Материалдар / Туған өлкем -табиғаты көркем!

Туған өлкем -табиғаты көркем!

Материал туралы қысқаша түсінік
Нұрмолда Алдабергенов ауылы туралы мақала. Алдабергенов ауылының негізін қалаған Нұрмолда атамыз. Табиғаты, инфрақүрылымы туралы жаңа ақпараттар.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Туған өлкем - табиғаты көркем!

Ердененова Динара Сағатбекқызы –география пәні мұғалімі

«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Алдабергенов ауылы — Алматы облысы, Ескелді ауданындағыАлдабергенов ауылдық округі орталығы. Округ ішіне Алдабергенов ауылы, Жаңалық және Жастар аулы кіреді. Географиялық орнына келсек аудан орталығы - Қарабұлақ ауылының батысында 18 км-дей жерде, Көксу өзенінің оң жағалауында, қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдеуде жатыр. Халқы - 2009 жылы 3669 адам болса, 2021 жылы тұрғындар саны 5300 адамды құрады.

Қазіргі Ескелді ауданындағы бұрынғы Шұбар, бүгінгі Алдабергенов ауылынан колхоз құрылысының академигі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов бастаған жиырма Еңбек Ері, бір Кеңес Одағының Батыры шыққан ауыл аудан орталығы Қарабұлақ кенті.

1930 жылдың қазан айында ұжымның іргесі «Жаңаталап» колхозы негізінде бастау алды. Колхоздың «Жаңаталап» деген атының өзі колхозшылардың жаңаша өмір сүріп, еңбек еткенің білдіреді. Сол кезде шаруашылықтың орталығы Шұбар ауылы деп аталады. Революцияға дейін және Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Шұбар көктеуден жайлауға көшкен малшылардың бір-екі күн қонып кететін жері еді. Оның бүгінгідей мол байлығы, қонысқа құнарлы жері барын ешкім аңғармаған. Адам қолы тимегендіктен таудан құлаған тасқа, ағаш бұталарына толы еді. Сондықтан да бұл жер Шұбар деп аталса керек.
Н. Алдабергенов 1906 жылы 20 желтоқсанда Кербұлақ ауданы Малайсары ауылындағы шаруа отбасында дүниеге келген. 12 жасынан байдың малын бағып, еңбекке араласты. 1927 жылы Түрксіб темір жолы құрылысын салуға қатысып, құрылыс аяқталған соң 1930 жылы «Жаңаталап» колхозына мүше болып кірген. Н. Алдабергенов 1942 жылы соғысқа аттанып, 1945 жылы жеңіспен оралып, председательдік қызметін жалғастырды.
Соғыстан кейін ауыл шаруашылығын қалпына келтіруде ұйымшылдықпен еңбек етіп, егістіктен, оның ішінде қант қызылшасын өсіруден жоғары өнім алғаны үшін 1948 жылы Н. Алдабергенов пен бірге 12 колхозшыға, 1949 жылы 3 колхозшыға КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді және көптеген шаруашылық озаттары орден, медальдармен марапатталды.  Иә, колхоз қозғалысының тарихын осы ауылдағы Н. Алдабергенов мемориалдық мұражайынан көруге болады. Мұражайдың тарихы 1955 жылдан басталады. Мұражайдың негізін қалаушы — Н. Алдабергеновтің өзі болатын. Өйткені колхозға келген қонақтардың пікір жазатын кітапшаға жазылған қолтаңбасы дәлел бола алады және бірнеше фотоальбомдар мен колхозға жоғары өндірген өнімдері үшін тапсырылған сол кездегі Үкіметтің жоғары наградасын колхоз басқарма үйінің бір бөлмесіне мұражай жасап отырған.

1996 жылы тұнғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев ауылға келіп 20 батыр шыққан ауылды көріп кеткен болатын. Сонымен қатар Дариға Назарбаева 2015жылы ауыл тұрғындарының тұрмыс тіршілігін, сонымен бірге Қарлығаш балабақшасының жас ұрпақтың тәрбиесіне аса көңіл бөлетінің айтып, қонақ болып келген болатын.

Ауылдың инфрақұрылымы бүгінгі күні де көркейіп келеді. Алдабергенов ауылдық округіне Шомақов Жалғас Садырбайұлы (13.07.1987ж.т.) 2019 жылдан бастап ауыл әкімінің лауазымына тағайындалды. Жалғас Садырбайұлы өз ауылының көркейуіне үлкен үлесін қосуда. Ауылдың орталығында жалпы орта білім алатын Матай Байысов атындағы орта мектеп орналасқан. Білім беру мекемесінде 876-дан астам оқушы білім алады. 90-мұғалім бала тәрбиесіне басты назар аударып, білім нұрын төгіп еңбек етуде. Мектепте 30-ға жуық шаруашылық қызметкерлері жұмыс атқарады. Жалғас Садырбайұлы да осы мектепті қызыл аттестатқа бітірген түлегі. Мектепке дейінгі білім алу мекемесі «Қарлығаш» балабақшасы дәл орталықта орналасқан. Балабақша екі қабаттан тұрғызылған. Ауыл тұрғындарына үлкен ықыласпен наубайхана салынған. Сонымен қатар, дәріхана, шағынмаркет азық-түлік, киім-кешек дүкені де бар. Фотосалон барлық суреттерді тезарада шығаратын халыққа тиімді қызметтер атқарады. Аяқ киім жөндейтін цех бар. Жақында еліміздегі пандемияға қарсы жұмыс жасайтын цех ашылды. Цехтың алға қойған мақсаты бетперде және бір рет қолданатын қолқаптар шығарады. Бұл салынған цех қазіргі таңда ауыл тұрғындарының пандемияға қарсы сақтық шараларын жасауға үлкен үлесін тигізуде. Аулдың автокөліктерінің дөңгелектерін ауыстыратын шиномонтаж жұмыс істейді. Алдабергенов ауылдық амбулаториясы екі қаббаттан салынған. Ауылдық округтің дәрігерлері тыңбай еңбек етуде. Денсаулық сақтауды жақсарту үшін үлкен стадион бар. Стадионның жанында балаларға арналған демалыс алаңы жасалған. Ауылдың мәдениет үйі орталық саяжай маңында орналасқан. Мәдениет үйі атақты Индира Ганди жобасымен салынған.

Саяжайда Батырлар аллеясы тұрғызылған. Ауылдың ең басты мақтанышымыз және аса құндылығы 20 батыр шыққан ауыл.

Жалпы ауылдың тұрғындарына керемет өмір сүруіне барлық жағдайлар қарастырылған. Ауасы таза, әсем ауылдың табиғаты көркем. Ауылдың шетінен Қусақ өзені ағып өтеді. Таңқаларлығы сол, табиғаттың осы бөлігі басқа жерлерінен ғажайыптығымен ерекшеленеді. Жағаны бойлай өскен көптеген ағаштар мен бұталардың қара көлеңкесімен өзен суы бірқалыпты жап-жасыл әсем жағалауды бойлай ағады. Мал шаруашылығына жайлы мекен. Ауыл шаруашылығына келетін болсақ қант қызылшасы, күнбағыс, жүгері, майбұршақ, дәнді дақылдар және т.б. өсіріледі. Таза өнім халықтың денсаулығы десек артық айтпаймыз.

Туған жеріміздің әр тасы, әр бұтасы, құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата - бабамыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Сондықтан шаңырағы күннің шуағына бөленген, іргесі інжу маржанға толы, керегесі кең жайлау, байтақ, бай әрі сұлу жерімізді аялап, елімізді ардақтап өтейік. Осы бір керемет табиғаты көркем ауылым туралы жазған мақаламды келесі өлең шумақпен аяқтағым келіп тұр

Сулы дала, Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің,

Қандай жақсы, қазақ болып туғаным.

О, туған жер! Тамашасын көркемсің.


ЖИ арқылы жасау
25 Қазан 2021
518
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі