2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «Тұтықпа және оны түзету тәсілдері»

«Тұтықпа және оны түзету тәсілдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік құрал
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады





















«Тұтықпа және оны түзету тәсілдері»



Әдістемелік құрал































































«Тұтықпа және оны түзету тәсілдері»



Әдістемелік құрал

















































ӘОЖ № 37.016:81234(072)







Құрастырушылар:

Мусабаева М.Т. – Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік

кабинеті инклюзивті білім беру әдіскері

Абдуразакова Қ.А. - №89 мектеп-лицей логопед-маманы

Сугирова Р. Е. - №89 мектеп-лицейінің дефектолог-маманы



Пікір айтушылар:

Турмаханова С.А. – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық

институты. Педагогикалық ғылым кандидаты

Имангалиева А.Т. – Естімейтін балалар мектеп-интернаты №2

дефектолог маманы









































Мазмұны



Кіріспе .................................................................................5-6

Тұтығудың пайда болу себептері......................................7

Тұтығудың белгілері...........................................................8

Диагностика.........................................................................10

Баланы тексеру картасы......................................................11

Түзету жұмыстарын жоспарлау.........................................13-14

Сөйлеудің қорғаныштықтық режимі................................15

Аутотренинг. Сөйлеу ережелері.........................................16

Релаксация.............................................................................17-20

Тұтығатындарға арналған логопедиялық масаж...............21-25

Нүктелі массаж......................................................................26-30

Артикуляциялық жаттығулар..............................................31-35

Тыныс алу жаттығулар.........................................................36-38

Стрельникованың пародоксалдық тыныс алу әдісі...........39-41

Логоритмикалық жаттығулар................................................42

Ұсақ моториканы дамытатын жаттығулар..........................43

Ситуациялық сөз....................................................................44-46

Ата-аналардың біліктілігін арттыру.....................................47-49

Мұғалімдердің түзету жұмыстарында қатысуы..................50

Тұтығатын балалармен жүргізілетін

жұмыстың жобалық жоспары(1-4сынып).........................51-53

Қортынды.................................................................................54

Қолданылған әдебиеттер........................................................55






















Кіріспе

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  қалыптастырады.

Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың  13 желтоқсанында енгізілді.Инклюзивті білім берудін мазмұны: Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:

жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары:

ерекше қажеттіліктері бар балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары ерекше қажеттіліктері бар балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.





Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық-медицина-педагогикалық кеңестің қортындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік білім жалпы беретін мектептерде тегін оқуға құқылы деп шешілген.

Атап айтсақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.

Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі –еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.

Инклюзивті білім беру үдірісті жүзеге асыру үшін мектепте балаға психологиялық- педогогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет екенін түсініп, өзіміз соны істе асыруымыз қажет.

Инклюзивті білім беру үдірісін жүзеге асыру кезеніңде «Тұтықпа және оңы түзету тәсілдері» атты әдістемелік құрал дайындалған. Педагог-мамандарына көмек ретінде тұтығу диагнозы бар балаларменен дұрыс жұмыс жүргізуі, ата-анаға кенес беру, баламен жұмыс жасай отырып оны анықтау, түзету тәсілдері, жұмыс жоспары, сабақ жоспары дұрыс жүргізуі әдістемелік құралда көрсетілген.









































Тұтығу-сөйлеу кемістігінің ішіндегі ауыр түрі. Ол баланың психологиясын жарақаттайды, дұрыс өсіп келе жатқан тәрбие процесін тоқтатады, сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, айналасымен әсіресе балалар арасындағы қарым-қатынасын қиындатады.

Тұтығу – сөйлеу аппараты еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болған сөйлеу ырғағы мен жылдамдылығының бұзылуы.

Балалардағы тұтығудың таралуы.

XIX ғасыр аяғында психиатр И.А.Сикорский алғаш рет тұтығудың 2 мен 5 жастағы балалардың арасындағы жиі кездесетіндігін анықтап, осыған байланысты оны «бала ауруы» деп атады.

Ресей және шетел ғалымдарының мәліметтері бойынша жалпы балалардың 2% тұтығады.

Тұтығудың пайда болу себептері.

Тұтықпаның себептері екі топқа бөлінеді: бейімдеуші және қоздырушы.

Бейімдеуші себептерге баланың нерв жүйесін әлсіретіп, оның жұмысының бұзылуына әкеліп соғатын жағдайлар жатады:

-құрсақта жатқанда , туу кезіндегі зақымданулар, инфекциялық аурулар;

-тұқым қуалаушылық яғни ата-аналарының жүйке жүйесінің әлсіздігі.

Қоздырушы себептер: күшті жүйке күйзелісін тудыратын кенеттен психикалық зақымданулар, тәрбиелеу тәсілдерін дұрыс қолданбау, сөйлеу ортасының жағымсыздығы, сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеуі.Басты себептері болып күйзеліске алып келетін факторлардың ықпалы табылады, және бұл ұл балалар үшін ерекше қауіпті , сондықтан тұтығып сөйлейтін ұл балалар қыздарға қарағанда әлдеқайда көп кездеседі. Мұның механизмі әліде түсініксіз. Қыздардың моторлық функциялары: жүру, сөйлеу, ұсақ моторикасы ұлдарға қарағанда тезірек қалыптасады деп болжамдайды. Бәлкім, соған байланысты қыздардың сөйлеу қимыл механизмдері зияндықтарға төтеп беру қабілеті жоғары экзогенді болуы мүмкін.

Тұтықпаның пайда болуына ықпал ететін көптеген факторларды атауға болады, әдетте тұтықпа бір емес бірнеше факторлардың қосылып келуінен пайда болады.

Балада тұтықпа 2-5 жас аралығында пайда болады.Өйткені осы кезде балада сөйлеу әрекеті қалыптасады. Балаларды шамадан тыс тапсырмалар- мен қинамау қажет.Осы кезде бала өзін «тұлға» ретінде сезіне бастайды.Ата-аналар бұны ескермей, оған қысым жасайды, айқайлайды,жазалайды. Бұның барлығы балада күйзеліске алып келіп, нәтижесінде жүйке жүйесі әлсіз балада тұтықпа пайда болуы мүмкін.

Балалар өзіне қарап үлкендердің айтылған сөздерін белсенді қабылдайды, сондықтан балаға қоршаған ортаның сөйлеу әрекетінің әсері үлкен.Сөйлеу қарым-қатынасы мағыналы болып, жағымды эмоционалды фонда жүргізілу қажет.

Жағымсыз ортада-

-бала тұйық,басқалармен араласпайтын болады;

-балада жағымсыз эмоциялар қалыптасады;

-шулы орта балада күйгелектілік, қызбалыққа алып келеді.

Кейбір балаларда тұтығу қатты қорқып, шошынып мүлдем сөйлей алмай қалғандықтан басталады. Бала бірнеше күн мүлдем сөйлемей, сосын тұтығып сөйлей бастайды.

Кейбір балаларда тұтығуы басында білінер-білінбес болып, уақыт өткен сайын күшейіп барады.

Көп тараған себептердің бірі олар үшін әлі келмейтін сөйлеу жүктемесі (қиын сөздер мен түсініксіз сөздерді қайталау, көлемі үлкен, мазмұны ауыр өлеңдер, баланың жасы мен дамуына сәйкес келмейтін әңгімелер мен ережелерді есте сақтау) болып табылады.Мұндай жағдайда баланың жүйке жүйесіне шамадан тыс салмақ түсіру және сөздерді қиындықпен айтылуы қосылып сөйлеуінің тосыннан тоқталуына немесе дыбыстар мен буындарды қайталауына әкеп соғады.Одан балаларда солай болуы керек деген сенімділік пайда болады.Патологиялық тітіркеніштік жасалады (өзін-өзі сендіру, фиксация).

Сөйлеу тез және тосыннан болғандықтан да тұтығу болуы мүмкін: бала өз ойын тез жеткізуге асығады, сөйтіп кейбір дыбыстарды кідіріп қалады да тұтығу басталады.

Жалпы сөйлеу тілі толық қалыптаспаған балаларда ойын айту үшін грамматикалық сөз тіркестері мен элементарлы сөздік қорының жетіспеушілігінен тұтығу жиі болады.

Тұтығудың белгілері.

Тұтықпаның негізгі белгісі – ауызша сөйлеу процессінде сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысуы. Тыртысу тек сөйлеу кезінде немесе сөйлей бастағанда байқалады.

Тыртысу негізгі екі түрге бөлінеді: тоникалық және клоникалық, сонымен қатар кейде аралас түрге де бөлінеді.Сөйлеудегі тоникалық тыртысу бірнеше топтағы бұлшық еттердің тонусының қатаюымен сипатталады.Тұтығушы сөйлеу кезінде тоқтап, бөгеліп қалады.Мысалы: қ---ала, м---ысық, к----ітап.

Тырысудың клоникалық түрі сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің біркелкі қайталанып қысқаруымен сипатталады.Мысалы: п-п-п-перде, с-с-с-сабын,м-м-м-маса. Көбінесе тұтықпада клоникалық және тоникалық түрлері бірдей байқалады.М-м-мен д----үкенге б-б-б-барамын.Тырысудың клоникалық түрі сөйлеу аппаратының барлық бөлімдерінде артикуляциялық, дауыс шығару және тыныс алу мүшелерінің бұлшық еттерінде кездесуі мүмкін,.тұтықпаның асқындаған түрінде тыртысудың аралас түрлері жиі кездесуі мүмкін, дауыс шығару аппаратында тыртысу көбінесе дауысты дыбысты айту кезінде байқалады.Дауыс шығару аппаратының тырысуының негізгі үш түрі кездеседі.

Қабысып тыртысу сөйлей бастағанда немесе сөйлеудің ортасында пайда болады да кенеттен дауыс беру тоқталады.Тыртысудың бұл түрінің негізгі белгісі дыбыстың мүлдем болмауы болып табылады. Ұзаққа созылған тыртысуда тұтығушының бет әлпеті қимылсыз, зорланып көрінеді.

Вокальдық тыртысу әдетте сөйлеу процесінде дауысты дыбыстарды айту негізінде пайда болады.Вокальдық тыртысу көмекей аумағында оқшауланып, мойын бұлшық еттеріне таралуы мүмкін және дауыс шығару аппаратынан барлық бұлшық еттерінің іс-әрекеті бұзылу мүмкін кейде вокальдық тыртысу біткенше артикуляторлық қимылдар толықтай тоқтауы байқалады.

Артикуляциялық тыртысу беттік, тілдік және жұмсақ таңдайлық деп бөлінеді.Беттік тырысуларда еріннің қабысқан тыртысуы тұтықпада жиі кездесетін түрінің бірі.Ауыздың айналма бұлшық еттерінің тыртысуы салдарынан, еріндер қатты қабысады.Тыртысудың бұл түрінде еріндік дыбыстардың айтылуы бұзылады (п,б,м,в,ф).Жоғарғы еріндік тыртысу сирек кездеседі.Тілдің тыртысуының бірнеше түрлері болады.Ең жиі кездесетің түрінің бірі тілдің ұшының тыртысуы.Тілдің ұшы қатайып қатты таңдайға тіреледі, соның салдарынан артикуляция тоқтатылады.

Тұтығу күшейіп ауыр түріне айнала бастаған кезде ілеспелі жалғас қимылдар байқалады. Ілеспелі жалғас қимылдар - сөйлеу кезінде бетте, мойында, денеде дірілдеп тырысу құбылыстары пайда болады.Ілеспелі қимылдар ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді. Тұтыққан адам сөйлеуін жеңілдету үшін сөйлеуін еліктеу сөздерінен бастайды (ну,енді, былай...).Мұндай құбылыс эмболофразия деп аталады.

Тұтығуға тән белгілердің бірі – сөйлеу алдындағы қорқыныш, үрейлену. Тұтыққан адамда ойын жеткізу үшін қиын сөздерді немесе дыбыстарды айтар кезінде үрей пайда болады.Бұл құбылыс логофобия деп аталады.

Тұтығудың барлық түрлері тұрақсыз болып, өзгере береді. Тұтығудың түрі де ауысып отырады: бірде дыбыстар мен буындар қайталана береді, бірде аяқастынан тоқтап қалады.

Кейбір тұтығатын балаларда дене қимылдары (моторика) бұзылады. Тұтығатын балаларда жүріс тұрысындағы ыңғайсыздық, епсіздік, қозғалысындағы нашар үйлесімділік байқалады.Тұтығудың психологиялық белгілеріне балалардың өз кемістігіне назар аударуы жатады.Осыған байланысты тұтығатын балаларды 3 топқа бөлуге болады-

1 топ - ақауын ескермейді, көңіл бөлмейді;

2топ – ұстамдылықпен қарайды;

3топ – ашық қайғырады.

Тұтығуды 3 дәрежеге ажыратады: жеңіл, орташа және ауыр түрі болып:

Жеңіл- тез сөйлегенде немесе толғанып сөйлеген кезде ғана;

Орташа-бала өзіне таныс ортада жеңіл сөйлеп аз тұтығады;

Ауыр-бала барлық сөйлеу түрінде тұтығады, ылғи ілеспелі қимыл-қозғалыстар байқалады.



Диагностика.

Тұтығатын баланы зерттеу екі кезеннен тұрады:

1.Ата-анасымен сұхбат.

2,Баланы тексеру.

1.Ата-анасымен сұхбат.

1.Нешінші жүктілік,қалай өткен ( токсикоз, түсік түсу қаупі,ауырған аурулар, анасының жасы)

2.Туылуы (қалай өткен, мерзімділігі, өзі туылдыма, кесарево арқылыма, туылғаннан кейін жыладыма, асфиксия болдыма( көк, ақ)

3.Баланың ерте физикалық дамуы ( қашаннан бастап басын ұстаған, отырған, жүрген)

4.Ерте сойлеу әрекеті (бірінші гуілдеуі, былдырлауы, сөздері, байланыстырып сөйлеуі)

5.Ауырған аурулар (инфекциялық, суық тию, жарақаттары,оталар)

6.Отбасы құрамы.

7.ата-анасының,туыстарының созылмалы аурулары:

а)алкоголизм

ә)жүйке аурулары

б)тұтығу.

8.Тұтығудың пайда болуының уақыты және себебі.

9.Сөйлеу әрекетінің қайсы кезеңінде тұтығу пайда болды.

10.Тұтығудың бірінші белгілерінің түрі:

-бірден сөйлеу кемістігінің ауыр түрі;

-біртіндеп күшейетін түрі.

11.Тұтығудың пайда болған кезінде баланың мінез-құлқында өзгеріс байқалдыма.

12.Тұтығудың жиілігі .

13.Бала алдын ем қабылдадыма (қай жерде, қашан, нәтижесі)

14.Қандай жағдайларда тұтығуы күшейе түседі.

15.Отбасыда баланың кемістігіне деген көзқарас.

16.Отбасы мүшелерінің сөйлеу әрекеті ( түсініктілігі, қарқыны,сауаттылығы).

17.Баланың мінез-құлқы (ақкөңіл, белсенді,көпшіл;енжар,тұйық;батыл, ұстамды, мақсатты;қорқақ, ұяң, тұрақсыз)

18.Баланың өзінің кемшілігіне деген көзқарасы (сыншыл,немқұрайлы)

19. Сөйлеу алдындағы үрей.

20.Ілеспелі іс-қимылдар.

26 Қырқүйек 2023
403
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі