400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған жер-тұнған шежіре /баяндама/

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жеріміз Айнабұлақ ауылы туралы жазылған баяндамада Айнабұлақ ауылы киелі жер екендігі және тарихи мекен екендігі баяндалады. Айылдан түлеп ұшқан атақты адамдар олардың еліміздің әр түкпірінде Отанымыздың гүлденуі барысында қаншалықты тер төгіп жатқандығы жайында айтылады. Әр адам Отанды жақсы көруді-өзінің отбасынан ,Кіші Отаны ауылынан бастау керек деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алматы облысы

Көксу ауданы

«№12 орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Юнусова Гулзира Смагуловна


Туған жер-тұнған шежіре


Отан –адамның туып –өскен жері,атамекені,ел-жұрты,табиғат байлықтары,халқы,қоғамдық және мемлекеттік құрылысы тіл,мәдениет,тұрмыс-салт,әдет-ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ.

Бауыржан Момышұлы


Туған жер... Сан ғасырдан бері көптеген жырларға, әндерге, дастандарға арқау болған мәңгі тақырып. Әр адамға кіндік қаны тамған жері ерекше ыстық болатыны заңды құбылыс. Дүние есігін алғаш ашып, аяулы ата-ананың ыстық ықыласына бөленіп, асыр салып ойнап, өскен орда.Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Туған жері, туған елі туралы, тарихы мен мәдениеті туралы әрбір азаматтың хабардар болғаны жақсы, ал егер мақсаты Отанымыздың өткені мен бүгінін баяндап, халықты отансүйгіштікке шақыратын бағдарлама жарық көрсе, тіптен керемет емес пе? Осындай игі бастаманы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жан-жақты айқындап берді. Аталған бағдарламада Елбасымыз туған жерге деген сүйіспеншілік кішкентай өлкеден, қаладан, алғаш қадам басып, ата-ананың ыстық ықыласына бөленген отбасынан, алғаш қолыңа қалам алып, әріп таныған мектебіңнен, бірге ойнап-ренжіскен достарыңнан басталатынын айтып өтті.

Өскелең ұрпаққа, жастарға дұрыс бағдар беріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу ұлт болашағы үшін жасалатын міндетті жұмыстардың бірі. Туған елге деген сүйіспеншілікті жастардың бойына дарытудың алуан түрлі жолы бар, солардың бірі – еліміздің тарихи өлкелерін таныту, құнды жәдігерлерімізбен таныстыру.

«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шексіз.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады.

  Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Осы орайда Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың: «Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім біледі? Ыстық қой, шіркін туған жер!» деген сөзі есіме түседі. 

Әркім үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған ауыл. Менің туған ауылымда менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және мектепке барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...» деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Қазір есейдім бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным.

Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер. Көксу ауданының аса көркем бөлігі – «Кіші Быжы» өзенінің бойын жайлаған «Айнабұлақ» елді мекені ел сүйсінгендей-ақ. Бар сырын ішіне бүгіп, бір қарағанда жым-жырт жатқан бұл ауылдың ойы мен қыры, орман-тоғайы, өзен-суы пернесін басып қалсаңыз сыр тербетіп, жыр қозғап кете барады. Аудан орталығы – Балпық Би кентінен 38 шақырым жерде , Алматы-Өскемен тас жолының бойында , сондай-ақ «Түркістан-Сібір» темір жолының түйіскен жерінде орналасқан Айнабұлақ ауылы.Ауылымыздың көркі алыстан көз тартады.Себебі Алматы-Өскемен тас жолымен өтіп бара жатқанда біздің ауылымыз ағаштардың орналасқан демалыс аймағы іспеттес. Ауасын қанша тыныстасаң да, құмарың қанбайды. Ауылымызда тұратын көптеген ұлттар мен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып, ауылымызды көркейтіп, Отанымыз Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосуда. Ауылда тұратын халықтың басым бөлігі теміржолдың бойында жұмыс атқарады.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алатынын айтқым келеді. Нақты осы жер әркімді елмен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Қазақстан атты ұлан-байтақ Отанымыздың кішкентай бір бөлігі өзімнің туған ауылымды жүрегім соғып тұрғанда әрқашан да жақсы көріп ,ауылымды көркейтуге атсалысатын боламын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
909
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі