400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Троп жайлы мәлімет

Материал туралы қысқаша түсінік
Троптың түрлерін ажырату, оның не екенін білу, практикада қолдану үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет.

Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі өзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары, реңктері болады. Троп солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге қызмет етеді. Риторика мен стилистикада троп түрлері ежелден қарастырылып келеді. Квинтилиан оның 7 түрін атап көрсетсе, М.В. Ломоносов 11 үлгісін ұсынған, ал А.А. Потебня 3 түрі бар екенін айтады. А.Байтұрсынов троп түрлері туралы: “Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді:

  1. көріктеу,

  2. меңзеу,

  3. әсерлеу дейді.

Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, бернелеу, әсірелеу, арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Троп сөздің нәзік иірімінің күш-қуатын ажарландырып, эмоционалды-экспрессивті мәнін бейнелі жеткізеді. Сөз бір мезгілде тура және астарлы мағынада қолданылады, бұлардың бір-бірімен байланысының өзі заттар мен құбылыстардың ұқсастығына қатысты келеді. Тілде троп түрлері өте көп, ол екі нәрсенің, не құбылыстың бір-бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде жасалады (метонимиясинекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туындайды (метафоратеңеу), сондай-ақ троп бір нәрсені үлкейту не кішірейту, не сықақтау яки қарсы мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі (гиперболалитотакейіптеуирония). Троп көркем әдебиет стилінде, публицистика мен ауызекі сөйлеуде жиі қолданыс тапқанымен, ғылыми-техникалық мәтіндерде, ресми іс қағаздарында қолданылмайды. Көркем мәтінде троптың бірнеше түрі бір мезгілде қатар қолданыла береді. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай).



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
15.04.2019
6034
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі