Материалдар / «Түбінде баянды еңбек егін салған»

«Түбінде баянды еңбек егін салған»

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай өлеңдері арқылы еңбек етуге құлшынысы оянады, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады Барлық оқушылар *Өлеңнің шығу тарихы туралы мәлімет алады, өлең мәтінімен танысады Оқушылардың басым бөлігі * Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады. Кейбір оқушылар * Өлең мәтініне талдау жасау арқылы еңбектің адам өміріндегі маңызын ажыратады
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Абайтану Сабақ №19


Мектеп

Тақырыбы

«Түбінде баянды еңбек егін салған»

Күні

Мұғалім есімі

Сынып 10

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны -

Сабақ негізделген оқу мақсаты


Абай өлеңдері арқылы еңбек етуге құлшынысы оянады, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

*Өлеңнің шығу тарихы туралы мәлімет алады, өлең мәтінімен танысады

Оқушылардың басым бөлігі

* Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады.

Кейбір оқушылар

* Өлең мәтініне талдау жасау арқылы еңбектің адам өміріндегі маңызын ажыратады

Алдыңғы оқу


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурс

Басталуы




5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

«Ойлан, тап!»
Халық арасында мақал, нақыл сөз болып қалған Абай сөздерінің жалғасын тап. 
1. Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық .......... (Аздырар адам баласын)
2. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек) 
3. Талап, еңбек, терең ой ... (Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз)
4. Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез)
5. Еңбек етсең ерінбей, ..............(Тояды қарның тіленбей)
6. Ұстаздық еткен жалықпас, ............(Үйретуден балаға) 
7. Пайда ойлама, ар ойла, ..........(Талап қыл артық білуге) 
8. Атымды адам қойған соң, ............(Қайтіп надан болайын) 
9. Досы жоқпен сырлас, .................. (Досы көппен сыйлас) 
10. Сен де бір кірпіш дүниеге, ..............(Кетігін тап та, бар қалан)
11. Жаман дос - көлеңке, ..............(Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың)




Сұрақ

тар тізбегі

Ортасы

30 минут











Түбінде баянды еңбек, егін салған..?» - Абайдың кейін табылған өлеңі.

  • Көлемі 4 жол.

  • Өлеңді 1940 жылы Қ. Мұқаметханов Семейде тұратын Ташмұхамбет деген қариядан жазып алған. Абай өлеңінде «Би болған, болыс болған өнер емес» деу арқылы мансап армандамай, мақсат қууды уағыздайды. Жасынан оқу оқып, білім алған адам ғана ұлтының ұлы болатындығын айтып, жас ұрпақтың өмірлік мақсаты осы екенін ескертеді.

  • Өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. Алғаш рет ақынның 1945 жылы жарық көрген толық жинағында жарияланды.

  • Басылымдарында текстологиялық өзгерістер кездеспейді.

  • Туынды қарақалпақ, орыстағы басқа тілдерге аударылған.

  • Абай даналығы «еңбек ет — мал тап» деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбекқұмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты еңбек қана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді — деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.
    Абайдың пікірінше, ерінбей еңбек еткен, ізденген, әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды.
    Түбінде баянды еңбек егін салған,
    Жасынан оқу оқып, білім алған
    Би болған, болыс болған өнер емес
    Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған… деп, өз елін отырықшылыққа, егіншілікке, ғылымға шақырады.
    Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
    Қардың суы секілді тез суалар.
    Еңбегіңді сат, арыңды сатпа,
    Арың таза болсын, сонда ғана сен адамсың ,- дейді.
    «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретінінің басты себебі – жұмысының жоқтығы»,- десе,
    Жұмысы жоқтық,
    Тамағы тоқтық,
    Аздырар адам баласын,- дейді. Осыны оқи отыра ұлы Абайдың көптеген сөздерінің нақылға айналып, күні бүгінге дейін мәнін жоймағанына таң қаласың.


Мәтін

жазылған үлестірме




Аяқталуы

10 минут




Үйге:

Топтық жұмыс

Оқушыларды шағын топтарға бөлу

1топ.Талап, еңбек, терең ой…
2 топ. Пайда ойлама, ар ойла…
3 топ. Адам болам десеңіз…

Өлеңді жаттау

Қағаз, маркер

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Пәнара

лық байла

ныс

АКТ-мен байла

ныс

Сұрақтар тізбегі, ашық сұрақтар, мәтінмен жұмыс

Үш шапалақ арқылы мадақтау



Рефлексия




Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сл ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.





ЖИ арқылы жасау
09 Қаңтар 2018
5200
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі