Тұтықпаны түзетудің тиімді тәсілдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұтықпаны түзетудің тиімді тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектолог, тұтықпа, кекештену мәселесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұтықпаны түзетудің тиімді тәсілдері

Елемесова Перизат Гайратовна

Қазығұрт ауданы, Заңғар жалпы орта білім беретін мектеп дефектологы

Perizatelemesova9@gmail.com



Тұтығу – сөйлеу барысында адамдардың сөздерді буынға бөліп, үзік -үзік айтуы. Тіл кемістігі салдарынан тұтық адам – өз ойын жеткізу барысында қиналып сөйлейді. Сөйлеу мүшелерінің бұлшықеттерінің тарылу салдарынан ырғақ пен жылдамдық бұзылып, тіл кемістігіне әкеліп соғады. Тұтығу процесі сөйлеу барысында сөздердің басында да, ортасында, аяғында да болуы мүмкін. Кейде бір тіркеске келіп, тоқтап қалатын жандар болады. Бұл жағдайда, баланы қинап, одан әрі сөйлеуге мәжбүрлемеген жөн.

Менің жұмысым тікелей осы салаға байланысты болғандықтан, тіл кемістігінің пайда болуының бірнеше себептеріне тоқталып өтсем деймін. Көбіне, бұл жүйке жүйесі әлсіз, белгілі бір сырқатқа душар болған балаларда пайда болуы мүмкін. Зорлық – зомбылықтың құрбаны болған, қысым көрген адамдар да тұтығуға тап болуы ғажап емес. Тілі енді шығып келе жатқан бүлдіршіндер отбасында ұрыс – жанжалдың куәгері болып, іштен тынып, жүйкесіне әсер еткен жағдайда, сөйлеу барысында кекештеніп, тұтығып қалуы мүмкін. Қорқу салдарынан тіл кемістігінің болуына бір мысал келтіріп өтейін. Мысалы, бір топ бала сабақтан қайтып келе жатып, бір сүзеген бұқаға тап болды делік. Шабуыл жасауға ұмтылған жануардан қатты қорыққан балалар қашып құтылса да, сол он баланың ішіндегі біреуі тұтықпа ауруына шалдығуы мүмкін. Бұл оның жүйкесінің әлсіздігімен тікелей байланысты. Оған қорқудың өзі жеткілікті болған. Сол себепті ана – анларға айтар кеңесім, бала кішкентай кезінде тіл алмаған сәтте, өзге бір дыбыстармен, «бүжай келе жатыр», «біреу қарап тұр», «ананы қара» деген секілді әдістерді қолданбаған жөн. Және сөйлеу барысында сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру қажет.

Оған қоса, тұтыға сөйлеу, баланың енді сөйлей бастағанда бірнеше тілді қатар меңгеруі әсерінен де орын алуы мүмкін. Отбасы мүшелерінің аралас тілде сөйлеуі, теледидар, ғаламтордан түрлі дыбыстардың біте қайнаса берілуі салдарынан, миға көп ақпарат түсіп, өз ойын жеткізу барысында кедргілерге тап болуы мүмкін.

Сонымен қатар, көбіне әке – шешесі тұтығып сөйлеген балалар да бұл кеселге жақын болуы мүмкін. Бұл туа бітті пайда болмайды, дегенмен, сөзді есту қабілеті, оны қабылдау және еліктеу салдарынан дағдыға айналып кетуі мүмкін.

Дефектолог маманы ретінде – тұтығу сырқаты бар балалармен жұмыс жасау барысында, көбіне мен дұрыс тыныс алу, буынға бөліп сөйлеу, ырғақты сөйлеу тәсілдерін қолданамын. Себебі, тұтыға сөйлеу барысында дұрыс тыныс алудың маңызы зор. Бала шапшаң сөйлеймін деп тұтығуы да мүмкін. Сол себепті ақауы бар балалармен көбірек жаттығулар жасағанды жөн көремін. Сөздерді асықпай, буынға бөліп айту, ырғаққа мән беру дағдыларын қалыптастырып, бұл уақыт өте өзінің нәтижесін береді. Көбіне тұтығу кеселіне ұшығараған балалар қоғамда, көпшілік алдында қысылып, біреу мазақ етеді деген түсінікпен, айналаға күдікпен қарайды. Нәтижесінде бұлшықеттері жиі – жиі тартылып, тұтығу асқына береді. Бұл олардың бойындағы сенімсіздік пен ашушаңдықты тудырып, өздерін кем санауға итермелейді. Сол себепті мен тек физикалық жаттығулармен шектеліп қана қоймай, олардың жеке басының қадірін, тұлғалық қасиеттерін айтып, өздерін қоғамның бүтін бөлшегі ретінде қарауға итермелеймін. «Баланың тұтықпаны түзетуге деген қызығушылығын ояту үшін, оны өзін еркін ұстап, тұтықпасына немқұрайлы қарайтын және керісінше тұтықпаны түзетуге бар ынтасын салған үлгі тұтарлықтай адамдар ортасымен араластыру қажет» А. Сикорский айтқандай, өздеріне деген сенімділіктің сезімін нығайту өте қажет екендігін айтқым келеді. Баланың ерік – жігерін ояту, оған қолдау көрсету, қамқор болу ата -ана тарапынан да, ұстаздар қауымемен де қатар жүргізілуі тиіс. Жасқаншақ балалар көпшілік алдында сөйлеуге ұялатындықтан, тұтығу процесі жиілейтіні рас. Сол себепті, «сөйлей алмай қалсам ше», «тұтықсам не істеймін», деген ойдан арылту қажет. Батылдық сезімін қалыптастыру басты мақсатым. Өзіне сенімді оқушылар – сөйлегенде де кекештенбей, ойын бүкпесіз жеткізуге дағдыланады. Сол себепті тұтығу байқалатын балалардың бұл кемістігін бетіне басып, қайта -қайта айта бермеген абзал.

Тұтығу – органикалық емес, функционалдық кесел болғандықтан, дәрігерлердің айтуынша оны емдеуге болады. Тек оған үлкен сенім мен шыдамдылық қажет. Дұрыс тыныс алуды дағдыландырып, баяу сөйлеуге тырысқан жөн. Сонда ғана тұтығуды жеңуге болады.

Тіл кемістігі бар балалармен талай жылдар бойы жұмыс жасап келе жатқан маман ретінде айтарым, баланың бойында қандай да бір тұтығу, кекештену процесі орын алса, оған бей – жай қарамағандарыңыз абзал. Дер кезінде маман көмегіне жүгініп, арнайы жаттығулар, тиісті шараларды қолға алу қажет. Еліміздің ертеңі, болашақтың іргесін қалайтын дені сау бүлдіршіндеріміз көп болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2021
565
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі