Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұсау кесу

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тұсау кесу» рәсімі

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Қазақтың салт – дәстүрі «Тұсау кесу» рәсімін түсіндіріп және ойын – сауық арқылы балалардың есте сақтау қабылетінін дамыту.

Тәрбиелік: Ұлттық тұрмыста, мәдениетте, мерекеге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу . Зал іші әсем безендірілген , күй ойнап тұр. Ұлттық заттардан көрме жасалған.

Жүргізуші:

Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ күні.

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп жаз жетіп, шаруа кенеледі. Қыс бойы ақ кебінін жамылып, өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жанды жансыздың тірілуі кімнің болса да көңіліне шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаздың жетуіне қазақтан артық тілектес, қазақтан артық қуанатын ел жоқ деуге сыяды.

(Күн мен түн ортаға шығады) Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер Теңелеміз бүгін.

Түн: Ал ертең күн ұзақ,

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып Жүрмеңдер тек жылап.

Ән: Наурыз.

Тақпақтар:

Серік.

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын,

Бүгінгі жыр әніміз.

Меіржан:

Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді Жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

Ұлжан:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Жігер:

Қыдыр ата келсін,

Жақсы тілек әкелсін.

Айзере:

Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Наурыз тойы бастайық.

Шұғыла.

Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қауышты,

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты.

Жүргізуші:

Мың бұралып билеген,

Аруды кім сүймеген.

Күміс көмей аруларға,

Кімдер басын имеген – дей отырып келесі кезекті қыздардың орындауындағы «Қамажай» биіне береміз.

Ойын: «Арқан тартыс – ұлттық ойын»

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойыны арқан тартыс арқылы қазақтың салт дәстүрін, әдет – ғұрпын, туған елге сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Ойынға ұлдар шығады, арқанның тең ортасын орамалмен орап белгіленген, ойынға қатысушылар тең екі топқа бөлінеді. Содан соң ойын басқарушының берген белгісінен кейін, екі топ тартысқа түседі.

Жүргізуші: Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.

Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,

Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,

Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.

Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болсын, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.

Бүгінгі күні Амантай әже өзінің немересі Аружанның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.

Амантай әже: Алғашқы немерем Аружан жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті әже, Орынбасар құрбыма немеремнің тұсауын кестіремін.

Ал, келін балам, кішкентай Аружанды ортаға әкеліп, Орынбасар әжесіне табыс ет.

(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)

Келін бала:

(баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)

Тәй-тәй балам, тәй балам,

Қаз-қаз тұрып талпындың,

Қуантасың, күлесің.

Аман болсаң аз-ақ күнде

Алшаң басып жүресің.

Орынбасар:

Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа.

Бөпеміз қаз тұрыпты,

Алға қадам басуға,

Тәй-тәй болып жүріпті,

Асулардан асуға.

Маған тұсау кестіріп,

Жатқандардан бұйрық сол;

Мені жүйрік депті жұрт

Менен асқан жүйрік бол.

(Орынбасар әже қолына ала жіпті алып жатып)

Ала жіппен тұсайын

Аружанның аяғын

Тұсау жібін кесейін

Жасап баба ырымын.

Сағат сайын есейіп,

Шапқыласын құлыным

Аяқтары талмасын

Айналайын, алтыным.

(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)

(Екі келін)Қаз-қаз бала, қаз балам.

Қадам бассаң мәз болам.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Алға қарай баса бер,

Асулардан аса бер.

(Аружанды жетектеп жүргізеді.)

( Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)

Амантай әжемнің немересінің «Тұсау кесер» тойының құрметіне «Ақсұңқар» тобының бүлдіршіндері ән-шашуын арнайды.

«Тұсау кесу» әні

Амантай әже:

Рақмет, айналайын, өркенің өссін. Саған да осындай той жұғысты болсын.

Жұмағалы Айзеремен Сүйіндік Шұғыланы «Қуыршағым» әнімен қарсы алыңдар.

Жүргізуші:-Міне керемет, жігіттер!

Арландай , тарландай, біздің жігіттер!

Би: «Жігіттер»

Амантай әже: Әкеліңдер ана сандықты ортаға «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған – тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін. Осы сый-сыяпатыма риза болыңдар, қадамдарыңа гүл бітсін.

Бата берілуі:

Құлыным үлкен жігіт болсын!

Ата – анасына қызық болсын

Жақсылармен қатар болсын,

Жамандармен қатар болсын,

Ата – дәстүр байлығын жалғастырар,

Берік бұтақ болсын.

Наурыздарың құтты болсын!

Ұлыс береке әкелсін

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын

Осы тойды қызықтаған

Баршаңызда той болсын.



МКҚК «Еркемай» балабақшасы









Бекітілді__________________

БShape1

Тұсау кесу рәсімі.

алабақша әдіскері: Темірова Н.









Орындаған: Түселбай М















Shape2





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.07.2018
421
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі