Материалдар / Тұңғыш Президент және дамудың қазақстандық моделі

Тұңғыш Президент және дамудың қазақстандық моделі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобаның тақырыбы «Тұңғыш Президент және дамудың қазақстандық моделі». Біз бүгінгі жобамызда Қазақстанның тәуелсіздік алуында Н.Ә. Назарбаевтың сіңірген еңбегі турады сөз қозғаймыз. Н.Ә.Назарбаев түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ тарихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Ол ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қаһармандығын, даналығын кейінгі ұрпақтың келешекке аңыз етіп жеткізетіндігінде еш күмән жоқ. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау — Президентіміз туралы ойлаумен сабақтас. Бағы тайған қазақтың есесін қайтарып, қабырғалы ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
300
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы Алатау ауданы

180 жалпы білім беретін мектеп













Тақырыбы: Тұңғыш Президент және дамудың қазақстандық моделі







Бағыты: Қазақстан жолы және Н.Ә. Назарбаев моделі

Ғылыми жоба құрастырған: Ерланқызы Альбина























Аннотация

Ғылыми жобаның тақырыбы «Тұңғыш Президент және дамудың қазақстандық моделі». Біз бүгінгі жобамызда Қазақстанның тәуелсіздік алуында Н.Ә. Назарбаевтың сіңірген еңбегі турады сөз қозғаймыз. Н.Ә.Назарбаев түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ тарихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Ол ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қаһармандығын, даналығын кейінгі ұрпақтың келешекке аңыз етіп жеткізетіндігінде еш күмән жоқ. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау — Президентіміз туралы ойлаумен сабақтас. Бағы тайған қазақтың есесін қайтарып, қабырғалы ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасады.



Annotation

Research project "The First President and the Kazakhstani Development Model". In today's project, we focus on the independence of Kazakhstan. Let's talk about the merits of Nazarbayev. ON. Nazarbayev is a descendant of heroes who, with their power, strength and eloquence, left an indelible mark on the history of the Kazakh people. He took over the reins of the country at the most difficult times. He withstood the test of history and fate with dignity and saved his people from the fiery bridge and blazing fire. There is no doubt that this unprecedented heroism and wisdom of the city dweller will be passed on to future generations as a legend. Reflections on the current fate of our people, which have lost their history, are associated with reflections on our president. It is worth noting the wisdom of the head of state, who took revenge on the Kazakhs and made them such a powerful country.















Мазмұны

Кіріспе

1.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті..............................................

2.КСРО – ның ыдырауы. Қазақстанның тәуелсіздік алуы. ТМД – ның құрылуы......................................................................................................................

2.2. Президентті бүкілхалықтық сайлау..................................................................

2.3. Тәуелсіздікті жариялау......................................................................................

2.4. Республиканың туын, Елтаңбасын және гимн қабылдау.....................................................................................................................

2.5. Конституцияның қабылдануы...........................................................................

3. Н.Ә. Назарбаевтың бетбұрысты кезеңдерде басшылық ету тактикасы....................................................................................................................

3.2. Реформалары.......................................................................................................

4. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері.................................................................................................................

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

























1

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Тарихи, саясаттанушылық, экономикалық және әлеуметтанушылық зерттеулер негізінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу;
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасын құрудағы тарихи рөлін ашу;

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

Әлемдік сарапшылардың мойындауынша , Қазақстандағы Назарбаев пен оның пiкiрлестері жүргiзiп келе жатқан өзгерістер XX ғ . соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі .

Сондықтан зерттеу жұмысының алдына қойған негізгі мақсатына сәйкес мынадай міндеттер қойылады :

- Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттікке жасаған қадамдарын айту ;

- Қызмет жолын датамен байланыстырып,атқатқарған міндеттерін айқындау ;

- Елбасының рөлін айқындау ;

- Қиын - қыстау кезеңнен шығу үшін қолданылған тактикалар туралы айту ;

- Реформасын айқындау ;

- Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін айқындау ;

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудегі негізгі ой:

Сыни пікірлер: Нұрсұлтан Назарбаевқа бірнеше құқық қорғаушы ұйымдар адам құқығының бұзылуы бойынша айып таққан, The Guardian-ның пікірінше басқаша ойлайтындарды тұншықтырды және авторитарлы режимді басқарды. Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін өткізілген Назарбаев кезіндегі сайлауларды Батыс еркін және әділетті сайлау деп есептемеді.

