« Х.Көбіков
атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сыныбы: 11–
сынып
Аты-жөні: Мұқашбай Ақнұр
Дәулетбаққызы
Туған
жер
Туған жер. Жаныңа ыстық
естіледі екен. Әсіресе , алысқа ұзап кеткенде ыстықтығын, жаныңа
жақындығын анық сезінесің. Бала күнімде үлкен кісілердің «туған
жердің топырағы бұйырыпты» дегенін естігенде мән бермейді екенмін.
Жасыма жас қосылып, есейген сайын әр сөздің қадір- қасиетін ұғынып
келемін. Ия, ол да ата –анамның берген тәрбиесі деп
білемін.
Туған жер-адам өмірінде киелі
орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен
байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ
адамға Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан
ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе
мен үшін туған ауыл.
Туған жер демекші, менің туған
жерім туралы айтар болсам, ойым ақ қағазға симайтындай көрінеді.
Себебі, туған жерім –Сарыбелді жанымдай сүйемін. Ауасы жұпар,
самалы саумал сынды, табиғаты көркем, таудың етегінде орналасқан,
суы –мөлдір. Судың тұнығын ішеміз, таза ауамен дем аламыз. Жасыл
жайлауы, қарағайлы таулары, биік шоқылары, қарлы шыңдары , таудың
мөлдір, әрі шекеден өтетін тастай суының өзі – бір шығармаға арқау
болады. Жазы жанға жайлы салқын болса, қысы маңғаздығымен
ерекшеленеді. Шөбінің шүйгіндігін көрем десеңіз, күзде малдың
ауылға түсіп, ет алғанынан көруге болады. Ғалымдардың зерттеп
жүрген дәрілік, пайдалы шөптерінің барлығы дерлік кездеседі. Ауа
–райының ерекшелігіне орай, біздің ауылда жеміс-жидек түрлері,
көкөністер түрі аса көп емес. Бірақ, картоп өнімін жақсы береді.
Ауылдың күнкөрісі негізгі мал шаруашылығы. Әрбір үйдің ауласынан
дорбадағы қатығын, сөредегі құртын кездестіресіз. Кілегей мен сары
майдың дәмі ерекше тіл үйіреді. Береке деген осы емес пе? Ауылға
келген қонақтар, ауылдан өсіп –өніп ұзап кеткен ұл-қыздарымыз
ағарғаның дәмін сағынып келеді. Жоғарғы оқу орнында оқитын аға
–әпкелеріміз дорбалап ауылдың сәлемін тасып жатады. Бұл –берекенің
бастауы деп білемін.
Ыстық қой шіркін , туған
жер...Ақындар жырға қосады, әншілер әнін арнайды. Мен де балаң
жүрегіммен ауылым туралы таныстырып отырмын. Иә, айтпақшы,
ауылымдағы әрбір жанның амандығын қалаймын. Қуанышта да, қайғыда да
ортақтасып бір –біріне қол ұшын беріп жүреді. Алысқа ұзап кетсем,
алдымнан кездесіп қалса көзіме бірден ыстық болып көрінеді. Туған
ауылымның бір бөлшегін көргендей сезінемін. Ойға шомып отырсам,
ауылымның көркеюін мен де қалаймын. Елбасымыз сынды ауылдың
гүлденуіне ат салыссам деймін. Ол үшін тиянақты білім алып, өз
орнымды тапқым келеді. Биыл 9- сыныпқа көштім. Оқу үздігімін.
Алдағы уақытта да, жақсы жақтарымен көрініп, ата-анамның
ұстаздарымның үкілеген үмітін ақтағым келеді. Себебі, білім көп
нәрсеге жеткізеді. Елбасымыз айтпақшы, жиырма бірінші ғасыр –білім
мен бәсеке ғасыры. Туған жерім көркейсе екен деймін. Меніңше, әрбір
отбасы , отбасы мүшелері кішкене болса да өз септігін
тигізсе,Қазақстанымыздың әр ауылы, әр қаласы гүлденері анық. Туған
жерді көркейту –өз аулаңнан басталады деп ойлаймын. Гүлдендіріп,
көгалдандырып, таза ұстау – ауылға көрік беретіні айдан анық. Олай
болса, мен өз замандастарымды жақсы істерге шақырғым
келеді...Себебі, дана халқымыз айтпақшы туған жер –тұғырымыз. Туған
жер –алтын бесік. Алтын бесігімізде ауыз бірлікпен, татулықпен,
жақсылықпен тербелейік! «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»
демекші, жоғарыда айтылған өз ойларымды өлең шумақтарымен
қорытындылағым келеді:
Мен жаныммен сүйемін осы
ауылды,
Мен қаныммен сүйемін осы
ауылды.
Қалай ғана сүймейін, қалай
ғана,
Кіндігімді кессе ол
тұсауымды.
Осы ауылда тербелген бесігім
де,
Осы ауылда қойылған есімім
де.