400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түркістан уәлаятының газеті

Материал туралы қысқаша түсінік
«Түркістан уалаятының газеті» – қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Түркістан уалаятының газеті» – қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы

Қазақ халқының ұлттық санасының оянып, рухани жаңғыруына ықпал еткен басты құралдардың бірі - баспасөз. Баспасөз -белгілі бір ұлттың мәдени деңгейін, қоғамдық санасын, ойлау өрісін көрсететін маңызды көрсеткіш. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдардың бірі ретінде тарихта ерекше орын алатын - «Түркістан уалаятының газеті». Ол қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы болып саналады.

«Түркістан уалаятының газеті» - қазақ баспасөзінің іргетасы болып саналады. Газет 1870 жылдың 18 сәуірінен бастап Ташкент қаласында шығыстанушы Шахмардан Ибрагимовтың редакторлығымен жарық көріп тұрған. Қазақ тілінде шыққан аударма газет. Басылым мақсаты Түркістан өлкесіндегі патша үкіметінің саясатын, жаңалықтарын, бұйрықтарын халыққа жеткізу еді. Сондықтан бұл газет ең алдымен Ресей империясының Түркістан жерін отарлау тарихының дерек көзі болып табылады. Алғашқыда газет ресми бұйрықтар мен үкімет хабарламаларын жариялау үшін ашылғанымен, кейіннен ол халықтық-ағартушылық сипатқа ие бола бастады.

«Түркістан уалаяты» газетін шығаруда жаңадан отарланған жердің халқына патшалық саясатты тереңінен таныстыру әрі сіңіру және жаңа жерлерді орыс буржуазиясына сәйкестендіріп, пайдалы қазбаларды зерттеу, білуді де мақсат еткен екен. Оған қоса, ішкі істер министрі газетті ашу туралы бұйрыққа қол қоятын кезде газет бетіне негізінен алғанда патша жарлықтары және оңтүстік өңір генерал-губернаторының тұрғылықты халыққа айтқан жолдамалары жазылған.Қазақ баспасөзінің қарлығашы «Түркістан уалаятының газеті» жарық көріп тұрған уақытта оқырманға құнды ақпараттар беріп, қараңғы халықтың санасын оятып, көкірек көзін ашуға барынша ықпал жасады. Осындай баға жетпес мұрасының молдығынан тарихтан ойып тұрып орын алып, бүгінгі ұрпақтың қазынасына айналып отыр десек артық емес.«Түркістан уалаяты» газетінің саны қанша шығарылып тұрғандығы туралы нақты деректер берілмеген. Тек 1877 жылғы газет бетіне жарияланған сандарға көз жүгіртсек, сол жылы газеттің өзбек тіліндегісін төрт жүз қырық адам, қазақ тіліндегісін екі жүз қырық адам жаздырып алып оқыған екен деген ақпарат бар және екі саны қазақша, екі саны өзбекше шыққан. Тағы да бір ескере кететін жайт, сол кездегі қазақтар біреуі жазылып алатын болса, оны бүкіл ауыл болып бір ғана газеттен оқитын болған. Газет қашан тозғанша қойшылар бір-біріне беріп оқып жүрген.«Түркістан уалаяты» газетінде бейресми бөлімнің ашылуы әдебиет пен мәдениеттің дамуына үлкен қолдаушы күш болғаны анық. Нақ осы газетте алғашқы ақындар айтысы басылды.Зерттеуші Үшкөлтай Субханбердина бұл газетті «қазақ халқының қоғамдық ойының қалыптасуына алғашқы серпін берген, мәдениет пен әдебиеттің жаңа арнаға түсуіне ықпал еткен басылым» деп бағалайды. Шынында да, басылымның бейресми бөлімінде халық ауыз әдебиеті үлгілері, мақал-мәтелдер, айтыстар жарық көруі – қазақ сөз өнерінің жаңа жазба дәстүрге өтуін тездетті. Бұл – кейінгі «Дала уалаяты», «Қазақ газеті» сияқты ұлттық баспасөзге жол ашқан алғышарт болды.Менің ойымша, «Түркістан уалаятының газеті» бастапқыда патша үкіметінің саясатын насихаттау құралы болып ашылса да, уақыт өте келе халықтың қолына тиген үлкен рухани қазынаға айналды. Қарапайым қазақ ауылдары сол бір дананы қолдан-қолға беріп оқып, жаңа дүниелерге құмартып, таным көкжиегін кеңейте бастады. Бұл – біздің халықтың білімге, ағартушылыққа қаншалықты шөлдегенін дәлелдейді.



Егер осы газет шықпағанда, қазақ жазба баспасөзі кешірек дамуы мүмкін еді. Демек, біз «Түркістан уалаятының газетін» жай ғана ресми басылым емес, ұлттық рухани жаңғырудың алғашқы қарлығашы, тәуелсіз ойға бастайтын қадам деп бағалауымыз керек.





Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, «Түркістан уалаятының газеті» — қазақ халқының жазба баспасөзінің негізін қалаған, ұлттық ой-сана мен мәдениеттің дамуына жол ашқан алғашқы басылым. Ол — тек ақпарат құралы ғана емес, рухани серпілістің символы болды. Сондықтан бұл газетті қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы деп толық сеніммен айтуға болады.





Абдоллаева Азима, ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

Ғылыми жетекші: фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қазан
85
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі