Түркістан (Қоқан) автономиясының идеясы неліктен жүзеге аспады?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түркістан (Қоқан) автономиясының идеясы неліктен жүзеге аспады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Түркістан (Қоқан) автономиясының идеясы неліктен жүзеге аспағандығы туралы дәйекті дерек келтіре отырып түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан (Қоқан) автономиясының идеясы неліктен жүзеге аспады?

Тәуелсіз Қазақстан тарихына терең үңілетін болсақ,халқымыздың азаттық жолындағы күресі ғасырлар бойы жалғасып келе жатқанын көреміз. 1917жылы 26-29 қараша күндері Қоқанда өткен IV Төтенше жалпымұсылмандық съезд шақырылып ,Түркістан (Қоқан )автономиясын жариялады.

Съезді Мұстафа Шоқай ашып,оған 200 адам қатысты .Осы съезде « Түркістанда мекендейтін саны аз ұлттардың барлық жағынан қорғалатынын»жариялап,Кеңестерге де , РСФСР –ға да тәуелсіз екендігін жариялап, Түркістан автономиясының уақытша үкіметі сайланды.Үкіметтің Министр төрағасы және Ішкі істер Министрі болып М. Тынышпаев және оның орынбасары әрі Сыртқы қатынастар бөлімінің меңгеушісі болып М.Шоқай сайланды.М.Тынышпаевтан кейін Үкімет басшысы М.Шоқай болды.

Бірақ құрылған автономия Кеңес өкіметі тарапынан қолдау көрмеді, керісінше 1918 жылы қаңтар айында Кеңестердің IV өлкелік съезінде Түркістан( Қоқан ) автономиясыны жариялануы заңсыз деп танып,құрылған Түркістан үкіметін жоюға шешім қабылдады.Автономия тек Кеңестік ,Социалистік жүйе негізінде құру заңды деп тапты.Сондықтан Қоқан автономиясына Қызыл әскер жасағы тарапынан қысымға ұшырады .

Большевиктер талабы:

-Кеңес үкіметін мойындау,

-Түркістан халқының алдында Кеңес өкіметін тану туралы бүкілхалықтық мәлімдеме жасауды,

-большевиктерге қаруларын тапсыруды,

-милиция органдарын таратуды т.б

Қоқан автономиясын жою үшін большевиктер әскери күш қолданудан да тайынбады.1918 жылы 6-7 ақпан күндері большевиктер Қоқанды талқандады,3 күн бойы қала қиратылып,тоаушылық,зорлық -зомбылық орын алды ,қала халқының саны екі есе азайды.

1918жылы қаітар-наурыз айларында Түркістан аумағында контрреволюциямен күрес жөніндегі бөлімдер ,революциялық трибуналдар құрылып РКФСР-дан бөлінетінін мәлімдеген өзгеше ойлайтын,оппозициялық идеологияны насихаттаушыларды қудалауға ұшыратты.

Дегенмен ,1918 жылы 20 сәуірнен 1 мамырына дейін Ташкентте Кеіестердің V Түркістан өлкелік съезі болып өтті.Съезде Түркістан аумағында кеңестік автономияның құрылғандығын жариялады.Оған Жетісу және Сырдария облыстарының депутаттары қатысқан еді.1918 жылы мамыр айында құрылған Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы 1924 жылға дейін өмір сүрді. Сол заманғы тәуелсіздік жолындағы күресушілер жеке мемлекет болып бөлінуді іске асыра алмаса да санаулы жылдар автономиялы аумақ ретінде өмір сүру мүмкіндігіне ие болды.

1917жылы 2 қарашадағы В.И .Ленин иен И.В.Сталин қол қойған «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында» « халықтардың бөлінуге және дербес мемлкет құрғанға дейін өзін-өзі еркін билеу құқығы» бекітілсе де , большевиктер іс жүзінде ұлттық шеткергі аймақтардан айрылғысы келмеді.Кеңестік Ресей басшылығы халықтардың бұданәрі өзін- өзі басқаруына жол бермеу үшін бәрін істеді және құрылған ұлттық автономияларды ,олардың көшбасшыларын жойып отырды.Ресейде кеңестік федеративтік республика құрылғандығын жариялай отырып ,большевиктер іс жүзінде патшалық өкіметтің «бірыңғай және бөлінбейтін мемлекет» саясатын жалғастырды. Осы саясаттың негізінде ұлт аймақтарда кеңестік кезеңде РКФСР құрамындағы кеңестік автономиялар ғана құрылды .Еліміздің тарихында М.Шоқайдың саяси іс –әрекеттерінің маңызы зор.Жас жеткіншектердің бойында ұлт тағдырына деген сүйіспеншілік,өз халқына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруда үлкен орын алады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2021
949
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі