Материалдар / Тренинг «Менің 25 қасиетім»Ауа температурасы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг «Менің 25 қасиетім»Ауа температурасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Танымдық үрдістерге оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту. Зейінділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу. Өмірде өз мамандығын таңдауға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
579
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психологиялық марафон 11 сынып

            Тренинг тақырыбы: «Менің 25 қасиетім»

  Мақсаты:

Танымдық үрдістерге оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. 
Оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту. Зейінділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Өткізу барысы

Сыныптар 3 топқа бөлінеді. Әрбір сыныптан оқушы қатысады. Топтың атын құрады. Оқушыларға тапсырмалар номері белгіленген жетондар таратылады. Әділ-қазылар сайланады. Әрбір дұрыс жауап үшін бір жетоннан топқа беріледі. Ең көп жетон санын жинаған топ жеңімпаз атанады.

— Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Адамда қабылдау, ес, ойлау, түйсік, қиял секілді танымдық үрдістердің болатындығы барлығымызға белгілі. Сіздердің танымдық үрдістеріңізді байқайық деп, психологиялық марафон ұсынып отырмыз. Қош келдіңіздер!


Керекті құралдар: дәптер, қалам, қарыгндаш, алты түсті қағаз қиындылары.

 

Парақ бетіне «Мен күн сәулесінің астындамын» сурет салу. Күннің суретін салып, ортасына

«Мен» деп жазыңдар. Ал сәулелері сендердің қасиеттерің. Оң қасиетіңді қызыл, теріс қасиеттеріңді көк қарындашпен сызуларың керек.

 

  

«Сенің есімің» ойыны.

            Ойыншылар шеңбер болып тұрады. Кез келген бір оқушы өз есімін айтады. Кейінгі ойыншалар кезекпен бірінші ойыншының есімін допты шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре айтады. (сәуле, Сәулетай,Сәулежан, Нұрсәуле, т.б.) осылай барлық баланың есімі түрлендіріле айтылып шығады. Ойынға қатысушылар өз аттарын түрлендіре естігенде қандай сезімде болғандықтарын бөліседі.

            Психолог: Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді естіледі. Сондықтан да бір бірімізбен қарым қатынас жасағанда, әңгімемізді міндетті түрде есімімізді айтудан бастайық.

           

 

1 тапсырма. Қабылдау (2 слайд)

Тапсырма: Оқушылар суретте жасырылып тұрған бейнелерді тауып алу керек.

Picture 3 Picture 3

2 тапсырма. Ойлау ( 21 слайд)

Тапсырма: Анаграммаларды шешу.

МТЕКІЕТҮНСІ (22 слайд) Жауабы: түсініктеме

НАҚТАҒА (23 слайд) Жауабы: қанағат

КЕЛУРИСАПБ (24 слайд) Жауабы: республика

ІРКЕКӨК (25 слайд) Жауабы: көкірек

АҰТЖМЫМАРДЫ (26 слайд) Жауабы: тұжырымдама

ЛҰЫҚСЫР (27 слайд) Жауабы: құрылыс

3 тапсырма. Қиял (28 слайд)

Тапсырма: Шеңберді аяқтап, бейнеге айналдыру.

4 тапсырма. Ес (30 слайд)

Тапсырма: Оқушылар кестеде берілген сандарды 1 минут қарап, есте сақтайды. Кейін қайта жаңғыртады.

5 тапсырма. Түйсік (32 слайд)

Тапсырма: Қатысушы оқушылардың көздері матамен байланады. Олар қорапшадағы заттардың не екендігін және неден жасалғандығын тауып айту қажет.

«Ассоциация» ойыны.

Қазір ойынды бастап жүретін адамды таңдап алайық. Жүргізуші болам деген бала ортаға шығады. Сонан соң, ойынға қатысушылардың әр қайсысы осы ойыншының неге ұқсайтынын (өсімдікке, затқа, жануарға, құсқа) (тек жағымды жағынан теңеу) қандай ой туғызатынын айтулары керек. Мысалы: Гүлнұр балапандарына жем тасыған қарлығашқа ұқсайды, себебі қашан да өзгелеге көмек көрсетеді. Жансараны бәйшешек гүліне ұқсатамын, себебі ол өте әдемі, нәзік. Т.б.

            Психолог: ойын үстінде қандай сезімде болдыңдар? Қандай теңеулер сендерді таңқалдырды? Неге?

           

Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақты бағалап көрейік. Өз бағаларыңды бір қолдың саусақтарымен санақ бойынша бір мезгілде көрсетіңдер.

           

(Аяқталмаған бірнеше сөйлемді келтіруге болады)

            Мен құс секілді боламын, егер ...

            Мен көктемнің жылы жаңбырымын, себебі ...

            Мен шамшырақ секілді боламын, егер ...

            Мен биік тау секілдімін, себебі ... (менің алдыма қойған армандарым мен мақсатым биік)



Қорытынды. Ең көп жетон жинаған топ жеңімпаз атанады. Топтар марапатталады.



































Бекітемін:

Мектеп директор м.а: С.А.Бутабаев











Тренинг-марафон

Тақырыбы: «Менің 25 қасиетім»







Орындаған психолог А.Б.Нуракова













2016-2017



Тапсырма: Шеңберді аяқтап, бейнеге айналдыру.





Тапсырма: Шеңберді аяқтап, бейнеге айналдыру.



















































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!