Жоспары
Мазмұны
I тарау. Тұрмыс-салт жырлары 2
1.1.Төрт-түлік малға байланысты өлеңдер 3
1.2.Үйлену салтына байланысты өлеңдер 5
1.3.Діни ұғымға байланысты өлеңдер 6
1.6.Көңіл-күйді білдіретін өлеңдер 7
II тарау. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар 10
«Отан,туған жер, ел – халық» тақырыбындағы мақал 10
Еңбек – байлық, кәсіп – нәсіп 11
Адалдық, адамгершілік, достық, ізгілік. 12
Салт – дәстүр, әдет – ғұрып. 13
2.2.Ақын-жазушылардың қанатты сөздері 13
3.1 Балалар фальклорының жанырлық ерекшелігі 26
3.3 Қазіргі фольклор зерттеу тарихы 34
I тарау. Тұрмыс-салт жырлары
Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.
Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:
-
тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),
-
дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),
-
үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),
-
мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),
-
өтірік өлеңдер, т.б.
Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б.
Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (Ахмет Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Бекмұрат Уақатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.
1.1.Төрт-түлік малға байланысты өлеңдер
Түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.
«Малдың баласын сүю»
Қой сүйеді баласын қоңырым деп,
Ештеңені білмейтін момыным деп.
Сиыр сүйеді баласын торпағым деп
Қараңғыға баспаған қорқағым деп.
Ешкі сүйеді баласын лағым деп
Тастан-тасқа секірген шұнағым деп.
Түйе сүйеді баласын боташым деп
Жәудіреген көзіңнен тоташым деп.
Жылқы сүйеді баласын құлыным деп
Тұлпар болып жүгірер жұрыным деп.
Төрт түлік баласы
Түйе баласын «бота» дейміз,
Кішкене бір жота дейміз.
Жылқы баласын «құлын» дейміз,
Желбіреген тұлым дейміз.
Сиыр баласын «бұзау» дейміз,
Сүзісем дейтін бұзық-ау дейміз.
Қой баласын «қозы» дейміз,
Енесінің нақ өзі дейміз.
Ешкі баласын «лақ» дейміз,
Шұнтыңдаған шұнақ дейміз.
Кәне, тағы қайталайық,
Мүдіріссіз айта алайық:
Бота,
Құлын,
Бұзау,
Қозы,
Лақ.
2.Төрт түлік мал
Айту енді қиын емес
Төлдер жайлы құрсақ кеңес.
Ащы шөпті сүйеді
Үйір-үйір жылқылар,
Су бойында шұрқырар.
Табын-табын сиырлар
Сауып ішсең – сүті нәр.
Отар-отар қой-ешкі
Өрістеп барад белесті.
Төрт түлік мал ырыс-құт,
Қара, бапта, дұрыс күт!
3.Төрт түлік үні
Түйе боздайды,
Жылқы кісінейді.
Сиыр мөңірейді.
Қой маңырайды.
Бұларды білмеген
Малсақ боп танылмайды.
1.2.Үйлену салтына байланысты өлеңдер
Тойбастар - қыз ұзату, үйлену, т.б. тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену тойының ең соңғы күнінде жігіттер мен қызкеліншектер жиналып, қоштасу кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Той аяқталғанда тойбастар әні айтылады. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл-кеңестер айту. Айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді. Тойбастар шілдехана, сүндетке отырғызу тойларында, үй-ішінің, ауылдың, қаланың басқа қуаныш-қызықтарында айтылады. Тойбастар жиын-тойдың аяқталғанын, бірақ қуаныштың алда да жалғаса беретінін білдіреді. Мысал:
Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі. Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбықұрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыздың сіңлілерімен не жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Сыңсудың өлеңін ақындар немесе қыздардың өздері шығарған. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа өзінің мұңын, қайғықасіретін жеткізген. Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік мәселелерімен ұштасып, ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген. Сыңсудың өлеңі құрылысына қарай 7, 8, 11 буынды болып келген. Мысал:
Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысал:
1.3.Діни ұғымға байланысты өлеңдер
Жарапазан. Қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазанайында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп Жарапазан айтады. Оны ешкім ерсі санамайтын болған, қайта үйден шама-шарықтарына қарай сыйлық алып шығып, Жарапазаншыларды риза етіп жіберетін болған. Жарапазан мәтіні айтыла-айтыла әбден қалыптасқан жаттанды шумақтардан құрылады. Мысал:
Жарапазан айта келдім, сіз байларға,
Кім кетіп, кім жетпеген бұл айларға?!
Кірерсіз сегіз бейіш сарайларға
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Бір келген он екі айда шақыр рамазан,
Қылыңыз рамазанда жанды құрбан!
Үш айда енді бізге қалам, Құран,
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Бес парыз мұсылманға минат болған,
Ораза, намаз, зекет, қажы, - ол- нұр иман!
1.4.Арбау өлеңі
Арбау өлең — ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт өлеңдерінің бір түрі. Адамды немесе малды жылан, қарақұрт, бүйі, шаян шаққанда, уытын “қайтару” үшін айтылады. Халық әр түрлі ырым жасап айтылған Арбау өлеңдері арқылы жыланның немесе қарақұрттың т.б. уытын қайтаруға, өздерін арбап әлсіретуге болады деп түсінген. Әрбір жәндіктің жаратушысы, “тәңірісі” болады деп ұғынған адамдар оларға сөз арқылы әсер етуге боады деп сенген. Арбау өлең — әлем халықтары фольклорының бәрінде бар, түркі халықтарының ауыз әдебиетінде кең тараған. Көбінесе 7-8 буынды шұбыртпалы ұйқасқа құрылады. Мысал:
“Кер, кер, кер жылан,
Кереге басты мер жылан,
Бір жылан бар — сұр жылан,
Бір жылан бар — сұм жылан,
Бір жылан бар — жеті жылғы ту жылан.
Құралай таудың басынан
Қуып келген қу жылан,
Дегелек келді, шық жылдам!”.
1.5.Бақсы сарыны
Бақсы сарыны — әдет-ғұрыптық әндердің бір түрі. Көне заманнан келе жатқан бақсылыққа байланысты туып, атабаба аруағын қастерлеу, Көк тәңірге табыну, болашақты болжау, ауруды жын-перілердің жәрдемімен айықтыру, т.б. байланысты қалыптасқан. Оның негізгі сипаты — синкреттілігі. Бақсы сарынын орындаушы әрі ақын, әрі биші, әрі сазгер. Ол аруақтарменөлең-жыр арқылы тілдесіп, іс-әрекетін би қимылдары арқылы жүзеге асырған. Бақсы сарыны халық поэзиясына тән 7 — 8 буындық жыр немесе 11 буындық қара өлең өлшемінде құрылып, арнайы музыкалық сарынмен орындалған. Ерте кездерде бақсылар асатаяқ, кепшік секілді ұрмалы аспаптарды пайдаланса да, негізгі құралы — құлағына қоңырау, шанағына айна орнатқан қасиетті қобыз.
1.6.Көңіл-күйді білдіретін өлеңдер
Қоштасу, қоштасу өлеңі– қазақтың дәстүрлі салт жыры. Ел-жұртымен, туған туысымен, сүйген жарымен, ата-анасымен, жүйрік атымен, қыран құсымен, т.б. Қоштасу бар. Қоштасу өлеңі эпос, дастандарда көп кездеседі. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырындағы Таңсық қыздың “Балталы, Бағаналы ел аман бол” деп басталатын Қоштасуы ел арасында кең тараған. “Елім-ай” өлеңі кіндік қаны тамған жерінен айрылған халықтың ауыр күйзелісін, қайғылы көңіл-күйін білдіретін шығарма. М.Әуезовтыңжіктемесі бойынша Қоштасу жырлары: а) жермен, елмен Қоштасу (Ай, Таңсық өлеңдері); ә) Сарыарқамен Қоштасу (Күдері Қожаның Қарқаралыдан кетерде айтқаны); б) өмірдің өткен шағымен Қоштасу (Сабырбай ақынның қызы Қуандыққа айтқан сөздері, Кемпірбайдың Әсетпен қоштасуы); в) Өтіп бара жатқан заманмен Қоштасу (Қаратоқа Есет бидің еңкейген шағындағы өлеңі, Тезек төренің “Сексен” деген әні) сияқты түрлерге бөлінеді. Қоштасу өлеңдерін түрлерге жіктеу әдебиеттану ғылымында қазіргі күнге дейін өзекті мәселелердің бірінен саналады. Қазақ халқының “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Қобыланды батыр”, т.б. лироэпостық және батырлық жырларында Қоштасудың көркем үлгілері кездеседі.
1.7.Көңіл айту
Көңіл айту – азалы адамды жұбатуға арналған дәстүрлі ғұрыптық салт. Бұл ізгі дәстүр көп халықтарда ертеден бар. К. а. жаны ашығандықты, қайғыға ортақтықты, жақындықты, сыйластықты білдіреді. Қазақ халқында кісі, отбасы, ауыл, ру басына түскен қайғықасірет, өлім-жетімге байланысты К. а. қара сөзбен де, өлеңмен де айтылады. Қаза алдымен естіртіледі де (қ. Естірту)`, содан кейін К. а. басталады. К. а-ға жұбату жалғасады. Бұл ғұрыптық салттардың бәрі өзара сабақтасып, адам ойын тереңнен тербеп, қайғысын сейілтетін филос. ойлы, ұтқыр сөздермен көркем жеткізіледі. Негізгі ой мақалмәтелмен алыстан орағытыла келе, қайғылы адамның жігерін қайрап, үмітін жебейді. Мыс., Байдалы би Уәлидің кіші әйелі Айғанымға “Үміт, сенім, тілек бар, қуантып, қуат алдырар. Жылау деген азап бар, қуартып отқа жандырар. Мен қайғыңды қозғағалы келгем жоқ, қайратыңды қолдағалы келдім” деген екен. Бөлтірік шешен қырғыз билеушісінің баласы қайтыс болғанда “Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тигізбес, Ақсүйекке оқ тисе, көршісіне сездірмес... Әлімдердің ақ сөзі, өлгеніңді тірілтіп, өшкеніңді жандырар, Дос көтерер өлімді, бекем бу, төрем, беліңді!” деп көңіл айтыпты. Адамның қайғысын бөлісу қазақ қоғамында ертеден тамырын үзбей келе жатқан рәсім.
1.8.Естірту
Естірту– қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оның жақын туыстарына хабарлау рәсімі. Ауыр қаза, қайғылы оқиғаны жанашырларына, ел-жұртына өлеңмен Естірту дәстүрі қазақ халқында ертеден бар. Ардақты азаматы не батыр-бағланы өлген үйдің жанкүйер жақын, туыстарын азалы хабарға дайындап, әзірлеп алу үшін естірту, көбінесе, “Аққу ұшып көлге кетті, сұңқар ұшып шөлге кетті, ол адасып кеткен жоқ, әркім барар жерге кетті” деген сияқты салыстырулар түрінде болған. Ауыз әдебиетінде естіртудің мол ұшырасуы қазақ халқының жан дүниесінің тазалығын, қайғы көріп, қаралы болғанға қабырғасы қайысып, ауыртпалықты бірге көтерісетінін танытады. Жалғаншы дүниеде баянды ештеңе жоқ, бәрі де өтеді деген ишарадан кейін барып қана өлең қайғылы халді естіртеді. Яғни естіртудің образдық құрылысында пернелеу, тұспалдау басым. Мұнда поэтикалық образ үшін табиғат құбылыстары, жануарлар, тарихи тұспалар алынады, Қайғылы хабар содан кейін барып естіртіледі. Ал өлеңнің соңғы бөлімі көңіл айтуға - жұбату жырына ауысады.
Қорытыңды
Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (Ахмет Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.
II тарау. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар
Мақал – мәтелдер - ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал – мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді. Мақал – мәтелдердің мәндері, тақырыптары әр алуан; еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, достық пен қастық, ақыл мен өнер- білім, ынтымақ пен бірлік, Отан туралы т.б. болып келеді. Халық өмірдегі өз бақылауларын қорытындылап, тұжырым жасап, ұйқасты сөздермен өнеге, үлгі боларлық мақалдар жасап отырған. Мақал – мәтелдер өлең сөз сияқты көркем, ұйқасып тұрады. Сөйлемдері өте ықшам, басы артық сөз болмайды, сөздерді басқа сөзбен алмастыруға келмейтін тұрақты кедеді. Мәселен, «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген мақалдың сөздерінің орнына басқа сөз қойып немесе қосып, я алып тастап көрсеңдер мағынасының мақал ретінде қуаты да, көркі де, мәні де бұзылып, өз сипатын жоғалтатынына көздерің жетеді.
Ақын – жазушылар шығармаларының жақсы сөздері де мақалға айналып кетіп отырады. Мысалы, Абайдың жаман дос туралы « Күн жауғанда қойныңда, күн ашықта мойныңда», «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты» деген сияқты сөздері бүгінде мақал ретінде айтылады.
Мақал – халықтың өмірден алған тәжірибесінің ойтұжырымының қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі -өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.
2.1.Мақал-мәтел мысалдар:
«Отан,туған жер, ел – халық» тақырыбындағы мақал
-
Ел мен жер егіз.
-
Ел іші алтын бесік
-
Өнер көзі халықта.
-
Ақ бөкенді жатыр деме,
Көшпелі елді отыр деме.
-
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
-
Көптен қоян қашып құтылмас.
-
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
-
Ауылым – алтын бесігім.
-
Отан – оттан да ыстық.
-
Қазақтың осы жер дегені, көш жер.
Ер, ерлік, батырлық.
-
Ер егіз, еңбекте жалғыз.
-
Қатты жерде қақ тұрар,
Қайратты ерде мал тұрар
Талапты ерге нұр жауар.
-
Жомарт жоқтығын білмейді,
Жүйрік ат тоқтығын білмейді.
-
Арғымақ ат бірде жалды,бірде жалсыз,
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз.
-
Өз қадірін білинген ер,
Қадірлінің қадірін білмес.
-
Ер қадірін ел білер,
Зер қадірін зер білер.
-
Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі,
Жамандыққа жамандық – ер кісінің ісі.
-
Жүк ауырын нар көтереді,
Қазан ауырын ер көтереді.
-
Қоянды қамыс өлтіреді,
Ерді намыс өлтіреді.
-
Ер мойнында қыл арқан шірімейді.
Еңбек – байлық, кәсіп – нәсіп
-
Еңбек ер атандырар.
-
Біткен іске сыншы көп.
-
Істің басы байлы болса,
Аяғы сайлы болады.
-
Әлің барда еңбек ет,
Еңкейгенде емерсің.
-
Тауды, тасты жел бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
-
Сен салар да мен салар,
Атқа жемді кім салар.
-
Еңбек бәрінде жеңбек.
Ұрлық, ұят, ынсап, пейіл.
-
Сен құдайға жеткенше,
Мен үйге жетемін.
-
Жаман төре жан алар.
-
Бар болса аспа,
Жоқ болса саспа.
-
Үйіңе келгенге, үйдей өкпеңді айтпа.
-
Жарлылық ұят емес,
Байлық мұрат емес.
-
Жарлының аузы аққа тисе,
Мұрны қанайды.
-
Қарғыстан кісі өлмейді.
-
Жын соққаннан мың соққан жаман.
-
Сауда досқа қарамас.
-
Өзі тоймағаннан сарқып дәметпе.
Адалдық, адамгершілік, достық, ізгілік.
-
Адал ниет аздырмайды,
Арамдық бойды жаздырмайды.
-
Адал еңбек аздырмас,
Сұлулық бойын жаздырмас.
-
Аталы сөзге арсыз таласады.
-
Әзіл айтсаң да, әділ айт.
-
Өз ақылын шамалаған қор болмас.
-
Жығылған күреске тоймас.
-
Сыпайы сырын жасырмайды.
-
Арлы арына қараса,
Арсыз жеңдім дейді.
-
Сыпайыны үйде көрме, түзде көр.
-
Аурудан әдет жаман.
Салт – дәстүр, әдет – ғұрып.
-
Қонақ құдайдың еркесі.
-
Тойдың болғанынан, боладысы қызық.
-
Ет жемесе де, сорпа ішкендей болды.
-
Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.
-
Тойға барсаң, тойып бар.
-
Заманы бірдің амалы бір.
-
Ет бегенде бет жоқ.
-
Амандық ағадан.
-
Ас иесімен тәтті.
-
Сұрап бергенше,
Соғып бер.
2.2.Ақын-жазушылардың қанатты сөздері
Абай Құнанбайұлы
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп,
Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.
Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек.
Адамға — ақыл керек, іс керек, мінез керек.
Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.
Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!
Әлихан Бөкейхан
Алда әлі күнді көре білетін ұрпақ келеді! Сол күнді көретін ұрпақ сендерді еске алатын болады. Бізді ризашылықпен, үлкен құрметпен еске алатын болады. Өкінбеңдер! Күрес жолына түскендеріңе өкінбеңдер!
Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.
Мұхтар Әуезов
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.
Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!
Жауызға айтқан жақсы сөз – суға жазған сертпен тең.
Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бұрын шын бар бүгін шын,
Ертең шын бар үш бөлек.
Керегі жоқ бұлардың,
Бұзылмайтын шын керек.
Кей адамнан ит ілгері, достықты ұмытпайды, адал қызмет етеді.
Әйтеке би
Батыр боп жауға найзаң тимесе,
Батырлықтан не пайда.
Бай болып халқыңа пайдаң тимесе,
Байлығыңнан не пайда…
Батыр боп жауға найзаң тимесе,
Батырлықтан не пайда.
Бай болып халқыңа пайдаң тимесе,
Байлығыңнан не пайда…
Бауыржан Момышұлы
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық.
Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей берілмеген.
Қолданылған сайт:
https://018.kz/aidarlar/kanatty-sozder/
2.3.Жұмбақ
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі — жұмбақтар. Ол — барлық елдің ауыз әдебиетіне ортақ жанр.
Халық шығармасының жүмбақ түрін зерттеген ғалымдардың айтуына қарағанда, жұмбақ ертедегі адамдардың, бүкіл коллективтің еңбек-кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесінен туған .
Дүниедегі заттардың, жаратылыс құбылыстарының барлығы, олардың сыры, неден жасалатындығы мәлім болмаған, жұмбақ болған. Бірақ адам баласы сол жұмбақты шешуге тырысқан, білу жолын қарастырған, айнала қоршаған жаратылыс дүниесін, оның құбылыстарын, еңбек-кәсіп құралдарын, әр түрлі хайуанаттар жайын бір-біріне салыстыру арқылы тануды көздеген. Ол үшін өздеріне таныс бір затты екінші бір бейтаныс затқа салыстыра отырып немесе сол заттардың бір-біріне ұқсас белгілеріне қарап, олардың қандай зат екендігін, неден шыққандығын анықтаған. Жұмбақтардың алғашқы үлгілері осылай шыққан.
Жұмбақ айту — әр халықтың әріден келе жатқан дәстүрінің бірі. М. әуезов өзінің еңбсгінде, қазақтың елдегі әдст-ғұрып салтында жұмбақтың ерекше орын алғандығын айта келіп, былай деген: “Кейде бүкіл бір ел жұмбақтан туады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған”. Бұл — тарихи шындыққа негізделген пікір.
2.4.Жұмбақтарға мысал
-
Аспанда бір ана бар,
Маңы толған балалар. (ай мен жұлдыздар)
-
Ұшып жүрген гүл көрдім,
Қонғанда ұстап үлгердім. (көбелек)
-
Дөп – дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай. (қарбыз)
-
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
-
Бірін – бірі қоршаған,
Бір үйден көрдім
Қырық екі дос – жаран. (42 әріп)
-
Білім менен тәлім,
Тарақты ашқанда
Беттерінен мәлім. (күнделі)
-
Тілі – юетінде тұр,
Сөзі – шетінде тұр. (сағат)
-
Үйлер кетіп барады айдалада,
Барар екен, біомедім қай қалаға. (пойыз)
-
Жеті ағам жерге түспеді. (жетіқарақшы)
-
Аңғарды мекендейтін отыз бөрі,
Он жігіт ол бөрінің қызметкері.
Салынған еттен көпір ортасында
Алдағы қызмет етеді әрлі – берлі.
(отыз тіт, он саусақ)
2.5.Нақыл сөздер
-
Тасты жарып гүл шықса,
Күнге қарай ұмтылар.
Топты жарып ұл шықса,
Шыңға қарай ұмтылар.
-
Алға дайым, арлы едің,
Ат сөзін сыйлаған.
Перзентімнің алды едің,
Көңілімді қимаған.
-
Атаңа тоқтамасаң да,
Ақылға тоқта.
-
Ата – баба мұрасы
Көздің қара – ағындай.
-
Пішуі қисық бұйымның
Тігуі түзу болмайды.
-
Күреске шақырмаса, ақын ба, ақын,
Ақын болса халыққа болсын жақын.
-
Сыйлай білген, сый көрер.
-
Өсиетім: шындықты, адалды сүй,
Ардақтаған халықты адамды сүй.
Елдің тіккен іргесін игілікке,
Тап бүгінгі бақытты заманды сүй.
-
Зор борлу – қиын,
Қор – болу демде.
-
Жігіттіктің кезеңінде,
Жігерлі болса, ер болар.
-
Әрекетсіз құр ақыл –
Лайланған су тектес.
Не түсе алмайсың,
Не іше алмайсың.
-
Шоққыш жылан уытты.
-
Надандық – жұт,
Адалдық – құт.
-
Жақсының өзі кішік, оты биік.
-
Күрмек көбейсе – күріштің соры,
Дүрмек көбейсе – жұмыстың соры.
-
Жаманның көңілі көкте, жерде басы.
-
Жақсы сөзді қалт жібермей жаттап өт,
Көп ғибрат аларсың.
Құмырсқаны таптап өтпе, аттап өт,
Сауабына аларсың.
-
Жауыздың орны – жаханнәм.
-
Жақсы жетектесе – тартына көрме,
Жаман жетектесе – артынан ерме.
-
Жетілдім деп, жеттім деп,
Қар суындай тасыма.
Жақсылық қылсаң, жақсылық,
Жетеді деген басыңа.
-
Ақылыңа сенсең де,
Ақылдаса жүргейсің.
Жақсыларды жатсынбай,
Жақындаса жүргейсің.
-
Есіткен сөзді електен өткіз,
Ақылға салып, жүрекке жеткіз.
-
Ас сұйылса дәмі кетеді,
Сөз сұйылса мәні кетеді.
-
Алыптан күшті болсаңда,
Халықтан күшті болмассың.
-
Түн болса көрінбес деп ойлама,
Мін болса білінбес деп ойлама.
-
Жақсының өнегесінайтасын
Жаманның неменесін айтасың?
-
Аяғыңнан сүрінсен,
Тұрып кетерсің.
Тіліңнен сүрінсең,
Құрып кетерсің.
-
Жұт жеті ағайынды.
-
Есті ханның қайғысы ашу болып шашылар.
-
Битке өкпелеп, тоныңды отқа салма.
-
Ашу – дұшпан,
Ақыл – дос.
-
Жасық ақаусыз болмас,
Асыл атаусыз болмас.
-
Табағы да сәнді,
Тамағы да дәмді.
-
Адамның білімі артқан сайын оның
көрер көкжиегі кеңейе береді.
-
Жатқанды ұрған –
Жауыздық.
2.6.Жаңылтпаштар
-
Бұл мұғалім –
Елге мәлім мұғалім
Әрі ғалым мұғалім.
-
Байғыз қай құс?
Байғыз байғұс,
Ұшады жалғыз.
-
Ықсан ұста – ұстаз ұста,
Үш ұстаға ұстаз ұста
Жасы тұстас ұста.
-
Асқа қосуға қай бұрыш дұрыс,
Қара бұрыш дұрыс па?
Қызыл бұрыш дұрыс па?
Қарасының иісі дұрыс бұрыш,
Қызылының түсі дұрыс бұрыш.
-
Алғыр аттар –
Арғымақтар,
Арғымақтарды
Әркім мақтар.
-
Таңдап тарлан
Атты алдым
Таңнан аңға
Аттандым.
-
Тарпаң тасты
Тартып келеді,
Тарантасты
Тартып келеді.
-
Көкпектіде көкпек
Көктемеде көктеп,
Көкпектіде көптеп,
Көктеген кез көкпек.
-
Төрт төртім бар,
Төрт тортым бар,
Төртім – маған
Тортым – саған.
-
Сортаңнан Шортан кездеспес,
Шортанды сортаң кездеспес.
-
Саба ұстаған ыстай біледі,
Саба ұстаған ұстай біледі.
-
Шанышқының шаң үсті,
Шашылғанда шаңы ұшты.
-
Ақ доп,
Сақ дөп.
-
Шұңғыл шұңқыр,
Шұңқыр шұңғыл.
-
Тау дәу,
Дәу тау.
III.Лиро-эпостық жырлар
Лиро-эпостық жырлар немесе ғашықтық жырлар — оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылған лирикалық әрі эпикалық шығарма. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады.
Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро-эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір-біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе ата-аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы, иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі.
Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес. Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге , бір-бірімен байланыса, қатарласа дамыған. Ұқсастықтары да аз емес. Олардың жалпы поэтикалық сипаты ұқсас. Айталық, сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. Ғашыктык жырлар көп вариантты болып келеді Оның себебі көп замандар бүл жырлар ауыздан-ауызға тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға іліккен.
Лиро-эпостық (ғашықтық) жырлар – халық ауыз әдебиетінің мол рухани қазынасы. Лиро-эпос жырлары ауыз әдебиетінің классикалық дәрежеге көтерілген нұсқасы.
Лиро-эпостық жырларға «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Күлше қыз» шығармалары жатады. Лиро-эпостық жырлары мен батырлар жырының өзіне тән ерекшеліктері бар.
|
Батырлар эпостық жыры |
Лиро эпостық жырлары |
|
1.Батырлар халық мүддесі жолында күресіп, ерлік, батырлық көрсетеді. |
Екі жастың бақытқа жету жолындағы қасірет-зары, махаббаты, бас бостандығы үшін күресі жырланады. |
|
2.Рулық қарым-қатынас, халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы жыр оқиғасына енбейді. |
Рулық қарым-қатынас, халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы ғашықтық жырлардың негізгі өзегі болып келеді. |
|
3.Кейіпкерлері шындықтан алыс, шартты түрде алынады. |
Образдары реалистік түрде сипатталады, іс-әрекеттері өздеріне тән суреттеледі. |
Лиро-эпостық лирика мен эпикалық тектер элементтерін бірдей қамтитын шығармалар деген ұғымды білдіреді.
Лиро-эпостық жырлардың басты тақырыбы – жастардың бас бостандығы, екі жастың арасындағы махаббат, сүйіспеншілік. Кейіпкерлері батырлар емес, қарапайым адамдар. Ғашықтық жырларында көшпелі қазақ тіршілігі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, әдет-ғұрып, салт-сана кең түрде жырланады. Мысалы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында қазақ халқының өте ертедегі «еже-қабыл» салты (ата-аналары әлі өмірге келмеген сәбилерді атастырып, белқұда болып қояды), «Қыз Жібек» жырында қазақ халқының көшпелі өмірі мен әмеңгерлік, «Айман-Шолпан» жырында барымта салты көрініс тапқан.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры – ел арасына ең көп тараған, қазақ лиро-эпостық жырлар арасындағы көне ғашықтық жыр. Жырда тұрмыс-салт жырларының үлгілері – жар-жар, қоштасу, естірту, жоқтау – сияқты түрлері кездеседі.
Мысалы, жырда Сарыбайдың өлімін Тазша өзінің түсі арқылы естіртеді. Жыр кейіпкерлері Ай мен Таңсық әкелері Қарабай көшкенде ел-жұртымен, ағайын-туыспен, атамекенімен жыр арқылы қоштасады. Тазша Сарыбайдың өлімін естірте келіп, жыр соңында Сарыбайдың бәйбішесіне өлеңмен көңіл айтады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының оқиғасы екі топтың арасындағы тартысқа – жақсылық пен жамандықтың тартысына құрылған.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының негізгі тақырыбы – халықтың ғасырлар бойы армандаған мұраты – жастардың бас бостандығы.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры – Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп, Қарабайдың өтініші бойынша Сарыбай буаз маралды атқанда, ішінен егіз лақтың шығуымен басталады. Бұған шыдай алмаған Сарыбай сол жерде қаза табады. Сарыбай мен Қарабай балалары дүниеге келмей тұрып, «еже-қабыл» – белқұда болып қойған, яғни дүниеге келмеген балаларды атастырып қойған. Қарабай жырда сараң, қараниетті адам болып суреттеледі. «Жетім ұлға қызымды бермеймін» деп елінен ауа көшкен Қарабай қылығы оның бітім-болмысын айқындай түседі. Қарабай, Қодар, Сасан би – жырда тек жамандық иелері болып суреттелсе, Тайлақ, Айбас, Қозылар оларға қарама-қарсы жақсы жақтарымен ерекшеленеді. Жыр осы қараниетті адамдардың Қозыға у беріп өлтіруімен аяқталады.
IV. Балалар фольклоры
Қазақ балалар фольклоры, балалар фольклоры – халық фольклорының арналы салаларының бірі. Ол халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын, ғасырлар бойына халық даналығына, тәжірибесіне суарылған Қазақ балалар фольклорыы балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығарм. қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, логик. жүйелілігімен, муз. әуенімен, өнегелі мазмұнымен, ойнақы жеңіл түрімен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылады.
Қазақ балалар фольклоры шығу тегі мен орындаушыларына қарай – үлкендер тарапынан балаларға арналып айтылатын және балалардың өздері орындайтын шығармалар болып екі топқа бөлінеді. Алғашқысының қатарына бесік жыры, маусымдық жырлар, мәпелеу жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш шығармалар жатса, соңғысы қаламақ, санамақ, сұрамақ, тақпақ балалар өлеңдерін қамтиды. Сонымен қатар, Қазақ балалар фольклорын ірі-ірі төрт арнаға жіктеп қарастыруға болады. Олар:
1) Әлпештеу поэзиясы. Әлпештеу поэзиясына жататын жырларды шығарушылар да, орындаушылар да – ересектер. Ол жырлар сәбидің шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап оны бағып-қағуға арналған түрлі салт-дәстүрлерді сүйемелдейді, ата-ананың, қалың жұртшылықтың сәбиге деген сүйіспеншілігін, арман-тілегін, халықтық идеалды жыр тілімен өрнектейді. Бөбектің денінің сау, ауру-сырқаудан аман, ширақ болып өсуімен қатар, ең бастысы, оның рухани жетілуіне қызмет етеді. Бұлардың өзі мазмұны мен атқаратын қызметіне қарай бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жыры, уату-алдарқату жыры деп іштей төрт түрге жіктеледі;
2) Жеткіншектер жыры. Бұл топқа балалардың өздері шығарып, өздері айтатын және ересектер фольклорынан ауысып, балалардың орындауына көшкен жырлар жатады. Ол әлпештеу жырларынан кімдер орындайтындығымен ғана ерекшеленбейді, поэтик. құрылымымен де, атқаратын қызметімен де, тақырыптық, мазмұндық жүйесімен де ажыратылады. Бұл топқа балалар мен ересектердің орындауында қатар өмір сүріп келе жатқан наурыз жыры, жарапазан, маусымдық жырлар, арнау-тілек өлеңдер, тақпақ, сұрамақ, қызықтама, өтірік өлең, мазақтама сияқты өлең-жырларды топтастыруға болады;
3) Ойындық фольклор. Мұның қатарына балалар ойыны кезіндегі ойынға шақыруға ойынды бастауға, оны жүргізуге қызмет ететін өлеңдер (қаламақ, санамақ, мен өлең ойындарды (тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақ, балалар айтысы) қосуға болады. Жалпы, балалар фольклорына тән шығармалардың барлығында ойындық белгілер болатыны сөзсіз, бірақ ойындарға арналған балалар фольклорына жататын туындыларда, бұл сипат ерекше басым көрінеді, оларда ойынға тән драматизм мен қимыл-әрекет, динамизм күшті. Ойынға шақыру өлеңдері, қаламақ, санамақ, ойын ішіндегі өлеңдер тікелей балалар ойындарымен бірге өмір сүрсе, халық арасында кең тараған жұмбақ, жаңылтпаштар, тәжікелесулер сөз арқылы ойналады;
4) Балалар тіршілігінде қара сөзбен айтылатын балалардың прозалық фольклоры. Балалар күнделікті өмірде ересектер аузында айтылатын магиялық фольклордан бастап, аңыз-әңгімелерге дейін үйреніп, жаттап, соларға еліктеп айтып жүреді. Солардың ішінде әсіресе, ертегілердің алдыңғы орында тұратыны белгілі. Бірақ сәби, жеткіншек жасындағы балалар ертегілердің барлығын игере бермейді. Ол балалардың жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. Сондықтан балалардың прозалық фольклорының қатарына оқиғасы жеңіл, шағын да тартымды, тілі жатық тізбекті ертегілерді, себептік мифтерді, үрейлі әңгімелерді, кейбір батырлық аңыздарды жатқызуға болады.
3.1 Балалар фальклорының жанырлық ерекшелігі
«Халық мұрасы танымдық, тәрбиелік мәні шексіз, шектеусіз терең дүние. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, сәбидің жан-дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негізгі ұйытқы болатын шығармалар өзінше арна түзеді. Мұны фольклор ішінде «балалар фольклоры» деп атау қалыптасқан. Сәбилер дүниетанымы ес біле бастағаннан-ақ екі түрлі негізге сүйенеді. Оның алғашқысы – машықтық дағды, яғни көрген-білгенін тез қағып алып үйрене қайталау. Екіншіден, бала жан дүниесі сезімге ерекше бай, әсерленгіш келеді. Бұл, әсіресе, жеткіншектік жаста ерекше көрінеді. Баланың айналасын танып білудегі бұл ерекшелігін жетінші қарасӛзінде ұлы Абай да тап басып көрсетеді», - дейді Ш.Ахметов. Сонымен, балалар фольклоры – балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тілінің нәрлілігімен, ақ пен қараның жігін айқын ажыратқан тәрбиелік маңыздылығымен бағалы. Фольклорист ғалым С.Қасқабасов: «...«Балалар фольклоры» деген ұғымның ауқымы кең. Бұған ауыз әдебиеті үлгілерінің кӛптеген жанрлары мен жанрлық түрлері жатады. Олардың ішінде қара сөз түріндегі шығармалар да, үлкенді-кішілі түрлі мақсатпен айтылатын өлең-жырлар да бар. Бұған қоса ойынға байланысты және ертегі, аңыз-әңгімелерде жиі кездесетін ырғақты прозаның да балалар фольклорынан алатын орны ерекше. Дегенмен, ауыз әдебиеті үлгілерінің кез келгенін, мәселен, эпостық жырларды, мақалмәтелдерді балаларға лайықты іріктеп, өңдеп жариялауға болғанымен, олардың барлығын «балалар фольклоры» деген ұғымға толығымен жатқызуға болмайды. Дегенмен, ауыз әдебиетінің кез келген жанрларынан балаларға үлгі боларлықтай, тәрбиелік маңызы зор шығармаларды көптеп кездестіреміз. Бірақ олар балалардың өзіне ғана арналған, болмаса балалардың өз творчествосының нәтижесінде пайда болған ауызша сөз өнерінің белгілерін сипаттай алмайды. Ал, ертегі, аңыз-әңгімелер, төрт түлік жырларының, жұмбақтардың үлкендерге де, балаларға да қатысы бар. М.Ғабдуллин «Қазақ ауыз әдебиеті» оқулығында ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрлық түрлеріне сипаттама береді. Ш.Ахметов «балалар фольклоры» терминін өз еңбегінде алғаш қолданып, түсініктеме береді. Балалар фольклорының ішкі жанрлық түрлерін өзгеше саралайды. Б.Уахатов «Қазақтың халық өлеңдері» монографиясында балалар өлеңдеріне жеке бөлім арнаса, «Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы» кітабында оның түркі тектес халықтар фольклорымен ортақ желілеріне тоқталады. «Балалар фольклорының өзіне тән бірнеше ерекшеліктері бар. Халқымыздың балалар фольклоры жанрлық құрамы жағынан сан-салалы, соған лайықты олардың атқаратын қызметі де түрліше. Зерттеу еңбектерінде дәстүр бойынша оларды шығу, орындау ерекшеліктеріне қарай үлкендердің балаларға арнап шығарған, бірақ, негізінен, балалардың репертуарында сақталған шығармалар және балалардың өздері таратқан өлең-жырлар деп екі салаға жіктеу қалыптасқан», ─ дейді. Қазақ балалар фольклорын саралап жіктейтін болсақ, олардың ішінде кейбір жанрлардың үлкендерге де, балаларға да ортақ екендігін көреміз. Олар: ертегілер, жұмбақтар, өтірік өлеңдер, төрт түлік жырлары т.б. Алайда осы жанрларға жататын көркем шығармалардың мазмұны, түр-сипаты, ішкі табиғаты бірдей емес. Олардың ішінде балалар айтатын, өздеріне ғана лайықты өлең-жырлар бар. Мысалы: Қой баласы – қоңырым, Қойдан жуас момыным, Шопан ата түлігі – Қошақаным, қайдасың? Пұшайт, пұшайт! Тӛлді қалай шақыру, малдың баласын сүюі, бӛбектің төрт түлікке айтқан тілегі, қой мен ешкінің айтысы, сондай-ақ шешілуі оңай, құрылысы қарапайым жұмбақтар, ұғымға жеңіл өтірік өлеңдер, бұлардың қай-қайсысы да балалар репертуарында молынан сақталған. Бұл жырларды алғашқы шығарушылары ересек адамдар болуы әбден ықтимал. Балалар фольклорын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, балдырғандарға үйретіп отыратын да негізінен үлкендер болса керек. Демек, үлкендер мен балалар творчествосының тығыз қарым-қатынаста болуы, ауыс-түйіс ортақ шығармалардың екеуінде де ұшырасуы заңды. Алайда ауызша ұжымдық творчествоның ерекшелігі сонда, олар көпшіліктің талаптілегіне лайықты ұзақ сүзгіден өтіп, өңделіп, түрлі сыннан өткен дәстүрлі қалыпқа түспейінше толық мағынасындағы фольклорлық шығарма бола алмайды. Іс-әрекет, ойыннан, түрлі көне түсініктерден, ырым мен салттан, қарапайым әуендерден, жан-жануарлардың даусы мен қимылына еліктеуден қарасын үзіп толығымен ажырап кетпегендігін байқаймыз. Бұл, сөз жоқ, балалар поэзиясының көп қырлы, ертеректегі синкретті белгісін айғақтайт Осы тұрғыдан келгенде балалар фольклоры да о баста кім шығарғанына, қалай пайда болғанына қарамастан балалар коллективінің өзіндік сүзгісінен өтеді. өз ұғымдарына, түсініктеріне, тіл оралымына, іс-әрекеттеріне сәйкес емес туындылар көпшілік тарапынан қабылданбайды. Ал қабылданған жағдайда балалар творчествосының дәстүріне лайықты іс жүзінде өзгеріп, өңделеді. Оралымсыз тіркестер, ұғымға ауыр шумақтар ұмытылады. Осы тұста бір ескеретін жағдай ─ балалар фольклорының кейбір үлгілерінде мазмұнға жеткілікті мән беріле бермейді. Ұйқасы оңай, ойнақы болса, әсіресе, түрлі ісәрекеттерге айтылуы сәйкес келсе, ондай өлеңдер кӛбірек қолдау табады. Осындай өзгешелікті біз әсіресе ойын өлеңдерінен анық көреміз. Бесік жырларын көпке дейін фольклоршылар тұрмыс-салт жырларының арнасында қарастырып келеді. Оның ӛзіндік себебі де бар-ды. Өйткені балалар фольклоры деген ұғымның өзі фольклортану ғылымында Г.С.Виноградовтың еңбектерінің нәтижесінде ғана бертінде, тек 1930-жылдар ішінде қалыптасты. Және оған тек балалар репертуарындағы шығармалар жатқызылып келді. Мұндай пікірді жақтаушылар бертінге дейін болды. Дегенмен, соңғы кезеңде бесік жырын балалар фольклорының құрамында қарастыру берік орын теуіп, жүйелі зерттеулер жүргізіліп жүр. Ол ойды алғаш қозғаған ғалым ұстамға қиғаш келіп, оғаш кӛрінетін белгі жоқ. Себебі зерттеушілердің көбі бесік жырын ересектер фольклорына жатқызғанда оның кімге арналғандығын, атқаратын қызметін емес, кімдер туғызып, кімдер орындайтындығын баса ескеріп жүр. Ал біздіңше, бесік жырларының бүкіл поэтикалық құрылымының бүлдіршіндер табиғатына лайықталғандығын, алғашқы кезде бөбек құлағына сөз бен саздың нәрін сіңіріп, таза тәрбиелік қызмет атқаратындығын назарда берік ұстаған жөн. Сондықтан да оны балалар фольклорындағы іргелі жанрлық түрлердің бірі ретінде қарастыруға әбден болады. Қазақтың отбасылық ғұрып фольклорынан өзінше ерекше орын алатын бала тәрбиесінің бал-бұлағындай таза да, мөлдір мұраның бірі ─ әлпештеу фольклоры. Оның табиғатынан көне наным-сенімдерімен астасып жатқан ежелгі дүниетаным сілемдерін тереңірек тануға болады. Әлпештеу жырлары – жалпы фольклор поэтикасымен астасып жатқан аса күрделі көркемдік әлем. Оның ғұрыптық фольклорға тән, алдымен көзге түсетін көрнекті сипатының бірі – халық этнографиясымен тығыз байланысып жататындығы. Сондықтан отбасылық ғұрып фольклорының көркемдік әлемін саралау ─ оның көркемдік әлемінің ерекшеліктерін қалыптастыруға қызмет етеді. Фольклорлық мәтіндер мен этнографиялық ортақ тұстарды салыстыра отырып, отбасылық ғұрып жырларындағы бірқатар мотивтер мен формулалардың, құбылтулар мен троптардың, қайталаулардың ғұрыптық рәсімдерден бастау алатындығын аңдауға болады. Әлпештеу жырларының поэтикасының ең басты, өзекті сипаты оның өмірлік шындықты бейнелеуіндегі кӛркемдік тәсілдерінде. Поэтикалық құрылымы жеклеген дыбыстардан бастап, қайталанып келетін тармақтар топтамасына дейінгі түрлі сипатта кездесетін дәстүрлі формалардан тұрады. Олардың қатарына тұрақты эпитеттерді, теңеулер мен құбылту түрлерін, қайталама үзіктерді атауға болады. Халық санасының ұжымдық жемісі болғандықтан да, бесік жырында ел тұрмысының көріністері мол-ақ. Ондағы, «жілік шағып берейін», «байқұтанның құйрығын жіпке тағып берейін», «қой тоқтысын сой, бөпем», «қуырдағына той, бөпем», «үстіне тоқым жабайын, астына терлік салайын», «быламыққа май құйып, төңкерме қып берейін» т.б. толып жатқан этнографиялық өрнектер мен баланы жақсы көру, еркелету, айналып толғануға байланысты айтылатын не түрлі балама, теңеулер табиғатынан қазақы тұрмыстың иісі аңқып тұрады. «Қозы жүнді көрпешім», «Қойдың жүні қалпағым», «Көлге біткен құрағым», «Жапанға біткен терегім», «жағамдағы құндызым», «Әуедегі жұлдызым», «Әлди-әлди тайлағым, өрістегі шандағым», «Құлын-тайым», «Серке балам», «От басындағы ойнағым, сүт бетіндегі қаймағым», «Алты» қарын майымыз, жеті қарын жентіміз тәрізді айшықты сөздер төрт түліктің еті мен сүтін тамақ, жүні мен терісін киім етіп, ен табиғатты кең жайлап аңшылық, саятшылық құрған туған өрнектер. Қорыта айтқанда, ғасырлар бойы қалыптасқан бала тәрбиелеу ісіндегі дәстүрлі ғұрыптар мен ұғымдардың, тарихи оқиғалар мен кезеңдік ақыл-ойдың ізі де әлпештеу жырларында жатыр. Бұл жырлар бала тәрбиелеу ісіндегі ғұрыптық рәсімдерді сүйемелдеп отыратын қолданбалы сипаттағы мұра ғана емес, ең бастысы ол жас ұрпақтың рухани әлемін қалыптастыруды мұрат тұтатын, бала кӛкірегіне көркемдік нәр сіңіріп, қиялына қанат бітіріп, өнер тылсымына жетелейтін эстетикалық категория. Онда поэзияның шарттарына лайық кемел көркемдік болмағанмен, бала санасына, сәби жанына лайық тәрбие өскінін себетін халықтық педагогика нәрі мол.
3.2 Фольклор және әдебиет
Әдебиет пен фольклордың арақатынасын жалпылама түрде емес, әдебиеттің тарихи даму барысымен де бірлікте зерттеу – өте жемісті болмақ, себебі қай нәрсені болса да, тарихи принцип негізінде қарастырған дұрыс, зерттеудің объектісі қалай, қашан пайда болды, қандай өзгерістерді басынан кешірді, қандай күйге түсті – деген сауалдар үнемі зерттеушінің назарында тұруға тиіс. Бұған қоса кез келген ғылыми зерттеу тағы да үш сауалға жауап беруі керек: зерттеп отырған нәрсе не, ол қандай және неге сондай? Осы үш сұрақ шешімін тапқан жағдайда ғана зерттеу жұмысы өз мақсатына жетпек, ол нағыз ғылыми құнды теориялық еңбек болып шығады, себебі мұнда ғылым тілімен айтқанда, «фактология, описание и интерпретация» деген зерттеу ісіндегі үш кезең толық қамтылады. Міне, әдебиет пен фольклордың арақатынасы дегенде осы құбылыстың қашан пайда болғаны, қандай жолдан өткені, бүгін қандай халде деген шарт негізге алынды. Бұл принцип осы тарауда біршама жүзеге асырылды. Ал, басқа тарауларда фольклоризм мәселесі қазіргі әдебиет бойынша қарастырылды.
Әлбетте, ұзақ ғасырлар жасап келе жатқан фольклор өзімен бірге өмір сүрген әдебиетке, жалпы, мәдениетке үнемі ықпал етіп келген. Мәселен, бізге жеткен авторлық ауыз әдебиеті мен алуан түрлі жазбалық мәтіндерде фольклордың тікелей де, астарлай да әсері айқын көрінеді. Бастауын Иоллыг-Тегіннен алатын жыраулық поэзияда, яғни Күлтегінге, Тоныкөкке арналған жырларда эпостың стилі анық көзге ұрады, ал, Шыңғыс хан мен Жошыға қатысты айтылатын шумақтарда, яки болмаса Сыпыра жыраудың, Асанның, Шалкиіздің, Қазтуғанның, Бұқардың толғауларында ежелгі фольклорлық символдар, тіркестер, сарындар кәдімгі батырлар мен ғашықтар туралы жырларда топ-тобымен кездеседі. Бұл дәстүр ХІХ ғасыр ақындарында да сақталған: Махамбет, Дулат, Сүйінбай, Мұрат, Шортанбай поэзиясы фольклордың поэтикасын молынан пайдаланған.
Жазба әдебиетке келер болсақ, орта ғасыр туындыларының көпшілігінде фольклор материалдары анық көрініп тұрғаны белгілі. Айталық, «Қисса сүләнбия», «Диуани лұғатит түрік», «Құтадгу білік», «Тарихи Рашиди», «Жаһан нама», «Түрік шежіресі» сияқты шығармаларда фольклордың әртүрлі жанрлары, сюжеттері, тілдік, стильдік өрнектері кеңінен орын алған.
Жаңа жазба әдебиетіміздің бастауы – Абай мен Ыбырай шығармаларында фольклордың алар орны ерекше. Олар фольклорға саналы түрде барып, оны шығармашылықпен пайдаланған. Халық поэзиясының өлеңдік өрнектерін, ертегілері мен мысалдарын Абай да, Ыбырай да белгілі бір мақсатпен шығармаларына арқау еткен. Ыбырай Алтынсарин фольклорды ағартушылық, ұстаздық мақсатта қолданса, Абай көркем сөзді жетілдіру мен әдебиетті байыту үшін пайдаланған.
ХІХ ғасырдағы Абай мен Ыбырайдан кейінгі ақын-жазушылар да фольклорға иек артқан. Бұл тұстағы жазба ақындар мен сал-серілер қазақтың ғана емес, шығыстың да фольклорына қол созып, шығармаларына енгізді. Осы ретте, мәселен, Шәді Жәңгірұлын, Майлықожа Сұлтанқожаұлын, Біржан мен Ақанды, Нұржан Наушабайұлы мен Әсет Найманбайұлын атауға болады.
Жиырмасыншы жүзжылдықтың алғашқы ширегінде жазылған әдеби шығармаларда да жазба әдебиет өкілдерінің фольклордан қол үзіп кетпегенін көреміз. Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Тайыр Жомартбаевтың, т.б. үлкенді-кішілі туындылары, әсіресе, романдары, фольклорлық қазынамыздан мол сусындап, соларға негізделген.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі кезде фольклор мен әдебиеттің байланысы жаңа бағытта көрініс береді.
«Тұтастай алғанда, 20-30 жылдар төңкерісшіл жаңа әдебиеттің идеялық-көркемдік принциптерінің қалыптасып, жаңаша ізденістерге бет бұрған дәуір болады. Әдебиет ескі қоғамды қиратып, жаңа тұрмыс орнатамыз деген ұранды өмірдің шындығына сүйенді. Сондықтан да өмірдің өзіндегі сияқты артық-кем дүниелер орын алып жатты. Соған қарамай, жаңа әдебиет біртіндеп, тарих сабағын тани, бой түзеді. Әдебиеттің жанрлық түрлері кеңейіп, ұлғая түсті»
Осы процесте фольклордың рөлі айрықша болды десек, артық айтқандық емес. Санамалап қана айтар болсақ, Мағжан Жұмабаевтың «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Нартайлақ пен Айсұлу», Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау», Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш», Ілияс Жансүгіровтің «Күйші», «Күй», «Дала», Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» сияқты туындылары фольклорлық сюжеттерді арқау еткенін және сол кездер үшін ғана емес, бүкіл ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің классикасы екенін еске алсақ та жеткілікті
«Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңінде оның қай жанрынан болса да, фольклордың рухын, демократиялық тенденциясын және түр ерекшелігін табу онша қиын емес. Азаматтық лириканың да, үгіттік поэзияның да, табиғат лирикасының да, сондай-ақ әдебиеттің басқа ұсақ жанрларының да, тіпті, белді жанрлар – эпикалық, лиро-эпикалық және толғау, поэмалардың да нәр алған бұлағы осы фольклор болды», – деп жазды «Қазақ әдебиетінің тарихына» «Фольклор және әдебиет» тарауын жазған үш автор (М.Қаратаев, М.Сильченко, Н.Смирнова).
ХХ ғасырдың басындағы әдебиетімізге еуропа, әсіресе, орыс әдебиетінің әсері болғаны хақ, бірақ бұл басым сипат алған жоқ. Олардан қажетті дәрежеде керегін қабылдай отырып, қазақ ақындары мен жазушылары ұлттық фольклорды кең мағынасында өз шығармаларына негізгі өзек етіп алды. Бұл үрдіс ұсақ өлең-жырларда ғана емес, үлкен эпикалық туындыларда айқын көрініс берді. Бірінші болып фольклор элементтерін романда пайдаланған Міржақып Дулатов болды («Бақытсыз Жамал»), одан кейін Тайыр Жомартбаев («Қыз көрелік»), Спандияр Көбеев («Қалың мал»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Қамар сұлу»), т.б. авторлар қазақ фольклоры мен этнография материалдарын мол қамтыған болатын. Бұл кезеңде романмен қатар пьесалар, поэмалар жазылып, оларда да фольклорлық сюжеттер мен кейіпкерлер, халықтық салт-сана мен әдет-ғұрыптар, ойындар пайдаланылғанын айтуға болады. Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебегі», «Бәйбіше-Тоқалы», Жүсіпбек Аймауытовтың «Рәбиға», «Мансапқұмар», «Қанапия-Шәрбану», Бекмұхамед Серкебаевтың «Бақсы», «Ғазиза», Қошке Кемеңгерұлының «Әулие тәуіп» сияқты 1920 жылдарға дейін жазылған пьесаларды атауға болады.
ХХ ғасырдағы әдебиет, ең алдымен, проза жанрының күрт дамып, өркендеуімен ерекшеленгені белгілі. Бұл үрдісте де фольклордың өзіндік үлесі бар. Әсіресе, тарихи романдардың қайсысын алсақ та, оларда фольклордың небір әдемі үлгілерін табамыз және олар шығармаға шынайылық қана емес, көркемдік қасиет, тамаша ауандарытады, оның шырайын келтіреді. Алуан түрлі аңыздар, өлеңдер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, үйлену мен жерлеу салтына байланысты әдет-ғұрыптар мен ән-жырлар романның өн бойында әдемі жарасымдылықпен пайдаланылып, кейіпкерлердің көркем бейнесін сомдауда, шығарманың мазмұнын тереңдетуде, өмір шындығын жан-жақты көрсетуде үлкен рөл атқарады. Мұны, мәселен, «Абай жолы», «Оянған өлке» сияқты классикалық тарихи романдардан анық көреміз. Бұл дәстүр ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен бастау алатыны даусыз. «Қыз көрелік», «Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», «Ақбілек», т.б. осы ойымызға дәлел бола алады.
Автор фольклорлық сюжетті өз көрігіне салып, қайтадан қорытады, сөйтіп, шығармасымен тұтастандырып жібереді. Сондай қаламгердің ең жарқын өкілі – Мағжан Жұмабаев. Ол фольклордың бірнеше түрін қамтыған.
Мағжанның фольклордың әр жанрлық түріне баруы оның фольклоризмі әр алуан екенін көрсетеді. Бұл жағдайды тек қана Мағжанның шығармашылық өздігінен деп түсіндіру аздық етеді. Ұлы ақынның фольклорға, оның әр жанрына ден қоюының басқа да маңызды себептері бар сияқты. Мәселен, ол Қорқыт жайлы әпсананы, Қойлыбай бақсы туралы шамандық мифті, Баян батыр туралы жазғанда тарихи аңызды, сондай-ақ Жүсіп хан туралы ертегіні, Сыздық жайында айтқанда хикаяны өз поэмаларына арқау етіп алған. Неге, қандай себеп? Біздің ойымызша, мұның сыры мынада: біріншіден, Мағжан өз заманына риза емес, сол тұста жүзеге асып жатқан қоғамдағы, санадағы саяси, экономикалық, мәдени, тұрмыстық өзгерістер мен іс-шараларға, жалпы жағдайға наразы, бұл жағдайдан құтылу жолын шарқ ұрып іздейді; екіншіден, халықтың өткен ғасырлардағы ұлт-азаттық күресін, тарихта өшпес із қалдырған оқиғаларды, сондағы Абылай, Баян, Кенесары тәрізді қаһармандардың ұлы істерін көрсетіп, қазақ жұртының рухын көтеруге күш салды, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды; үшіншіден, Мағжан, бір жағынан, романтик ақын ретінде халықтың өткеніне, рухани мұрасына айрықша мән беріп, оны өте жоғары бағалады және содан идеялық-көркемдік нәр алды. Бұл айтылған тұжырымдар Мағжан поэмалары арқылы әдебиет тарихында халық поэзиясы қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. (Біз ақынның аталған шығармаларына жеке-жеке талдау жасамаймыз, олар жайында проф. Ш.Елеукеновтың кітабында жан-жақты айтылған). Осы жерде Мағжан шығармашылығын монографиялық түрде арнайы зерттеген проф. Шериаздан Елеукеновтің мына ойларын келтіру жөн деп ойлаймыз. Ұлы ақынға ескіні көкседі, патриархалдыққа қарай кейін сүйрейді деген айыптаулардың жала екенін айта келіп, зерттеуші былай дейді: «Мағжан елім деп қан жұтқан ерлерді болашақ үшін, қазаққа қайрат-жігер беру үшін жырлады. Өткенді көксеу бар да, өткеннен рух алу бар. Бұл екеуі екі басқа нәрсе. Ақын өткеннің қайраткерлерін, Абылайды, Кенесарыны дәріптеді. Бірақ ол хан заманын тірілтуді тілеген жоқ. Елдің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен ерлердің рухын шақырғанда отаршылдық қамыты астында жасып, жүнжіп кеткен елінің намысын қоздырғысы келді, кеуделерінде бабаларының өжет, қайсар жігерін тұтатқысы келді».
Осы ретте айтатын бір нәрсе: қоғам өмірінде үлкен сілкініс, тағдырлыбетбұрыс болған кездерде бүкіл мәдениет, әсіресе, әдебиет халықтың тағдыры туралы ой қозғап, қоғамдық санаға үлкен әсер етеді. Сондай оқиға Ресейде орын алған 3 революция еді. Алғашқы, 1905 жылғы революция орыс қана емес, империя құрамындағы ұлттардың да санасына қозғау салып, бостандық, азаттық идеясының жүзеге асуы мүмкін деген сенім тудырды. Дәл осы шақта орыс әдебиеті классикалық сыншы реализмнен басқа әдіске (символизм, т.б.) көшіп жатқанда, бізде романтизм белгілері бой көрсетті. Ал, романтиктердің халық поэзиясына, тарихына аусары ауып тұратыны белгілі.
ХХ ғасырдың басында, дәлірек айтқанда, 1905-1920 жылдар аралығында қазақтың аса талантты жазушыларының ұлттық фольклорға, өткен тарихқа ден қоюының тағы бір себебі мынада жатқан сияқты. Профессор Ш.Елеукеновтің сөзімен айтқанда, «бақытсыздақ пен өлім елесі торлаған қазақ халқы 1905 жылғы революциядан соң ес жиып, күш ала бастады. Жаралы адам есін жиғанда ыңырсып, ыңқылдай бастайды ғой. Сол сияқты халді біздің әдебиетіміз де басынан өткерді. Ол елім, жұртым, халқым деп жар салды. 1905 жылдан кейін жарық көрген «Оян, қазақ», «Қырық мысал» – сол ыңырсу мен қыңқыл-сыңқыл. Бұл әдебиет өзінің жаралы жүрегін басып сөйлегенде бұдан бұрынғы қаһармандық жорықтары көзге елестейді, ояна бастаған халқына сол бір жаугершілік шағын еске алуды мақсат тұтты. Сөйтіп, әдебиет өткенді жырлай бастады, бірақ, өйткенде, ол бұрынғыны қайта орнатуды көксеген жоқ, тағылық өмірін дәріптеген жоқ. Ол өткенді жырлағанда жас халқын демейтін, оның жүрегіне сенім отын жағатын айла іздеді».
Ш.Елеукеновтің бұл тұжырымы Жүсіпбек Аймауытовтың ойын бекіте түседі. Мағжанды романтик ақын деп атайды да, Ж.Аймауытов былай деп жазады. «Ертегі, Қорқыт, Баян – Мағжан романтизмі күшейгендігіне дәлел... Мағжан қазақтың бұрынғы ақындарының (Абай, Ахмет, Міржақыптың) ізін қуып, халықты өнер-білімге шақырды. Мағжан сондықтан мәдениетшіл роматик болып отыр». Осыған ұқсас пікірді Қ.Мәшһүр Жүсіп те айтады.
«...Мағжан романтизмінің, – деп жазады ол, – шындықтан аулақ кету үшін емес, қайта күрделі ақиқатқа мүмкін болған (сол кездегі цензура, қысым бөгеттен өтіп, шығармаларының жарық көру үшін де) өзгеше жол іздеу нәтижесінен туғанын ескеруіміз керек».
Жалпы, романтизмнің пайда болуы әрқилы және әртүрлі себептерге байланысты және ол реализм туа салысымен ізім-қайым жоғалып кетпейді, қайта реализмге негіз бола отырып, онымен қатар жүруі де мүмкін. Профессор Мәшһүр-Жүсіп дұрыс айтады: «Көркем әдебиет дамуында реализм тәрізді романтизмнің де елеулі орын алғаны белгілі. Қазір әдебиетіміз, негізінен, реалистік бағытта дамып жатыр десек, ол романтизмнен мүлде безді деген сөз емес. Романтизм кеше болғаны тәрізді бүгін де бар. Әрине, оның бұрынғыдай тым оқшау, тым «таза» емес, өзіндік сипатта дамып отыратынын да ескерген жөн. Жалпы, адамдардың әдеттегіні тамашалаумен қатар ерекше биікті аңсауы қашан да қай түрде, қай сипатта болмасын романтизмді немесе романтизм элементтерін тудырып отыратыны ақиқат. Демек, реализмсіз бірыңғай романтизммен қалу әдебиет тынысын тарылтатыны тәрізді – романтизмсіз реализм де бір қанатты, бір аяқты жарымжанға ұқсап қалар еді. Ендеше ежелден қатар өмір сүріп келе жатқан бұл екі әдісті бір-біріне қарама-қарсы қоймай, екеуіне де қанағат керек екенін ұмытпау лазым».
Ұлттық поэзияға тақырып жағынан да, идея тарапынан да, түр тұрғысынан да көп жаңалық енгізген Сәкен Сейфуллин де фольклорға жүгініп, өзінің шоқтықты «Көкшетау» поэмасын дүниеге әкелгені белгілі.
https://lektsii.com/2-86726.html
3.3 Қазіргі фольклор зерттеу тарихы
Қазақ фольклорының қалыптасуы өте ұзақ та күрделі
процесс. Рулық қоғамдағы фольклор үлігілеріне миф, еретегі, аңыз,
әпсана, бақсы сарыны, арбау, байлау өлеңдері т.б. жанрларды
жатқызамыз. Бұл дәуірде қалыптасқан халық қазынасы халықтық
дүниетанмның ең ерте дәуірлерінегі зороастризм, шаманизм, анимизм,
тотемизмге байланысты туып қалыптасқан. Қазақ эпостарының осы күнгі
бастамалары ерте замандардағы патриархалдық рулық құрылыс кезінде
қалыптасқан. Эпос жанрының ішінде көне эпос дәл осы дәуірдің көркем
мұрасы. Орта ғасырлардағы фольклор үлгілеріне батырлық эпос,
ғашықтық эпос, ертегі, аңыз, әпсана жанрлары жатады. Түркі
қағанаты, орта ғасыр, қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің
дамуы. Түркі жазба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның
фольклорға ықпалы зор болды. Фольклордың ең өзекті тақырыбы- елдік
пен ерлікті жырлау. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күресі
фолшьклорда кеңінен сөз болды. Қазақстанның Ресейдің боданы болуына
байланысты фольклорда жаңа тақырыптар пайда болды. 1916ж.
ұлт-азаттық көретіліс, 1941-45ж.ж. ІІ Дүниежүзілік соғысы арнау,
жоқтау, сәлем хат, қоштасу тәрізді лирикалық жыр жанралрының қайта
жаңғырған кезеңі еді. ІІ Дүнижүзілік соғыс кезіндегі халық
поэзиясы. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы және фольклористика
ғылымының тарихы.
Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу шын мәнінде бірнеше ғасырлық тарихы
бар келелі іс. Қазақ фольклоры туралы ғылым ХУІІІ ғ. қалыптаса
бастады. ХІХ ғ. І жартысында қазақ фольклорының этнографиялық
бағытта зерттелді. ХХғ. бас кезіндегі қазақ фольклоры жаййында
мәселелр көтеріліп, газет-журналдарда халық мұрасын жинау, зерттеу,
бағалау хақында пікірлер айтылды. (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М:Әуезов, С.Мұқанов т.б.)
30ж.ж. кеңестік дәуірдергі халық творчествосын зерттеу одақтық
көлемде қолға алына бастады. М.Әуезовтің «Қазақ халқының эпосы мен
фольклоры»(1939), С.Мұқановтың «Батырлар жыры» (1939),
Қ.Жұмалиевтің «Халық поэмалары» (1939), Ә.Марғұланның «Қазақ эпосын
тудырған мотивтер» (1939) т.б. еңбектері жарияланды. 40-50ж.ж.
қазақ фольклорының жанрларын монографиялық көлемде зерттеу қолға
алынды. 70-80ж.ж. қазақ фолклортану ғылымының үлкен белесті кезеңі
болды. Ғылымға Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов,
Б,Абылқасымов, Ш.Ыбыраев, Б.Адамбаев, Ә.Қоңыратбаев сынды ғалымдар
келді. Қазақ фольклорының поэтикасы, тарихилығы, эстеткиасы т.б.
өзекті мәселелер зерттеу нысанасына алынды.
29
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тұрмыс-салт жырлары, Мақал-мәтелдер меен жұмбақтар, лиро-эпостық жырлар, балалар фольклоры, жаңылтпаштар және нақыл сөздер жинағы.

шағым қалдыра аласыз