Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Түлік туралы сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

А.Тоқмағанбетов Түлік туралы сабақ

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

«Түлік туралы сабақ» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру. Төрт түлік малдардың атауларымен таныстыру.
Оқушылардың ақыл-ойын, есте сақтауын, қиялын, зейінін, тіл байлығын, сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Төрт – түлік малды күтіп бағуға, қамқорлық жасауға, еңбексүйгіштікке, үлкендерге көмек беруге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Асқар Тоқмағамбетовтың портреті, флипчарттар, кесте қағаздар.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту






























І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық.
Қатар-қатар тізіліп,
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп
Түп-түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа-нақ
Дайындалдық бәріміз
1 – қатар жай отыр,
2 – қатар тез отыр,
3 – қатар сен де отыр.
Сабақ бастар кез боп тұр.
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
Класс оқушыларын 3 топқа бөлу. Әр топта 3 оқушыдан. Үйге жеке – жеке оқушыларға тапсырма берілген болатын, сол тапсырмалар бойынша үй тапсырмасын сұрау.
1 – тапсырма: Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
2 – тапсырма: «Менің ботам» тақырыбына өлең құрастыру.
3 – тапсырма: «Ақ бота» тақырыбына әңгіме құрастыру.
ІІІ. Үй жұмысын бекіту.
1. Үлектен адамдар неге қорқады екен?
2. Шығармада үлектің қандай пайдасы әңгімеленген?
3. Түйе малынының төлі қалай аталды?
4. Түйенің пайдасы қандай?
ІV. Автор туралы мағлұмат.
АСҚАР ТОҚМАҒАМБЕТОВ (1905 – 1983) – ақын жазушы.
Қазіргі Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Ташкент политехникалық техникумын, Мәскеу Баспа институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Ленин жолы»(қазіргі «Сыр бойы»), «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Ара» журналында әр түрлі қызметтер істеген. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент, Қызылорда облыстары бойынша жауапты хатшысы болған
(О.Бодықовпен бірге), Сыр өңірі қазақтары тұрмысынан жазылған «Сыр диқаны», «Асыл азамат», «Әке мен бала», «Қарбаласта», Қазан төңкерісі қарсаңындағы ауыл өмірін суреттеген «Ақмоншақ» повестерін жазды.
Асқар Тоқмағамбетов -ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы жазылған «Жыр күмбезі» атты тарихи романның авторы. Драматургияда «Екі заң», «Семафор ашық», «Әзірет Сұлтан» атты пьесалар мен «Маржан», «Бәріміз де сондай болсақ» атты киносценарийлер жазған. С.Айнидің «Құлдар» романын қазақ тіліне аударған.
Қазан төңкерісі, 1-дәрежелі Отан соғысы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Мұғалімнің түсіндіре отырып мәнерлеп оқып беруі.
Төрт түлік
Қой - қозы
Жылқы - құлын
Ешкі - лақ
Сиыр - бұзау
VІ. Флипчартпен жұмыс.
Жылқы - Құлын
Жабағы (6 айдан 1 жасқа дейінгісі)
Тай (1 жастан асқаны)
Құнан (2 жастан асқаны)
Дөнен (3 жастан асқаны)
Бесті (5 жастағысы)
Алты жасар
Түйе атаулары:
Нар ( жалғыз өркешті)
Нарбота ( жаңадан туған төлі)
Нартайлақ (1 жастан асқаны)
Түйе:
Айыр (қос өркешті)
Бота (жаңадан туған төлі)
Тайлақ (1 жастан асқаны)
Қой атаулары:
Қой, Қозы, Марқа, Кепе, Тоқты, Саулық, Бойдақ қой (ұрғашы), Құнан қой, Дөнен қой.
Ісек (еркегі), Қошқар
Ешкі атаулары:
Ешкі, Лақ, Марқа лақ, Теке, Серке (Меркеш), Шыбыш, Туша (ұрғашысы)
Сиыр атаулары:
Сиыр, Бұзау, Баспақ, Қашар.
Бұқа (еркегі), Тана, Бұқашық
VІІ. Оқулықпен жұмыс.
2. Оқушылардың іштей оқуы.
3. Дауыстап рөлге бөліп оқу.
VІІІ. Сөздікпен жұмыс
Сөзуар – сөзшең
Жобалауы - ойынша
Даурықты – таласты. (Шешімін таба алмады)
ІХ. Сабақты бекіту.
Оқушыларға жеке – жеке кеспе қағаздар беру.
Малдар Төлдері Атаулары
Қой
Қозы
Сиыр
Жылқы
Түйе
Х.Сабақты бағалау.
Жүйрік екен аттары
Аяңдамай желеді.
«5» қоямын мен оған
Бірінші орында келеді.
Білмей қалған жерлерін
Мықтап ойға тоқиды
Бүгін «4-ке» оқыса,
Ертең «5-ке» оқиды.
Айтқанына
Көңіліміз толмады
Сабаққа дайындалмай келіпті
Онысы дұрыс болмады.
ХІ.Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау.

Мағынаны тану













































Ой толғаныс









































































Үйге тапсырма

Бағалау










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
339
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12