Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Мақсаты:
Елбасының өмірі мен еңбегін
үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу;
ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана-сезімі
жоғары, саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға
тәрбиелеу
Армысыздар, қадірменді
қонақтар,құрметті ұстаздар мен
студенттер!
2-жүргізуші
1-желтоқсан Тұңғыш Президент
күніне арналған «Тұңғыш Президент-Кемеңгер көшбасшы» атты
салтанатты кешке қош
келдіңіздер!!!
1-жүргізуші
Алаулаған алабынан нұр
тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр
танып.
Көк байрағың желбірейді
төріңде,
Әнұраның тұр көгіңде
шырқалып.
(Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
орындалады)
Футаж «ҚР Мемлекеттік
гимні»
2-жүргізуші
Бүгінгі күн бізге оңайлықпен
келген жоқ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз,
ата-бабаларымыз тер төкті. Соның ішінде Тұңғыш Президентіміздің
арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан
атанып отырмыз.
1-жүргізуші:1-ші желтоқсан – Қазақстан
РеспубликасындаТұңғыш Президент күні болып елімізде жыл сайын тойланады
және биылғы ерекшелігі Елбасымыздың президенттік қызметінен
босағалы алғаш рет болғалы тұрғаны.Сондықтан да Елбасына деген
құрмет ықыласымызды білдіруге
тырысамыз.
2-жүргізушіМемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің,
халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты,
ең қиын міндет.
1-жүргізуші
Бұл қызметті Отаны мен халқын
шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі
үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев!
Енді Елбасына арналған
жыр-шумақтарға кезек
берейік.
Футаж «Елбасының
жолы»
203
АС
Ауыр күнді артымызға тастауы
–
Қиын сәтте қиындықтан
қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта
көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның
бастауы.
Туды ұстап тура жолға
түсіріп,
Жас Отанның өмірін де
түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап
тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау
кісілік!
209
АС
Сан ұлттың басын қосып
Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен
тыстан
Елбасы, алдын ала болжай
біліп,
Сүрінбей аман өттік
дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын
табысыңа
Әр қазақ берік болсын
намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай
берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман
бағытына!
201
АС
Астана - қазағымның бас
қаласы,
Арқада бас көтерген жас
қаласы.
Көшірген Астананы
орталыққа-
Елбасы Нұрсұлтанның
бастамасы.
Ауыр сын, қиындықтан
жасқанбаған,
Сарыарқаға көш бастап басқан
қадам.
Бүгінде дос сүйініп, әлем
танып,
Атағы Астананың
аспандаған.
Желбірейді көк байрағың
көгіңде,
Кереметсің көрік берген
өңірге.
Ғаламдағы ғаламаттың бірі
боп,
«Бәйтерегің» жарқырап тұр
төріңде.
1-жүргізуші
Елбасымыз сегіз қырлы, бір
сырлы жан: Елбасы – үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған
тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты домбыраны жақсы көреді.
Сондай –ақ өнерге де, спортқа да көп көңіл бөлетін адам. Оның
дәлелі – атамыздың «Елім менің», және «Үш қоңыр» әндерінің кең
тарап халық көңілінен шығуы. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан
Әбішұлынікі екенін біз мақтанышпен
айтамыз.
Фильм Елбасы туралы
көрсетіледі
2-жүргізуші
Елбасы туған халқын, туған
жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны ісімен де,
шығармашылығымен де дәлелдеп келеді. Нұрсұлтан Назарбаев-бірқатар
ғылыми кітаптардың, әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары мен
қоғамдық – саяси еңбектердің
авторы.
Ендігі кезекте Елбасымыздың
қанатты сөздеріне
тоқталайық.
Футаж «Қазақстан
табиғаты»
1-студент:
... Тәуелсіздік –
ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының
жүзеге асқан ақиқаты.
1-студент:
«Өз тарихын сыйламаған халық
өзін де сыйламайды».
2-студент:
Елдің бетінде, желдің өтінде
жүрген адамға сынақ көп.
2-студент:
Менің атам да, анам да –
қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ.
Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған
Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын.
Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін
емес.
3-студент:
Құдай қазаққа қырын қарамаған:
пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен
берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары
үшін жанын садаға ететін ер
берген.
4-студент:
Сөз бостандығы шексіз
емес.
Ол – табындыратын ғана
емес,
Талқандайтын да қуатты
күш.
4-студент:
Қазақстанның болашағы – қазақ
тілінде.
5-студент:
Біз мемлекет құрдық. Құрғанда
да аты бар заты жоқ мемлекет емес, Бүкіл адамзат танитын, танып
қана қоймаған – мойындайтын, құрметтейтін мемлекет құра
алдық.
5-студент:
Күшті ұлт болу үшін алдымен
ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық
қажет.
6-студент:
Қазақ қазақпен қазақша
сөйлессін.
6-студент:
Абайдың сөзі қазақтың
бойтұмары.
6-студент:
Ұлттық намыс – ұлы
ұғым.
6-студент:
Бірлік – біздің қасиетті
туымыз.
1-жүргізуші:
Қазақтың күйлері көп
«Көңілашар»,
«Сарыжайлау» «Сарыарқаға» кеп
ұласар.
Күй қылып күллі әлемді құшаққа
алған,
Қазақтың болмаған ғой тегі
нашар,-дей отырып, кезекті күйшілерге
береміз
Күй.
«»
Футаж «Қазақстан
табиғаты»
2-жүргізуші:
Біздің Елбасымыз –
білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты
болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен
тұлға.
Енді назарларыңызды әлем
елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы
лебіздеріне аударайық.
Видео
–ролик
Осы жерде видео
көрстіледі
Кофи
Аннан– БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы:
«Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда – бұл елде
бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу
байқалады.
Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт
қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес,
қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола
алады».Ким Дэ
Чжун– Корея Республикасының
Президенті: «Оның демократиялық, саяси және экономикалық
өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік
қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып
келеді».
Эмомали
Рахмонов– Тәжікстан Президенті:
«Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген
сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән
қасиеттер.
Қазақ жұртының, елінің, көп
ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік
сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған
емес.
Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде
Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің
біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы
табыстары тағлым аларлық.
Нағыз басшы осындай
нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз
халқының даусыз басшысы».
Джордж
Буш– Америка Құрама
Штаттарының бұрынғы президенті: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды
таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама
Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық
күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде
«Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын
білдірді».
1-жүргізуші:Тәуелсіздік алып берген біздерге,Нұр ағадай Президент бар
біздерде.Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,Мақтан тұтып, жар саламын
сіздерге!
2-жүргізуші:
Елбасыммен мен бүгін
мақтанамын,
Өзіңді әлемге айтып
шаттанамын.
Қазағым жетті бүгін
арманына,
Елбасым,айналайын,атқан таңым-
дей отырып келесі кезекті колледжіміздің жас ақындарына
берейік.
209 АС студенті Есқазиев
Қайраттың өз шығармашылығынан туындаған «Елбасына арнауын»
тыңдайық.
Есқазииев Қайрат 209
АС
Аман бол, ел ардағы, ел
арманы,
Сезімің-қызғалдақ гүл
қоғамдағы.
Батырсың баяғыдан күткен
елің,
Шақырсын тек бақытқа жол
алдағы.
Аман бол, сәулеңді шаш
төңірекке,
Жалғасыңа жасырмаймын көп
ретте.
Шығарды тарих анаң қалап
сені,
Халқыңды бастайтұғын ер
керекте.
Аман бол, алтын жүрек дана
басым,
Ел үшін өлімге де бара
аласың.
Буының бүгілмесін ел
алдында,
Ертең де еңбегіңді
бағаласын.
Аман бол, бір туған ел
анадан,
Жамандық өтпес болсын
шекерарадан.
Еңсесі аласармай жүреді
еркін,
Елімнің жолы болсын деген
адам
1-жүргізуші:
Елбасым ер жүректі ер
мінезді,
Елімді айналдырған гүл
күмбезге
Өзіңдей тұңғыш қазақ
Елбасы,
Жарқыраған қазағымның күні
емес пе?
Елбасы туралы қызықты
деректер
1-студент
Нұрсұлтан – ата-ананың
тілеуімен туған бала.
Анасы Әлжан Әбішке тұрмысқа
шыққаннан кейін бес жылға дейін құрсақ көтермей, Алладан бала
тілеумен болады. Шын тілекті Алла берсе керек, көп ұзамай, Әлжан
ана түс көреді. Түсінде теңіз түбінен мылтық тауып алып, оны күйеуі
Әбішті қуантайын деп асынып алғанын көреді. Ояна келе ет жақын
ағайындарына жорытқанда, олар «Түсің жақсы екен. Құдай сендерге ұл
берер» дейді. Көп ұзамай дүниеге Нұрсұлтандай ұл
келеді.
2-студент
Елбасының әкесі Әбіштің
бағбан болғанын білесіз
бе?
Әбіш – бір ағаш пен екіншісін
будандастарып түрлі жеміс ала беретін бау-бақшаның нағыз білгірі
болған. Әкесі туралы Нұрекеңнің өзі: «Жұрт біздің баққа келіп,
керемет өсіп тұрған таңғажайып жемістерді немесе бір жағында
кәдімгі апорт алмасы, екінші жағында уылжыған алмұрт пісіп тұрған
ағашты тамашалайтын. Әкем өсірген ондай жемістерді кейін еш жерде
көрген емеспін. Өзінің сүйікті сортты алмасы – апортты ол келесі
көктемге дейін бұзбай сақтайтын», – деп жазады өз
естелігінде.
3-студент
Әлжан – дұғасы қабыл болған
ана.
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз