Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұзды қамырдан жануарлар жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар өнер мектемтеріндегі көркемсурет бөлімінің ұстаздарына және көркемсурет мектептерінің педагогтарына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Б.Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебі» КМҚК











Ашық сабақтың жоспары


Тақырыбы: Тұзды қамырдан жануарлар жасау













Педагог: Әсенова М.







2020-2021 оқу жылы



Педагог: Әсенова Мадина Маратқызы

Пәні: Кескіндеме

Сыныбы: Дайындық, 1сыныптар

Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Тұзды қамырдан жануарлар жасау»


Сабақтың мақсаты:


1. Білімділік: домалақтау, жабыстыру, жалпақтау, есу тәсілдерін қолдана отырып, мүсіндеуде саусақ қимыл-қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды әсемдікке, ұқыптылыққа дағдыландыру

3. Дамытушылық: пәнге деген қызығушылығын дамыту, қорытындылау және жүйелеуге зейінін қалыптастыру.


Сабақтың түрі: теориялық, практикалық.

Сабақтың әдісі: эскиздер, дайын бұйымдар.

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: тұзды қамыр, ұн, стакандағы су, кисточкалар, оқтаулар, пластикалық пышақтар, кептірілген дайын бұйым (балық), бояулар.


Сабақтың жоспары:

 І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІҮ.Практикалық жұмыс.

Ү.Сабақты бекіту.

ҮІ.Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІI. Сыныпты жинақтау


Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:

Сыныпты жабдықтап, оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыны журналға белгілеу. Құралдарын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үй жануарларын суреттеп келу.

Үй тапсырмасын тексеріп, тиісті бағаларын қоямын


III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Қысқаша жүйелеу, тұжырымдау:

Тұзды қамырдан бұйымдар жасау - қамырдан түрлі сыйлықтар және үй ішін сәндеп безендіруге арналған бұйымдар жасау өнері.

Тұзды қамыр соңғы жылдары мүсіндеу саласында ерекше орын алуда.

Тұзды қамырдың артықшылығы:

  • Қол жетімді

  • Созылмалы – серіппелі

  • Өңделуі жеңіл

  • Бұйымдар ұзақ уақыт сақталады


Қамырдан бұйымдар жасау - өте ежелгі дәстүр болғанымен, қазіргі заманда өз қолымен жасалған бұйым ретінде жоғары бағаланады.

Ежелгі мысыр халқы, гректер, рим тұрғындары тұзды қамырдан жасалған бұйымдарды діни үрдістерге пайдаланған. Германия мен Скандинавия елдерінде тұзды қамырдан діни мейрамдар кезінде түрлі гүл шоқтары мен гүл дөңгелектері терезе мен есік тұстарына ілінетін болған. Қытайда тұзды қамырдан қуыршақ театрлерінің марионеткалары жасалынады. Шығыс Еуропа елдерінде тұзды қамырдан жасалған көлемді картиналар сұранысқа ие. Славян халықтарында осындай картиналар боялмай, қыздырылғанда түсі өзгермеген түрі тартымды болып есептеледі.

Ертеде тұзды қамырдан дайындалған бұйымдар (ойыншықтар, адамдар, жан-жануарлар) тұмар ретінде пайдаланған. Ал, мұсылман халықтарында нәрестенің бесігіне көз тимесін, жаман күштерден қорғап тұрсын деп тұзды қамырдан пісірілген күлше нан ілінген және жастығының астына қойылған (ұйқысы тыныш болсын деп).


Ұн, тұз, су, бояулар туралы жұмбақтар жасыру

Өзі қызыл, бауырында бар

Жалғыз сызық

Бұған жұрттың

Бәрі де ынтық (бидай)

Өзі ащы, бірақ дәмді етер асты (тұз)

Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді. (су)


Тұзды қамыр дайындау үшін тұз, ұн, су қажет. Оны алдын ала дайындап қоюға болады, бірнеше күн тоңазытқышта сақтауға болады.

Тұзды қамырдың құрамы:

Ұн – 400 гр

Тұз – 200 гр

Су – 150 гр

Пва клей – 1 ас қасық


ІҮ.Практикалық жұмыс.


Іс-тәжірибеге кірісу алдында еңбек қауіпсіздігі ережесімен таныстыру:

  1. Баланың аяғы еденге табанымен толық тіреліп тұру қажет, өйткені басқа жағдайда қан айналымы дұрыс болмайды.

  2. Денені түзу не сәл еңкіш ұстау керек.

  3. басты сәл төмен түсіріп отыру

  4. қолдар үстелде шынтақтан белгілі бір бұрышпен бүгіліп денеден 10 см қашықтықта орналасу қажет

  5. шынтақты үстөлге қоюға болмайды

  6. көз бен жасалып жатқан бұйым ара қашықтығы 30 см- дей болу керек

  7. жұмыс барысында дене (корпус)жағдайын өгертіп отыру қажет (еңкейген жағдайдан түзу және керісінше)

  8. тұзды қамырдың үгітіндісін көзге түсуден сақтану

  9. Стек (пластикалық немесе ағаш кескіш) оң жақта болу керек. Стекті тек қамырды кесуге немесе ою салуға қолдану керек.

Балалар шаблон бойынша әр түрлі жануарларды жасайды.


Ү.Сабақты бекіту.

Оқушылардың жаңа сабақты түсінген сұрақ-жауап арқылы және демонстрациялау, яғни жасап жатқан жұмыстарын көрсету арқылы бекітеміз.


ҮІІ. Үйге тапсырма.

Үйден бір бұйым жасап келу.


ҮІІI. Сыныпты жинақтау









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.05.2021
653
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12