Тренинг:«Жалпы адамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг:«Жалпы адамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Отбасы-мейірім бесігі»

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру; оқушылардың бойында отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру; оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгіме.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріндерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Отбасы» деп аталады. Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілді.

(Оқушылардың «Менің отбасым» тақырыбына жазған шығармалары.) 

Балаға сіңірген ата-ана еңбегін, бала, өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше сусындайтын өшпес махаббат. Енді біздің оқушыларға сөз кезегін берейік.

1-оқушы:

Текті білу ұрпаққа, біздерге сын,

Құрметтеп ата-баба, салт-дәстүрін

Тыңдайық кезекпенен жанұяны

Құлшынып ортамызға келген бүгін.

2-оқушы

О, ата-анам,

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болса екен деп қашанда.

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!


Ән - «Анашым»


Мұғалім: Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы, ата-ана. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана – отбасының ұйытқысы. Қай халық болса да, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі - ата-бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерінде.


Көрініс - «Әкесі мен ұлының сөйлесуі»

Әкесі ұлына: Балам, мына бір топ шыбықты сындырып көрші.

Оңай ма, әлде қиын ба екен бұл ісің?

Күштеріңді байқауды мен мақсат еттім.

Үлгі етуді өсиетті қалайды еркім.


Ұлы: Сындыра алмай, әуре болдық, әкешім

Қиын неткен құпиялы жұмбағын?

Өсиетің бізге әрдайым өнеге

Шырақ болар мына жалған дүниеде.


Әкесі: Шыбықтарды бір-бірлеп болады

Осылайша татулық көзден ұшады.

Араздаспай бірлікті мәңгі дос етсең

Топ шыбықтай мықты отбасы құрылады.


3-оқушы: Бақытты отбасы - келешек кепілі

Тәрбие - бұл жұмбақ шешімі.

Үйрету үлгі ету өнеге көрсету - әрқашан үлкендер міндеті.


Мұғалім: Отбасы - адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі қыз – ертенгі ана, ол шешеге қарап бой түзейді. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке ол әкеге қарап өседі. Балаға білім тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса. Оны жалғастыру демеуші - ата-ана.

Отбасы жайлы мақал-мәтел жарысы.

1. Отан - отбасынан басталады.

2. Ұяда не көрсең,

Ұшқанда соны ілесін.

3. Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді.

4. Отбасы - ошақ иесі.


Мұғалім: Отбасы ордасын

Періштелелер қорғасын.

Тіккен әрбір отауға,

Тәңірім жақсылық жолдасын.

Халқы бар ынтымақты шырақ еткен,

Тәрбиелі, үлгілі ауыл неткен!

Шағын орда отбасы аталады,

Сыйластық, жақсылықтың дәнін еккен.


Қорытынды: Ата-бабамыз балаға қамқорлықты анасының құрсағында жатқанда, ол дүниеге келмей-ақ жасаған. Жас нәрестені тек әке-шешесі ғана емес, ата-әжесі де тәрбиелеп, бойына жақсы қасиеттер сіңдіре білген. Олар әдептілігімен, өнерпаздығымен, отбасы мүшелерімен бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен енбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. «Бала – біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы азамат болып өсуіне зор ықпалын тигізері анық. «Бала нені білсе ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан» - дегендей, отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық болмақ! Сонымен оқушылар, ата-аналарымызды сыйлап құрметтейік. Айтқандарын тыңдап ренжітпейік.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2020
1139
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі