Туған өлкем - тұнған тарих
“Тарих” дегеніміз адамдар тұратын жерден басталады, өйткені тарихты жасайтын адамдар. Сондықтан әр елдің өзіңдік тарихы бар, Архат ауылының тарихы да Қазақстан тарихының бір бөлігі екені сөзсіз.
Біздің ауыл, менің туған өлкем -Архат атырабы, аңызға айналған ауылдардың бірі. Сан ғасырлық тарихы бар ауылымыздың табиғаты көрген адамдарды таң қалдырмай қойған емес. Адамның көзін бірден өзіне тартатын қасиеті бар биік-биік тауларымыздың, жоталарымыздың қойнауы -тұнған тарих, қызықты аңыз.
Архат тауында Тесіктас, Күйметас, Үшкеліншек, Әулиетас, Шоқпартас, Сандықтас, Сынтас, Жалтыртас т.б тастардың атаулары бар. Ол тастардың әрқайсысы өздерінше бір аңыз. Сол аңыздар “Арқат” сөзінің өзіне де қатысты. Ол –“Қозы Көрпеш- Баян сұлу” жырындағы Аягөзден Баянды іздеп шыққан Айбас батыр Баянға жолығып қайтып келе жатып, аты әбден арып, ну қопалы қамысты көлдің жағасына аялдаған деседі. Айбастың “Арыған аты” аялдаған мекен кейін “Арқат” аталған дейді.
Сол секілді бірнеше миф болған жерлер бар. “Қопа” ну қамысты, шілікті, сулы болғандықтан Шыңғыстау баурайына біткен шұрайлы жер. Қараған адамның көзін тойдыратын әсем

1-сурет
таулар көрінісі адамды бірден өзіне баурап, кұдды бір қолмен текшелеп жинап қойғандай әсер береді (1- сурет). Ғажап жартасты бұл таудың айналасы шырша, қайыңдар, сан салалы бұлақ-бастауларға толы. Оның айналасындағы көлдер (жаздың аптап ыстықтарында бірнеше бөлікке бөлінеді екен) қараса түбі көрінетіндей мөп-мөлдір. “Шыңғыстаудың бауырына біткен оқшау таулардың ішінде Архат жері шұрайлы. Салтанатты үйдің жасауындай текшелеп жинаған ғажап құз жартастар, шырша қайыңдар, сан-салалы бұлақ бастаулар қаншама. Қопа тауының бауырындағы көл шық тамшыларынан пайда болғандай мөп-мөлдір. Оның шыңдарынан бұлт тарқап көрген емес. Абай атамыз қарша салғызып, осы көлде ұзақ күндерін өткізеді екен”,- деп жазады жерлес жазушымыз Кәмен Оразалин. [4] Бұл мекенде ұлы Абай атамыз 1878 жылдары Қоңыр Көкше болыстығының болысы болып сайланған. Ол кезде Архат сол болыстың құрамында болған. [4] Осы жерде “Қозшы”, “Тоз”, “Мойын серіктер” құрылып, 1922 жылы алғашқы мектеп ашылған екен. Мектептің алғашқы ұстаздарының бірі -Рысжанов Мұса деген кісі. (ардагер ұстаз -Лиза мұғалімнің әкесі). 1930 жылы алғашқы колхоз ұйымдастырылған.
Қойма тас. Ақ қашып, қызыл қуған замандарда ма , әлде 1928 жылы конфескация кезінде ме, әйтеуір осы жерге атамекеннен қоныс аударған бір әулет кигіз үйін жиһаздарымен тігіп кетіпті. 1940 жылдары осы жерді ұрпақтары іздеп келгенде, дүние- мүлікі шіріп, кигіздерді күйе жеп кеткен екен(ел аузынан). Бұл жерде 1979 жылдың жаз айында Қазақ фильм киностудиясы “Жаушы” кинофильмін түсірді. Көз тартатын табиғаты ғажап (2 -сурет) осы жерде атақты кино-театр режисері Әзірбайжан Мәмбетов, атақты актерлер: Асанәлі Әшімов, Ыдырыс Ноғайбаев, Кененбай Қожабергеновтардың ізі қалған тарихи мекен.

2-сурет
Мың жылқы қамалған тарихи қуыс. Бұл қуыс негізінен Кең дара деп аталған. Ертеректе мәлім болған бұл қуыс кейінгі ХІХ ғасырларға дейін жасырын болған екен. Жанама аттары: “Ұры тас”, “Ұры қуыс”. Біздің ата-бабаларымызда “барымта” деген болған. Қопаның бөктерін жайлаған Найман, Сыбан т.б рулары мал ұрлағанда осы жерге әкеліп, аузын керегемен жаба салады екен. Бұл жердегі тығып қойған малдың санының көптігіне қарамастан ешкім таба алмайтын көрінеді. Осы жерге мал қамау оқиғасы 1970 жылы тағы да қайталаныпты. Бірақ бұл жолы барымта емес, Белтерек совхозының (Жарма ауданы) мыңға тарта жылқысы Байжігіттегі, Еспедегі егіндікпен шабындыққа түсіп болмаған соң, ауылымыздың бір топ жігіттері әдейі әлгі жылқыларды түн ішінде әкеліп, осы қуысқа қамаған екен. Содан бері жергілікті тұрғындар арасында “Мың жылқы қамалған қуыс” аталып кеткен.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Туған өлкем-тұнған тарих

шағым қалдыра аласыз