ТҮРКІСТАН ОРТА АЗИЯНЫҢ ІРІ ТУРИСТІК АЙМАҒЫ РЕТІНДЕ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТҮРКІСТАН ОРТА АЗИЯНЫҢ ІРІ ТУРИСТІК АЙМАҒЫ РЕТІНДЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Түркістанның туристік аймағы ретінде статистикалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҒТАХА 06.71.57

А. Алдаберген

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті,

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., aray.aldabergen.02@mail.ru


ТҮРКІСТАН – ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ІРІ ТУРИСТІК АЙМАҒЫ РЕТІНДЕ


Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі және түркі әлемінің астанасы. Өңірде 1770 тарихи және мәдени ескерткіштер бар, оның ішінде 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Бұл еліміздің діни, тарихи, қасиетті және мәдени туризмінің негізгі орны, көптеген мұсылмандар қажылық орны және «екінші Мекке» болып табылады. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, суфист Ахмет Ясауи бейітінің басына орнатылған. Кесене жанында орналасқан бірқатар қаланың келбетін айқындайтын туристік нысандар бар. Солардың негізгілеріне тоқталып өтсек

1. Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі – Қожа Ахмет Ясауидің немере қызына арнап салынған кесене. Бұл жердегі көрнекті сәулет өнерінің ескерткіші болып саналады.

2. «Әзірет – Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-мұражайы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында орналасқан музей кешені, мұнда Түркістанның және бүкіл қазақ халқының мәдени, рухани тарихына қатысты құнды экспонаттар қойылған.

3. Сауран қалашығы – Ескі Түркістан қаласының тарихи орталығы, мұнда ортағасырлық Түркістанның тарихына қатысты маңызды орындар мен ескерткіштер сақталған.

4. Керуен сарай кешені – Сауда және мәдени іс-шаралар өтетін орын. Түркістанды тарихи Жібек жолы бойындағы маңызды сауда орталығы ретінде көрсетуге арналған.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жанында орналасқан Кесенеге келуші туристер мен саяхатшылардың қарасы қалың. Нақтырақ айтқанда, 2023 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша облысқа қажылық туризм бағыты бойынша кесенеге 868 203 адам келді. Ал 2022 жылы, бұл статистикалық көрсеткіш 726 545 болған болатын [1]. Сондай-ақ кесене тек діни орын ғана емес, Орталық Азиядағы ислам өркениетінің символына айналды. Бұл шындап келгенде Түркістанның келбетіне айтарлықтай үлес қосады. Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Әсіресе, туризм кластерінің басым бағыты, көлік инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған. Облыс орталығы – Түркістан қаласы — тарихи туризмнің алтын ұясы болып табылады. Қалада туристер мен қонақтарға, тұрғындарға қажетті ойын-сауық орталықтары, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық-демалыс нысандары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай салынып, халықтың игілігіне жарауда. Сондықтан Түркістанда толықтай туристерге қызмет көрсете алатын орындар баршылық. Тарихи туризм ошақтары көп облыстың табиғаты әсем, шежірелі өлкелері де жетерлік.

Республиканың дамыған сауықтыру туризмі бар аймақтарының біріне Түркістан өңірінің де туристік және экономикалық үлесі зор. Бүгінгі таңда облыс аумағында 72 емдік-сауықтыру ұйымы жұмыс істейді. Емдік-сауықтыру ұйымдарының нөмірлік қоры 7940 төсек-орынды құрайды. Туристік потенциалдың басым бөлігі Сарыағаш ауданының Коктерек ауылында орналасқан. Мұнда 51 емдік-сауықтыру орталығы, яғни жалпы санының 70,8%-ы бар. Әр жылы елді мекенде емдік-сауықтыру ұйымдарының саны артып келеді. 2019-2022 жылдар аралығында 16 емдік-сауықтыру ұйымы пайдалануға берілді. Бүгінде Сарыағаш шипажайлары Түркістан облысындағы туризмнің бір бағыты ретінде дамып келеді. Түркістан облысында туризмді дамытудың үш бағыты қолға алынған: тарихи-мәдени, емдік-сауықтыру, табиғи орындары. Сауықтыру нысандарының көбінің негізгі табиғи емдік компоненттері – емдік саздар, пайдалы минералды сулар, шөптерден жасалған қайнатпалар мен мемлекеттерге кеңінен танымал Сарыағаш курортында орналасқан 53 шипажай сауықтыру бойынша түрлі қызметтер көрсетіп, минералды судың адам ағзасына әлсірене негізделген емдік процедуралар ұсынады. Бұлардан бөлек, бір балалар шипажайы, бір балалар лагері, бір демалыс базасы бар.

Түркістан қаласына келушілер саны жыл санап артып келеді, орналастыру орындарының ахуалы да дәл солай артуда. Келушілерді орналастыру орындарының саны да артты. Облыста 220 орналастыру орны — қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерлері бар. Қалада туристерді орналастыру және қаланың жоғары деңгейін көрсетуде бірқатар шетелдік инвесторлық арқылы қызмет көрсететін жұлдызды қонақ үйлер бар. Бірінші санатта Қазақстанның ірі туристік ресурстыө қалаларында орналасқан Rixos Turkistan, Hampton by Hilton және т. б. брендтік қонақ үйлер бар. Тек туристерді қабылдап қана қоймай, халықты жұмыспен қамту арқылы елдің экономикасына зор үлесін қосуда. 120 орынды құрайтын, бірнеше мейрамхана, кинотеатр, іскер туристер үшін бизнес орталықпен салынған Rixos Turkistan қазір 600 қызметкерді жұмыспен қамтып отыр. Бұл қаладағы жалғыз бес жұлдызды қонақ үй санатына жатады. Түркістанның жылына 3,5 млн. туристке (қазір 1,2 млн.) орасан зор туристік әлеуеті инвесторлардың ірі жобаларды іске асыруға мүдделілігіне сенуге мүмкіндік береді [2].

Кесте 1

Түркістанның туристік мүмкіншіліктері бойынша құрамдық SWOT – сараптама


Басым жақтары (strength)

Әлсіз жақтары (weak)

Түркістанның туристік аймағында 96 тарихи- археологиялық, архитектуралық ескерткіштер сақталған. Олардың 23-і әлемдік маңызы бар ескерткіштер болып саналады. Мұндағы тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік маңыздылығы Грекияның, Италияның, Үндістанның, Қытай мен Мысырдың және Иерусалимнің туристік кешендерінен кем емес. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға енуінің артуына қарай Түркістанның тарихи және табиғи құндылықтарына туристік қызығушылықтар артуда.

Түркістан аймағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің басым бөлігі реставрация, реконструкция және реге- нерация сияқты шұғыл жөндеуді қажет етеді. Қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы әлемдік стандарттарға сай емес. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қала тұрғындарының азық-түлік пен өнеркәсіп өнімдеріне деген сұраныстарын қанағаттандыра алмайды. Нашар дамыған туризм индустриясы қажетті сервисті көрсете алмайды. Адам ресурстарының сапасы әлемдік туристік орталықтардағы адам ресурстарының даму денгейіне жетпеген.

Мүмкіндіктері (opportunities)

Қаупі (threat)

Түркістан қаласының төңірегіндегі жер мен табиғи ресурстардың болуы туризмнің даму келешегіне жағдай тудыра отырып, туризмді дамытуға мүмкіндік туғызатын негізгі жағдайлар:

  • Қала аймағындағы жер ресурстары қала аумағының өсуіне қолайлы;

  • Демалыс аймақтарын ұйымдастыруға қолайлы жер телімдері (Сырдария, Қарашық өзендерінің аңғарлары мен Арыс-Түркістан каналдарының және Қошқұрған, Шаға су қоймаларының болуы) бар;

Қазіргі қауіп туғызатын негізгі жағдайлар:

  • тарихи-мәдени ескерткіштердің бұзылуы;

  • қажетті инженерлік-коммуникациялық және сервистік нысандардың болмауы;

  • туризмді қанағаттандыра алмайтын экономикалық құрылымның сақталуы;

  • жергілікті тұрғындардың әлемдік туристік орталықтардағы адам ресурстарының даму деңгейіне сәйкесемес өмір сүру сапасы.

Е с к е р т п е – [3] автор көзі негізінде құрастырылды


Өңірге туристердің көптеп келуіне көп әсерін тигізген, туристердің жайлы ұшып-қонуына жағдай жасап отырған Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайы. Түркістан облысы, Түркістан қаласындағы халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайы еліміз тәуелсіздік алғалы салынған алғашқы әуе айлағы. Қала орталығынан 16 км қашықтықта, Шаға ауылында, ескі әуежайдан шығысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Тұрақты ішкі рейстер үшін әуежай 2020 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Әуежайды Гиннестің рекордтар кітабында «Әлемдегі ең жылдам салынған әуежай» ретінде ұсынылды. Қазіргі таңда, Түркістан Халықаралық әуежайынан ішкі бағыттағы Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Атырау қалаларына рейстер орындалып жатыр.

Қазіргі уақытта Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайы 3 халықаралық (Стамбул, Эль-Кувейт, Абу-Даби) және 7 ішкі авиарейстерді (Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Қостанай) қызмет көрсетеді. бағыттағы Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Атырау қалаларына рейстер орындалып жатыр. Мәселен, Абу-Даби бағытымен Түркістанға қарай 2024 жылдың маусым айында 12 рейс тіркелгені «Wizz Air» компаниясы мәлімделді.

«Qazaq Air» әуе компаниясымен «Түркістан – Самарқанд» бағытында әуе жолын ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп, жолайрықтар нақтыланды. Бұл бастама да туризмнің экономикалық бағытының дамуына елеулі әсер берері сөзсіз.

Туристік бағыттар бойынша даму сатысынан діни туризмнен кейінгі екінші орынға жайғасқан экологиялық туризмді айтпасқа болмас. Қазақстанның байлығы – оның табиғаты, яғни экологиялық туризмге жарамды мыңдаған шақырымға созылған адам қолы тимеген аумақтар. Экотуризм сүйер туристер елдің сұлу жерлерінде серуендеп қана қоймай, еліміздің табиғи көрікті орындары туралы білімін жетілдіріп, қоршаған ортамен үйлесімді байланыс құра алады.

Еліміздің әрбір өңірінде өзіне тән ерекше орындары бар, олардың ішінде бірегей табиғатымен ерекшеленетін ұлттық саябақтар, резерваттар мен қорықтар. Шетелдік туристер үшін Қазақстанның жануарлар және өсімдіктер әлемі, шексіз жазық далалары мен ауасы таза кең аймақтары қызықты. Оның үстіне, қорғалатын аймақтар бойынша ұйымдастырылатын турлар, ол жақтарда тұрудың жайлы жағдайлары және ұлттық ерекшеліктермен танысу секілді қызметтер бұл туризм түрін жандандыра түседі.

Осы санатқа кіретін танымал қорық қатарына Ақсу-Жабағалыны жатқызуға болады. Батыс Тянь-Шань бөктерінде орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығы – түрлі табиғи аймақтар мен алуан жер бедері үйлесім тапқан аса көркем орын. Қар құрсауындағы асқар шыңдар, тау гүлдерімен көмкерілген алқаптар ешкімді бейжай қалдырмас көріністерге себепкер болады. Қорықта жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрі тіршілік етіп, өніп-өсуде. Олардың қатарында осы аймақты ғана мекен еткен эндемик түрлер де жетерлік.

Ақсу-Жабағылы қорығында түлкілер мен қасқырларды, болмысы бекзат ілбістерді, аюлар мен жайраларды кездестіріп, қанаттылар әлемімен танысып, сирек кездесетін өсімдіктердің кереметіне көз тойдыра аласыз. Қорық қызметкерлері үлкенді-кішілі келушілерге арнап қызықты жорықтар мен экскурсияларды тұрақты түрде ұйымдастырып, қорық қонақтарын жиі қуантып тұрады.

Көксай шатқалы – жылдың қай мезгілінде де көрген жанды тылсым көріністерімен баурап алар Ақсу-Жабағылының басты көрнекті орны. Ерекше атап өтуге тұрарлық тағы бір нысан – Ақсу өзенінің шатқалы. Көктем келісімен шатқал маңы Қызыл кітапқа енген Грейг және Кауфман қызғалдақтары құлпырған алқапқа айналады. Аталған Грейг қызғалдағы Ақсу-Жабағылы қорығының символы әрі Шымкент қаласының белгісі ретінде танылған. Табиғат аясында тынығуға ынталы туристердің таңдауы көп жағдайда Ақсу-Жабағылы қорығына түседі. Әсіресе Түркістан және Жамбыл облыстарынан жол бастаған саяхатшылар өте көп [4].

