Материалдар / ТҰЛҒА ТАҚЫРЫБЫНДА РЕФЕРАТ

ТҰЛҒА ТАҚЫРЫБЫНДА РЕФЕРАТ

Материал туралы қысқаша түсінік
Реферат 2 тараудан 4 бөлімшеден тұрады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Шілде 2024
130
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









































































КІРІСПЕ


«Тұлға» ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: « Бір жағынан ол индивидтің әрекет субъектісі ретінде, екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретіндері, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным жіне қарым қатынас субъектісінде көреді».

Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және қмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды айтамыз.

Сонымен, тұлға дегеніміз – ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қптынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызжы орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Тұлға – табиғат, қоғам және өзін өзі белсенді меңгеретін және бағытталған түрде түрлендіретін адам, оның бойында кеңістік уақыттық икемдердің, өзін өзі анықтау бостандығын және табиғат алдында өзінің қылықтары үшін жауапкершілік мөлшерін қамтамасыз ететін өажеттілік еріктік бастан кешірулердің ерекше динамикалық қатынасы болады.

Л.И.Божович тұлғаның екі негізгі критерийлерін бөліп көрсетті. Біріншіден, адамды тұлға деп санауға болады, егер оның мотивтерінде иерархия болса, яғни ол өзінің мінез құлқына саналы түрде басшылық ету қабілеті болса.

Кеңес психологиясының дәстүріне сәйкес, тұлға индивидтің қоғамдық игерілген тәжірибені, яғни адам өміріндегі өлшемдер мен құндылықтар туралы көріністерді игеру жолымен қалыптасады. А.Н.Леонтьевтің айтуынша, тұлға « екі рет туылады».

Қазіргі даму психологиясы биологиялық, әлеуметтік, мәдени факторлардың адамның психикасының дамуының түсініктерінің қарама – қайшылығынан бас тартты. Бірақ, психологияның алдында оладың бірлігін сипаттау керекдеген үлкен тапсырма тұр. Бұл сұрақтарға жауаты психогеника жан жақты қарастырып, зерттеп, әр түрлі эксперименттер жүргізіп отырумен айналысады. Міне, көз жетерліктей генетикалық және орта факторлардың адамның интеллекттісінің дамуытуралы дәлелдемелер алынды, кейбір ауруларға байланысты ( мысалы, алкоголизм, аутизм) адамның жеке қасиеттері мен темпераментінің интенсивті түрде зерттеулер жүргізілді.




1 ТҰЛҒА – ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ РЕТІНДЕ

1.1 Тұлға туралы жалпы ұғым

Психологиялық ғылымда «тұлға» категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ, «тұлға» ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: « Бір жағынан ол индивидтің әрекет субъектісі ретінде, екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретіндері, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным жіне қарым қатынас субъектісінде көреді».

Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және қмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды айтамыз.

Сонымен, тұлға дегеніміз – ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қптынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызжы орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Адамды жұйелі түрде зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша ада ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс әрекет субъектісі, тұлға, деке даралық жатқызылған.

Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. Осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратып тұрады. « Индивид» ұғымы адамды белгілі бір биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.

Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар пен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлайболу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам – субъект, іс әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.

Тұлға – табиғат, қоғам және өзін өзі белсенді меңгеретін және бағытталған түрде түрлендіретін адам, оның бойында кеңістік уақыттық икемдердің, өзін өзі анықтау бостандығын және табиғат алдында өзінің өылыөтары үшін жауапкершілік мөлшерін қамтамасыз ететін өажеттілік еріктік бастан кешірулердің ерекше динамикалық қатынасы болады.

Л.И.Божович тұлғаның екі негізгі критерийлерін бөліп көрсетті. Біріншіден, адамды тұлға деп санауға болады, егер оның мотивтерінде иерархия болса, яғни ол өзінің мінез құлқына саналы түрде басшылық ету қабілеті болса.

Кеңес психологиясының дәстүріне сәйкес, тұлға индивидтің қоғамдық игерілген тәжірибені, яғни адам өміріндегі өлшемдер мен құндылықтар туралы көріністерді игеру жолымен қалыптасады. А.Н.Леонтьевтің айтуынша, тұлға « екі рет туылады».

