Материалдар / Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқай
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқай

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
1366
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ

19 Төле би атындағы жалпы орта мектебі







Ғ Ы Л Ы М И М А Қ А Л А



Тақырыбы: Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқай



Бағыты: . Тарих







Авторы:Нарматов. Илхомжон. Суннаттулаевич











Түркістан




Аннотация


Мұстафа Шоқай – тәуелсіздік жаршысы атты ғылыми жобада арманы асқақ жандардың бірі өмірі жұмбаққа толы,бүгінгі ұрпақ біле бермейтін қалтарысы мен құпиясы көп аса көрнекті тұлға жайында көптеген тұшымды да толыққанды мәліметтер келтірілген.

Жас зерттеуші жобада ғылыми деректермен таныса отырып,өзіндік ұсынысын-пікірлерін айтады.Жобада жас зерттеуші оқулықтардан, газет материалдарынан,ауыл тұрғындарымен сұхбаттаса отырып,Мұстафаның неміс басқыншыларына қызмететпегенін дәлелдегісі келеді.

Бұл ғылыми жобада қазақ халқының жалпы түркі тектес мұсылмандар қауымының теңдігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен асқақ мұратты азамат екендігін ашуға тырысқан.


Аннотация


В научном исследовании «Мустафа Шокай — вестник независимости» приведены сведения о человеке с высокими идеалами и мечтами, чьё имя известно нынешнему поколению, о видном деятеле современности.Также были опубликованы сведения о неизвестных и загадочных сторонах жизни борца.

Знакомя с приведёнными сведениями, юный исследователь выражает свою точку зрения.В процессе работы исследователем было прочитано много научных книг, газетных материалов, были проведены встречи с людьми, которые были знакомы с Мустафой Шокаем.Все эти полученные сведения опровергли мнения, что Мустафа Шокай был в тесном контакте с немецкими завоевателями.

В научном исследовании ученица сумела раскрыть личность человека, который был борцом за независимость и равноправие казахского народа,всего тюркского общества, в том числе и мусульманского.



Аннотация


This science work called Mustafa Shokhay is a messenger of independence. This science work will educate us about Mustafa Shokhay’s secret life and we will know which we didn’t know secret of hiz life.

The young researcher will introceus about her researching of books and newspaper materials and her talking about villege people about Mustafa Shokhay’s life and his work.

With these news we will prove Mustafa Shokhay didn’t be a German fascist.

Kazakh’s independence which have taken with Mustafa Shokhay. And we have known Mustafa Shokhay is a hero for Kazakh Independence.










Жоспар



1. Мұстафа Шоқай өмірі мен қызметі.

2. Алашорда және Қоқан автономиясы.

3. Түркістан өлкесі мұсылмандарының ІV төтенше өлкелік сьезі





Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқай


  1. Мұстафа Шоқай өмірі мен қызметі.


Мұстафа Шоқай – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан,түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың, екінші жағынан “батысшылдар” демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.

1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты баспасөз бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Оған сол кезде империя астанасындағы 31 өзбек, татар, башқұрт, қазақ студенттері қол қояды. Мұның өзі Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді. Түркі халықтары тарапынан сөйлейтін бүркеншік діни құрылымдар мен басылымдарды ұйымдастыру арқылы патша өкі­метінің ұлт-азаттық қозғалысын іштен бүлдіруге бағытталған арандатушылық саясатының қауіптілігін жете түсінуі, ол жөнінде өз пікірін ашық білдіруі, М.Шоқайдың саяси ұйымының қалыптасып, шыңдала түскендігінің куәсі еді.

Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан  және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты  комиссия  құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты  Түркістан  мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы  Алаш  қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы  құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы сиезде «Шора-и-ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші сиезде Алашорда үкіметі – Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын  Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады.

2. Алашорда және Қоқан автономиясы.

Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей Федеративтік мемлекеті құрамында құрылған автономиялық мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі  жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте  өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты  Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің  құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін  Түркістан автономиясы  деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесімен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұратын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съез і сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік " еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітгі. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі басқару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып  Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары  болып  заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы  Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.


  1. Түркістан өлкесі мұсылмандарының ІV төтенше өлкелік сьезі


Түркістан аймағы үшін осы ерекше жиын - 1917 жылы 26 қараша күні Қоқанға шақырылған өлке мұсылмандарының IV төтенше құрылтайы еді. Аталған  құрылтай  26-27 қараша аралығында өтті (жаңаша ресейлік жыл сана у бойынша 9-10 желтоқсан). Бұған Сырдария, Закаспий, Самарқан, ФерганаЖетісу  облыстарынан 200-ден аса делегат  қатысты. Олардың ұлттық құрамы да айрықша: қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, әзірбайжан, тәжік, орыс, украин, поляк, еврей т.б. Бұл оның халық деген ұғымды Түркістанның тарихи тағдырымен байланыста қарағанын көрсетеді.

Осы жиын делегаттары 27 қараша күні «Түркістан территориялық автономиясын» жақтап, дауыс берді. Өз атымен айтсақ - Түркістан  мұхтарияты. Аталған IV құрылтай Түркістан автономиясының немесе Түркістан  мұхтариятының «Халық кеңесін» (мұны бүгінгі парламентпен салыстыруға болады) сайлады. Оған 36 түркістандық (Түркістанның жергілікті халқынан шыққандар) және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Халық кеңесінің төрағалығына - Серәлі Лапин, кеңес басшылығы құрамына Мұстафа ШоқайУбайдулла ХожаевМахмұтқожа Бехбуди сайланады.

Түркістан автономиясының Халық кеңесі үкімет жасақтауды қолға алды. Мұны олар «уақытша үкімет»  деп белгіледі. Сонымен Түркістан   үкіметінің мүшелері мына тұлғалар: Мұхаметжан Тынышбайұлы - Үкімет төрағасы және ішкі істер министрі; Мұстафа Шоқай - Ұлттық кеңес төрағасы және сыртқы істер министрі; Шаһислам Шахиахметов  Үкімет төрағасының орынбасары және қаржы министрі;Әбдірахман Оразайұлы – кейінгі ішкі істер министрі; Үбайдулла Хожаев – әскери істер министрі; Насырхан төре - халық ағарту министрі; Мірәділ Мырзахметов - әлеуметтік істер министрі; Хидаятбек Юрғули Ағаев – ауыл шаруашылығы министрі; Әбитжан Махмұт- азық-түлік министрі; Саломон Гердфельд – азшылық ұлт өкілдерінің министрі. Осы кезде М.Шоқай бастаған зиялылар азшылық ұлт өкілдері көшбасшыларына ғасырлар бойы азаптанған  Түркістан  тағдырына және шөре-шөре болып қалған өз тағдырына ақыл көзімен қарауды сұрады. Осыған байланысты кейін бір еңбегінде Мұстафа 1917 жылы Петерборда болған бір пікірталасты есіне алыпты. Мәселе мынада екен, Уақытша үкімет Түркістанға жұмыс күшін апару жайын қарайды. Сонда түркістандықтар жағдайды ушықтырмау үшін алдағы 25 жылда өлкеге жұмысшыларды әкелуді сұраған. М.Шоқай ондай күш қажет болса, «орыстардың орнына татар мен башқұртты жіберу» мәселесін күн тәртібіне қояды...

Ал енді М.Шоқай түркістандықтардан тек жақсылық көрді деу де ақылға сыйымсыз. «Бірлік туы» газетіне 1918 жылы 18 наурызда жарияланған «тау арасынан» жасырын жолданған әйгілі хатында оны Гаухана, Маймүбәрак, Құмбаста сарттары қалай өлтіре жаздағаны жазылған. Түркістан автономиясын  қырған большевиктік қара күш пен жергілікті бағдарсыз оспадар күштің айырмасы шамалы еді.




















Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Академик Досмұхамед Кішібеков, доцент Тимур Кішібеков «Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, қазақ тарихының ақтаңдақ беттері» http://www.alash.kz

  2. Амантай Кәкен «Түркістан» газеті», №16 (978), 25 сәуір, 2013 жыл,
    «Ақиқат жаршысы», http://www.turkystan.kz

  3. «Жас Алаш» газеті, 20 қыркүйек, 2000 жыл, «Мұстафа – Бей Шоқайұлы кеш бізді»

  4. Тарихи тұлғалар. Танымдық көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Алматы. «Алматыкітап» ЖШС, 2006. – МұстафаШоқай- 68-69-бет






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!