Қорық аумағында келушілер үшін аса ыңғайлы, көлік тұрағы мен асханасы бар қонақүй қызмет көрсетеді. Жалпы Жабағылыға жол түссе, қонақүйлердің жайлы тұрақ пен дәмді дастарханнан бөлек ұсынарын байқауға болады. Қонақүй иелері жергілікті көрнекті орындарға экскурсия ұйымдастырып, қазақ ұлттық тағамдарын әзірлеуді үйрететін шеберлік сабақтарын да өткізеді.

Ақсу Жабағылы - Қазақстандағы ең көне және ең танымал, Орталық Азияда ЮНЕСКО-ның биосфералық қорық мәртебесіне ие болған бірінші қорық. Осы себеппен де келуші туристердің қарасы қалың.

Осы леппен туристік инфрақұрылымның дамуы өңірдің туризм легін алға жылжытуда жақсы серпін бере алатынын алға тарту керек.. Нақты айтқанда, туризм саласы көптеген елдердің негізгі кіріс көздерінің бірі болып табылады. Туристік әлеуетті жан-жақты дамыту арқылы келушілер саны артуда. Соңғы жылдары Қазақстанға, соның ішінде Түркістан қаласына барғысы келетін адамдар саны көбейіп келеді. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға ерекше мәртебе беруді тапсырды. Сонымен қатар, Түркістан 2024 жылы түркітілдес елдердің туристік астанасы атанды. Бүгінгі таңда тарихи қалада осы мәртебеге сай болу үшін шаралар қабылдануда.

Инвестициялар туризмді дамытуда маңызды рөл атқарады. Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2024 жылдың алғашқы сегіз айының қорытындысы бойынша туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 527,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69%-ға өскен. 2023 жылы бұл көрсеткіш 311,8 млрд теңге болған.


Түркістан облысында туристік инфрақұрылымды дамыту қарқынды жүріп жатыр. 2023 жылы Қазақстанда 57 млрд теңге көлемінде инвестициямен 117 жаңа туристік нысан ашылды. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 433 млрд теңгені құрайтын 297 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, олардың 148-і 2024 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жобалар 2 457 жұмыс орнын және 5 970 төсек-орын ашуға мүмкіндік береді. Түркістанға тарихти шаһар ретінде ерекше назар аударылып отыр, өйткені 2024 жылы Түркістан түркітілдес елдердің туристік астанасы атанды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға ерекше мәртебе беруді тапсырған болатын, бұл өңірге инвестиция тарту және туристік инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді. Бұл шаралар Түркістанды туристер үшін тартымды етуге және Қазақстанның негізгі туристік бағыты ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған.

Туризмді дамыту бойынша қолға алынған шаралардың аясында Түркістан қаласының инфрақұрылымы да елеулі жаңартуларға ұшырауда. Қаланың көлік жүйесін, жолдарын, коммуникацияларын жақсарту, сондай-ақ қоғамдық көлік қызметін дамытуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Бұл шаралар туристердің қалада еркін қозғалуын қамтамасыз етіп, олардың қаланың мәдениеті мен тарихымен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді [5].

Сондай-ақ, Түркістанда тарихи және мәдени нысандарды сақтау мен қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл жерлердің туристік тартымдылығын арттыру, ұлттық және халықаралық деңгейде танымал ету мақсатында маңызды болып табылады. Мысалы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, тарихы терең мәдениет ескерткіштері мен архитектуралық нысандардың жаңаруы туристер үшін ерекше қызығушылық тудыруы мүмкін. Туризмнің дамуы жергілікті экономикаға да оң әсер етеді. Жергілікті кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады, соның ішінде мейрамханалар, кәдесый дүкендері, экскурсиялық қызметтер мен басқа да туристік қызметтер көрсету. Түркістан облысында туристік сала арқылы экономикалық өсімді қамтамасыз ете отырып, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға мүмкіндік туындайды.

Сонымен қатар, Түркістанның туристік имиджін нығайту үшін маркетингтік және PR науқандары да жүргізілуде. Қала мен облыстың туристік әлеуетін көрсету, оны әлемдік туристік карталарға енгізу мақсатында халықаралық туристік көрмелер мен шараларға қатысу жоспарланып отыр. Түркістанның туристік әлеуетін дамытуда жүзеге асырылып жатқан жұмыстар елдің жалпы туристік саласының өркендеуіне үлкен үлес қосады, сонымен қатар, Түркістанды халықаралық аренада танымал туристік бағытқа айналдыруға мүмкіндік береді. Түркістанның туристік әлеуетін одан әрі арттыру үшін заманауи технологияларды енгізу де маңызды рөл атқарады. Бұл бағытта туристік қызмет көрсету саласында цифрландыруды дамыту, мобильді қосымшалар мен онлайн платформаларды құру қолға алынып жатыр. Мысалы, туристерге арналған мобильді қосымшалар арқылы Түркістан қаласының көрікті жерлері, тарихи нысандары, мейрамханалары мен қонақ үйлері туралы ақпарат алуға, маршруттарды жоспарлауға мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен цифрлық маркетингті тиімді пайдалану арқылы Түркістанды таныстыру жұмыстары жалғасуда. Әлеуметтік желілерде жарияланатын контент, видео және фотосуреттер Түркістанның бай мәдениеті мен тарихын, туристік нысандарын көрсетіп, әлеуетті туристердің қызығушылығын арттырады.

Туризмнің дамуы экологиялық мәселелермен де тығыз байланысты. Сондықтан Түркістанда экотуризм мен агротуризмді дамытуға да баса назар аударылуда. Жергілікті табиғи байлықтарды, ауыл шаруашылығын, дәстүрлі қолөнерді насихаттау арқылы туристерді тарту мүмкіндігі пайда болады. Мұндай туризм түрлері Қазақстанның табиғи және мәдени әртүрлілігін көрсетеді.

Туризмді дамыту тек экономикаға ғана емес, сонымен қатар, қоғамның мәдени-әлеуметтік дамуына да әсер етеді. Түркістан тұрғындарының мәдениетіне, дәстүрлеріне, қолөнеріне сұраныс артқанда, бұл бағытта жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Туризм арқылы халықтың мәдени санасын көтеру, ұлттық құндылықтарды насихаттау маңызды. Бұдан басқа, Түркістанда халықаралық конференциялар, семинарлар мен фестивальдар өткізу жоспарлануда. Бұл іс-шаралар туристік тартымдылықты арттыруға және Түркістанды білім және мәдениет орталығы ретінде танытуға көмектеседі.

Осылайша, Түркістанның туристік әлеуетін дамыту шаралары кешенді түрде жүзеге асырылып, қала мен өңірдің экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосатын болады.

Бүгінгі таңда елімізде туристік индустрияны дамыту үшін, оның ішінде ішкі және шетелдік инвестицияларды тарту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Сондықтан аймақтағы инвестициялық тартымдылықты басқару мәселесі тұрақты экономикалық дамудың маңызды аспектісі болып табылады.

Түркістан қаласында туризмді дамыту мақсатында мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:

Түркістан қаласының туристік әлеуетін Қазақстанмен және шет елдермен таныстыру болып табылады.

Түркістан мен оның маңайындағы туристік ресурстарды (тарихи, мәдени және рухани ескерткіштерді) жоғары деңгейде зерделеу қажет.


Әдебиеттер тізімі

1. Асан Д. С. Туризм экономикасының жолдарын жетілдіру жолдары //Bulletin of the International University of Tourism And Hospitality. – 2023. – № I (1). – С. 17-30.

2. Абишева А.О. Туризм индустриясы: оқу құралы / – Түркістан: "Тұран" баспасы, 2022. – 197б.

3. Смыкова М. Р., Плюхин Р. В., Устенова О. Ж. Привлекательность туристских дестинаций Казахстана для иностранных туристов //География и водные ресурсы. –2022. – № 2. – С. 16-23.

4. Байқадамов, А. (2020). Қазақстанның ұлттық парктері: экологиялық туризмді дамыту. Алматы: Қазақ университеті.

5. Есқалиев, А. (2021 Түркістандағы туристік нысандар: тарихы мен болашағы.оқу құралы/- Түркістан: Қожа Ахмет Ясауи университеті.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2024
76
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі