Материалдар / Тұғыры биік тәуелсіздік!

Тұғыры биік тәуелсіздік!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандарымен қайсар рухының жемісі.Бұл тұғыры биік ұғымды біз 1986 жылдың 16-желтоқсанында алған едік.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2021
332
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







КМҚК «№ 147 бөбекжай – балабақша» І санатты тәрбиеші Бекбауова Мерует

Тақырыбы: «Тұғыры биік тәуелсіздік»































Дайындаған:Бекбауова М.К





Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандарымен қайсар рухының жемісі.Бұл тұғыры биік ұғымды біз 1986 жылдың 16-желтоқсанында алған едік. Тәуелсіздікке жету жолында талай қазақтың қаракөз қыздары мен жігіттері құрбан болды.Сол жолда ерен ерлігімен қаза тапқан әпке-ағаларымызды құрметпен еске аламыз.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 16-желтоқсанды Тәуелсіздік күні деп бекіткен еді. Сондықтанда біз үшінТәуелсіздік күні ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.Міне,қазір біз ешкімге тәуелсіз,бейбіт елде өмір сүреміз.Бүгінгі күнде Отанымыз Қазақстан күннен-күнге дамып,әлемге сан қырынан танылып келеді. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты. Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес.  Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.

Тәуелсіздік ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.Биыл 16-желтоқсан тұғыры биік тәуелсіздіктің 27 жылдығын тойламақ.Кішкене сәбидей қаз басып өсіп келе жатқан елімізді көріп мақтан тұтамыз.Осындай тұғыры биік елде туылғаныма,осы елде білім алып,өсіп-өніп келе жатқанымды мақтан тұтамын.
Қазақстан- ұлан-байтақ жері бар тәуелсіз мемлекет.Өзіміздің желбіреген көк туымыз,айбынды асқақ елтаңбамыз және әуезді әнұранымыз бар.Қазақстанда 130 мыңнан аса сан түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.Елімізде барлық сала бойынша жаһандану заманында жаңа форматқа көшуде.Елбасымыздың бастамасымен әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру көзделіп отыр.Ол үшін біршама тапсырмалар беріліп,міндеттер қойылды.Соның ішінде білім саласына аса назар аударылды.Өйткені еліміздің болашағы білімді жастар қолында. Біздің міндетіміз тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне бір үлесімізді тигізу.Сол себепті де біз жан-жақты білім алып,ұстаздан алған тәлім-тәрбиемізді одан ары шыңдай түсіп,алға қойған мақсатымызға жетуіміз қажет деп санаймын.
Қорыта келе,менің айтқым келгені, осындай тұғыры биік Тәуелсіз елде өмір сүру мен үшін үлкен бақыт.Сондықтан өз елімнің тұғыры әрқашанда биік тұруына меніңде ат салысқым келеді.Тәуелсіз елдің тәуелсіз ұрпақтары көбейе берсін.

Қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжолов:

Бұл даланы анам жас пен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далада жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Егемен еліміздің тәуелсіздігі – ата – бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Ежелден еркіндік аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің жиырма төрт жылын тойламақ. Тәуелсіздік атты қасиетті ұғымның тереңіне үңілсек, ата – бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтың ұрпаққа қалдырған аманатын жүрегіміз бен бойлаймыз.

Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылдың он алтыншы желтоқсанында Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы үшін ақ түйенің қарны жарылған мерейлі күннен бері жиырма жылдан аса уақыт өтті. Тарих үшін жиырма жыл көп емес. Ал біздің жас мемлекетіміз үшін бұл жылдар елімізді нығайтуға бағытталған үлкен істерге толы болды. Осы аз уақыт ішінде дүниежүзі Қазақстан елінің тәуелсіздігін мойындады. Еліміз әлемдік қауымдастыққа, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Әр азаматын жігерлендіретін Гимніміз, мақтаныш сезім ұялататын Елтаңбамыз, ерлікке жетелейтін Туымыз, экономикалық дербестігімізді танытатын төл теңгеміз бар. Әлем картасындағы «Қазақстан Республикасы» деген атау еліміздің әр азаматының төлқұжаты іспеттес. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзіндегі барлық елдерге түгел дерлік танылды. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, салт – дәстүрдің, ұлттық сананың тірегі. Тәуелсіздік – орындалған арман.

Қазақ халқы ежелден – ақ үш нәрсені қасиет тұтып өтіпті. Соның бірі Отан мен туған жер екен. Қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжолов:

Бұлдаланы анам жас пен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далада жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,


Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты. Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес.  Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