Бірінші рет өмірге келу мектепке дейінгі жасқа жатады, яғни бала өзінің мінез құлқын социумның талап тілектерібойынша құрастыра бастағанда және т.б. баланың мотивтерге бағынуы қалыптаса бастағанда. Қатар бағынған мотивтердің қалыптасқанын, егер баланы мотивтердің конфликтісі жағдайына қойғанда бақылауға болады: ойыншығын өзінің қолы жетпейтіндей биігірек жерге іліп, бірақ қасына орындық қойып, бөлмеден шығып кету. Ал балаға тек қана орындыққы шығудан басқа кез келген әдіспен ойыншықты алуға тапсырма беру керек. Бала берілген тапсырмаға қарамастан, ойыншықты қатты алғысы келеді де, орындыққа тұрып, ойыншыққа қол жеткізеді. Тапсырма берген адам бөлмеге кіріп, балаға тапсырманы орындағаны үшін кәмпит ұсынғанда, бала бұл ойыншықты «заңсыз» түрде алғанын, демек, кәмпиттің еңбексі келгенін түсініп жылай бастайды. Мектепке дейінгі жас кезеңі тұлғаның қалыптасуындағы өте маңызды саты болып табылады, себебі бала әлеуметтік өлшемдер мен талаптарды игеру механизмін жүзеге асырады.

Тұлғаның қалыптасуының екінші сатысы жеткіншек жаста, адам өзінің мотивтерін ұғынуға тырысқанда басталады. Бұл саты өзіндік санамен, өзіндік тәрбиемен байланысты.

Тұлға екі механизмдер әрекетінің нәтижесінде қалыптасады: стихиялық және арнайы.

Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны, әлеуметтік нұсқауларды енгізеді.

Қабілеттер дегеніміз – бір түрлі іс әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері.

Темперамент адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы.

Мінезде бір адамның басқа адамдарға қатынасын анықтайтын қасиеттер бар.

Мотивация дегеніміз - әрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұсқаулар – адамдардың наным сенімдері.

Бұдан басқа, кейбір автрлар тұлға құрылымына ерңк пен эмоция түсініктерін қосады. Психикалық құбылыстардың құрылымында психикалық процестерді, психикалық күйді және психикалық қасиеттерді бөліп көрсеті керек. Психикалық процестер, өз кезегінде танымдық, еріктік, эмоционалдық болып бөлінеді. Ерік пен эмоция өзіндік құбылыс ретінде психикалық процестер шебінде қарастырылуға лайықты.

Алайда, осы құбылыстарды тұлға құрылымы шебінде қарастыру үшін де авторларда негіз бар. Мысалы, сезімдер – жиі әлеуметтік бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері өоғам мүшесі болып табылатын адамның қылықтарын реттеуге қатысады. Осы айтылғандардың бәрі қарастырылып отырған мәселенің күрделі екендігін және тұлға мәселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі келіспеушіліктердің болатындығын көрсетіп отыр. Көбірек кліспеушілік тудыратын мәселелер: ада ұйымдасуы құрылымының иерархиясы, тұлғадағы биологиялық пен әлеуметтің қатынасы.


1.2 Тұлғаның психикасының даму факторлары

Адамның психикасы бүкіл өмірінің ағымында үздіксіз дамып отырады. Бұл өзгерістер жаңа туған нәрестені, мектеп оқушысын, ересек адам мен қарт кісінің психикасын салыстырғанда айқын көрінеді. Өздеріңіз білетіндей, нәресте анасының жатырында қалыптаса бастаған сәттен бастап оның өлгенге дейінгі ағзасының дамып, қалыптасуы отогенез ( грек тілінен аударғанда « онто» - тіршілік, «генез» - шығу тегі, пайда болуы) деп аталады. « Онтогенез» терминін алған рет ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген болатын. Сан ғасырлардан бері сананың пайда болғаны, эмоционалды уайымдары, творчествалық дамулары, адамның ішкі әлемінің қиындықтары жұмбақ болып келген.

Психология әрдайым психикалық дамудың мәселесін басты жолға қойып отырды. « Психика қалай пайда болады?», « оның дамуын не қалыптастырады, не себеп болады» деген сұрақтарға жауап бере алады. Философиялық концепциялардың тұрғысынан бұрынғы замандарда психикаға деген қарсыкөзқарастар айтылып, соны құптағандар саны көп болды. Бір оқымысты ғұламалар адамның табиғаты психиканың дамуына, тұлғасынан берілген бологиялық факторлардың дамуында көп үлес тигізді деп айтса, ал кейбіреулері, керісінше, табиғат ол керемет дүние, және балалар туылғаннан бері жақсы табиғатпен өсіп келеді, тек соған сену қажет, оның табиғи дамуына кедергі келтірмеуіміз керек деп есептеген болатын.

Қазіргі даму психологиясы биологиялық, әлеуметтік, мәдени факторлардың адамның психикасының дамуының түсініктерінің қарама – қайшылығынан бас тартты. Бірақ, психологияның алдында оладың бірлігін сипаттау керекдеген үлкен тапсырма тұр. Бұл сұрақтарға жауаты психогеника жан жақты қарастырып, зерттеп, әр түрлі эксперименттер жүргізіп отырумен айналысады. Міне, көз жетерліктей генетикалық және орта факторлардың адамның интеллекттісінің дамуытуралы дәлелдемелер алынды, кейбір ауруларға байланысты ( мысалы, алкоголизм, аутизм) адамның жеке қасиеттері мен темпераментінің интенсивті түрде зерттеулер жүргізілді.

Генетикалық зерттеулерге даму психологиясынан екі сұрақ бағытталады: « Адамның даму барысында тұқым қуалаушылық процесі өзгеріп отыра ма?» және « Қалай генетикалық факторлар әр түрлі жастық бөлшектерге бқлінген?». Көп адамдар және тіпті дамудың мәселесімен айналысатын мамандар мұраның рөлі адамның жасы ұлғайған сайын оны өызыөтырмай, өзінің алдағы жоспарларынан ысырылып қалатынын айтқан. Өмірлік оқиғалар, оқу – білім, жұмыс және т.б. тәжірибе өмірлік ағым барысында қалыптасады.

Мінез –құлықпен айналысатын генетиктер бұл екі сұраққа тіпті басқаша жауап береді. Генетикалық фактрлар қалыптаса келе маңызды рөл атқара бастайды., әсіресе жалпы когнитивтік қабілетке.

Психикалық дамудың периодтары әр адамда өзінше жеке дамиды. Оның онтогенезінде дамуын Homo Sapiens, яғни, « саналы адам» ретінде көрсетеді.

Әрбір адам генетикалық бағдарлардың шебер вариацияларына және осы бағдарлардың орындалуына әсер ететін жағдайларға ие. Осылайша адамдардың дамуында өмірлік циклдардың шебер және индивидкалды заңдылықтарын қарастырады. Адамның даму заңдылықтарының бірі болып - оның циклділігі болып табылады. Психикалық дамудың периодизациясы – бұл ортақ заңдылықтарды бөлектеп көрсетуге алғышарт.

Даму уақыт бойынша күрделі ұйымды қамтиды. Әр жылдың, тіпті әр айдың адамның дамуы үшін маңызды рөл атқарады.

Екінші ерекшелік гетерохронность ( грек тілінен «гетерос» - басқа, « хронос» - уақыт) дамуыан тұрады. Бұл дегеніміз, адамның дамуы әр түрлі психикалық процестерге байланысты қалыпты емес, солай сияқты адам дамуының индивидуалды аспектілері.

Психологтар үшін қауіпті кезеңдерге байланысты бірдей пікірлер болмайды. Л.С.Выготский былай деп ойлады: баланың психикасының дамуында стабильді және кризисті этаптар болады деді. Кризисті этаптар – жаңа психикалық білімдердің пайда болуындағы психикалық дамудың бұрылуы. Сөйлеудің дамуы ойлаудың сөйлеуге айналуына әкеліп соқтырады, ал сөйлеу – балалардың екі жасынан бастап интеллектуалдылығы.

Адам дамуының қажеттіліктер өмір ағымында ерте уақыттан бері қалыптасып келеді. Мысал ретінде адамның өмірлік циклының деңгейлерінен келтірейік, олар біздің заманымызға дейінгі уақыттан бері атақты.

Ежелгі қытай классификациясы

  1. жастық шақ 20 жасқа дейін

  2. үйлену жасы 30 жасқа дейін

  3. қоғамдық жауапкершілікті сезінетін уақыт 40 жасқа дейін

  4. өзінің жеке қателіктерін тану 50 жасқа дейін

  5. творчествалық өмірдің соңғы деңгейі 60 жасқа дейін

  6. қалаулы жас 70 жасқа дейін

  7. кәрілік шақ 70 жылдан бастап


Пифагор бойынша өмірлік жастың классификациясы ( б.з.д. VI ғ)

  1. қалыптасу деңгейі 0 – 20 жас ( көктем )

  2. жас адам 20 – 40 жас ( жаз )

  3. ақылы жетілген адам 40 – 60 жас ( күз )

  4. кәрі адам 60 – 80 жас ( қыс )

Гиппократ бойынша өмірлік жастың классификациясы ( б.з.д. IV ғ)

Бірінші деңгей 0 – 7 жас

Екінші деңгей 7 – 14 жас

Үшінші деңгей 14 – 21 жас

Төртінші деңгей 21 – 28 жас

Бесінші деңгей 28 – 35 жас

Алтыншы деңгей 35 – 42 жас

Жетінші деңгей 42 – 49 жас

Сегізінші деңгей 49 – 56 жас

Тоғызыншы деңгей 56 – 63 жас

Оныншы деңгей 63 – 70 жас


































2 ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ

2.1 Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы

Адам тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені, тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтрадың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары, даму процесін тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі.

Кең тараған тұлға тнорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесіеһн адамдардың белгілі тұлғааралыөқ өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсіндірсе, гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны «Мен» деген түсініктің қалыптасуымен ұшырасады.

Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар.

Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде кездеспегеімен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді.

Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өмәр сүрәп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан, әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ал тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін белсенді жандандырылуы әлеуметтену деп аталады.

Өздеріңіз білетіндей Жан Пиаже интеллекттің дамуында төрт негізгі даму стадияларын қарастырған болатын: снсомоторлы интеллект стадиясы ( туылғаннан екі жасқа дейінгі жас), операционалды ойлау стадиясы ( екі жастан бастап жеті жасқа дейін), нағыз операци стадиясы ( жеті мен он бір жас аралығы), формальді операция стадиясы ( он бір мен он екі жастан бастап он төрт оқ бес жасқа дейін).

Адам психикасының өмірінде негізгі деп санаған Жан Пиаже бар күшін когнитивті дамуға салды. Ол таным мен аффективті сфера арасындағы байланысты қарастырмады. Жан Пиаже концепциясында бала өзінің социумына эгоистігін қоя отырып, ұзақ жолмен жетеді. Ал, А.Валлонның пікірі бойынша бала өзінің белсенді социолизациясына тәуелді болып табылады. Сондықтан Валлон баланың когнитивті дамуын тұлғалық дамумен байланыстырады.

Ол балалық шақтың келесі стадияларын бөліп қарастырады:

  1. Импульсті стадия ( 6 жасқа дейін) әсер етуге рефлексті түрде жауап қайтару стадиясы. Жайлап келе мінез құлықтың жаңа әрекеттеріне рефлексіне ауысып отырады.

  2. Эмоционалды стадия ( 6 жастан 10 жасқа дейін) эмоцияның жинақталуымен ( ашу, қорқу, қуану, таң қалу) сипатталады. Cонымен қатар, сенсомоторлық, проективті, персоналды стадиялары бар.



2.2 Тұлғаның психологиялық құрылымы

А.Г.Ковалев тұлға құрылымында келесі құрылымшаларды бөліп көрсетеді.

  • Темперамент ( табиғи қасиеттердің құрлымы);

  • Бағытылық ( қажеттіліктердің, қызығушылықтардың және идеалдардың жүйесін);

  • Қабілеттер ( интеллектілік, еріктік және эмоциялық қасиеттердің жүйесі);

В.Н.Мясищев тұлға бірлігін бағыттылықпен, даму деңгейімен, тұлға құрылымымен және нервтік – психикалық реактивтіліктің динамикасымен сипаттайды. Тұлға құрылымы – бұл тұлғаның жеке сипаттамасы, оған мотивация, қатынас және тұлға тенденциясы кіреді.

К.К.Платонов тұлға құрылымында келесі деңгейлерді бөліп көрсетеді:

  • әлеуметтік шарттыланған ерекшеліктер ( бағыттылық, адамгершілік сапалары);

  • биологиялық шарттыланған ерекшеліктер ( теаперамент, нышандар, инстинктер, қарапайым қажеттіліктер);

  • тәжірибе ( бар білімдердің, дағдылардың, іскерліктердің және әдеттердің көлемі мен сапасы);

  • әр түрлі психикалық процестердің индивидуалды ерекшеліктері.

Б.Г.Ананьев тұлға құрылымына мынадай қасиеттер кіреді деп санайды, олар:

  • индивидтің өзара қатынас жасайтын қасиеттерінің нақты кешені ( жас ерекшелік жыныстық, нейродинамикалық, конституциялық биохимиялық);

  • индивидтік қасиеттерге жататын психофиологиялық функциялардың динамикасы мен органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Индивидтік қасиеттердің жоғарғы интеграциясы темперамент пен нышандарда көрсетілген;

  • статус және әлеуметтік функция ролдер;

  • мінез құлық мотивациясы және құндылық бағдар;

  • құрылым және қатынастар динамикасы;

Тұлғалық қасиеттердің интеграциясы адамның мінезі мен оның бейімділіктерінде көрсетілген. Ананьев бойынша, тұлға құрылымы үш жазықтықта болатын индивидуалдық – психологиялық даму процесінде қалыптасады:

психофизиологиялық функциялардың онтогенездік эволюциясы;

1. субординациялық немесе иерархиялық, тұлғаның күрделірек және көбінесе жалпы әлеуметтік қасиеттері қарапайым мен жеке, әлеуметтік пен психологиялық қасиеттерді өзіне бағындырады;

2. координациялық, өзара әрекет қатынас жасайтын өасиеттер үшін бостандық дәрежелер қатарын жіберетін паритетті бастарда жүзеге асады;

А.Н.Леонтьевтің ұстанымынша, тұлға және оның құрылымы индивидтің жүзеге асыратын іс - әрекетінің иерархиялық қатынасымен анықталады және сипатталады. Іс - әрекет мазмұнының ар жағында мотивтердің арақатынасы жүреді. Бұл жердегі ең бастысы – мағынақұрушы мотивтер мен стимул мотивтер арақатынасы.

Тұлға дамуы шарттарының үш аспектісі:

1. Тұлғаның дамуы үшін қажетті шарт – адамның шындыққа қатынасы. Ол әр түрлі жас үшін ерекше болуы мүмкін. Адамдар арасындағы өзара әрекеттестіктің әлеуметтіліктілігі - өзі туралы көрсететін қажетті шарты. Басқаларды түсіну - өзін түсінудің шарты.

2. Әлеуметтік орта – дамудың психикалық және тұлғалық факторы. Екі факторлар теориясы бар: биологиялық және әлеуметтік.

Выготский: әлеуметтік орта тек қана даму факторы болып табылмайды, оған адамның өзі де кіреді. Адамның шындыққа қатынасы емес, ол адамның шындықиағы қатынасы. Дамудың әлеуметті кжағдайының негізгі функциясы – адам дамуын қамтамасыз ету және бпр нақты қасиеттерді қамтамасыз етуі.

А.Г.Асмолов: өмірде екі тенденция бар: дәстүрлердің сақтауына және дамуға. Тұлғада әлеуметтік және индивидуалдылық бар.

У.Джемс: әлеуметтік және индивидуалды арасындағы қайшылыұтарды шешу мүмкіндігі туралы айтады. Олардың динамикалық байланысының үлгісі: қарым қатынастағы қажеттілік. Екі аспектісі:

1. әлеуметтік бүтінділікке жату қажеттілігі;

2. байқалатындай болу қажеттілігі;

Э.Дюркгейм. Әлеуметтік факт – бөлек адамнан байланысты емес және оларға қажеттілікпен меңгерілетін көрініс.

Ерекшеліктері:

1. Әлеуметтік факт тоқталды. Индивидуалдық және қоғамдық арасында айырмашылық жоқ. Фромм: әлеуметтік сипат аффективті түрде қабылданатын бір нәрсе.

2. Әлеуметтік факт жақанданды. Леви – Брюль: саналы түрдегі ұжымдық көрініс – танымдық, аффективті және моторлық сфераның бірлігі. Дәстүрлі сананың аңыздылығы: шындық пен аңыздың арасында айырмашылық жоқ.

3. Әлеуметтік фактінің ортақтығы. Мұнда әлеуметтік қажеттілік қамтамасыз етіледі, сонымен қатар адамның өзәмен болған кез келген оқиғаны түсіну қамтамасыз етіледі. Ортақтық себептілікке және логикалық қайшылыққа талдаусыздық.


































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


    1. В.Н.Дружинин Психология.

    2. Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность. М., 1997.

    3. Первин Л., Джон О. Психология личности. Теория и исследование. М., 2000.

    4. Хьелл Л., Зиглер Д. Теория личности. М., 2000.

    5. Платонов К.К. Структура и развитие личности. М., 1986.

    6. Психология личности. Тексты. Ред. Ю.Б.Гиппенрейтер., А.А.Пузырей. М., 1982.

    7. Жалпы психологияғв кіріспе: Оқу құралы. Жауапты редактор: С.М.Жакыпов. - Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 230 бет.






13


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