Материалдар / Тыныс белгілер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тыныс белгілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыныс белгілер. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгі- Үтір. Біріңғай мүшелерде, қаратпа және қыстырма сөздерде қойылатын тыныс белгілер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2022
484
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні:

Сынып: 6

Пәні: Қазақ тілі


Лицей: «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ


Мұғалімнің аты – жөні: Ежембаева А.А

Тақырыбы

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір.


Оқу мақсаттары

6.3.3.1 – ұсынылған деректер бойынша, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді ажырата алады.


Оқушылардың басым бөлігі мәтін бойынша тыныс белгілерді дұрыс қояды.

Кейбір оқушылар: тыныс белгілерді графиктік мәтін диаграмма, кесте, сызба құрастырып, жұмыстарында білімін қолдана алады.


Сабақ кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі



3-мин

Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс белгілер арқылы топқа бөлу

Топ ережесін құру қажеттігі туралы айту.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.


Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып, сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

мадақтау

Тыныс белгілер


Миға шабуыл


6-мин

Қызығушылықтарын ояту

Тыныс белгілерінің айтысы арқылы сұрау оқушыларды диалогқа түсіру


Дескриптор:

1.Өлеңді жатқа оқиды-1 ұпай

2. Өлеңді тыныс белгілерін сақтайды-2 ұпай

Мұғалім берген тапсырмасын орындау арқылы оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап, кері байланыс беріп отырады.

Бағалау парағы











9-мин

Жаңа сабақты бастамас бұрын, ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру арқылы жаңа сабаққа көшу.

  1. Хасан, Алаң, Дияр-алтыншы сыныпта оқиды. (біріңғай мүшелер)

  2. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. (қаратпа сөз сөйлемнің басында тұрса үтір оның соңынан қойылады)

  3. Меніңше, сен ақылды баласың. (қыстырма сөздерден кейін үтір қойылады)

.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау: Оқушылар берілген мәтіннен әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, тапсырманы берілген сызбаларға орындап, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды. Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз топтарына түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізеді.

ҚБ

Оқулық

Жұлдызша

«РАФТ» әдісін қолдану


10-мин

Жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында

осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату, кітаптан жұмыс, топ арқылы пікір алмасу

Дескриптор:

1. Ұсынылған деректер бойынша, графиктік мәтін (диаграмма, графика, сызба) құрайды -1 ұпай

2. Қойылу себебін түсіндіреді-2 ұпай

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады. Ортаға тақырыпты жақсы меңгерген екі оқушы шығып қорғайды.


ВShape1 Shape2 ен диаграммасын құру

165-бет. 4-тапсырма


Тиісті тыныс белгісін қойып, сызба құрастыр.


тыныс белгілермен сөйлем құрау

1.__:__,___,__,__,___.

2.__ ,__,___.



АКТ

слайд

4-мин

Жұптық жұмыс

165-бет. 5-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

1-А 3-Б

2-Ә 4-В тапсырмаларын орындайды.

Әр топтан екі жұп жауап береді.

оқулық

Сергіту сәті

3-мин


Оқушылармен бірге сергіту сәтін


«Қара жорға биі» атты жаттығу жасау, берілген шумақтан тыныс белгілер тауып, түсіндіру.

Дескриптор:

1. Ұсынылған бейнероликтей жаттығу жасайды-1 ұпай

2. берілген шумақтан тыныс белгілер тауып, түсіндіреді-2 ұпай

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.


«Қара жорға» болмаса, бидің сәні келе ме?

Бүрмелі көйлек кимесе, қыздың сәні келе ме?

Ал қанекей жолдастар, біреуің шық той бастар,

Той дегенде дейді екен, домалайды қу бастар.




АКТ


5-мин

Жинақтау.

Әр топқа шағын әнгіме жазу тапсырылады, әр топ бүгінгі тақырыптан не біліп не үйренгенін жазады, тақырыпты жинақтайды

Топ бірлесе отырып қағазға тақырыптан не түсінгенін жазады

А-4




Бағалау

2-мин

Бағалау парақтарын таратады

Бір- бірін бақғалауды қадағалау

Топты бағалау

Өзін -өзі бағалау

Бағалау парағы

Бағалау парақшалары


Рефлексия

3-мин

  «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі

Стикерлер тарату



Оқушылар тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар  керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына  жазады.

стикерлер













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!