Дәйектер: Бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасында биліктегі мерзімі бойынша ұзақ отырудан рекорд орнатты. 1989 жылдан 2019 жылға дейін Республиканың бірінші тұлғасы ретінде болды. Бұрынғы КСРО мемлекеттері арасында ең қарт ел басшысы.

Өз мемлекетінде шексіз билігі бар 1,1 млрд $ байлығымен планетаның ең бақуатты және шексіз билік рейтингінде 10-орын алды. Бұл тізімді Handelsblatt басылымы құрастырған болатын.

2

Президенттің отбасында екі миллиардер бар (екінші қызы Кулибаева

Динараның байлығы — 3,1 млрд доллар және екінші күйеу баласы Кулибаев

Тимур — 3,1 млрд $ 2017 жылғы қарашадағы жағдай бойынша) және бірнеше миллионерлер (бірінші қызы Дариға Назарбаева — 593 млн $ , немересі Нурали Алиевта — 200 млн $ ), бұрынғы күйеу баласы Рахат Алиев, інісі Болат Назарбаев. Назарбаевтар кланының жағдайы $7 млрд-қа бағаланады.



1.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жылШамалған ауылыАлматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті болды. 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан кете отырып, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымын және "Нұр Отан" жетекші партиясының төрағасы лауазымдарын, сондай-ақ Қазақстанның Конституциялық кеңесі мүшесі ретінде өз орнын сақтап қалды.

Бұрын ол Қазақ КСР-ның президенті болды. 2015 жылдың сәуір айында мерзімінен бұрын президент сайлауында бесінші президенттік мерзімге қайта сайланды, ресми деректерге сәйкес, 97,75% дауыс жинады. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы (1984-1989). 1962 жылдан бастап КОКП мүшесі. КОКП ОК (1986-1991) мүшесі; КОКП Орталық бақылау комиссиясының мүшесі (1981-1986). Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы (1979-1984 жж.), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1989-1991). Солтүстік Қазақстан облысының КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-11-шақырылымының (1979-1989) мүшесі. КСРО халық депутаты (1989-1991).Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990). Посткеңестік кеңістіктегі билік өкілдеріне ұзақтығы бойынша рекордшы: 1989 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы лауазымына тағайындалған күн - 28 жыл, 8 ай, 16 күн. «Ұлт көшбасшысы» ресми атауының иесі.









3

2. КСРО-ның ыдырауы. Қазақстаның тәуелсіздік алуы. ТМД-ның қурылуы.

1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кездесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО құру тұралы келісімшартты жою,

Тәуелсіз Мемлекеттер достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.

1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.

1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.

Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республикалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

4

2.2.Президентті бүкілхалықтық сайлау.

Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.





5

2.3. Тәуелсіздікті жариялау

Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.

КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.

Республиканың тәуелсіздік алған күні.

Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.

Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.



2.4. Республиканың туын, елтаңбасын және гимн қабылдау.

1991 жылдың соңында егемендігін жариялаған Қазақстан өз мемлекеттігін құрудың жолына түсті, мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда оның ішкі істер әскері құрылды.

Қазақстаның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік нышандарын (символдарын) қабылдауды талап етті. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туын мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы-суретші Шәкен Ниязбеков, Елтанба авторлары-сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар- Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдагалиев, Жадыра Дарибаева.

6

Әуенін жазғандар- Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).

1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Мақсаты: қоғамдық тұрақтылықпен ұлтаралық татулықты нығайту.

1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәсиелер: Президент Н.Ә. Назарбаевтің өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатынында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.









7

2.5. Конституцияның қабылдануы

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерешеліктері:
1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.
2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.
3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.
4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді.
5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.
6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.

Тарихи маңызы:

- Егеменді Қазақстанның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы, өркениетті даму кезеңіндегі ерешеліктері, әлемдік демократия даму кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демокротиялық құндылықтары көрініс тапқан.

