Темекі-депопуляцияға бастар жол
Әлемдік зерттеулер дерегі бойынша әлем халықтарының жетіден бір бөлігі темекі шегеді. 2013 жылғы статистика бойынша, бұл — жер тұрғындарының 18 пайызы. Оның ішінде қазақстандықтардың 25 пайызы шылым шегетінін ескерсек, елімізде жыл сайын 25 мың адам ұзақ жылдар шылым шегудің салдарынан туындайтын аурулардан көз жұмады екен. Әрбір үшінші тұрғыны темекіге тәуелді Қазақстанда әрбір оныншы адам созылмалы өкпе ауруларымен ауыратынын айтып, дәрігерлер дабыл қағуда. Егер әлемде темекі шегетіндердің 82 пайызы өкпе дертіне шалдыққан десек, бұл дерт жер-жаһанда адам өлімінің төртінші себебі болып табылады. Дүние жүзі елдерінің әрқайсысында тұрғындарының 35-70 пайызы темекі тартады.[3]
ХХІ ғасырда қоғамның қалыпты көзқарасына ие болып,күнделікті өмірге енген, «түтін эпидемиясы» қыз-келіншектерді де соңынан ертті.
Қыздар неліктен темекіге құмарлық танытты? Неге темекіден бас тарта алмайды?Басты себептерінің бірі ретінде темекі ұстаған әйелдерді тартымды етіп көрсететін жарнамаларды кінәлайды. Ондай жарнамалар темекі шегуді тәуелсіздік, еркіндік,әсемдік символы сынды көрсетеді екен.Шылымқор әйелдердің ойынша, темекі сәнқойлардың әдеті. Бірақ,бұл да кереғар пікір. Кез келген ер азаматтан сұрасаң,темекі ұстаған әйелге сүйіспеншілікпен қарау мүмкін емес дейді.Оларға түтін сасыған қыздардан гөрі, жұпар аңқыған қыздар ұнайтынын қоғамнан да аңғаруға болады. .
Екіншіден, халық арасында «темекі салмақ тастаудың жолы , темекі шеккендер салмақ қоспайды,тастап кетсең семіріп кетесің» деген қауесеттің тарауы.Бірақ мұны кім айтты?Қалталары жұқарып қалмас үшін айтылған өндірушілердің жалған сөзі. Ал, егер де қыздар темекі шегуден салмақ тастайтын болса, ол темекінің құрамындағы наркотикалық заттардың зат алмасу, жүйке ,тыныс алу жүйесінің қызметін бұзғанын білдіреді.
Неге қыздар темекіге әуес деген сұраққа «Бәрі де темекі шегеді ғой,содан өлген адамды көрмедім» деген жауап алдық.Өзгелерге қарап еліктеуі басым, өзінің жеке пікірі жоқ адамдар көпшіліктің арбауына еріп кетеді.Әрі бұл әдетті қалыпты, дұрыс санайды. Қазақтар атадан туған төртінші ұрпағын «шөпшек» деп атаған. Ата-бабалардың қазіргі ұрпағы шөпке тәуелді,ынтық болатынын болжағандай.
Иа,темекі шеккен бойда адам өлмейді. Өйткені , бір талының құрамындағы никотин дозасы 6-7 милиграммнан біртіндеп қабылданады . Адам өмірі үшін қауіпті доза 50-100 милиграмм. Бірақ күнделікті 20-25 темекіні шеккен адам ағзасына аса қауіпті дозада никотин жиналады. (7 секундта миға жетеді).Жылдар бойы темекі шегетін жандарда килограмдап никотин жинақталады.Ол адам өмірін 7-10 жылға қысқартады.[2]
«Темекі» деген ауру жоқ,бірақ темекі тудыратын ауру көп. Мәселен, елімізде тыныс алу жолдарының ісігі-ең көп кездесетін сырқат. Қазақстанда бірінші кезекте өлім көрсеткіші бойынша , жүрек-қантамыры аурулары тұр. Темекі жүрек ауруларына түрткі болып,қоздырушылардың бірі болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстанда темекінің әйелдерге арналған маркасы екі есе көп өндіріледі екен. Әйелдер ер кісілерге қарағанда темекіні тастай алмайды.Жай байқап көру мақсатымен бастаған 100% қыздардың 80% тәуелділікке ұшырайды екен. Себебі,нәзік жандылардың ағзасының жаратылыс ерекшеліктеріне байланысты.Екінші жағынан қарасақ,ол сұраныстың көбейгендігі шылымқор қыздардың санының артқанының дәлелі.Темекіні ұзын, арық етіп сәндеуі де әйелдерді еліктірудің бір түрі.
Осыдан бір ғасыр бұрын бұл әдеттің әлеуметтік әлекке айналатындығын кім ойлаған?Елімізде 2001 жылы 7.5 пайыз , 2010 жылы 9.3 пайыз әйел темекінің құрбанына айналған. Бұл көрсеткіш жылдан жылға көбеюде. Алаңдатарлығы, бойжеткендер 12 жасынан бастап темекіге әуестенеді.Ең көп қолданушылар репродуктивті 18-19 жастағы қыздар. Олар темекіге тәуелді әйелдер қауымының 20 % құрайды.[4]
Қыздардың темекі шегуі -депопуляцияға бастар жол. Соңғы ғылыми жаңалықтарға сүйенсек, шылымқор қыз келіншектердің 42% бала сүю бақытынан айырылады екен.Себебі, әрбір шеккен темекінің түтініндегі улы заттар жұмыртқа жасушасында жиналып,өзін-өзі жою процессінің басталуына ықпал етеді.[5]
Сондай ақ , әйел ағзасына қажетті гормондардың бөлінуін тежеп, жұмыртқа жасушасының пісіп жетілуін және олардың жатыр түтігі арқылы қозғалысын қиындатады. Соның салдарынан ұрықтану мүмкіндігі 30 %- ға азаяды. Зерттеулер нәтижесінде бедеуліктің 13% темекі шегудің салдарынан болатындығы анықталды.[5]
Жүкті болған күннің өзінде де көп жағдайда темекі шегетін жүкті әйел өзін «қуаныш,рахаттану» сезімдерінен айырмас үшін , темекіні тастамайды. Сол арқылы олар өздерін және ішіндегі балаларын «таза ауамен» тыныс алу рахатынан айырады.Темекі шегу барысында плацентаның қан тамырлары спазмға ұшырайды да,балаға оттек жетіспей тұншығады. Ұзаққа созылмайтын қуаныштарына кей дәрігерлер «өлім қуанышы» деп баға берген болатын .Әр шегілген темекі қорапшасының ақысы- өмірдің 14 минуты..
Ұзақ уақыт темекі шегетін әйелдердің ішкі ағзаларының жұмысында өрескел бұзылыстар дамиды. Әсіресе, жыныс мүшелері зақымдалады: етеккір циклы бұзылады, созылмалы аурулар , жүктілік кезінде жатырдан қан кету қаупі де туындайды. Сондай ақ, ұрықжолдастың дұрыс емес бекуі мен ажырауы, ұрық қабының ерте жарылуы , түсік, ерте және кеш токсикоз , уақытынан ерте босану және сәбидің 25-30 % ға өлі туылу қауіпін жоғарылатады.[1]
Ұрық пен ана ағзасы ұрықжолдас (плацента) арқылы байланысады. Ұрық сол байланыс арқылы дамуына қажетті қоректік заттарды, оттекті қабылдаса,плацента ұрықты зақымдауы мүмкін заттардан қорғайды. Алайда, темекінің құрамындағы никотин, иіс газы, полоний секілді зиянды заттар плацента кедергісінен өтіп, ұрықтың қанына түсіп,бүкіл денесіне таралады.Ол өз кезегінде, баланың өлі туылуына әкеледі. Зерттеулердің нәтижесінде, никотин 5 минут ішінде ұрықтың қанына түсетіндігі дәлелденді. Егер :
-
алғашқы 2-3 аптада жүкті әйел темекі шексе, баланың орталық жүйке жүйесі ,
-
4-5 аптада жүрек қантамырлар жүйесі;
-
Келесі апталарда жүйке жүйесімен бірге,басқа да ішкі ағзалары зақымдалады.[1]
Кез келген қыздың арманы- балалы болып,ана атану.Анасының жүкті кезінде де темекіге әуестігінен бала атеросклероз дамуына бейім,жүрек ұстамасы бар, жүйке жүйесі бұзылған, тыныс алу жолдарында көптеген ақаулықтарымен,дамымай туылуы мүмкін т.б. бұл тізім жалғаса береді.
Қоғамның бөлігіне айналған бұл тәуелділіктің зардабы мол. Өкініштісі, одан азап шегетін бейкүнә, пассивті темекі шегуші-құрсақтағы бала. Француз жазушысы,Ромен Ролланның ойынша, сау болғысы келетін адамның бірінші міндеті -өзінің айналасындағы ауаны тазарту. Бірақ әлі дүниеге келмеген баланың айналасы көк түтінге оранып,у анасының өне бойынан берілсе, қалай сау болып туады деген сұрақ туындайды. Сөйтсе де, олардың жарқын өмірге толыққанды құқықтары бар ғой.
Әрбір қыз-болашақ ана. Ана бір қолымен бесікті,бір қолымен әлемді тербетеді.Бірақ темекі теңбіліне түскен бойжеткендер болашақта темекі мен мүгедектер арбасын тербетпесе екен.
Демек, темекі-адамзаттың жауы.Ол туралы ,тіпті, Шекспир де : « Адамдар өз аузына дұшпанын кіргізіп,миын жаулатады» деген . Күніне 5 миллион адам ажал құшатын темекіден,күніне қанша құрсақтағы бала тұншығады? Адамдар неге темекі шегеді?Бұл сұраққа әр адам жауап беруі керек...
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
«Не кури , мама!» С. М. Гавалов, А. Е. Демченко, с.58, Новосибирск Кн. изд-во 1989
-
I-news.kz « Үрейлі суреттер үркіте ала ма?» Айгүл Байменова
-
www.nomad.su ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН
РЕЗЮМЕ
1 . Бұл мақала қоғам өмірінің бір бөлігіне айналған темекі туралы. Дәлірек айтқанда, қыздар не себептен көк түтінді таңдайды,оның болашақ анаға және құрсақтағы балаға зияны жөнінде.
2. Почему девушки выбирают табак?Как влияет табачный дым на организм будущей матери?Как влияет курение на плод? Данная статья о вреде курения даст вам ответы на эти и многие другие вопросы.
3.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тұтанған темекі үстіндегі тағдыр атты мақала және

шағым қалдыра аласыз