Материалдар / ҰБТ тест Дүние жүзі тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰБТ тест Дүние жүзі тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ-ға дайындық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2024
586
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ

І-БӨЛІМ















Шығыс өркениеті

  1. Шығыс тек бұрынғыдай географиялық ұғым ретінде ғана қабылданбай, өз заңы, тәртібі, қалыптасу жүйесі бар өзгеше әлем ретінде де танылды.

  2. Шығыс адамзат өркениетінің, мәдениеттің бастауы

  3. Шығыс бұл тарихи-мәдени, өркениеттік ұғым.

  4. Дихотомия - бөліну (Шығыс өркениеті, Батыс өркениеті болып бөлінуі)

  5. Әлемдік өркениеттің ежелгі ошақтары пайда болды Таяу Шығыстың құнарлы алқаптары мен тау бөктерінде

  6. Ежелгі Шығыс өркениетінің тарихының хронологиясы б.з.б. 4-мыңжылдық пен б.з. V ғасыр аралығында

  7. Шығыстың ежелгі заманнан қазірге дейінгі дамуының қыр-сырын білуге мүмкіндік берген ғалым Неміс ғалымы Ясперс

  8. К.Ясперстің айтуы бойынша «өзекті дәуірді» қамтитын уақыт б.з.б. 800–200 жылдар аралығындағы уақыт.

  9. Өзекті дәуір дегеніміз – елдердің мифологиялық санадан қол үзуі, көп Құдайлық табынушылық пен мифологиялық сана орнына әлемдік бірқұдайлық дін философия келді

  10. Өзекті дәуір кезеңіне жататын мемлекеттер Қытай, Үндістан, Палестина және Ежелгі Грекияда

  11. Қытайда Лао-Цзы және Конфуции, Үндістанда Будда, Иранда Заратуштра, Палестинада Илия, Исайя, Грекияда Парменид пен Гераклит есімдерімен байланысты болды.

  12. «өзекті дәуірге дейінгі» кезеңге тән дәстүрлі қоғамның бірқатар ерекшеліктері: 1) әлеуметтік-экономикалық бағыттағы өзгермеушілік (мұндай қоғамда жаңашылдық болмайды немесе ол бағынышты жағдайда болады); 2) билеуші билігінің қасиетті саналуы және билікті меншік фономенінің пайда болуы (абсолютті билік абсолютті иелікті туындатып, оны шексіз пайдалану еркіндігін береді); 3) негізгі өндіруші бірлік – жер өңдеуші қауым, олар су жүйесіне тәуелді, бұл ұжымдық күш пен ортақтаса бірлескен іс-әрекетті қажет етеді; 4) орталықтанған бюрократтық аппараты бар деспоттық мемлекет.

  13. Деспотизм - мемлекеттік құрылылым жүйесі, бағынушылардың құқы жоқ, билікті шектен тыс қолданатын, шексіз монархия. Деспотизм классикалық түрі Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне тән (АссирияВавилонҚытай империясы).

  14. Деспот  - шексіз, қатал билеуші, тиран.

  15. «Шығыстық деспоттың» белгілері: мемлекет басшысының өкілеттілігі шексіз болады; ақсүйектік және шіркеулік билік бір қолға шоғырланған; билік көптеген бюрократиялық аппараттар арқылы жүзеге асады; тұлғаларды басып-жаншу, бостандықтың болмауы; шартты түрде еркін саналатын адам «тәртіптің», дәстүрдің, сенімнің құлы болып табылады.



ЕЖЕЛГІ ҚОСӨЗЕН

  1. Тигр мен Евфрат өзендерінің ортаңғы және төменгі ағыстарын қамтыған кең байтақ аумақты ежелгі грек географтары атады Месопотамия

  2. Месопотамияның қазақша мағынасы Қосөзен яғни екі өзен – Евфрат пен Тигр

  3. Месопотамияның орналасқан аумағы қазіргі Ирак Республикасы

  4. Қосөзенге адамдар тығыз қоныстана бастады неолит дәуірінде

  • Адамдар алғаш Месопотамияның солтүстік бөлігінде қоныстанда, кейіннен Оңтүстік Месопотамия аумағын игере бастады

  1. Оңтүстік Месопотамияға қоныстанған тайпа және оның қоныстанған уақыты шумерлер, б.з.б ІІІ-ІV мыңжылдықтарда

  2. Солтүстік Месопотамияның атауы Аккад

  3. Қосөзеннің тасыған суын жинақтайтын су жүйелері пайда болған уақыт б.з.б IV мыңжылдықтың орта кезеңі

  4. Шумердің қалалары Ур, Урук, Эрид (Урук мәдениеті)

  5. Пиктографиялық суретті жазу пайда болған уақыт б.з.б ІV мыңжылдықтың соңы – ІІІ мыңжылдықтың басы

