

  • зақымдалған тұсты жоғары көтеру;

  • зақымдалған қантамырдың жұмсақ қабырғаларын қысып тұратын таңғыш байлау;

  • зардап шеккен адамды денсаулық сақтау мекемесіне жеткізу.


Сыртқа қан кету кезіндегі алғашқы көмек:

  • Жарақатты қысыңыз;

  • З ақымданған аяқ-қолды көтеріңіз;

  • Зардап шегушіні арқасына жатқызыңыз;

  • Қысатын таңғышпен байлаңыз;

  • Шокқа қарсы іс-әрекет жүргізіңіз.

- Егер қан дәкенің сыртына шықса, қосымша сулықтар таңып, ескі таңғыштың үстінен дәкемен ораңыз. Қан сіңген сулықтарды ешқашан шешпеңіз.

- Қолға немесе аяққа таңғыш салу кезінде, саусақтарды дәкемен орау қажет болмаса, саусақтарын ашық қалдырыңыз. Саусақтар бойынша таңғыштың тығыз оралғанын анықтауыңызға болады. Егер қолдың немесе аяқтың саусақтары салқындай бастап, жансызданса немесе түсі өзгерсе, таңғышты сәл босатыңыз.

- Аяқ немесе қолдардағы бақыланбайтын қан кетулер кезінде (аяқ-қолдың ампутациясы) жгут салу артериалдық қан кетуді толық тоқтатудың тиімді тәсілі болып табылады.

Бірақ бұл әдіс ең соңғы құрал ретінде қолданылуы тиіс, себебі барлық жағдайда тығыз таңғыш салу және артерияны саусақпен басу қан кетуді тоқтатуға жеткілікті болып табылады


Жарақаттар. Тірек-қимыл аппараты құрылымының бүтіндігінің бұзылуы.

Тірек-қимыл аппараты жарақатының 4 түрі бар:

1)     Сынықтар (сүйек, сүйек үсті, шеміршектер);

2)     Буынның шығуы;

3)     Бұлшық еттер мен сіңірлердің созылуы;

4)     Бұлшық еттер мен сіңірлердің жыртылуы. 




Алғашқы көмек:

- Жарақаттанғаннан кейінгі бір сағат ішінде тыныштық, салқынмен қамтамасыз ету.

- Егер сіз зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткіземін деп шешсеңіз, дененің зақымданған бөлігінің қозғалмауын қамтамасыз етіңіз (иммоблизация).

- Дененің зақымданған бөлігін жоғары орналастыру керек. 


Сүйек сынғанда

Барлық сынық кезінде алғашқы көмек бірдей болады және сүйектің тұтастығын қалпына келтіруге, қан кетуді тоқтатуға, жарақатты антисептикалық өңдеуге, аяқ-қолды иммобилизациялауға дайындауға бағытталған. Науқасқа көмек көрсету кезінде мыналарды қамтамасыз ету қажет:

  • тыныштық;

  • зақымдалған дене бөліктерін қозғамау;

  • салқын ауа;

Алғашқы көмек көрсеткенде науқастың қосымша ауырсынуына жол бермеу керек. Науқасты медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге өте мұқият жеткізу қажет.


Имоблизация үшін келесі құралдар пайдаланылады:

- жұмсақ зат (көрпе, орамал т.б.);

- қатты нәрсе (картон, тақтай, кітап және т.б.);

- анатомиялық (зардап шегушінің бекітуге көмектесе алатын дене мүшесі, мысалы аяғын аяғына);

- дайын шиналар.

Алғашқы көмек:

- Жедел жәрдем шақырыңыз:

- Зардап шегушінің басын тауып алған қалпыңызда екі жағынан бекітіңіз.

- Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін бақылаңыз. Ес деңгейі мен тыныс алуды бақылаңыз.

- Сыртқа қан кетуін тоқтатыңыз.

- Дененің қалыпты температурасын сақтаңыз.

- Егер зардап шегушіге қорғаныс шлемі киіліп тұрса, оны шешпеңіз. Қорғаныс шлемін зардап шегуші деп алмаған жағдайда ғана шешіңіз. 



Түрлі температураның ағзаға әсері 

Күйік

Бұл жоғары температураның, химиялық заттардың, электр тогының, күн сәулесінің әсер ету нәтижесінде тері және шырышты қабаттардың зақымдануы.

Тіндердің зақымдалу тереңдігіне байланысты күйікті үш дәрежеге бөледі:

І дәреже – терінің қызаруы байқалады;

ІІ дәреже – терінің күлдіреуі;

ІІІ дәреже – терінің және төмен орналасқан тіндердің қараюы. Күйік ауыру сезімімен және күйген жердің ашуымен бірге жүреді. 

Алғашқы көмек:

  • Дереу жедел жәрдем шақырыңыз, егер күйік:

  • Тыныс алуды қиындатса;

  • Дененің бір бөлігін ғана алмаса;

  • Бас, мойын, қол білезіктерін, табан немесе жыныс мүшелерінде болса;

  • Балала немесе кәрі адамда болса.

  • Күйік химиялық заттардан, жарылыстан немесе электр тогының әсерінен болса.

Салқындату шағын күйіктер кезінде күлдіреудің алдын алады және қатты күйіктер кезінде тіндердің зақымдалуын азайтады.

- Бірінші және екінші дәрежелі сүйіктер кезінде жараны салқын сумен салқындатыңыз, тірақ мұзбен емес.

- Оны таза дымқыл сулықпен жабыңыз.

- Ісіну пайда болғанша, зардап шегушінің сақинасын, сағатын және басқа да заттарын шешіңіз. 



Тыйым салынады:

- Күйген жерге зарарсыздандырылған немесе таза тампон- таңғыштардан басқа заттарды тигізбеңіз.

- Мақтаны пайдалануға және күйген жерге жабысқан киімді тартуға, күйік күлдіреулерді ашуға.

- Үшінші дәрежелі күйік кезінде жараны тазалауға (мүндай күйік кезінде зардап шегушіні мүмкіндігінше жылдам дәрігерге жеткізіңіз).

- қандай да бір кремдерді, мазьді, сепкіштерді, тіс пастасын жағуға. 


Күйік шалған кезде

Буға немесе суға күйіп қалу секілді жағдай тұрмыста жиі кездесіп жатады. Тұрмыстық жағдайдағы күйіктің салдары әдетте қатты ауыр болмайды және ол күйік шалудың І немесе ІІ деңгейінен аспайды. Әйтсе де бұл жағдайда да алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын білген дұрыс:

  • Тез арада күйік шалуға алып келген фактордың (су немесе бу) көзін жою керек;

  • Зардап шеккен дене бөлігін ағын сумен салқындату;

  • Ылғал таңғышпен жабу;

  • Тыныштықты қамтамасыз ету.

Жарақатқа май, айран және тағы басқа заттарды жағуға болмайды. Бұл жараға инфекция түсуіне алып келуі мүмкін. Сонымен қатар қатты күйген жағдайда жабысып қалған киімді жұлып алуға, күлдіреген қабыршықтарды жаруға да тыйым салынады.

Химиялық заттармен жұмыс істеу барысында тұрмыста жиі кездесетін химиялық күйік шалу кезінде де тері тіндері зақымдалады. Мұндай заттарға сірне қышқылы, құрамында сілті немесе ерітілмеген сутегінің асқын тотығы бар кейбір тазалау құралдары жатады. Бұл жағдайда мыналарды орындау керек:

Зақымдалған тері аумағын ағынды салқын су астына қойып,15- 20 минут шаю керек;

Химикаттарды залалсыздандыру керек. Алайда түрлі химикат түрлі әдіспен зиянсыз етіледі. Қышқылмен күйген жағдайда зақымдалған жерге сода себу керек немесе сабынды сумен жуу қажет. Сілтімен күйген кезде күйге аумақты сұйытылған сірне қышқылымен жуу керек;

Залалсыздандырудан кейін таңғышпен немесе ылғалды шүберекпен жарақатты байлау керек.



Үсік шалған жағдайда

Үсік суық жарақатының кезек күттірмейтін түрі болып табылады және ағзаның тіндерінің қатуына әкеп соғады. Үсік, қол білезігі мен саусақсыз және аяқсыз қалдыруы мүмкін.

Үсік шалған жағдайдағы алғашқы көмек көрсету мына іс-шаралары қамтиды:

  • Зардап шеккен адамды жылы бөлмеге кіргізу;

  • Егер дене температурасы 35 гр С-тан төмен болса жедел жәрдем шақыртыңыз;

  • Үскен бөлікті ешқашан ысқыламаңыз;

  • Үсіп қалған аумақтағы сыртқы киімдер мен аяқ киімдерді абайлап шешу;

  • Үскен бөлікті қолыңызбен немесе дененің басқа бөлігімен жылытыңыз.

  • Дененің үскен бөлігін, температурасы 38-42 гр С жылы суға салыңыз және қызарып, жылығанша ұстаңыз.

  • Науқасты жатқызып, үстін жылы көрпемен жабу;

  • Жылы сусын, ыстық шай, сүт беру;

  • Зақымдалған дене аумағына стерильді таңғыш қою;

  • Зақымдалған бөлікті құрғақ зарарсыздандырылған дәкемен ораңыз. Аяқ және қол саусақтары үскен кезде, олардың арасына дәке қойыңыз.

  • Егер дененің зардап шеккен жеріндегі сезімталдық қалпына келмеген болса, дереу дәрігерді шақыру керек.

  • Пайда болған күлдіреуді ашпаңыз.

  • Зардап шегушіні мүмкіндігінше жылдам дәрігерге жеткізіңіз. 



Суға батқан жағдайда

Адам суға кеткенде ең алдымен оны тез арада судан шығарып, «жедел жәрдем» шақыру керек. Зардап шеккен адамды 6 минуттың ішінде судан шығарып алу маңызды. Одан соң мына әрекеттерді орындау қажет:

  • Егер жәбірленуші есін біліп отырса, онда оны тыныштандырып, белгілі бір қашықтықты сақтау керек. Ол үрейленген жағдайда және өзін өзі қорғау мақсатында сізді де су астына тартып кетуі мүмкін;

  • Суға кеткен адамды судан шығару барысында қолтық тұсынан ұстап, оның сізге арқасын беріп жатуын қадағалаңыз. Осылайша жағаға қарай жүзу ыңғайлы болады;

  • Жәбірленушінің аузы мен мұрнын су мен балдырдан босату маңызды. Ол үшін зардап шеккен адамды ішімен төмен қарай тізеңізге жатқызып, басын төмен салбырату керек. Бұл судың жылдам шығуына көмектеседі. Осы кезде қабырғасы мен арқасын басу маңызды.

  • Одан соң оны қолдан дем алдыру қажет. Ол үшін мұрнын жауып, аузына ауа үрлеу керек.

  • Жүрек қағысы естілмеген болса, онда қолдан дем алдыру барысында жүрек тұсына массаж жасау керек. Бес рет тікелей емес массаж жасап, аузына ауызбен ауа жіберу қажет.



Улану жағдайда

Улы газбен улану

Жәбірленушіге уақытылы алғашқы медициналық көмек көрсету өте маңызды. Ол үшін:

  • Зардап шегушіні тез арада ғимараттан (бөлмеден) таза ауаға шығару керек. Егер бұл мүмкін болмаса, оған газдан қорғайтын аспап немесе оттегі жастықшасын кигізу керек;

  • Тыныс алуын жеңілдетіп, тыныс алу жолдарын құсықтан, сілекейден босату керек, тар киімді шешіп, тілін жұтып қоюының алдын алу үшін бүйірімен жатқызу қажет;

  • Тыныс алуын қалпына келтіру үшін мүсәтір спиртін иіскету керек.

  • Ауа температурасы төмен болса, аяқ-қолын ысқылау қажет.

Зардап шеккен адамның жағдайы сіздің ойыңызша жақсы болған күннің өзінде тез арада жедел жәрдем шақыру керек. Дер кезінде көрсетілген дәрігер көмегі кейіннен пайда болуы мүмкін асқынулардың алдын алады.

Жәбірленушінің жағдайы ауыр болса, өз бетіңізше оны қолдан дем алдырып, жүрек тұсыну массаж жасаңыз.





Алкогольмен улану

Алкогольмен улану кезінде келесі әрекеттерді орындау керек:

  • 2-3 литр сұйықтықтың (қайнаған су, тұз немесе сода ерітіндісі, "Регидрон") көмегімен асқазанын шаю;

  • Құсқысы келсе, оның ыңғайлы күйде болуын қамтамасыз ету. Себебі зардап шеккен адам құсыққа тұншығып қалмауы керек;

  • Адамның есін біліп, отырған күйде болуын, жатып қалмауын қадағалау;

  • Ағзаны токсиндерден тазарту үшін энтеросорбенттер (белсендірілген көмір, Энтеросгель, Смекта, Полисорб) беру маңызды.

Адам есінен танып қалса, жедел жәрдем шақыру керек.


Тамақтан улану кезінде

Тамақтан улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек келесіні қамтиды:

Асқазанды шаю. Тамақтан уланған кезінде асқазаннан улы тағамды шығару қажет. Ол үшін сода ерітіндісін дайындау керек (1,5 - 2 литр қайнаған жылы суға 1 ас қасық соданы еріту). Ерітіндіден аздап ішіп, содан кейін көмекейге дейін екі саусақты салу арқылы құсу рефлексін тудырады. Осы әркетті бірнеше рет қайталаңыз.

Сорбенттерді қабылдау. Сорбенттерге токсиндерді белсенді сіңіріп, олардың қанға сіңуіне жол бермейтін дәрілер жатады. Ең танымал сорбент - белсендірілген көмір (активированный уголь). Қабылданатын көмір дәрісінің саны адамның дене салмағына қарай есептеледі (дене салмағының 10 килограмына 1 дәрі есебімен). Қазіргі заманғы басқа да сорбенттердің қатарында Энтеросгель, Лактофильтрум, Смекта, Зостерин және т.б препараттар бар. Оларды нұсқаулыққа сәйкес қабылдау керек.

Сұйықтықты көп ішіңіз. Құсу және диарея ағзадағы сұйықтықтың көп мөлшерін жоғалтуға ықпал етеді. Уланған жағдайда тәулігіне 2-3 литр қайнатылған су ішу керек. 1 литр суға 1 ас қасық ас тұзы есебімен суды тұздаған дұрыс. Сондай-ақ, "Регидрон" секілді арнайы регидратациялық тұз ерітінділерін қолдануға болады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2025
244
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі