Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде
қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін
әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі
дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің
әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім,
мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу
жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген
жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса
қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де
шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы
балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ
емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш
аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі
қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған
күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас
достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын.
Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас
достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп
кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті
– жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше
сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас
түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі,
өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына
түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де
бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара
тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс
қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі
менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра
түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген
шағымда үнемі Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың
мына бір шумақтары ойыма оралады да
тұрады:
Қымбат маған елімнің бар даласы,
Балтық пенен Сахалиннің арасы.
Қайда болсам қиям оған жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ қабірді.
Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық
сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой
толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жеріне
деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма
алда тұрған үлкен сын – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген
мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің
қадірін біле жүрейік дегім келеді.
Менің туған
өлкем
«Өз елін
сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды» — деген Байронның
сөздерімен өз жұмысымды бастағым келіп отыр. Әркімге туған жері,
елі қымбат. Менің ойымша, адам баласы үшін туған өлкесінен артық еш
нәрсе жоқ. Себебі, бұл мен түгілі аялаған анамыз, қолпаштаған
әкеміз, туған - туыс, жора - жолдастың кіндігінен қан тамған туып
өскен жеріміз. Қасиетті осы жерде білім нәрін сусындаған мектебім,
балалық шағым өтіп жатқан ауылым бар. Егер менен сен не үшін туған
өлкеңді сүйесің деп сұраса, мен мүдірместен Мұқағали атамыз
айтқандай күн мен түнін, қыбырлаған жәндігіне дейін сүйемін дер
едім. Өйткені Шығыс Қазақстан облысы табиғаты — ең әдемі, көрікті,
сан қилы орманға толы, жусаны мен жуасы аңқыған, самал желі ескен
өлкем. Қыстағы қалың жамылғы қар көрпесі мен жазғы құлпырған шалғын
даласын құшағыма алар едім. Менің өлкем мен үшін ең ардақты, Бар
жылуын, махаббатын сусындатты. Менің жерім мен үшін қасиетті,
Бойыма күш — жігер нәр алдыртты. Мен әлі 6 - сынып оқысам да, алтын
ұя мектебімді аяқтап, үлкен өмірге жол ашатын біріңғай ұлттық
тестілеу сынынан өтуге қазірден дайындалу үстіндемін. Өйткені өз
Отанымды көркейтіп дамыту үшін барлығын жасағым келеді. Атақты
Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқанов, Мағжан Жұмабаев ағаларымыз сынды
ұлдарын жаратқан ұлы мекеннің мерейін ары қарай өсіргім келеді. Мен
– болашақ үлкен мамандық иесімін, өмір атты керуеннің бір
жолаушысымын. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір — керуен
қайда жетелесе – сонда жол
тартпақпын.
«Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та
бар қалан» деп қазақтың ақыны Абай атамыз айтпақшы, өмірден өз
орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете
барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген
сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып - өскен жерім туралы
толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Бәкір Тәжібаев
жырлаған мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады: Қайда жүрсем,
туған жерім, Сен есімнен шығармысың! Жастық дәурен құрған жерім,
Көз алдымда тұрармысың! Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен
жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде мол. Бұдан біз әр
халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін
байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ
бойына, санасына бала кезінен — ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған
жер жайлы мақал — мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан
көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей
жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді.
Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі
қымбат екендігі деп ойлаймын. Айпырай! Туған жер — ай! Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім. Кіндігімді байлаған қазығым –
ай Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, — деп ақиық ақынымыз М.
Мақатаев жырлағандай, оқушылар өздерінің кіндік кескен, туып —
өскен мекенін қастерлей, оның тыныс — тіршілігін, тарихын,
мәдениетін, экономикалық хал – ахуалын, зиялы қауымын, еңбек
ерлерін, асқар таудай ақсақалдарын, абзал аналарын мақтан ете
отырып, туған жердің болашағын бәрінен артық көруге хақылымыз.
Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат
емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын,
сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға
қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей
жарқырап, отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып
тұруы керек. Меніңше, әр қазақстандық өз елінің картасына көз
салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға
тиіс.