Материалдар / Туған өлкем- неткен көркем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған өлкем- неткен көркем

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға туған өлкенің тарихын, географиясын ұғындыру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Туған өлкем-неткен көркем!»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды Жетісай өңірінің тарихымен таныстыру.

Дамытушылық: өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншілігін артттыру.

Тәрбиелік: халқымыздың әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыру.

Сабақтың көрнекіллігі: Суреттер, буклеттер, мақал –мәтелдер,

Отан туралы, туған жер туралы қанатты сөздер.

Сабақтың түрі: кеш.
Пән аралық байланыс: Тарих, әдебиет, география, музыка.
Сабақтың барысы: І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

ІІІ. Қорытынды.

І.Кіріспе.

Армысыздар құрметті ұстарзар мен оқушылар бүгінгі «Туған өлкем- неткен көркем!» атты әдеби монтаж сабағымызға қош келдіңіздер.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын.


Әрбір адамзат үшін ата қонысы ең қасиетті қоныс болса, туған жер – ата - бабадан қалған асыл мұра. Біз үшін де туған жерімізден қасиетті, одан киелі қоныс жоқ жер бетінде.
Елбасымыз
Н.Назарбаев - Мырзашөл өңірі — өз Отанының не екенін білдіретін, қазақтың ішіндегі бірден — бір өлке. Жұртқа паш етер де осы Оңтүстік өлкесі, оның ішінде Мақтарал- деп атап өткен.

Кемеңгер ақын жазушымыз М.Әуезов - Ильич, Киров, Мақтарал аудандары мәні — жөні бөлек, шөлді шүлен еткен, жоқты бар, болмысымызды мол еткен, біріне — бірі сай, ырыс өлкелері- деп айтқан екен.

Жас ұрпақ өзінің туған өлкесінің тарихын, туған елінен шыққан тұлғаларды, ел мақтаныштарына айналған азаматтардың өнегелі істерін біліп, өсуі міндет.

Оңтүстік Қазақстанның жүрегі болып саналатын , Оңтүстіктің қиыр өңірінде орналасқан Мақтарал ауданы.

Ендеше бүгінгі сабағымыз туған өлкеміздің тарихы, географиялық орны мен жағдайы, өмірлері өнегеге айналған абзал азаматтары жайлы болмақ.

1 - оқушы: Армысың, алтын күн!
2 - оқушы: Көгілдір көк аспан!
3 - оқушы: Бармысың, құстарым!
4 - оқушы: Қанатты достарым!
5 - оқушы: Суларым таза ма?
6 - оқушы: Талдарым аман ба?
7 - оқушы: Бас ием тауларға
8 - оқушы: Жамылған қарларға,
9 - оқушы: Жайқалған даланы,
10 - оқушы: Табиғат - Ананы
11 - оқушы: Көруге сағынып
Бәрі: Келген біз балаңыз!

ІІ. Негізгі бөлім.

Ақдидар: «Жетісай ауданының тарихынан»

Түркістан облысының жүрегі болып саналатын,Оңтүстіктің қиыр өңірінде орналасқан Мырзашөлге -93 жыл толып отыр. Ғасырлар бойы мұнартып сағын басқан, өрекпіп жел билеген , Бетпақдала төсіне қан жүгіртіп, қала орнатқан құрыш қолды аптал азаматтар ,ата-бабаларымыздың ерлігіне- 93 жыл. Осы күресті күндер-ерлікке толы жылдар болды.Киелі Мырзашөлдің ұрпақтары өзінің тарихи шежіресін тағы да жырға қоспақ.

1928 жылы 17 қаңтар күні Ташқазақ уезі мен болыстар тарапынан,бұрынғы Иіржар болысының негізінде Иіржар ауданы шаңырақ көтерді.

Ол Қазақстанның Қиыр Оңтүстігінде Мырзашөл даласында орналасқан.Бұл жерлерді игеру өткен ғасырлардың 30-70 жылдары аралығында белсенді игеріп,халық қоныстандырылған.

Сусыз Мырзашөлді игеру, мақта және басқа да ауылшаруашылығы өнімдерінөндіруді ұлғайту халықтардың келіп тығыз орналасуы «Достық» каналынгың құрылыуымен байланысты.

