Материалдар / Тренинг:"Адам бойындағы сенімділікті арттыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг:"Адам бойындағы сенімділікті арттыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойындағы сенімділікті арттыруға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
405
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың бойындағы сенімділікті арттыруға арналған тренинг

«Сенімділік» жаттығуы.

       Мақсаты:  оқушыны стресстік жағдайдан арылтып,

сенімділікке үйрету.

      Шарты: оқушыларға бос парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу

ұсынылады. Ол бөліктерді 1, 2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін,

ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазады, ортасы екіге жыртылып алынады.

Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып,  қоқыс жәшігіне салады.

 

« Суреттерді аяқтайық » жаттығуы 

          Мақсаты : Оқушылардың

логикалық ойлауын,  көру  арқылы  есте

 сақтауын, ойша жұмыс істей білуін

дамыту. 

         Алдын-ала

тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Оқушылардың

көздері шарфпен байланады да, олар кезек-кезекпен шығып,  бірі денесін,  бірі басын,  бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді. 

«Түрлі –түсті доптар» жаттығуы 

        Мақсаты : оқушылардың есту

арқылы есте сақтауын дамыту 

       Нұсқау: Қағаз бетіне екі

кішкентай қызыл және жасыл доп, қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк

доп сал, ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал. 

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы 

       Мақсаты: көңіл-күйін игере

білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу 

      Нұсқау:Алдарыңдағы бланкіге өз

көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар . 



«Атомдар мен молекулалар » жаттығуы

       Әр қатысушы- жеке атомдар.

Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі,  бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі.  Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула

құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула

құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады . 

Психологиялық сәт: Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті,

қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік. Өздеріңізге ұнаған

фигураны таңданыздар.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа

адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен

үздік администратор шығады, бірақ саған өзіңнің кәсіптік мамандығынды менеджментпен

байланыстырмауға  болады.

Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген

мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және

жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың,

абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда

жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.

Зигзаг.  Сенде әсемдікті көре білу қабілетің жоғары қалыптасқан, сондай-ақ  шығармашылық қабілетің, ой- өрісің дамыған.

Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың.

Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға

төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесінді тыңдай аласың және оның

қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу

қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән

емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы

мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

 

« Таңғажайып дорба » ойыны. 

        Дорбада бірнеше жеміс, көкөніс

бөліктері бар. Бала көзі жабылып, дорбадағы заттың дәмін татып, оның қай жеміс

екенін, дәмі, иісі, формасы, түсі жайында ажырата баяндайды. 



 «Сантики, Фантики, Лимпопо».

       Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір

баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір

баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп

тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау

керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек.

Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды

бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге

кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер

жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып

отырады. 



Қорытынды: Оқушылар өтілген жаттығулардан,

түсіндірме жұмыстардан алған әсерін және достарына арнаған тілектерін жазып , «Тілек

ағашына» апарып жапсырады.  





 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!