Материалдар / “ҰБТ-да кездесетін күрделі тапсырмалар және оларды шығару тәсілдері” дипломдық жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“ҰБТ-да кездесетін күрделі тапсырмалар және оларды шығару тәсілдері” дипломдық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
“ҰБТ-да кездесетін күрделі тапсырмалар және оларды шығару тәсілдері” дипломдық жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2024
175
3 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны.

Кіріспе.......................................................................................................................4

1-Бөлім. ҰБТ-білім сапасының басты көрсеткіші…………………………………

1.1. ҰБТ-дегеніміз не?............................................................................................8

1.2. 2015-2016 оқу жылындағы мектеп түлектерін ҰБТ-ке дайындау жүйесі туралы анықтама……………………………………………..................................10

1.3. ҰБТ-ға дайындық жүргізудің кешенді бағдарламасы……………………..15

2.Бөлім. ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары.....................................................

2.1. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жолдары…………………………..............25

2.2. ҰБТ-ға оқушыларды дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері................................................................................................................29

2.3. ҰБТ-ге дайындық кезеңіде өткізілетін психологиялық-педагогикалық шаралардың жоспарлары.....................................................................................35

3-Бөлім. Практикалық бөлім………………………………………………………

3.1.ҰБТ-да кездесетін кейбір күрделі есептерді шығару әдістері……………………………………………………………..………………42

3.2. ҰБТ есетерінде геометриядан қиындық әкелетін есептері……………… 50

3.3 ҰБТ-ның математика есетерін шығаруда қандай қателерден сақ болу керек?......................................................................................................................79

Қорытынды............................................................................................................81
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................82







Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейiнгi бiлiм беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында “Жоғары бiлiмдi дамытудың негiзгi үрдiсi мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми - зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық бiлiмдi дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерiнiң әлеуметтiк сала мен экономиканың қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты бiлiм беру және технологияларды жетiлдiру болып табылады” деп атап көрсетiлгендей, қазiргi бiлiм беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтiк - педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұнына жаналық енгізудiң тиiмдi жаңа әдiстерiн iздестiру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.Ұлттық бірыңғай тест – білім сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң дамусапалы білімді, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы білім беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi,білімді ұрпақ –білімді ұстаздардан, білікті маманнан.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi.Математика пәні ҰБТ-де міндетті тапсырылатын пән болып есептеледі. Тестілеуде ұсынылатын тест тапсырмалары орта мектеп бағдарламасына сай құрылады да: арифметиканы, алгебра және анализ бастамаларын: яғни сан және пропорция, теңдеулер және теңдеулер жүйесін, мәтіндік есептер мен теңсіздіктер жүйелерін, өрнекті ықшамдауды, прогрессияны, функциялар, туынды, интеграл тақырыптары мен, геометрияны: планиметрия мен стреометриядан алған білімдерін тексереді.ҰБТ-ді жақсы тапсыру үшін оқушылар мектептен алған білімдерін бірқалыптылығы мен тереңділігін көрсете алуы тиіс. Ұлттық бірыңғай тестілеу – жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттесттауының бір түрі. Ол техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарын біріктіруді көздейді.
ҰБТ – білім беру ұйымдарын объективті бағалау, олардың нақты рейтингісін көрсету, оқушылардың және мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын ынталандыру. Ұлттық бірыңғай тестілеудің мақсаты – жоғары білім алудағы барлық бітірушілердің тең дәреджеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру.
Ағымдағы жылы талапкерлер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін кешенді тестілеуден өтіп, сертификат алуы қажет.
Конкурс бойынша жоғары балл кімде болса сол білім грантына ие болады. Жастарымыздың мектеп бітіріп, жоғары оқу орындарына түсуі еліміз үшін еш күмәнсіз стратегиялық маңызы бар мәселе екені белгілі. Бұл – елдің болашағының тағдырын шешу. Сондықтан да оны мемлекеттік деңгейде мұқият ойластырып, ұйымдастыру құптарлық жағдай. Ұлттық бірыңғай тест осындай өте дұрыс мемлекеттік саясатты жүзеге асыруы тиіс.
ҰБТ кезінде әрбір оқушы үш жарым сағат ішінде 125 сұраққа тиянақты жауап беруі тиіс. Математика пәнін алатын болсақ небір күрделі есептер мен шырғалаң сұрақтар бар.Осы үш жарым сағат балаға
өте қатаң талаптар қояды. Баланың психикасына ерекше салмақ түседі.Әрбір жасөспірім өз өмірінің алғашқы сынында-ақ оның ең қиынына тап болады – интеллектуалдық сынақ. Жәй емес, күрделі мазмұны өте қысқа уақытқа сығымдалған қуатты ақыл-ой сыны. Бұрын соңды мұндай сынға түспеген жасөспірімдердің көпшілігінің әлі солқылдақ жан дүниесі тестке дайындық кезінде-ақ дембіл-дембіл стресске ұшырап, өзін-өзін жоғалтып немесе «маған бәрібір» деген апатиялық меңзең күйге түсетіні белгілі.

ҰБТ есептерінде геометрия есептері қиындық келтіреді. Ол үшін есеп шартын толық және түсінікті етіп оқу керек. Сонымен бірге оның сызбасын да дұрыс сыза білуіміз керек. Сызбаның дұрыс сызылуы біздің есебіміздің дұрыс, әрі тез шығуына көп көмегін тигізеді. Сондықтан да мектеп қабырғасында жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің мақсаты – білім мен білікті қалыптастыру ғана емес,ол тұлғаның дүниетанымын дамытып, жан-жақты етіп тәрбиелеу. Осы қайшылықтарды зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты “ҰБТ-да кездесетін күрделі тапсырмалар және оларды шығару тәсілдері” деп таңдауымызға негіз болды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу —  жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі.

ҰБТ өткізудің қажеттілігі: ҰБТ —  білім беру ұйымдарын объективті бағалау, олардың нақты рейтингісін көрсету, оқушылардың және мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын ынталандыру.

ҰБТ-ның мақсаты: ҰБТ —  жоғары білім алудағы барлық бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру.

Тақырыптың өзектілігі: ұлттық бірыңғай тестілеу – жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттесттауының бір түрі. Ол техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарын біріктіруді көздейді.
ҰБТ – білім беру ұйымдарын объективті бағалау, олардың нақты рейтингісін көрсету, оқушылардың және мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын ынталандыру. Ұлттық бірыңғай тестілеудің мақсаты – жоғары білім алудағы барлық бітірушілердің тең дәреджеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру.
Ағымдағы жылы талапкерлер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін кешенді тестілеуден өтіп, сертификат алуы қажет.
Конкурс бойынша жоғары балл кімде болса сол білім грантына ие болады. Жастарымыздың мектеп бітіріп, жоғары оқу орындарына түсуі еліміз үшін еш күмәнсіз стратегиялық маңызы бар мәселе екені белгілі. Бұл – елдің болашағының тағдырын шешу. Сондықтан да оны мемлекеттік деңгейде мұқият ойластырып, ұйымдастыру құптарлық жағдай. Ұлттық бірыңғай тест осындай өте дұрыс мем-лекеттік саясатты жүзеге асыруы тиіс еді.
ҰБТ кезінде әрбір оқушы үш жарым сағат ішінде 125 сұраққа тиянақты жауап беруі тиіс. Математика пәнін алатын болсақ небір күрделі есептер мен шырғалаң сұрақтар бар.Осы үш жарым сағат балаға өте қатаң талаптар қояды. Баланың психикасына ерекше салмақ түседі.Әрбір жасөспірім өз өмірінің алғашқы сынында-ақ оның ең қиынына тап болады – интеллектуалдық сынақ. Жәй емес, күрделі мазмұны өте қысқа уақытқа сығымдалған қуатты ақыл-ой сыны. Бұрын-соңды мұндай сынға түспеген жасөспірімдердің көпшілігінің әлі солқылдақ жан дүниесі тестке дайындық кезінде-ақ дембіл-дембіл стресске ұшырап, өзін-өзін жоғалтып немесе «маған бәрібір» деген апатиялық меңзең күйге түсетіні белгілі.

Жұмыстың мақсаты: ұлттық біріңғай тестілеуде мектеп бітіруші түлектердің көрсететін нәтижесі әр мектептің білім беру жүйесі деңгейінің көрсеткіші болып отырғаны ешқандай талас тудырмасы анық. ҰБТ-дегі пәндердің арасында өзге пәндермен салыстырғанда математикадан білім сапасы көрсеткішінің төмен болуы әр мектептің алдында тұрған күрделі мәселе болып келеді. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет.
Математика есептері оқушы білімінің жан-жақты болуын талап етеді. Ең алдымен оқушының теориялық білім деңгейін қалыптастырып, анықтамалар мен қасиеттердің, формулалар мен теоремалардың қолданылу ерекшеліктерін ажырата білуі керек
Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет.

Жұмыстың міндеті: жүргізген зерттеуімнің мақсатына сай оқушыларды ҰБТ-ке дайындау кезінде жаңа тиімді жолдарын іздеу және белгілі-бір нәтижеге қол жеткізу. ҰБТ қорытынды нәтиженің көрсеткіші болғандықтан, мұғалім оқу үдерісінде міндетті түрде оқу бағдарламасының мазмұнын және оқулықтарды жете талдап қоймай, қорытынды тексерудің ерекшеліктерінеде назар аудару қажет. Сонымен қатар ҚР білім беру жүйесінде құзыреттілік тұрғысынан білім беруге көшу қарастырылуда. Басты міндет негізгі және пәндік құндылықтарды қалыптастыру. Осылайша ҰБТ-ге дайындауда жаңа жүйе қалыптасуы қажет. Менің дайындаған жұмысымның теориялық бөлімінде оқушылардың білімін, біліктілігін және дағдысын тексерудің формасы мен әдістері қарастырылды, сонымен қатар тексеруді
ұйымдастыру барысында құзыреттілік тұрғысынан пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылған.
Ал жұмысымның практикалық бөлімінде ҰБТ-ке оқушы-ларды дайындау кезінде және сабақтарда ең негізгі назарды құзыреттілік тұрғысынан білім берудің үдерістері арқылы өткізу болып табылады. Білімнің жаңа жүйесінде негізгі міндеті оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.
Проблеманы анықтау: берілген есептегі проблеманы шешуде біліктілігін қалыптастыруын қадағалау және проблеманы шешуге болатын негізгі мен формулалардың орнын анықтау керек.

Жаңа технологияларды қолдану
Білім, білік, дағдыны қалыптастыру шығармашылығында технологияларды таңдау:
- есепті шешу тәсілі немесе берілген сұраққа жауап іздеу;
- шығармашылық тұрғысынан жетістіке жету үшін әртүрлі керек амалдарға талдау жасау.

1. ҰБТ-білім сапасының басты көрсеткіші.

1.1 ҰБТ-дегеніміз не ?

Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.2004  жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігімектеп түлектерінің білімін бағалаудың Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) атты жаңа ерекше жүйесін енгізді.Бұл жүйенің артықшылығы оған мектептегі бітіру емтиханы мен ЖОО - на түсу емтиханы кіреді. Осылайша, 11 - сынып түлегіне ЖОО - на түсу үшін бұрынғы технология бойынша екі рет билеттермен емтихандарға дайындалудың, шығарма жазудың қажеті жоқ. Түлек бір рет қана тест тапсырады, соның нәтижелеріне байланысты таңдаған ЖОО - на грантқа немесе ақылы негізде оқуға түсе алады. Сондай - ақ, ҰБТ нәтижелеріне қорытынды аттестаттың бағалары да тәуелді. Сонымен қатар оқушы ҰБТ - да қандай баға алса да, тіпті ЖОО - на түсу балынан кем алса да, ол мектепті аттестатпен бітіреді де, әрі қарай мысалы, колледжге бара алады. Осылайша "ҰБТ"- дан құлау мүмкін емес.Өту балы жыл сайын ауысады. Тестілеу тегін өткізіледі. ҰБТ өткізуге 3,5 сағат, яғни 210 минут беріледі, оның ішінен 3 сағаты жауап беруге және 30 минуты арнайы жауап бланкілерін толтыруға беріледі.ҰБТ кезінде жабық тестілер қолоданылады. Әрбір сұрақтың 5 жауап нұсқасы болады, оның ішінде тек біреуі ғана дұрыс болады. Бес нұсқаның әрбірі латын әліпбиінің бас әріптерімен A, B, C, D, E белгіленген.Дұрыс жауапты арнайы жауап бланкісінде пәнге, рет нөміріне және дұрыс жауап әрібіне сәйкес келетін дөңгелекті бояу арқылы белгілеу қажет.Тестілеуден өту кезінде оқушы мектеп бағдарламасы бойынша 5 пәннен 125 сұрақтан тұратын тест тапсырады, оның төртеуі барлық түлектер үшін міндетті және бесіншісі бейінді пән деп аталады және ЖОО - на түсу кезінде болашақ мамандықты таңдауға әсер етеді. Яғни, қосымша пән ретінде физиканы таңдаған оқушы техникалық мамандыққа түсуі қажет. Арнайы немесе шығармашылық даярлықты қажет ететін мамандықты таңдаған түлектер үшін бесінші таңдау пәні - еркін. Мұндай түлектер ЖОО - на қабылданған кезде арнайы және шығармашылық емтихандар тапсырады.Тестілерді ҚР БҒМ Ұлттық Тестілеу Орталығы жыл сайын жалпы білім беру пәндерінің бағдарламалары негізінде құрастырады және оларға барлық мектеп курсы бойынша сұрақтар енеді. Әрбір пән бойынша сұрақ саны - 25.Міндетті пәндер - ана тілі және реми тіл (сәйкесінше орыс және қазақ тілдері), математика және Қазақстан тарихы.  ҰБТ тапсыру тілі мектептегі оқу тіліне байланысты. Қазақстан Республикасында ұлттық тіл қазақ тілі, алайда орыс тілі халықаралық қатынас тілі мәртебесіне ие. Түлектер тестілеуден өту үшін екі тілді де білулері қажет. Бірақ, білім беру гранттарының конкурсы кезінде тек ана тілінің нәтижелері есепке алынады. Білім беру гранттары - таңдалған мамандық бойынша Қазақстанның кез келген ЖОО - да толығымен тегін оқу.

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу Қазақстан бойынша 6 - 10 күн аралығында өткізіледі. Жыл сайын ҚР БҒМ нақты мерзімдерді анықтайды. ҰБТ арнайы Тестілеуден өту Орталықтарында  (әдетте ірі ЖОО - лар, мектептер) өткізіледі.ҰБТ басталуға бірнеше ай қалғанда оқушылар арнайы коды бар рұқсат қағаздарын алады, ол кодта: оқушының ТАӘ, мектебі, Тестілеу Орталығының коды, аудиториясы және аудиториядағы орны туралы ақпарат шифрленген.ҰБТ уақытында ұялы телефондарды, калькуляторларды, түрлі анықтамалықтар мен оқу әдістемелік кешендерін қолдануға болмайды. Бесінші пән ретінде химия пәнін таңдаған түлектерге Менделеев кестесін алуға рұқсат етіледі. Қалам, сағат, суы бар бөтелке алуға рұқсат етіледі.ҰБТ нәтижелері тестілеу өткізілген күні белгілі болады. Тестілеу нәтижелерімен келіспейтін түлектер аппеляциялық комиссияға жүгінуге құқылы, аппеляциялық комиссия тест тапсырушылардан өтініштерді қабылдап, қарастырады. ҰБТ өткізілетін орындарда құрылған апелляциялық комиссия Республикалық аппеляциялық комиссияға өтініш берушіге балл қосу туралы ұсыныс тастайды және оған аппеляция қорытындыларын жариялайды. Аппеляциялық комиссияға өтініш тестілеу қорытындылары жарияланғаннын кейінгі келесі күні сағат 13.00 - ге дейін қабылданады және 24 сағат ішінде қарастырылады.ҰБТ баллдары Президенттің "Болашақ" стипендиясын тағайындау кезінде де ескеріледі.Бір типті тест тапсырмалары, нәтижелерді бағалаудың бірыңғай шкаласы, компьютерлердің көмегімен нәтижелерді әділ тексер процедурасы түлектердің білімдері мен дағдыларын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушыларды психологиялық тестілеу де жүреді, ол балалардың болашақ ересек өмірі үшін де маңызды

1.2 2013-2014 оқу жылындағы мектеп түлектерін ҰБТ-ке дайындау жүйесі туралы анықтама

ҰБТ тапсыратын оқушылар саны-50.

Дарынды балаларға арналған №3 мектеп интернаты бойынша

Мектеп оқушылырын  ҰБТ-ке дайындау мақсатында жоспар құрылып, ҰБТ-ға дайындық бекітілген кестеге сай өткізілді.                                                                                                                                                        

Апта,күні,

уақыты

 

11 «А»

I-II топ

11 «Б»

I-II топ

Таңдау пәні

Дүйсенбі

 

 

 

 

 

1

математика  (ІІ).  (Г.К.)

математика -421(I)

 

2

математика  (ІІ).  (Г.К.)

математика -421(I)

 

3

математика (І)  (А.Ә)

Қазақстан тарихы

 

4

математика (І)  (А,Ә)

Қазақстан тарихы

 

Сейсенбі

 

 

 

 

 

1

қазақ тілі

қазақ тілі

химия

2

қазақ тілі

қазақ тілі

химия

3

 

математика -411(II)

 

4

 

математика -411(II)

 

Сәрсенбі

 

 

 

 

 

1

физика - 403

математика -421(I)

тарих(кітапхана)

2

физика - 403

математика -421(І)

тарих(кітапхана

3

биология-419

орыс тілі (Ғ.А)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!