Материалдар / Тренинг-дискуссия:"Әкем-асқар тауым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг-дискуссия:"Әкем-асқар тауым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы әкенің тәрбиелік ролі,алатын орны. Әкелерді білім мекемесіндегі мақсатты бағытталған тәрбие жұмысы үрдісіне үнемі тарту; Психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізе отырып әкелердің психологиялық – педагогикалық мәдениетін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2715
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-аналарға арналған тренинг-дискуссия

Тақырыбы: «Әкем –асқар тауым» (Отбасы мен бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі)

Мақсаты:

Отбасындағы әкенің тәрбиелік ролі,алатын орны. Әкелерді білім

мекемесіндегі мақсатты бағытталған тәрбие жұмысы үрдісіне

үнемі тарту; Психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізе отырып

әкелердің психологиялық – педагогикалық мәдениетін арттыру.

Көрнекілігі: Слайд шолу, қанатты сөздер,түрлі-түсті қиықшалар.
І.Кіріспе сөз

Психолог: Қайырлы кеш құрметті әкелер. «Әке – тірек, бала-жүрек» - атты тренингтік-дискуссияға қош келдіңіздер !

«Жақсы әкелер болмаса, жақсы тәрбие болмайды» - дегендей бала тәрбиесініңотбасынан бастау алатындығын барлығымыз білеміз.

Бала дегеніміз бойы ғана кішкентай үлкен кісі екенін есте ұстағанымыз жөн. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады.

Ақын сөзімен айтқанда «Отбасы-табиғат сыйлаған кереметтердің бірі». Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын баспалдақ. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Ата-ана өз баласының алдында өнегелі ұстаз, адамгершілік пен әділеттіліктің үлгісі ретінде танылуы бала үшін өте маңызды. Әсіресе әке тәрбиесі бала үшін ерекше орын алады. Әсіресе ер бала- әкемен сырлас, жолдас, дос.


Бала есейген сайын оған әкесімен қарым-қатынас маңыздырақ бола бастайды және 6 жасынан бастап оның рөлі ептеп бірінші орынға шыға бастайды.

Әке белгілі бір мінез-құлық көзін, сенімділік пен сыйластық үлгісін көрсетеді. Әке-тәртіп пен реттіктің белгісі.Әкесінің беделінсіз өсіп келе жатқан бала тәртіпсіз, әлеуметтік жат қылықтарды істеуші, ересектер мен балаларға қатысты қарым-қатынаста ашушаң болып өседі. Тек қана әке бала бойында жігерлілік пен топтық басымдылыққа қарсы шығу қабілетін қалыптастыра алады. 

Баласы анасына қаншалықты байланып қалған болса, айналасындағылардың агрессиясына қарсы тұруда барынша төмен белсенділік танытады. Баланың әкесіне жақындығы төменірек болса, баланың өзін бағалауы төмендеу болады, рухани және әлеуметтік құндылықтармен салыстырғанда материалдық және жеке құндылықтарға көбірек көңіл бөледі. 

Суық әкелердің балалары ұялшақ, үрейленгіш болып келеді, олардың мінез-құлқы бейәлеуметтік болады. Керісінше, әкесімен эмоционалдық жақындық балаға жағымды әсер етеді.  
Егер әкесі үнемі шыдамсыз және ашушаң болса, ер бала қоғамда ғана өзін ыңғайсыз сезінеді. Мұндай ұл бала анасына жақын және оның әдеті мен мүдделерін қабылдайды.Егер баласы әкесін ұнатпаса, онда әкенің мінез-құлқында баланы қабылдамау байқалғаны. Тіпті ол дұрыс сөздер айтса да, бәрібір дауысы, сөйлеу мәнері мен көзқарасы білдіріп қояды.

Сондықтан да құрметті әкелер, бір кезек сіздермен біріге бала тәрбиесі жөнінде пікірлесейік деген оймен кездесіп отырмыз.
Таныс болайық бүгінгі кешімізге әкелеріміз қонаққа келіп отыр. 
Олар:

1.Ибраев Сағит

2.Құлбабаев Бердібек

3.Искаков Ғайса

4.Калиев Азамат

5. Иралиев Аслан

6.ДосжановАйбек
ІІ.Тренинг: «Амандасу» 

1.Бір-біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп амандасу.

2.Оң жақ, сол жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу.

3.Оң жақ,сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.

4.Маңдайларын бір-біріне тигізіп сәлемдесу.

5.Мұрындарын бір-бірлеріне тигізіп амандасу

6.Құлақтарын бір-бірлеріне тигізіп амандасужәне осы ай,осы апта, осы күн ішінде қандай қуанышты жағдайлардыбасыңыздан өткердіңіздер

(Сәлемдесу аяқталысымен мынадай сұрақтар қойылады.

Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыз?

Сізге қандай әдіс ұнады?

Осы әдістердің қайсысын өміріңізде пайдаланып көрдіңіз?)

ІІІ.Түстер бойынша топқа бөлу.

(Picture 9 Әкелер өздері ұнатқан түстерді алып ,топқа бөлініп отырады. Түстер бойынша мінез-құлықтары анықталады.)

«Менің қалаған түсім».

Қызыл түс- энергия түсі,ол адамды іс – әрекетке итермелеп,үнемі жігерлендіріп отырады.Жоғары сенімді, жігерлі, мінез- құлқы батыл тұлға.

Сары түс- көңілді түс, адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдағандар – іскер, мінез- құлқы мықты, жаратылыстану пәніне жақын.

Ақ түс- өз мақсатына жетеді, дарынды әрі мәдениет саласында өнерлі.

ІҮ.Психолог:

Әкенің отбасындағы орны алтыннан да қымбат, оны ешқандай бағалы затпен өлшеуге келмейді.

Атақты Қасым Аманжолов жарына арнаған бір өлеңінде

«Отбасы-бір мемлекет,

Сен –премьер, мен -президент» деп жырлаған екен. Әр жанұяның «президенті мен премьерінен» өрген ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.

Сол болашағымызға дұрыс тәлім-тәрбие беру үшін ең алдымен ата-ана өзін тәрбиелеуі керек екен.

Әкелерге видеоролик көрсетіледі,әкелердің пікірлері тыңдалады

Пікірталастан шындық туады, шындық кірлеген ойды жуады демекші сұрақтарға назар аударсақ.

Сұрақ: (бөлінген топтар бойынша)

1.Өзіңізді бұрын ата-аналарыңыз қалай тәрбиелейтін еді?Қазіргі уақыттағы бала мен сіздердің уақыттарыңыздағы баланың айырмашылығы қандай?

2.Отбасында балаңыздың тәрбиесіне, сабағына кім көбірек көңіл бөледі?

3.Отбасында бала тәрбиесіне қалай ықпал жасайсыз, ақпараттық құралдардан, теледидардан бала тәрбиесіне қатысты мәселелерге назар аударасыз ба? 

Ү.«Ой толғаныс»

Психолог:

Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген.Дені сау ,ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, іскер, бойында басқа да игі қасиеттерқалыптасқан адамды тәрбиелеу-баршаның ісі. Бұл жауапты істен ата-ана да , мектеп те, қоғам да тыс қалмайды және қалмауы керек.

Кей кездері тығырыққа тірелетін уақытымыз болады, сондай кездердеқандай амал табамыз.

Сіздерге арналған сұрақтар орындықтың астына жасырылған, кейбір сұрақтың орнына сыйлықтар болуы мүмкін.


Picture 11














Ситуациялық сұрақтар: 
1. Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз сіздің өзіне көңіл аударғанын қалайды. Сіз не істейсіз? 
2.Сіздің балаңыз бір күні таяқ жеп келді. Сіздің әрекетіңіз қандай?

3. Балаңыз сабақтан қашып ерте келді не істейсіз?

4.Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың» деп , - әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5.Балаңыздың өнері, қандай бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз

6.Баланың мінін немесе ұят істерін жұрт көзінше айтып, келеке ету және баланың көзінше көпшіліктен көмек сұрауы дұрыс па? Бұның балаға әсері қандай? 


ҮІ. Ойын «Иә» немесе «Жоқ»
Нұсқау: Бұл сұрақтарға қолдарыңыздағы тақтайшаларыңды көтеру арқылы жауап бересіз. Қызыл түс – иә деген жауапты, көк түс – жоқ деген жауапты білдіреді. 

1. Әке қатал болу керек пе? 
2.Үйдегі ер бала тәрбиесіне әкенің жауапкершілігі жоғары болу керек пе, әлде ата – ананың екеуі де бірдей жауап беруі тиіс пе? 
3. Сіз өзіңізді әкелік парызымды өтедім деп ойлайсыз ба? 

4. Отбасының алтын – қазығы әйел адам ба? 

5. Отбасының тірегі әке ме? 
6. Әкеге қарап ұл өсер, 
Шешеге қарап қыз өсер дегенмен келісесіз бе? 
7. Мектеп баланың тәрбиесіне қатысты деп ойлайсыз ба? 
8. Бала сіз үшін болашағымды құрушы деп санайсыз ба? 
9. Балаңыз басқа балалармен келісе алмай жүргендігін білсеңіз, оған мектеп кінәлі деп есептейсіз бе? 
10. Бала бақытымыз ... 


Picture 10















ҮІІ.«Сіз жақсы әкесіз бе ?» тесті.


ҮІІІ.Қорытынды:

Психолог:

Бағбанымсың - Әке,

Зор бағымсың – Әке,

Қорғанымсың– Әке,

Шырағымсың деген тілекпен тренинг –пікірталасымызды аяқтай отырып, келіп ой бөліскен әкелерімізге алғысымызды айтамыз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!