- Республиканың одан әрі даму кезеңіне арналган тарихи құжат.

Қазақстан қоғамын реформалау барысында астананы Алматыдан Ақмолаға көшеру идеясы туындады. 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. Нәтижесінде 1997 жылы 9 желтоқсанда Ақмолаға мемлекеттік рәміздер эталоны және Қазақстан Президентінің байрағы жеткізіліп, осы жылдың 10 желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді, ал 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болып өтті.

«Қазақстан-2030» стратегиясы .

1997жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауы жарияланды.





8

Жолдауда қаралған мәселелер:
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. «Қазақстан барысын» қалыптастыру.

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.

Бұл бағдарлама еліміздің саяси, әлеуметтік-экономиқалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.

2030 жыл –Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.



















9

3. Н.Ә.Назарбаевтың бетбұрысты кезеңдерде басшылық ету тактикасы

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсiздiктiн бетбұрысты кезеңдерінде мемлекет басшысы ретінде әсіресе экономикалық және саяси дамудың үлгілерін талдау мәселесiндегi бiлiксiздiкке катан қарсы тұра білді . Ешкiмнiң ойына келмеген және де бәрiне бiрдей жаға бермейтiн , бiрак еміршең маңызы бар шешiмдердi батыл қабылдап жатты . Елбасының өз кезiнде : - Кейде адамдарды еркінен тыс қазiр барғысы келмейтiн , бiрак объективті турде баруға тиiс жакка жетелеуге тура келді , - деп айтқанын осы күндері еске ала отырып , яғни , билік үшін күрес тегі батылдык пен билік басындағы батылдықтың екеуi екi басқа екендігін өз iсiмен дәлелдей бiлгендiгi ерiксiз сүйсiндiредi . Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа астананы тұрғызу бастамасы мен оны ақиқатқа айналдыруы Елбасының модернизациялық жобасының басты табысының символына айналды . Қазақстанның жаңа астанасы шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы бола алды . 1994 жылы Н. Назарбаев астананы кешіру ойын алғаш рет алға тартқан кезде бұл жағдай қоғамда екі ұдай пікір туғызған болатын . Бұл қадам дағдарыс кезеңінде қазақстандықтардың әлеуметтiк опти- мизмiне қолдау жасау үшін өте маңызды еді . Астана елдің өткенінен болашакка , жаңа дәуірге ауысуының нышандық оқиғасына айналды . Жас елдiң мүмкiндiктерi әлемге паш етілді . Астана саяси және экономикалық қана емес , сонымен бірге Назарбаевтын жеке , адами жобасына да , ұлттық тарихтың жаңа келбетiне де айналды

Мемлекеттiн , оның басшылығының қандай саясат жүргiзуiне , қандай бағыт және жол таңдағанына сәйкес саяси құрылым , саяси жүйе , саяси билік турі орнайды . Аталған саяси жүйе мен билiк түрi және елдiң саяси бағыты жаңадан тәуелсіздік ал - ған елдердің таңдаған даму үрдісіне және сол елдің басшылығының жүргізген саясатына байланысты да қалыптасады . Сол сияқты тәуелсіздік алғанына жиырма бір жыл толған Қазақстанның да жаңа мемлекеттiлiкті қалыптастырудан бастап өзіндік мемлекеттік құрылыстағы , әлеуметтік экономикалық дамудағы , елдің қоғамдық өмiрiнiң кезең - кезеңімен демократияландыру бағытындағы қазақстандық жолы қалыптасты . Назарбаевтың нұсқасы деп аталған бұл стратегия шетелдік саясаттанушылар мен қайраткер лердiн оң бағасына ие болуымен қатар қазақстандықтардың да басым көпшілігінің қолдауына ие болды . Бұл қолдаудың дәйектілігі мен шынайылығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің Тұң - ғыш Президенті ретінде де , тәуелсіз елімізді өт --пе - лi кезеңнің ауыр қиыншылығынан алып шығуда және оның бұл бағыттағы жүргізіп отырған саясатымен байланысты болған Парламент және Президент сайлауларында айқын жеңіске жетуiнен де көрініс тауып келеді .



770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