Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕ ҚҰРЫЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан жағдайда пайда болған қоғамдық ұйымдар өз бастауларын мұсылмандық-жәдидтік қозғалыстардан алды. Мұсылмандық негізде құрылған ұйымдардың ішіндегі сипаты жағынан ең прогрессивтісі – «Шуро-и-Ислам» («Ислам кеңесі») ұйымы болды. Белгілі Шоқайтанушы К.Есмағамбетов 1917 жылдың көктеміне қарай Түркістанда дүниеге келген бірнеше ұйымдардың ішіндегі саяси өмірге ықпалы жөнінен ерекше орын алатыны Ташкентте құрылған «Шуро-и-Ислам» ұйымы деп көрсетеді. Саяси ұйым өз бағдарламасына тек жәдидтік ұстанымдарды ғана емес, сондай-ақ кадеттер мен эсерлер сияқты орыстың прогрессивті партияларының бадарламалық талаптарын да қабылдады. Ұйымға Мүнауар қары Абдурашидханов, У.Ходжаев, Т.Нарботабеков сияқты Түркістан өлкесіне танымал қайраткерлер жетекшілік жасады. «Шуро-и-Ислам» ұйымының әлеуметтік құрамы әртекті еді. Есмағамбетов ұйымның әлеуметтік негізін дін иелері мен диқандар құрады деп көрсетеді. Алайда ұйым мүшелерінің қатарында интеллигенция өкілдері мен ұсақ және
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, «Қазақстан тарихы» кафедрасы

Өтепбергенова Г.С., аға оқытушы


Алаш қозғалысының оңтүстік қанаты: Түркістан өлкесінде құрылған қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметі


1917 жылғы ақпанда елде орын алған үздіксіз саяси дағдарыстардың нәтижесінде Ресейде монархия құлатылып, республикалық тәртіптің орнатылуы бүкіл елдегі, соның ішінде Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды түбірімен өзгертті. Ресейдегі Ақпан төңкерісі тек орыс халқы үшін ғана емес, империя құрамына күштеп біріктірілген өзге халықтар, соның ішінде мұсылман халықтары үшін де үлкен өзгерістерге жол ашқан оқиға болды. Ақпан төңкерісі алып келген өзгерістермен бірге, қазақтың ұлт-азаттық күресі тарихының жаңа кезеңі басталды.

Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан жағдайда пайда болған қоғамдық ұйымдар өз бастауларын мұсылмандық-жәдидтік қозғалыстардан алды. Мұсылмандық негізде құрылған ұйымдардың ішіндегі сипаты жағынан ең прогрессивтісі – «Шуро-и-Ислам» («Ислам кеңесі») ұйымы болды. Белгілі Шоқайтанушы К.Есмағамбетов 1917 жылдың көктеміне қарай Түркістанда дүниеге келген бірнеше ұйымдардың ішіндегі саяси өмірге ықпалы жөнінен ерекше орын алатыны Ташкентте құрылған «Шуро-и-Ислам» ұйымы деп көрсетеді. Саяси ұйым өз бағдарламасына тек жәдидтік ұстанымдарды ғана емес, сондай-ақ кадеттер мен эсерлер сияқты орыстың прогрессивті партияларының бадарламалық талаптарын да қабылдады. Ұйымға Мүнауар қары Абдурашидханов, У.Ходжаев, Т.Нарботабеков сияқты Түркістан өлкесіне танымал қайраткерлер жетекшілік жасады. «Шуро-и-Ислам» ұйымының әлеуметтік құрамы әртекті еді. Есмағамбетов ұйымның әлеуметтік негізін дін иелері мен диқандар құрады деп көрсетеді. Алайда ұйым мүшелерінің қатарында интеллигенция өкілдері мен ұсақ және орта кәсіп иелері де аз болмаған.

«Шуро-и-Ислам» ұйымының идеологиясы түркі-мұсылман халықтарының бірігуі идеясында тоғысып, ұйым жергілікті халықтың мүддесін қорғау бағытын ұстанды. «Шуро-и-Ислам» - түрікшілдік пен исламшылдық идеяларды ұстанған ұйым болды. Ұйым мүшелерінің ішінде болашақ мемлекетті «таза исламдық» етіп құруды жақтаушылар да, сондай-ақ жаңа мемлекеттік құрылысты жаңашылдық (модернизация) пен прагматизм принциптерінде құруды жақтаушылар да болды. Ұйым ішіндегі осы екі бағытты ұстанушылар арасындағы пікір алшақтығы ақыры үш айдан кейін, ұйымның екіге бқлінуіне әкеліп соқтырды. 1917 жылдың маусымында оның құрамынан адвокат Серәлі Лапин жетекшілік ететін таза исламдық бағыттағы «Шуро-и-Улема» ұйымы бөлініп шықты.

Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан осы бір тарихи кезеңде өлкедегі азаттық күрестің бастауында тұрған қоғамдық-саяси ұйымдар қазақ пен қырғыз арасында белең алған ашаршылыққа көмек ұйымдастыру, орыс қоныстанушылары мен жергілікті халық арасындағы ұлттық қайшылықтарды реттеу, ел арасында саяси жұмыстарды жандандырып, Құрылтай сайлауына дайындық жүргізу, жергілікті халықтың саяси құқықтарын қорғау сияқты маңызды шараларды жүзеге асыруда ерекше қызмет атқарды. Бұл жолда әсіресе, ұлт зиялылары басшылық еткен қазақ атқару комитеттерінің, Ы.Жайнақов басқарған Жетісу қазақ комитеті мен Ташкенттегі Түркістан өлкелік қазақ атқару кеңесінің, М.Шоқай басқарған Түркістан өлкесі мұсылмандары кеңесінің атқарған қызметтерінің орны ерекше.

Ақпан төңкерісінен кейінгі жаңалықтарға толы саяси кезеңде өңірдің зиялылары өлке халқы үшін маңызды мәселе болып табылатын Түркістанның өзін-өзі басқару құқығы, болашақ статусы төңірегіндегі мәселеге қызу араласты. Түркістанның болашақ статусы, яғни оның толық тәуелсіз болуы немесе автономия алуы мұнан кейінгі кезеңде ұйымдастырылған Құрылтайлардың күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды. Бұл ретте «Шуро-и-Ислам» ұйымының ұйымдастыруымен 16-21 сәуірде Түркістан мұсылмандарының бірінші құрылтайы өткізілді. Оған қазақ, өзбек, татар, түркімен, қырғыз халықтарынан 150 өкіл қатысты. Құрылтай жұмысының барысында ең қызу талқыланған мәселе – жаңа жағдайдағы Ресейдің жаңа басқару жүйесі мен ондағы Түркістанның саяси статусы туралы болды. Құрылтай барысында М.Бехбудий, Абижан Махмут, М.Тынышбаев, Вадим Чайкин бастаған топ Түркістанға территориялық автономия берілуін қолдаса, С.Мақсуди, Бекир Кебир, М.Шоқай және Мүнуар қари бастаған келесі топ Түркістанның демократиялық Ресей құрамында мәдени автономияға қол жеткізумен шектелуін жақтады. Ұзаққа созылған тартыстар нәтижесінде құрылтай Ресейдің демократиялық және федеративтік принциптерге негізделген мемлекет болуын жақтайтын шешім қабылдады.

1917 жылы 17-20 қыркүйек аралығында Ташкент қаласында «Шура-и-Улема» ұйымы да болашақ мемлекеттің басқару пішімін айқындау мақсатында өз құрылтайын өткізеді. Бұл құрылтай: «Сырдария, Ферғана және Закаспий облыстары Ресей Республикасы құрамында болып, жеке территориялық автономия иеленсін. Халықтардың өзін-өзі билеу құқығы негізінде құрылған бұл автономия Түркістан федеративті республикасы аталсын» [1, 23] деген қаулы қабылдап, әлі де патша үкіметінің шовинистік рухы өше қоймаған жағдайда өте батыл талап қояды. Осы арада Түркістан өлкесінің құрамындағы қазақ облыстарының, яғни Қазақстанның оңтүсік өңірі тұрғындарының алдында өз шешімін күтіп тұрған тағы бір мәселе болды. Бұл - «бұрынғы Түркістан халықтарымен біріге отырып мемлекет құру керек пе, әлде басқа қазақ облыстарымен біріге отырып, ұлттық мемлекет құру керек пе» деген өзекті сұрақ еді. Екі өлкенің де қазақтары үшін көкейкесті болып табылатын бұл мәселенің айналасында да екі түрлі көзқарас пайда болып, большевиктер билікті жеңіп алғаннан кейін ол тіпті өзекті мәселеге айналды [2, 34].

Төңкерістен кейін билікке келген екі үкімет те қазақ халқы үшін ғасырлар бойы қордаланған мәселелерді шешіп бере алмады, оған құлықты да болмады. Ұлт тағдырын айқындаудағы осы бір маңызды кезеңде қордаланған мәселелерді шешу қажеттігі кешегі империя көлемінде езілген ұлттардың ұлттық комитеттерін дүниеге әкелді. Украин, башқұрт, татар, түркімен тағы басқа халықтардың ұлттық қоғамдық ұйымдарымен бір қатарда кең-байтақ қазақ өлкесінде де өз ұлттық комитеттері құрыла бастады. «Қазақ комитеттері» деген атауға ие болған бұл қоғамдық-саяси ұйымдар өлкедегі көп жылдар бойы қордаланып, шешімін таппай жатқан жер дауы, азық-түлік мәселесі, оқу-ағарту ісі, Жетісу босқындарына жәрдем ұйымдастыру, Құрылтай сайлауына әзірлену секілді аса тығыз істермен айналысты. Қазақ комитеттерінің қызметі туралы С.Сейфуллин өзінің Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы тақырыбына арнаған атақты еңбегінде ("Тар жол тайғақ кешуде") тоқталып өтеді. Автор өз еңбегінде Қазақ комитеттерін патша үкіметі құлағаннан кейінгі кезеңдердегі қазақ өлкесінде «соттың да, милиция мен өкіметтің де» рөлін бір өзі атқарғандығын көрсету арқылы, комитет маңызының қаншалықты болғандығын көрсетеді» [3, 291]. Қазақ комиттерінің тарихы туралы зерттеуші А.Махаева болды.

Қазақ комитеттерінің алғаш құрылғандағы мақсаты - билік жүргізу емес, жаңа тәртіпті елге түсіндіру, ел арасына тыныштық орнату, Құрылтай жиналысына даярлық жасау, жергілікті халық пен орыс қоныстанушыларының арасындағы қайшылықты жайластыру, билікке келген органдардың үстінен бақылау орнату сияқты жұмыстармен айналысу болды. Жетісу облысында құрылған Қазақ комитеті ғылыми әдебиеттерде Жетісу облыстық Қазақ-қырғыз комитеті деп те аталады. Себебі, Пішпек және Пржевальск уездеріндегі қырғыздар өз мүдделерін осы комитет арқылы қорғауға тырысып, ұйым қызметіне тартылуды көздеді. Жетісулық Қазақ-қырғыз комитетінің төрағасы көрнекті қазақ қайраткері Ы. Жайнақов болды. Комитеттің аяғынан нық тұруына К. Шегіров, Ә. Кәкенов, Н. Нұрмұхамедов, К. Абдуллин, М. Солтаев, К. Тоқсанбаев, К. Ордабаев, И. Арабаев, К. Телтаев, М. Әлімбаев, Т. Есенғұлов секілді қазақ және қырғыз халықтарының өкілдері саналатын тағы басқа мүшелері аянбай қызмет етті.

Уақытша үкімет кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облыстарында қалыптасқан әлеуметтік мәселелерді шешуде қоғамдық ұйымдар белсенділік танытты. Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал осы ұйымдардың қызметімен тығыз байланысты болды. Қазақ мүддесін қорғаған ұйымдар сол кездегі ең маңызды мәселелерді, соның ішінде жер мәселесін шешуде ерлікпен пара-пар жұмыстар жүргізді. Олар қазақ-қырғыздан бұрын алынған жерлердің қайтарылуы, қазақ-қырғыздарды қырғынға ұшыратудың тоқтатылуы үшін орыс қоныстанушылары мен солдаттарын қарусыздандыру, аштықпен күрес сияқты маңызды мәселерді шешумен айналысты. Ұлттық ұйымдар ең алдымен бар мал-мүлкінен айрылып, елге оралған Жетісу босқындарына көмек көрсетуді өздерінің басты борышы санады. Осындай жағдайда 1917 жылы Қытайдан қайтқан босқындарға жәрдем ұйымдастыруда өлкедегі Жетісу облыстық Қазақ комитетінің тындырған жұмыстарының орны ерекше. Аталмыш ұйым Қытайдан қайтқан босқындарды орналастыру, аштарға арнап тамақтану пункттерін ашу, астық үлестіру, жан-жаққа өз өкілдерін жіберіп, жағдайларын бақылауға алу, нақты жәрдем беру үшін жылу жинау, тағы басқа жұмыстарды ұйымдастырып, бұл мәселелерді барынша жергілікті халықтың мүддесіне шешуге тырысты. Жер мәселесінде Қазақ комитеттері орыс қоныстанушыларын көшіріп әкелуді дереу тоқтатуға және қоныс аударушыларға арнайы бөлінген, бірақ әзірге олардың қолына көше коймаған жерлерді шұғыл қайтаруға күш салды.

Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына дайындық барысында өлкедегі саяси-қоғамдық бірлестіктер, мұсылмандық қозғалыс өкілдері бірнеше съездер өткізеді. Онда Құрылтайда қаралатын мәселелер талқыланып, талдауға түседі. Өлкедегі қоғамдық негіздегі жергілікті ұйымдар және оның төңірегіндегі зиялылар Құрылтай жиналысының атқаратын қызметі мен оған лайықты өкілдер сайлау мәселесі жөнінде жергілікті басылым беттерінде мақалалар жариялап, оның қазақ үшін маңызын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Жаңа кезең әкелген оқиғалардың мәнін терең түсіну үшін және Құрылтайға лайықты депутаттар сайлау мақсатында қазақ даласында облыстық, уездік және жалпыұлттық деңгейде құрылтайлар ұйымдастырылды. Тарихи әдебиеттерде олар - Қазақ съездері деп аталады. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда өткен Жалпықазақ құрылтайы Бүкілресейлк Құрылтай жиналасына қатысты бірнеше қаулы қабылдайды. Соның ішінде, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланатын депутаттардың тізімін жасады. Тізім бойынша Құрылтайға Жетісу облысынан М.Тынышбаев, И.Жайнақов, Сыздықов, О.Әлжанов, Б.Мәмбетов, М.Төлебаев, Т.Есенғұлов, С.Аманжолов, Д.Сауранбаев, С.Жанқарашев, С.Келгенбаев сайланса; Сырдария облысынан: М.Шоқай, С.Асфендияров, Ә.Кенесарин, С.Өтегенов, Ә.Көтібаров, Х.Ибрагимов, З.Сейдалин, И.Қасымов, П.Болатжанов, С.Айтуанов, Е.Табынбаев, С.Қоданов, Ғ.Хожанов, О.Жанғалиев; Әмудария бөлімінен М.Шоқай, С.Момбиев, Қашқынбаев сайланды [4, 51].

Қазақстандағы Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқаны жоғары деңгейде өткізілді. Барлық жаңалықтар мен сайлауға байланысты мәселелер орталық және жергілікті баспа беттерінде жарық көріп отырды. Сайлау науқанына әр-түрлі саяси партиялармен қатар ұлттық негіздегі қоғамдық ұйымдар да өз алдына бөлек бағдарлама құрып, қатысты.

Түркістан өлкесінде Бүкілресейлік Құрылтайға қызу дайындық жүргізіліп жатқан кезде бірқатар назар аударарлық оқиғалар болып өтеді. Оның бірі үкімет билігін большевиктердің басып алуы болса, екіншісі мемлекеттік биліктен өз үлесін ала алмаған жергілікті мұсылман халқының Түркістан автономиясын жариялауы еді.

Сонымен, 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан тарихи кезеңде қңтүстік өңірде Жетісу облыстық Қазақ-қырғыз комитеті, Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі, Түркістан өлкелік Қазақ-қырғыз кеңесі, Сырдария облыстық Қазақ-қырғыз кеңесі, «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-улема», «Тұран», «Мұсылман еңбекшілерінің одағы», Түрік Федералистер партиясы секілді тағы да басқа көптеген ұйымдар құрылып, қызмет атқарды. Түркістан өлкесі бойынша олардың саны 200-ге жуық болды. Аталған ұйымдардың ішіндегі өлке халқының өмірінде аса маңызды істер атқарған «ТүркістанҰлттық Кеңесі», «Қазақ комитеттері» сияқты ұйымдар еді. Уақытша үкімет кезеңінде өлкеге саяси статус алып беру жолында, сонымен бірге шиеленіскен әлеуметтік мәселелерді шешуде аса табандылық көрсеткен бұл ұйымдар саяси күреске белсенді араласты.

Отарлық бұғаудан құтылып шығуға мүмкіндік туған осы бір сәтті ұлт ертеңі үшін тиімді пайдаланып қалу жолында келешектің түрлі жоспарлары құрылып, қазақ сахарасында толассыз құрылтай-жиындар өтіп жатты. Олардың алғашқысы Орынборда өткен Бүкілқазақ құрылтайы еді. Қалай дегенде де, өзіне дейінгі патша үкіметі мен өзінен кейінгі большевиктер үкіметіне қарағанда неғұрлым демократияшыл болуға тырысқан Уақытша үкімет кезеңінде өлкеде бүкіл империя шеңберіндегідей жаңа өзгерістерге деген талпыныс күшті болды. Халық болашақтан зор үміт күтті.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Әзіретбергенова Э. Сералы Лапин: өмірі қоғамдық қызметі, шығармашылық мұрасы: тарих ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2004. – 31 б.

  2. Раджапов А. Он жетінші жылғы дүрбелең тұсындағы Түркістан // Қазақ тарихы. – 1995. - №5. – 33-38 бб.

  3. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: «Санат», 1995. – 368 б.

  4. Серікбаев Е.Қ. Қазақстан Бүкілресейлік құрылтай жиналысына даярлық және оның идеяларын қорғау кезеңінде (1917 ж. наурыз – 1918 ж. қараша): тарих ғыл. канд. ... диссертацияның қолжазбасы. – Алматы, 2002. – 151 б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12