Жетісай өңірі Қазақстан Республикасының эканомикасының өсуіне өз үлесін қосқан аудандардың бірі. Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты – шитті мақта өндіру.

Тұрғындардың 83,6 % қазақтар.Жетісай ауданы 2018 жылдың 5 маусым күні Мактарал және Жетісай аудандары болып екі ауданға бөлінді

Әсемай: Жетісай ауданының географиялық орны туралы мағлұмат

Жетісай ауданы қазіргі Түркістан облысының Мырзашөл құмды жазығының солтүстігінде , Сырдария өзенінің сол жағалауында , абсалюттік биіктігі 150-250 метр төбелі белесті жазықта орналасқан.ауданның жалпы көлемі 1800 км2 , бұл облыс дерінің 15 пайызын құрайды. Аудан солтүстігінде Сарыағаш ауданымен, Солтүстік батысында Шардара ауданы мен оңтүстік шығысында Өзбекістан республикасы Сырдария облысымен , Оңтүстік батыс бөлігінде Жыззақ облысы Фарыш және Мырзашөл аудандарымен шектеседі.

Азамат: Жетісай аудынының топырақ жамылғысы

Мақтарал ауданының топырағы атмосферамен тұрақты қатынасып, климаттық жағдайлар ықпалынада болады. Күн қуатының белгілі бөлігі құрлыққа келіп топырақты жылытады,

Ауа температурасы топырақтың жылу күйін сипаттайды.

Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өтте аз. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80-150 мм. Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 17-220 күнге тең. Бұл аймақ шөлдің өзі.

Сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар , терістік шөд.

Сұр құба топырақтар , орталық шөл.

Осы екі зонада өсетін тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және сорланған жерлер көп кездеседі. Мұнда тек суармалы егістікпен ғана өнім алуға болады. Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан азотты, фосфорлы және органикалық тыңайтқыштар қолданылады.

Арыстанбек: Жетісай ауданынынң өсімдктер дүниесі.

Ауданда жауын –шашын мөлшері аз болғандықтан , ылғал бар кезде өсіп жетіліп , аз уақытта гүлдеп, жеміс беретін өсімдіктер мен көп жылдық шөлге төзімді өсімдіктер

өседі. Аудан жерінде континенттік осындай климатқа бейімделген өсімдіктер : Баялыш, есек мия, жантақ, жусан, жолжелкен, шашыратқы, қалақай, жыңғыл, жиде, түймедақ, қызғалтақ бақбақ, адыраспан т.б. өсімдіктер өседі.

Ауданымыздың жазы өте ыстық болады. Құмның беті +60, +70 0 С – қа дейін қызады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық құрғақ жел – аңызақ тән.аудан шаруашылығына зиян келтіретін атмосфералық құбылысқа үсік те жатады. Олар егінге, жеміс ағаштарына көп зиян келтіреді.

Азамат: Жетісай ауданының халқы. Халқының саны 169 267 адам.


Муниса: Жетісай ауданының табиғатын жырлаған ақын- жазушылар

Мырзашөл өңірінде алды Республикаға танымал , аты өлкемізге белгілі 70 тен астам сазгерлер бар. Олар :

Байымбетов Тасболат Төреұлы- әнші, актёр, режиссёр, драматург

Күлаш Қасабекова- әнші сазгер

Әріпжан Әміров- домбырашы – ұстаз.

Абзал Балғынбаев- Жетісай қазақ педагогикалық училичесінде жұмыс істеген күйші сазгер.

Мұхтар Құралов- әнші сазгер, айтыскер ақын-жазушы.

Темірхан Әлихан- әнші сазгер

Мекембай Атамбай

Бөрібай Оразымбетов

Тастан мырзасейіт тағы да басқа көптеген ақын жазушыларымыз, әншілеріміз бар.

Фарида:Расында Жетісай өңірі мақтағанға тұратындай шөлден шүлкен таратқандай ырысты , да берекелі орталыққа айналған бірден бір өлке. «Мақтарал –оңтүстіктің жүрегі» - деген теңеуінің өзі өте тереде жатқан бағдаршам ретінде қабылдағанымыз абзал. Оңтүстіктің жүрегі Жер жәннәті Жетісайды , талай ақын жазушылар өзінің өлең жырлары мен очерк , повестеріне арқау етті.


Туған жерімізді – Отан дейміз. Туған - туысқандармен, отандастармен бірге тұратын ата мекеніміз. Отан – адамның туып - өскен жерінен басталады. Әркімнің туып - өскен ауылы – оның кіші Отаны . Ол үлкен отанның, Қазақстан Республикасының құрамдас бөлігі. Өйткені әрбір ауыл, қала бүкіл Республикамызбен тығыз байланысты. Бүкіл елде болып жатқан тыныс - тіршілік оның түкпір – түкпірінде жалғасын табады.

Ендеше оқушылардың Отан туралы өлең тақпақтарын тыңдаңыздар:

АзаматҚазақ елім тарихыңды таныдым,

Таныдым да бабалардың әруағына табындым.

Жылдан -жылға сен көркейіп,құлпырып

Ал мен болсам ән жырымды ақтардым.

Нафиса: Қандай әсем табиғатың ,

Жетісай аты шыққан жер жәннәтің.

Мен сендей өлкенің ұланымын

Шырқалсын биіктерден әсем атың.

Оңтүстігім – оңірім , дархан далам

Өсиеті ән жыры тарқамаған.

Мырзашөлдің сырлары дастан маған.

Фарида: Ізгі ниет адалдық бастау алған

Ұлы көшке аттың басын тіредің.

Оңтүстігім сайын далам, тірегім

Туған жердің тағдырын шешетін

Көшке ілесіп қалаларын не жүрерін.

Аллаберген: Елім шықты қуаныштың тағына

Ақ мақтасы алтын болып ағыла.

Бақ пен байлық оты мәңгі жағылған

Оңтүстігім, гүлдене бер тағы да!

Ақдидар:Ақ арал, алтын арал- Мақтаралым,

Өзіңде туғаным мақтанамын

Жамылған ақ мамықты алтын далам,

Өзіңді әнге қосып шаттанамын.

Ақ арал, алтын арал- Мақтаралым,

Өзіңнен жанға қуат нәр аламын.

Өзіңде өсіп –өніп , бақыт таптым,

Өзіңмен бірге менің бар арманым.

Әсемай: Жетісай жазираға көрік беріп,

Киелі Отырардың орнын басқан.

Жетісай туған жердің кіндігісің,

Жетісай Азияның түңлігісің,

Жайнай бер ақ алтыннан алқа тағып.

Муниса: Алтын арал- Мақтарал,

Далаң аппақ мақталар.

Мақтарал деп ән салып,

Мақтарал деп мақтанам.

Мереклі- Мақтаралым,

Алтын мекен өзіңе арнап ән саламын.


Пай, Пай, Пай! Қазақстан ардағым - ай!
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, ардағым - ай.
Туған елім - сен қандай ыстық едің!

- Өз елім деп, өз жерім деп тебіренбейтін адам барма сірә! Жоқ! Олай болуы мүмкін де емес. Өйткені сен «Туған жер» деп соққан жүректерде мәңгі орын алған қасиетті даласың дей отырып келесі кезекте әнге береміз.

Мәулен Аллабергеннің орындауында ән: «Мен қазақтың баласы»қабыл алыңыздар.

Қазақстан – туған өлкем,
Табиғатың қандай көркем.
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.
Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып – дей отырып келесі кезекте биге береміз «Қазақ қызы» биімен.

Құшақтап бір өзіңді, туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан – дей отырып келесі кезекте әнге береміз Мәулен Аллабергеннің орындауында «Менің елім» әні.

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Кең дала көркемсің сонау жатқан,
Өзен, су, бұлақтарың мөлдір аққан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан - дей отырып келесі кезекте «Мен қазақпын» флешмоб биі.

Қорытынды Туған еліміздің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата - бабамыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Сондықтан шаңырағы күннің шуағына бөленген, іргесі інжу маржанға толы, керегесі кең жайлау, байтақ, бай әрі сұлу жерімізді аялап, елімізді ардақтап өтейік. Атамекенімізді, Отанымызды мақтан етейік!
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің.
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқын жетті.
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне,
Тыңдарсың он жүректің сазын әлі.
Шіркін - ай жер жетпейді бір өзіне,
Қойнауың тұрған байлық қазыналы.
Сен неткен Отан – Анам ғажап едің
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін
Жайнай бер Ұлы Отан – Ұлы Отан – Қазақ елім!
Хор: «Атамекен»











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!