  6. Пиктографиялық хат хабардың толық мағынасының сурет түрінде бейнеленуі, көбінесе ұмытпау мақсатында қолданылады

  7. Б.з.б ІІІ мыңжылдықтың І жартысында шумерліктер даму жағынан жоғары болған тайпалар аккад пен хурриттардан

  8. Шумерлердің экономикалық қуаты артып, жасанды су жүйесі, металды бұрыннан да ауқымды (қола) қолдана бастаған уақыт – Б.з.б 3-мыңжылдықта

  9. Саудагерлердің атауы тамкар

  10. Шумерліктер сауда қатынасын дамытқан елдер Кавказ, Иран, Сирия және Парсы шығанағында орналасқан елдер

  • Құлиеленудің негізгі көзі соғыс болды

  1. Құлиеленуші тап ақсүйек тұқымы, жоғарғы абыздар, билік өкілдері, жоғарғы лауазымдылар

  2. Құлиеленушіліктің қатынастардың қарқынды дамуымен дамыған салалар әскерлер мен шенеуліктер және түрме

  3. Шумерлерде жер екіге бөлінді

  4. Бірінші жер, қауымның аумақтық меншігі.Ол қауым құрамындағы үлкен отбасыларға басшалыққа беріліп отырды. Бұл жерді сатуға сатып алуға болады

  5. Екіншісі, ғибадатхананың жеке жері: жердің табысы тек храмның қажеттілігіне жұмсалады, өз міндеттердің орындамаған қызметкерлердің жерлері тартып алынып, храм қызметкерлеріне берді. Бұл жерді храм қызметкерлері иелене алмады, мұрагерлікке қалдыра алмады, тек құнын төлеу арқылы жалға ала алып пайдаланды

  6. Алғашқы династиялық кезеңнің басында қала – мемлекеттің басшысы жоғарғы абыз – эн болды

  7. Кейіннен шумерлердің қала – мемлекеттің басшысы болып энси немесе лугаль сайланды

  8. Энси сөзінің мағынасы абыз құрылысшы

  • Энси билігі сайланбалы болды

  1. Б.з.б ХХVІІІ – ХХІV ғасырларда дамып, бербес қала – мемлекеттерге айналған шумер қалалары Киш, Ур, Урук, Лагаш, Умма

  2. Б.з.б ХХVІІІ – ХХІV ғасырларда Шумерді басып алған Аккад билеушілері

  3. Б.з.б 2316 ж Аккад билігін басып алған жергілікті патша қызметшісі Саргон (Шаруккин)

  4. Шумер-Аккад мемлекетін құрған патша: Шаруккин (Саргон)

  5. Тарихта бірінші тұрақты әскер құрған Саргон

  6. Саргон қаза болғанна кейін, біртұтас мемлекет ыдыраған уақыт Б.з.б 2261 ж

  7. Б.з.б ХХІІ ғ Шумер аумағын жаулап алған тайпа гутейліктер (кутейлер)

  8. Гутейлердің билігін басып алған Урдың ІІІ әулеті

  9. Шумер Аккадтықтардың мемлекеттік құрылымы деспоттық тән сипатта болды

  10. Жазу қалыптасып, атақты болған аңыздар Гильгамеш туралы дастап, Топан су туралы аңыз

  11. Б.з.б ХХ ғасырда Шумер Аккад мемлекеті құлайды көршілес тайпалардың шабуылынан



ЕЖЕЛГІ ВАВИЛОН

  1. Урдың III династиясы құлаған соң, ұсақ патшалықтар биліктерін орнату үшін соғыстар жүргізді Месопотамияға

  2. Осы өзара соғыстардың нәтижесінде көрші патшалықтар әлсіреп, Вавилон (Баб-илу – құдайдың қақпасы) қаласы қуатты орталыққа айналады.

  3. Вавилонның бүкіл Месопотамияны біріктіріп, ұлы держава құруы үшін 100 жылдан астам уақыт кетті

  4. Астанасы Вавилон қаласы болатын.

  5. Вавилонның көркеткен патша Хаммурапи (б.з.б. 1792– 1750 жж.)

  6. Хаммурапи билік құрған кезеңде көптеген жетістіктерге қол жеткізді:

  • жеке құлиеленуші шаруашылықтар

  • сауда-саттық дамыды; мемлекеттің орталықтануы күшейді

  • патша билігі нығайды.

  1. « Хаммурапи заңы » тұрды: олар мемлекеттік басқару, қылмыстық заңдар, сауда жүргізу, суды пайдалану және суды қорғау, адамдардың күнделікті өміріндегі заңдық қатынастар.

  2. Месопотамияның солтүстік-батысында орналасқан Митанни мемлекетіндегі жауынгер кассит тайпалары тарапынан шабуылдар жиілейді.

  3. Б.з.б. 1595 жылдары Вавилонды талқандаған ел Хетт

  4. Хеттен кейін Вавилон кассит билеушілерінің қол астына өтеді.

  5. Касситтар билігі кезінде ауылшаруашылығына жер өңдейтін құрастырылмалы соқа- сепкіш енгізілді, жолдар желісі пайда болды, сыртқы сауда жанданды, әскери істерге жылқы мен қашырлар жиі пайдаланады.

  6. Б.з.б. VIII ғасырда Вавилонияны жаулап алған ел Ассирия

  7. Б.з.б. 626 жылы Ассирия жаулап алған аумақта, оған қарсы көтерілістер орын алады, оның жетекшісі халдейлік көсем Набопаласар болды.

  8. Вавилон көтерілісшілер жеңіске жеткен уақыт б.з.б. 626 жылы қазан айында

  9. Б.з.б. 626 жылы 25 қарашада Вавилонда таққа отырып, Жаңа вавилондық патшалықтың негізін қалаған Набопаласар

  10. II Навуходоносор (б.з.б. 605–526 жж.) патшаның кезінде Вавилон көркейеді, бұл оның белсенді сыртқы саясат жүргізуіне мүмкіндік береді.

  11. II Навуходоносор қайтыс болған соң оның орнына билікке Набонид келді

  12. Набонид Мардуктың орнына жаңававилондық патшалық Синаны ең ұлы құдай деп жариялады, бұл абыздар арасында наразылық тудырып, ол орталық биліктің әлсіреуіне әкелді.

  13. Б.з.б. 539 жылы вавилондықтарды жаулап алған парсылар

ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ

  1. Ежелгі Египет өркениеті пайда болды Ніл өзенінің жағалауында

  2. Өркениет - мемлекет, жазу, заңдар, ақша мен алғашқы техникалық өнертабыстары пайда болған қоғамның белгілі бір даму дәрежесі

  3. Отырықшы тұрғындар Ніл алқабында пайда болды б.з.б. 4-мыңжылдықтың соңында

  4. Жасанды жолмен суғару арқылы жер өңдеу үлкен жетістіктерге жетті Б.з.б. 4-мыңжылдықтың екінші жартысында.

  5. Б.з.б. 4-мыңжылдықта Египетте негізгі үш таптың белгісі айқындалды: 1)билік құрушы тапқа ақсүйек ру-тайпалардың ұрпақтары, абыздар, қауымның ауқаттылары енді; 2)жер өңдеуші; 3)құлдар тобы.

  • Құлдар тайпалар мен рулар арасында болған әскери қақтығыс нәтижесінде пайда болды.

  1. Алғашқы мемлекет пайда болды шағын аймақтарда (номдарда)

  2. Ном дегеніміз - қала орталығын қоршай орналасқан бірнеше елді мекенді қамтыды.

  3. Ежелгі мемлекеттік құрылымдар номдар табиғаттың ерекшелігіне орай алқапта немесе Нілдің сағасында орналасты. Олар бірігуге ұмтылды, бұл ірі патшалықтың пайда болуына жол ашты.

  4. Жоғарғы Египеттің номдарының бір патшалыққа топтасуы, ал Төменгі Египеттің басқа бір ірі патшалыққа бірігуі б.з.б. 4-мыңжылдықтың соңында жүзеге асты.

  5. Жоғарғы Египеттің билеушісі ақ түсті тәж киеді

  6. Төменгі Египет патшасы қызыл түсті тәж киеді

  7. Жоғарғы Египеттің астанасы Энхаб (Нехен) қаласы болды

  8. Төменгі патшалықтың астанасы Буто қаласы болды.

  • Ақыр соңында Төменгі египеттік және Жоғарғы египеттік патшалықтар бірігіп, біртұтас мемлекет құрылды.

  1. Ежелгі Египет тарихында нақты уақытты анықтау үшін династиялар би- лігінің кезеңдері арқылы.

  2. I және II династиялар ерте династиялық кезеңді құрайды:

  • Ежелгі (көне) патшалық (III–VІ ғғ.);

  • Алғашқы өтпелі кезең (VII–X ғғ.);

  • Орта патшалық (XI–XII ғғ.);

  • Екінші өтпелі кезең (XIII–XVII ғғ.);

  • Жаңа патшалық (XVIII–XX ғғ.);

  • Кейінгі патшалық (XXI–XXX ғғ.).

  1. Бюрократия биліктегі басшылардың деңгейіне сай жоғарыдан төмен қарай бөлінуі

  2. Египет патшасының атауы перғауын (патша)

  3. Перғауын (фараон) Ежелгі Египеттік «пер-о-о» сөзінен бастау алды, ол «үлкен үй» деген мағына берді.

  4. Абыз сот билігін басқарды, мемлекеттің қазынасын иеленді.

  5. Салық жинаушыларды «Асп

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!