"Ү" дыбысымен таныстыру. Мектепалды даярлық тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ү" дыбысымен таныстыру. Мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
МДҰ балаларға «Ү» дыбысын таныстыру,оның сөздегі орнын,таңбаланып жазылуын таныстыру.Сөздерді буынға бөлу,дыбыстық талдау жасау. «Ү» дыбысы бар сөзден сөйлемдер құрауға үйрету.4К моделін қолдану арқылы балалардың ойын еркін айтқызуға үйрету..
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана қаласы

34 «Ақ бидай» балабақшасы

Тәрбиеші: Ізбасар Мәдина

Құрманғалиқызы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: «Ү»дыбысымен таныстыру

Мақсаты:Смарт мақсат: Өткен дыбыстарды тану мен дыбыстау. Балаларға «Ү» дыбысын таныстыру,оның сөздегі орнын,таңбаланып жазылуын таныстыру.Сөздерді буынға бөлу,дыбыстық талдау жасау. «Ү» дыбысы бар сөзден сөйлемдер құрау.

Күтілетін нәтиже:»Ү»дыбысын біледі,таңбалайды,атайды. Сөздерді буынға бөледі,сөйлемдегі сөздердің санын анықтайды.Үш-төрт сөзден сөйлем құрайды.

Билингвальді компонент: үй-дом,үйрек-утка,күн-солнце

Ресурстар: Тақырыпқа сай суреттер,үлестірмелі материалдар.

ҰОҚ барысы:

I-кезең: Ұйымдастырушылық-қозғаушылық:Шаттық шеңбері.

Тәрбиеші:

Ал балалар, сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Қане досым қолды соз,

Жылуыма жылу қос!


II-кезең:Ұйымдастыру-ізденіс

Тыныс алу-артикуляциялық жаттығу «Үйшік» Аяқты алшақ қойып,қолды жоғары көтеріп үшбұрыш жасап,терең дем алып,қолды түсіреміз.

Ойын : «Сыйқырлы доп»

Допты балаларға бере отырып сұрақ қою.

Сауат ашу бізге нені үйретеді?

2.Дыбысты не істейміз?

3.Әріптің дыбыстан айырмашылығы?

4.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

5.Тілдік дыбыс нешеге бөлінеді?

6.Сөздер неден құралады?

7.Сөйлем неден құралады?

Тәрбиеші: Балалар,мына себеттегі көктем гүлдерін таңдай отырып,орнымызға отырайық.Балаларды үш топқа бөлемін.

4К-моделі арқылы оқу іс-әрекетін жүргізу.

Жұмбақ: Күнде бар,айда жоқ.

Күйде бар,әнде жоқ. (Ү-дыбысы)

ІК-Коммуникациялық ойлау:Тәрбиеші өлең шумақтарын оқиды

Үстел берсең кіргенде,

Үлкен кісі есіктен.

Үлгілі екен демей ме,

Үйренген ғой бесіктен.

Балалар,өлең шумақтарында бірінші қандай дыбысты естідік.

«Ү дыбысы-жіңішке дауысты дыбыс. Дыбыстың баспа,жазбаша таңбаларын көрсету. «Ү» дыбысы сөздің басында,ортасында кездеседі.

ІІК-Топтық тапсырма:

1-топ: Суреттен сөйлем құрау;

2-топ: Сөзге дыбыстық талдау жасау;

3-топ: «Ү» дыбысы бар заттарды тауып,атау.


ІІІК-Сыни ойлау тапсырмасы: «Жоғалған буынды тап»

Үт-?; Тү-?; Үй-?; Бүр-? Кү-?


Сергіту сәті. «Көңілді дыбыс таңбасы»

Әуенмен жаттығулар жасайды,музыка тоқтағанда жерден дыбыс таңбаларын алып,дауысты дыбыс қызыл,дауыссыз дыбыс көк үйшікке орналасады.Дыбыстарды талдайды.



Жаңылтпаш: (тасбақа,ұшақ суреттерін көрсетіп,ақырын,тез айтқызу)

Үйір-үйір үйректі,

Үйге кім үйретті?

Үйір-үйір үйректі,

Үйге өзім үйреттім.

Билингвальді компонент: үй-дом,үйрек-утка,күн-солнце


ІVК-Креативті ойлау тапсырмасы:

Ойын: «Сөз ойла,тез ойла» Жалаушаны бере отырып, «Ү»дыбысы бар сөздерді атайды.Аталған екі сөзге дыбыстық талдау жасайды.



III-кезең: рефлексиялық-түзетушілік.

Қорытынды:

-Балалар,біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-Ү дыбысын қандай текшелермен белгілейміз?

-Кімге не қиын болды?

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетінде,біз бағдаршам арқылы өз-өзімізді бағалаймыз. Қызыл түс-толық түсіндім,сары түс-жартылай түсіндім, жасыл түс-түсінбедім.

-Балалар, «Ү»дыбысы сендерге сыйлық алып келіпті,сендер мектепке баруға дайын болғандарың үшін,мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын сыйлайды.




































34 «Ақ бидай» балабақшасы МҚКҚ













Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Ү» дыбысымен танысу

6 «Балдырған» мектепалды даярлық тобы









Тәрбиеші: Ізбасар М.Қ



















Нұр-Сұтан-2022ж

Жұмбақ

Түн де бар,айда жоқ.

Күйде бар,әнде жоқ.

Тәрбиеші өлең шумақтарын оқиды

Үстел берсең кіргенде,

Үлкен кісі есіктен.

Үлгілі екен демей ме,

Үйренген ғой бесіктен.



ІІК-Топтық тапсырма:



ІІІК-Сыни ойлау тапсырмасы: «Жоғалған буынды тап»



Сергіту сәті. «Көңілді дыбыс таңбасы»


Жаңылтпаш: (тасбақа,ұшақ суреттерін көрсетіп,ақырын,тез айтқызу)



Билингвальді компонент: үй-дом,үйрек-утка,күн-солнце


ІVК-Креативті ойлау тапсырмасы: «Сөз ойла,тез ойла» Жалаушамен

Түлкі,күшік –дыбыстық талдау.

Қортынды. Мадақтау




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2023
298
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі