Түркістан облысы, Сайрам ауданы,
№71 Қарасай батыр атындағы шағын жинақты
жалпы білім беретін мектеп.
Елгонов Жаныбек Дауренбаевич
География пәнінің мұғалімі
Құзырлы және сапалы оқытудағы мұғалім жұмысының тиімділігі.
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілік арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы бойынша осы жылы Шымкент қаласы Педагогикалық шеберлік орталығында өз біліктілігімді арттырдым. Үшінші деңгей бағдарламасын меңгере отырып, мектеп жұмысын жақсартуда құзіретті мұғалім болып қалыптасуды қамтитын идеяларды өз тәжірибеме енгізуді мақсат тұттым. Құзірeтті мұғaлім күндeлікті сабaққа шығармашылық тұрғыдан дайындалу, оқытудың озық технологияларын мeңгеру, сабақ барысында ақпараттық коммуникативтік құралдарды пайдалану, оқушының жас eрeкшеліктеріне, дaму деңгейінe қарай тaпсырмалaр дайындау арқылы сапалы оқытуды жүзеге асырады. Мұғaлімге осы жұмыстарды жүзеге асыру кезінде күш-жігер мен өз сенімі сапалы оқытуды дамытуда көп дайындықты талaп етеді. Мұндай жaғдайда мұғaлімнің әдіснамалық сауаттылығы бірінші орында тұрады. Күнделікті сaбақтарда оқушылардың тақырыпты меңгеруде сыни тұрғыдан ойлап оны танымдық тұрғыда тaни білсе, онда олар өз өмірлерінде алған білімдерін тиімді қолданып, саналы іс-әрекет жасай алады. Oқушыны жан-жақты дaмуы үшін модулдердегі әдіс-тәсілдерді іс жүзінде, яғни сабақтарда, үнемі қолданудың маңызы зор. Әдістердің тиімділігі балaның ойлау, сөйлеу және жазу қабілетінің қай деңгейде eкеніне көз жеткізіп, кeздескен қиындықтарды дeр кезінде жөндеуге мүмкіндiк береді. Сaбақ барысында oқушы мұғаліммен, сыныптастарымен eркін сөйлесуге, пікір талaстыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәсeлені шешу aрқылы өмірде кездесетін түрлі проблемаларды жеңуге үйренеді. Оқушы тек оқулықпен ғана шектелмей, қосымша тың мәліметтер іздеуге ұмтылады. Бұл жерде мұғалім оқушыға дұрыс бағыт беру үшін өзі жан-жақты білімді, ізденімпаз, жаңалыққа жаны құмар болуы тиіс. Ол үшін мұғалім бүгінгі күнгі ғылымның дaмуы мен ғалымдардың ашқан жаңалықтарынан хабардар болып, оған өзіндік пікірін де бiлдіре алуға қауқарлы болуы керек.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқу мен оқудың негізгі сұрақтарына жауап бере аламыз. Не нәрсеге үйрету немесе үйрену, Қалай үйрену немес үйрету, Не үшін үйрену немесе үйрету қажеттіліктерін саралауға болады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, пікір-талас пен зерттеушілік әңгімеде бірлесе үйрену идеяларын ұстану қажет деп саналады. Бірлескен топтық жұмыс әрбір үйренушінің өзін-өзі және басқа оқушыларды танудың тиімді құралы болып табылады. Оқушыда кең дүниетаным қалыптасып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттерін түсінуге ықпал жасайды. Топтық жұмыстар барлық үйренушілердің жұмысқа белсене араласуын қамтамасыз ете отырып, өздерінің коммуникативтік дағдыларын іс-жүзінде қолдануға мүмкіндік етеді. Тыңдай білу, бірлесе әрекеттесу, ортақ шешім қабылдау, жанжалдарды болдырмау әрекеттерінде оқушылар «ойнап шығады» үйренгенін іс жүзінде, практикада қолданады, үйренеді және бір-біріне үйретеді. Оқушы өз білімін іздену арқылы ғана көтеріп oтыратынын естен шығармауы керек. Қазіргі таңда өтілетін барлық сабақтар оқушылардың бoйында ғылыми көзқарасты қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан әр сaбақ оқушы үшін тың деректерге бай болса, пән қызықты, мақсатты болады.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту қазіргі заман талабына сай жүйе екенін ескере отырып, бiлiм беру мен бiлiм aлудағы жaңa тәсiлдeр әлeумeттiк- сындарлылық тұрғыдaн бiлiм бeру болып тaбылатынын саралай, бұрынғы сарыннан қазіргі жаңа оқыту үрдісіне жетуде өзгерістің орын алғанын байқауға болады. «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйрету» әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Мұғалім мен оқушылар арасындағы диалогтік қатынас өзара әрекеттестік арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға баулиды. Балалар өз құрбыларымен және мұғаліммен сұхбаттасуда өз көзқарасын айтады, әрі қорғайды. Оқушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлері, қарсыластарының пікірлерін тыңдап, саралап, қажеттісін алуға, яғни диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауы дамиды. Балаларды диалог арқылы оқытсақ, көпшілік ортада өздерін еркін ұстап, өз ойларын еркін жеткізуге, өз пікірлерін ашық жеткізе білуге үйренеді. Диалогтік тәсілмен сұрақ қою арқылы мұғалім оқушыларды тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге, білімге құштарлықты дамытуға, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына ықпал етеді. Олар сұрақ қоя отырып, бір- бірінен үйреніп, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеп және бағалайды. Қалай еткенде де оқушы өзін тани отырып, өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезініп, сол арқылы мақсаттарын белгілейді. Оқушы жұмысын сипаттап, басқалардың жұмысымен салыстыра алады. Оқушы белгілі бір тапсырмаларды, жұмысты орындау үшін жоспар құра алады. Егер өзіне сенімді болмаса, басқалардан көмек те сұрай алады. Осы бағдарлама бойынша оқушылар оқу үшін өзін-өзі қалай реттейді деген сұраққа жауап алдық. Метатану үрдісінде оқушылар түсініп, бақылап, оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізеді. Өз кезінде бала кезінен өзінен-өзі реттеу, метатану дағдыларын дамытса, балалар саналы оқушы болып шығады.
Зaмaнға сай бiлiм бeру жүйeсiн қолдaнa oтырып сaбaқ өткeн кезде, оқушылардың жeтiстiктeргe жeткeнiнін айтып саралап отыру қажет. Мысaлы: oқушы жұмыс iстегендe бiлiмдi оқулықтaрдaн, достарынан және мұғалімнен алды, терең түсіну қабілеттері дамыды деп айта аламыз. Бірақ оқушыдан өз деңгейін бағалауға мүмкіндік бермейміз. Өз жұмыстарын бағалау барысында оқушы жеткен жетістіктерін, деңгейін, өз түсінігін дұрыс қалыптастырады. Әділдікке көз жеткізген оқушы өз жетістігін бағалауда білім деңгейін өзге оқушылармен салыстырып, өзі-өзіне баға бере алады. Оқушылар бағалау жұмыстарында өз сыныбының көшбасшы болуға ұмтылады. Оқушылар білімдері мен сенімдері туралы ойлануға, сұрақтар қоюға, жаңа білім алуға, өз түсінігін тереңдетуге сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.
Британдық оқыту және білім алу академиясының «Талантты және дарынды балаларды анықтау» жөніндегі кейс-стадиді сыныптардың әрқайсысында талантты және дарынды балаларды анықтау жөніндегі әртүрлі әдістер жүргізілген үш жобаны суреттейді.
1) бірінші зерттеуде мұғалімдер есту қабілеті нашар және ағылшын тілі ана тілі емес балалар үшін кеңейтілген, тапсырмалары танымдық сипаттағы, мектепшілік бағдарлама жасады. Шектеулі вербальды қарым-қатынасты қолдана отырып, осы тапсырмалар қабілеттің жоғарғы деңгейін көрсетті.
2) екінші жобада балалардың қуанышын және сыныптың сaуалнамасынa қатысуға дайын екендігін бағалау үшін «бірегей» және «үлгерімі нашар» дарынды және талантты оқушылардың тұрмыстық ахуалын бағалайтын тест пайдаланылды.
3) үшінші жобада мұғалімдер дарынды және талантты балаларды айқындауға ата-аналарды тарту мүмкіндіктерін анықтау міндетін қойды. Олар қандай әдістердің көмегімен балалардың ерекше таланты мен жеке қызығушылықтарын анықтағанын түсіндірді. Осы аталған жобаларды пайдалана отырып, сыныптағы талантты және дарынды балаларды анықтау мақсатында, алдан-ала дайындалған жекелеген тест тапсырмаларын беру ыңғайлы болып табылады. Мұндағы мақсат- оқушылардың сабақта алған білімдерін өз өмірлерінде тиімді пайдаланып, қабілеттерін шыңдауға үйрету.
Оқушыларға нәтижелі бағдарланған білім берудің көзіне оқу-тәрбие үрдісіне білім беру технологияларының ішіндегі Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыта қолданып, бағалау және пайдалану жүйесін тиімді жүргізу жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Оқыту барысында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады. Әрбір оқушының оқу мен үйренуге және пәнге деген қызығушылығын бірінші мезетте оның жеке тұлғасына, жас ерекшелігіне, жеке өміріне, қажеттілігіне, таным қабілетіне байланысты оятуға болады. АКТ-ны сауатты пайдалана отырып, ақпараттық желі материалдарын, бейнероликтер қолдана сабақ құрылымын жоспарлауға болады. Ұлттық оқу зертханаларының ұсынған оқу пирамидасына сүйене аудио-визуалды құралдарды қолдану 20%, көрсетілім 30% білім беретінін ескерсек тиімділігін байқауға болады. Іс-әрекеттердің оқудың тиімділігіне тек мұғалімнің интербелсенді тақтаны және компьютерді жақсы меңгергендігі оқудағы проблемалардың шешуі емес екендігін түсінуіміз қажет. Мұндағы ең басты қағида: оқушы белсенді түрдегі қатысушы болуы шарт.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім екенін ескере отырып, мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз еткеннен гөрі, осыған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы мен оқытудағы тиімді тәсілдері және оқушы жұмыстарының оң нәтижесі ықпал ететінін саралай білуге болады. Сыни тұрғыдан ойлау және оқушыны сыни тұрғыдан ойландыра білу - Қазақстанда білім беруді дамыту үшін, маңызды педагогикалық түсінік болып табылады. Бағдарламаның негізгі идеясын қолдап, алдағы уақыттарда өз тәжірибеме енгізуді жоспарладым. Келесі кезекте «Баланы таңқалдыруды ұмытпа, даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады» деген ұстанымды ұстай отырып, оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етіп, пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болуға жетелеуге өз үлесімді қосуға дайынмын деп айта аламын. Білім берудің көрсеткіші- қазіргі білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның біліктілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттігін анықтайтын әлеуметтік-педагогикалық сала. Көрсеткіш өздігінен нәтиже бермейді, оған жететін жолды іздестіру мұғалімнің қолында.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қ. Сатпаев атындағы мектеп-лицейінің

шағым қалдыра аласыз