Материалдар / Туған жердің тұғыры биік тұлғасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған жердің тұғыры биік тұлғасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Ө.Қанахиннің өмірі туралы айта отырып, жазушылық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы шығармашылығының негізгі тақырыбына шолу жасау. Жеке тұлғаны , жалпы қабілеттілікті дамыту. Достыққа,адамгершілікке туған жерді сүюге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
1324
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ырғыз ауданы, Жайсаңбай селосы

Ө.Қанахин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Садуова Гүлнаш Әбдіжәлелқызы

Бақтыбай Айтөре Мұратқызы

Тақырыбы: Туған жердің тұғыры биік тұлғасы

Мақсаты: Оқушыларға Ө.Қанахиннің өмірі туралы айта отырып, жазушылық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы шығармашылығының негізгі тақырыбына шолу жасау. Жеке тұлғаны , жалпы қабілеттілікті дамыту. Достыққа,адамгершілікке туған жерді сүюге тәрбиелеу


Көрнекілігі: жазушы портреті, ақын-жазушылардың жазушыға берген бағасы, газет материалдары, слайд

Кештің жоспары:

1. «Жүрегі де жүзі де түсінікті,

Қайран аға-Қанахин ісі мықты. (Өмірдерек:әдеби -әуез)

2. «Жазушы да бала болған » («Қайсар бала», «Алғашқы қадам»)

3. «Оқысаңыз «Дәмелі», «Құдірет», «Маздағын»,

Жүрегіңде нәзік сезім маздаған». (Шығармаларына шолу)

4. «Ең мықты адам - Өтеағаң мадақтаған,

Туған жерін, ел-жұрты , кісілікті» («Жер басып жүрсем», «Маздақ» шығармалары)

5. «Аға үлгісін өнеге етіп жалында » (Ө.Қанахинге арналған жыр шумақтарын оқу)

6. «Туған жерін тебірентіп , тербеп өткен ,

Айналған өз елінің жұлдызына» (Қорытынды)


Кештің барысы:

1-жүргізуші:

-Кіріспе. «Елге келгенде» (көрініс)

( Музыка ойнап тұрады. Есіктен жазушы бейнесіндегі жас жігіт кіріп, құшағын кең ашып, ару даласымен амандасады)

Жазушы:

-Армысың, ару далам! ..

Дала: Бармысың, жаным балам!!!

Алда айналайыным-ай! Сен екенсің ғой, бар екенсің ғой! Балам екенсің ғой!..

Жазушы: - О,торқа мекен - туған жерім!.. Еркін көшіп, ең жайлаған қадірлі өлкем!.. Ұя салған бәйтерегім!.. Нәсілім өсіп-өніп, өркен жайған құтты құндақ - ежелгі жұртым!.. Өткендердің ырзығы да, ырысы да боп саналған, төрт түлік мал ойың мен қырыңда қаптай өрістеген бел-белесті ,нулы, сулы бай өлкем!.. Көгіңде қаз қаңқылдап, көліңде қу саңқылдап, құмыңда елік еркін ойнаған, әр жыңғылыңның түбінен қоян қашқан, суыңа балық сыймаған байтақ мекенім!.. Ата-бабаларым қыстау салған құтты қонысым!.. Қазақтың талай- талай ардагер ұлы мен қызы дүниеге келген топырағы қасиетті туған жерім!.. Мен де сол топырағыңнан жаралып, суыңнан нәр алып жер басып жүрген көп перзенттеріңнің бірімін.

Әркімнің туған жері көзіне айрықша ыстық көрінетінін, әрбір пенденің туған жерімен кіндігі бір екенін қазір ғана білгендейміз, өз басымнан енді кешіп тұрмын . «Әркімнің туған жері -мысыр шаһары », «Туған жердің торғайы да сүйкімді »,- деп неге айтты дейсің бұрынғылар.

Туған жердің топырағынан торқа не бар шынында!

Кірпігімді қақпай, көзім алды қарауытқанша туған өлкемнің бет-бедеріне еміреніп, аса бір сағынышпен қарай- қарай берем....


2-жүргізуші: Ия, бұл туған жерінен жырақта жүрген жазушының 25 жылдан соң өз ата қонысына келгенде сағына амандасуы мен өз туған мекенге деген жүрек толғанысы еді.

1-жүргізуші: І. Жүрегі де, жүзі де түсінікті

Қайран аға, Қанахин ісі мықты

( Өмірдерек , әдеби- әуез )


1-оқушы: Өтебай Қанахин 1923 жылы 17 желтоқсанда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қарасты Тәуіп дейтін жерде туған, яғни Жайсабай елді мекеніндегі Қанаха қыстауы - жазушыны туған мекені, ата жұрты.

2-оқушы: Жастайынан жетім қалған оны туыстары 1932 жылы балалар үйіне тапсырған . Бес жыл сонда тәрбиеленген . Бертінірек сол селода орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің интернатында жатып оқыған .

3-оқушы: Қырқыншы жылдары Ақтөбедегі педагогикалық курсты бітірген соң ,сондағы оқытушылар институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне сырттай оқуға түсіп, біршама уақыт туып өскен ауданында ұстаздық еткен .

4-оқушы: Ө.Қанахин соғыс жылдарында майдан газеттеріне мақала,суреттеме,очерктер жазып тұрған . 1947 жылы «Екі кездесу» атты әңгімесі «Пионер » ( «Ақ желкен») журналына қабылданған.

5-оқушы: Осылайша Өтебай Қанахин елуінші жылдары әдебиетке келді. Ол 1954 – 1956 жылдары «Социалистік Қазақстан » қазіргі «Егеменді Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер , жауапты секретарьдың орынбасары болып қызмет істеген .

6-оқушы: 1956 – 1960 жылдары «Ара» журналында бөлім меңгерушісі болып істеген .

7-оқушы: 1960 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің аппаратында жауапты қызметте болды .

8-оқушы: 1963 – 1966 жылдары «Жазушы » баспасында Бас редактор, 1969 – 70 жылдары жаңа шыға бастаған«Жалын» журналының Бас редакторы болған.

9-оқушы: Мұнан соң «Мәдениет және тұрмыс » қазіргі «Парасат» журналында әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі боп істеген.

10-оқушы:1975 жылдан 1982 жылға дейін Қазақ ССР Мәдениет минстрлігі репертуар – редакциялық коллегиясының бас редакторы қызметін атқарды .

11-оқушы: Оннан астам жауынгерлік және үкіметтік наградалары бар.

Жарық көрген 25 кітабында түрлі тақырыптағы шығармалары басылған.

12-оқушы: Жазушы, туған жер перзенті -Өтебай Қанахин бұдан 28 жыл бұрын 1990 жылы 22 наурызда өмірден өтті .

2-жүргізуші: ІІ. Жазушы да бала болған

1-жүргізуші: «Мынау менің қыстауым!.. Қыстауымды яғни ата қонысымды көргенде жата қалып қара жерді аймалағым кеп кетті, жалаң аяқтанып, құлап қалған шым зімәңкемді айнала шапқылағым келіп кетті, әнебір ашық алаңқайға отыра қалып, кішкентай кезімдегідей құм үйіп ойнағым келіп кетті», - дейді жазушы «Жер басып жүрсем» атты кітабында.

Осы қыстауда шыр етіп дүниеге келген сәтті еске түсірсек.

«Қайсар бала» (көрініс)

(Жазушының әкесі мен оның жақын інісі кездеседі. )

Інісі: - Ассалаумағалейкум!

Ағасы: - Уағалейкумассалам!

Інісі: - Ау, аға, жеңешем не тапты?

Ағасы: - Ау, айналайын! Көліжан, не тапты деп сұрарың бар ма? Әйменнің Аяпбергені мен Сыдығы сияқтылардың болыстығын тартып алатын, мен білсем, бір мыңты келген болар дүниеге.

Інісі: - О, бәрекелді, ғұмырлы болсын!


2-жүргізуші: Осылай қуана, мақтана жауап берген екен Игібай ұста. Сол дүниеге келген сәби бертін келе қайсарлығы мен өжеттігіне қарап, «қайсар бала» атанады.

«Алғашқы қадам » (көрініс)


Қоңырау уақыты. Балалар есік алдында шуылдап ойнап жүр. Іште мұғалім бар көңілі қағазында ,оқушының кіргенін аңғарған жоқ.( Бала мұрнын тартып қалады. Мұғалім сонда барып қағаздан көзін тайдырып, балаға мойнынбұрды. Мұғалім:

-Оқуға келдің бе?

Бала: : - Иә...

Мұғалім :

  • Атың кім?

Бала:

  • Қайсар.

Мұғалім:

-Әкеңнің аты кім?

Бала:

-Игібай.

Мұғалім :

-Нешедесің?

Бала:

-Жетідемін.

Мұғалім :

-Санау білесің бе?

Бала:

-Білем

Мұғалім:

-Қане, онға дейін санап көрші?

Бала мүдірместен санап шығады.

Мұғалім:

  • Керісінше санап шыға аласың ба?

Бала:

  • шыға аламын .

( Мұғалім балаға зер сала , үсті – басына қарады да, маңдайына түскен дудар шашын он саусағымен бірдей тарақтап, артына қайырып қойып, біраз ойланды. )

-Оқуға келер жылы алам. Биылша шыда, жарай ма?

Қайсар:

- Жә ... деп ызалана, көзіне жас алып, солбырайып сыртқа беттеді.


1-жүргізуші

«Қазақ биі» 7-cынып оқушылары «Нұрсәулем-ай» тобы


2-жүргізуші: ІІІ. Оқысаңыз «Дәмелі», «Құдірет» , «Маздағын»

Жүрегіңізде нәзік сезім маздаған.


1-жүргізуші: Жазушы қолынан туындаған бірнеше кітаптары жарыққа шықты.


2- жүргізуші: Жазушының «Мұрагер», «Көл жағасында», «Тұңғыш махаббат» тәрізді әңгімелері мен «Ауыр күндерде», «Маздақ», «Жас дәурен», «Жер басып жүрсем», «Өз ақылымен», «Бақыт бәйшешегі » сынды повестері оқырманды сан алуан тақырыпта толғандырады.

1-жүргізуші: Ал «Дәмелі», «Жүрек қалауы», «Құдірет» атты романдары әйел, ана тақырыбында қилы тағдырларды баян етеді.

2- жүргізуші: Олай болса, енді бір сәт жазушының «Құдірет » романын оқыған оқушы толғанысына құлақ түрелік: « «Құдірет» кітабы қақында ». Авторы: Асхат Аймағанбетов. Оқитын: Алданыш А.7-кл.


1-жүргізуші:-Білесің бе, Айтөре? Жазушы майданда жүріп те қалам мен қаруды қатар ұстап, өзі туралы күнделік жазған. Бұған дәлел кейін табылған «Өзім туралы» атты шығармасы.

«1940 жылдың бірінші жартысынан бастап тұрақты түрде күнделік жүргізе бастадым. 1942 жылдың жазында майданға аттанып бара жатып, өзімді шығарып салуға келген , Ақтөбеде оқып жүрген Қатыш деген жамағайын қарындасыма: «Тірі оралсам өзіме табыс етерсің , ал өліп қалсам өртеп жіберерсің»-деп беріп кеткен едім. Күнделік жазуды соғыс уақытында да тастаған жоқпын.»


2-жүргізуші: « Майдан даласында қағаз бен қаламның өте қаттығына ,сол екеуіне аса зәру болғаныма қарамастан күнделік жазуды тоқтатападым. Қазір дүкенде кір сабынды орап беретін қалың қағаздан да төмен патрон, мина, снарядтар оралған қағазсымақтан қойын дәптер жасап алып ,жоғалғанша , сия қаламмен сулап жазған, бір қатты шайқаста онымды бір жерде түсіріп алған соң , қара қарындаштың сынығымен жүргізген күнделіктерім күні бүгінге шейін өзімде сақтаулы» деп жазған екен.


1-жүргізуші: Жазушы өзі күнделік жүргізумен бірге оның шығармасындағы кейіпкерлер де күнделік парағымен сыр шертеді. Мысалы: «Құдірет» романындағы Гүлнұрдың күнделігінен:

«Қазіргі жағдайдағы мен үшін енді бір-ақ жол бар .Ол – қолға қалам алып, бәрін әл-хадырымша қағаз бетіне түсіріп отыру, яғни бәрін ақ қағазға сеніп тапсыру , сонымен сұхбаттасу ,сырласу,мұңдасу ...

Сөйтіп, мен бүгіннен бастап күнделік жүргізетін болам. Күн сайын жазып отырмағанмен, «осы есте қалуы керек-ау» дегеннің бәрін қағазға түсіріп, түрте жүремін». (148-бет ) деп кейіпкеріміздің өз өмір жолындағы күйініш пен сүйініші баяндалады, оқырманды қызықты оқиғаларымен жетелейді.

Бұл да жазушының өзіндік жазу шеберлігін танытса керек.


2-жүргізуші: Иә,соның куәсіндей жазушының «Маздақ» повесі (Дәрігер қыздың дәптерінен) Маздақ есімді дәрігер қыздың күнделік оқиғасы түрінде баяндалады. Шығармада жас маман -дәрігер Маздақ есімді қыздың алғашқы еңбек жолындағы қиындықтар баяндалады. Бұл шығармада да жазушы мақал-мәтелдерді орынды қолдана отырып, кейіпкер портреттері мен оқиғаларды көркем тілмен шебер баяндаған.


1-жүргізуші: «Баспадан 40 мың данамен жаңа шығып жатқан «Қарт сарбаз хикаясы» кітабы өртелді. Бірақ түгел өртелді деген кітаптың бір данасын Мұхтар Мағауин тығып алып қалыпты. Қайтадан шығарып жатырмыз,» - деген екен жазушының жұбайы Сағира Қанахина бір сұхбатында.

2-жүргізуші: - Қиыннан қорқып жасымай ,

Қыл қалам алып қолына,

Әңгіме,повесть жазады.

Арқау етіп шындықты ,

Қолдап жазды бірлікті,

Ауыр да қиын тірлікті,- деп жырға қосқан Асхаттың өлеңдері жазушы шығармаларын оқығаннан кейінгі ой болса керек.

Әрбіріміз жазушы шығармаларын оқи жүрейік, көңілімізге тоқи жүрейік,құрметті қауым!


Ән «Ағаларым» Сөзі: Әні:

Орындайтын: Н.Қосыбеков



ІҮ. Ең мықты адам - Өте ағаң мадақтаған,

Туған жерін, ел-жұрты , кісілікті .


1-жүргізуші: - Қадірлі оқушым ! Сіз өзіңіз туған жердің топырағының хош иісін білесіз бе? Меніңше білу шарт . Қазір мына жуасы мол жатаған белдің үстінде жападан – жалғыз тұрғанымда туған жерімнің бұрқырап ашыған қымыздай жанға жайлы сүйкімді иісі менің бойыма ерекше бір қуат бергендей болады, тынысымды кеңітіп, айналама әтір сеуіп тастағандай тұла бойым тұшырқанып сала берді.

2-жүргізуші: Осы хош иісті мен анамның ақ сүтінің жұпар иісіне ғана теңеген болар едім».-дейді жазушы «Жер басып жүрсем » атты кітабында. Ал, сіздер , осы кітапты оқыдыңыздар ма, не жайында жазылған?


1-жүргізуші: -Ендеше , біз айтып берелік, сіз есіңізде сақтап, жадыңызға түйе біліңіз: «Жер басып жүрсем» шығармасында өзі туған мекені, оның табиғаты, туған жерде өткен балалық шағы , өзі өскен қыстауы туралы көркем тілмен баяндайды.

Шығармадағы жер атаулары , кейіпкерлері де бізге таныс.Сонымен бірге ,ұлттық салт -дәстүрді де насихаттайды.


2-жүргізуші: Шығарманың «Менің қыстауым» деп аталатын бөлімінде жазушының туған жерге деген сағынышы,қыстау маңының келбеті,қыстаудың ішкі көрінісін есіне алады: қоржын үй: ас үй, қонақ үй, (қазандық) бейнесі. Жоғалған қыстау орынын көріп құлазиды.


1-жүргізуші: Шығармада жазушы

Кіндік шешесі – Қарақыз,

Әкесі - осы өлкеге ісмерлігімен атағы шыққан Игібай ұста,

Әжесі -Ұшпа (шешесінің шешесі),

Шешесі – Хауанның портреттерін бейнелейді (слайд)


2-жүргізуші: Шығармада сонымен бірге туған өлке табиғатындағы өсімдіктер: қалың ши, ақ шеңгел, тырбық итмұрын, қызыл жыңғыл, қара шеңгел, баялыш ,сағыз, көкпек, қияқ, тобылғы, изен - бәрі-бәрін тамаша суреттейді.


1-жүргізуші: Сондай-ақ шығармасы көркем тілмен баяндалған. Атап айтсақ шығармада: «Әкеге тартып ұл тумас, шешеге тартып қыз тумас», «Әсіре қызыл тез оңар», «Ажал айдаған жылан жолдың үстінде жатады », «Аңшылық – көздің құрты», « Шешінген судан тайынбас», « Жүрген аяққа жөргем ілінер» тәрізді мақал-мәтелдер орынды қолданылса,

2-жүргізуші: ақылгөй абыздай, қыздың үкісіндей үлпек селеуін сағым, кәрі кісінің тісіндей, сары майдай, жайылған дастархандай, бетегесі қалақтай, бозы таяқтай т.б. теңеулерді қолданады.


1-жүргізуші:Ал , «мақпал дала, қызғылт құм, балғын шөп, қыз қылықты жаз, майда жел, теңбіл бұлт» тәрізді эпитеттер мен «арыстан жалды құмдар, көсіліп жатқан паң дала, қыздардың жазда киетін сәнді көйлегінің өрнегіндей» деген тіркесті эпитеттер мен тіркесті теңеулер шығарманың көркемдігін арттыра түседі.


2- жүргізуші:

«Жер басып жүрсем сендерді ешқашан есімнен шығармаймын , жүрегімнің нақ төрінен орын тебесің ,кіндік кесіп кір жуған туған жерім, ардақты ата мекенім !»- деп «Жер басып жүрсем » шығармасында жазушы өз атамекені туралы қара сөзбен осылай толғанады.

Ән «Туған жер » Сөзі: Әні:

Орындайтын: 6-сынып оқушысы Хамит Бекзат


1-жүргізуші:

Ү. Аға үлгісін өнеге етіп жалында

(Ө.Қанахинге арналған жыр шумақтарын оқу. )

2-жүргізуші:1. Ү.Уайдин «Мықты адам» - оқитын: Оразалы А. 9-кл

1-жүргізуші: 2.Р. Жарқынұлы «Жыр- тілек » - оқитын: Болатбекқызы Г. 8-кл.

2-жүргізуші: 3. «Жазушымен сұхбат» - Жазхушы - 11-сынып оқушысы Бәйтілеу Рахат тілші – Трес Руслан

Жазушымен сұхбат

(«Өзім туралы » шығармасы негізінде дайындалып, «Автор орындығы » әдісі бойынша айтылады . )

  • Балалық шағыңыз қалай өтті?

  • Жазушы: - Балалықтың бал дәмін алаңсыз татып жатқанымда , тоғыз жасымда , 1932 жылдың апалаңы мен топалаңына тап болдым да бәрі адыра қалды. ..

Ата-ана,бауырларынан айырылып панасыз қалған жетім балалар үйінде мен сол 1932 жылдан 1937 жылға дейін болдым. Біздер жетім балалар үйінде бұрын отаршылардың солдаттары тұрған казармаға орын тепкенбіз. Абажадай кең бөлмеде отызға тақау бала жатамыз.Ол кезде кереует дегенді білгеніміз жоқ, биіктігі жарты метрдей етіп жасалған нар тақтайдың үстінде, көгендеген қозыдай шүпірлесіп жайғасамыз. Әсіресе қысты күндері ұзақ түнді ертегі айтумен қысқартамыз. Біріміздікі таусылса , екіншіміз іліп ала кетеміз. Ертегіміз таусылмайды -ау, таусылмайды! Небір ғажайып ертегінің соншалықты сиқырына еліге аптығатынымыз сонша , панасыз қалған сормаңдай жетім екенімізді , ашқұрсақ , жүдеу -жадау екенімізді бір сәтке болса да ұмытқандай боламыз.

  • Майданға аттанғанда қаншада едіңіз?

  • Жазушы: - Жасым он тоғызға толмай жатып-ақ қан майданға кірген күннен бастап , жеңіске жеткенге шейін : «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі »-деген халқымның дана мақалын ішімнен мың сан рет қайталап ,дұғамдай көргенім , оның мысы басым болғанын өзім ғана білемін , бәрі де өзіме аян.

  • Майданда жүргенде менің дорбамда екі кітап болды депсіз. Ол қандай кітаптар еді?

  • Жазушы: Біреуі - «1916» деген атпен шыққан 1916 жылғы қазақ халқының патша отаршыларына қарсы ұлт азаттық көтерілісі туралы ақындар мен жазушылардың өлең-әңгімелері, көтеріліске тікелей қатысқан сарбаздардың естеліктерінің жинағы болатын . Бұл кітапты мен өзіммен бірге елднен ала келгенмін, екіншісі - М.Ю. Лермонтовтың «Біздің заманымыздың қаһ арманы » атты романы. Оны мен кішігірімдеу бір қаланы неміс басқыншыларынан азат еткен кезде бір үйдің ауласынан тауып алдым .

- Сіздің әдебиетке келуіңізге қамқорлық жасағаен кім еді?

Жазушы: -Әдебиетке келуіме ең алғаш ағалық қамқорлық жасаған марқұм Мұқан Иманжанов болатын.

-Жазушылық жолында сіз сусындаған үш кәусар не еді?

Жазушы: - Жазушылық жолында , анамның ақ сүтіндей мейірім қана сусындаған үш кәусар болғанын айрықша атап айтуға тиіспін . Олар: қазақ ауыз әдебиеті, соның ішінде әсіресе қазақ эпосы

мен ертегілері , сонан соң қазақ совет жазушыларының шығармалары, үшіншісі классикалық орыс әдебиеті мен дүние жүзілік әдебиет .

- Әңгімеңізге рахмет!

1-жүргізуші: 4. Р.Мұқанова «Қаламгердің көшесі Ырғыздағы» - оқитын:

2- жүргізуші: 5. А.Аймағанбетов «Мектебім менің Өтебай ата атында» - оқитын: Абзалқызы А. 5-кл.

1-жүргізуші: 6.Н. Бауыржанұлы « Сәулелі сөздің шуағын төккен Өтебай атам»

Келесі кезекті жазушының ізін қуып, бала қиялымен қалам тербеп жүрген мектеп оқушыларына береміз.


2-жүргізуші: ҮІ. Туған жерін тебірентіп, тербеп өткен

Айналған өз елінің жұлдызына

(Қорытынды)

1-жүргізуші: Туған жерін – атажұртын қара сөзбен тебіреніп толғаған қаламгер, Ырғыз елінің аймаңдай перзенттерінің бірі - ӨТЕБАЙ ҚАНАХИН 2018 жылдың желтоқсан айында 95 жасқа толар еді. Бірақ тағдыр ағамызды арам ыздан ертерек алып кетті , бұдан 28 жыл бұрын 1990 жылы 22 наурызда дүниеден өтті .

2-жүргізуші: Жазушының 70 жылдығы Ырғызда Қадыр Мырза-Әлі , Мереке Құлкенов сияқты ақын-жазушылардың қатысуымен аталып өтсе, 80 жылдығы Қуандық Түменбаев, Ертай Ашықбаев сияты ақын-жазшылар мен жазушының жары – Сағира апаның қатысуымен туған жері Жайсаңбайда аталып өтті.

1-жүргізуші: Ал, Алматыда Өте-ағаңның туғанына 85 жыл толуына арналған еске алу шаралары өткізіліп, ас берілді. Оған туған елінің атынан арнайы шақырумен сол кездегі аудан әкімі – Мирхан Дуанбеков, Ө.Қанахин атындағы орта мектеп директоры - Камал Тілеужанов және Рахымжан Өтеміс қатысып қайтқан болатын.

2-жүргізуші: 1993- 1994 оқу жылында мектебімізге Жайсаңбай топырағында дүниеге келген ,белгілі қазақ жазушысы – Өтебай Қанахин есімі беріліп, мектепте мұражай ашылды .

1-жүргізуші: 2001 жылдың тамызынан бастап Ө.Қанахин атындағы мектеп орта мектепке айналды.

2002-2003 оқу жылында мұражай қайта жабдықталды.

-Көшенің дәл төрінен орын берем,

Өскенде осы істі қолдармын мен.

Әттең өзім мүсінші болғанымда,

Сізге арнап бір ескерткіш орнатар ем,-деп жырлаған Динараның арманы бұл күнде орындалды емес пе?

2-жүргізуші: -Иә, Жазушының туған жеріндегі бір көшеге «Өтебай Қанахин» атауы беріліп, мектебімізде Ө.Қанахин бюсті орналасқан . Оның авторы. Осы мектептің түлегі- дизайнер Б. Иманова.

Жазушы туралы деректер мен пікірлерге тоқталсақ. (слайдтарға шолу)

1-жүргізуші: -Туған жерін тебірентіп, тербеп өткен,

Айналған өз елінің жұлдызына, - деп Рабат апайымыз жырлағандай, туған жердің жұлдызы - Өтебай атаның рухына бас ие отырып, бүгінгі шығармашылық кешті аяқтаймыз.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!