Материалдар / Ұйірме жұмыстарында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйірме жұмыстарында

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме жұмыстарында икемі бар оқушылармен қолданбалы сәндік бұйымдар жасаудың шығармашылық жобалары көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2018
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үйірме жұмыстарында сәндік-қолданбалы бұйымдар жасау

Ергазы Калигожин,

«Жас техник» үйірме жетекшісі,

Балалар шығармашылық үйі,

Күршім ауданы,

Шығыс Қазақстан облысы.


Ағаштан әртүрлі бұйымдар жасаудың шығармашылық жобасы.

5 сынып.

Сабақ мақсаттары:

Білімділік мақсаты: оқушыларға ұлттық өнер туралы түсінік беру, ағаш өңдеу жолдарын және оларды үйлестіре білуге үйрету;

Дамытушылық мақсаты: көркемдік талғамдарын қалыптастыру, өнер саласы бойынша шығармашылық деңгейін арттыру, логикалық ойлауы мен дүниетанымын дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа, талғампаздыққа, төзімділікке және эстетикалық тәрбие беру.

Сабақ түрі: сарамандық жұмыс.

Сабақ формасы: жеке.

Сабақ әдісі: баяндау, түсіндіру, қөрсету.

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих.

Көрнекіліктер: сызбалар, технологиялық карта, суреттер.

Қажетті құрал-саймандар: қарындаш, сызғыш, қалыңдықтары әртүрлі фанерлер және жұқа тақтайша, ПВА желімі, көшіргіш қағаз, егеулер, құмқағаз, бұрауыштар, бұрандалы шеге, қылара, біз, аэразоль бояулары, бұрғы.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІ Жаңа сабақ тақырыбын ашу.

Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаш материалынан көптеген тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын жасаған.Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер мойыл, қайың, самырсын, үйеңкі, тал, емен, қарағай, арша, т.б. ағаш түрлерін пайдаланды. Осы аталған ағаш түрлеріне қарай оларды өңдеу жолдары жақсы меңгерілген. Қасиеттеріне қарай бірі қатты, бірі жонуға ыңғайлы болса, бірі оңай иілгіш, жеңіл болады. Қазақтың ұлттық баспанасы болған киіз үйдің уық, керегелерін талдан, шаңырағын, табалдырығы мен босағаларын қайың ағашынан істеді. Киіз үйдің үлкен-кішілігі керегелердің қанаттарының санына қарай бөлінеді. Екі қанаттан бастап он сегіз қанатқа дейін болған. Хан-сұлтандар мен атақты байлардың үйлері киіз үй қанаттарының санына қарай ақ орда, ала орда, алтын орда деп атаған. Орташа адамдар тұратын 4-5 қанатты үйді қоңыр деп, жас жұбайлар үйін - отау деп атаған. Киіз үйлерінің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, босаға, табалдырық пен маңдайша, есіктері ағаш материалдарынан жасалды. Кереге – киіз үйдің қабырғасы. Керегеге арналып кесілген, тезге салып иілген ағаштарды тор көзден көктеп құрастыру арқылы жасалды. Құрастырылған әр бөлігін қанат деп атайды. Керегелер тез керіліп жазылады, тез жиырылып жиналады. Керегені жайған кезде жарты шеңбер жасап дөңгелене қалады. Кереге басы мен шаңырақтың ортасын ұстап тұратын ұзын ағаш шыбықтарды уық дейді. Кереге жақ басын уықтың иіні, ал шаңырақ жағын уықтың қары деп атайды. Шаңыраққа сұғылатын ұшын уықтың қаламы дейді. Шаңырақ – киіз үйдің төбесі. Оны ағаштан иіп, шеңбер формасына келтіріп жасайды. Өн бойына уық шаншитын өткерме тесіктер қашайды. Оны шаңырақ көзі деп атайды. Түндік киізді көтеріп тұратын, айқастыра бүгулі шыбықтар күлдіреуіш деп аталады. Бұлар үш, төрт қатар немесе бес қатардан болуы мүмкін. Шаңырақ – қасиетті, киелі – деп қазақ халқы барлық уақытта қастерлеп биік ұстаған. Далаға тастамаған, бүлдірмеген. Киіз үйдің сүйектері киіз салмағына, сырттан болатын табиғи күштерге шыдамды болу керек. Кереге бойы жабылатын киізді – туырлық, уықтың үстін жабатын киізді – үзік, шаңырақты жабатын киізді – түндік деп атаған. Киіз есік – үйдің есігінің сыртынан жабылып тұрады, оны жай уақыттарда етегінен бастап шиыршықтап орап, есіктің үстіңгі жағына байлап қояды.

Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны – сырмақ. Сырмақ – кірінен, шайырынан жуылып, кейін түтіліп, сабаудан өткен қой жүнінен басылған төсеніш. Беткі жағы киізінің жүнін жұқалау етіп басады. Сырмақ жасаушы шеберлер ою үлгісін киіз бетіне бастырып, өткір пышақпен немесе қайшымен кесіп алады. Егер ою түсі қара болса, ортасына ақ түсті келтіріп, екі түсті жөрмеп тігеді. Кейін сырмаққа астар төсеп, бетпен қоса сырады.

Бесік-өмірге келген сәбидің ақ отауы, нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Қазақ елі бесікті көбінесе талдан иіп жасайды. Қайың, қарағай ағаштарын да пайдаланады. Бесік жақтаудан, сирақтардан, төсек салатын тақтайдан, арқалық немесе белағаштан, түбектен тұрады.

Осы жоғарыда аталған бұйымдарды бір формаға, ұлттық мәнерге келтіріп, бір – біріне үйлестіріп, сыйкәделік туынды жасауды ұйғардық. Бұл жұмыстың ішіндегі бесік нағыз халық мұрасы, киелі құтты мүлік болғандықтан «Бесік»-деп атадық. Жасалатын бұйымның жалпы эскизін сызып, соған сәйкес масштабы 1:1 негізінде сызбасы мен өлшемін орындадық. Қажетті материалдар мен құралдарды анықтадық.

ІІІ Қауіпсіздік ережесі.

1. Қыларамен жұмыс кезінде;

2. Егеумен жұмыс кезінде;

3. Бояумен жұмыс кезінде.

IV Сарамандық жұмыс. Бұйымның технологиялық картасымен, сызбаларымен жұмыс.

Талаппен бастап,

Талғаммен аяқта.

Бұйымның құрастыру сызбасы.


1. Бұйымның негізінің сызбасын тазаланған, қалыңдығы 10 мм тақтайдың бетіне көшіргіш қағаз арқылы көшіріп, қылараның көмегімен кесіп, кесілген орындарын ұсақ жүзді егеумен соңынан құмқағазбен талапқа сай болатындай тазалаймыз. Кейінгі орындалатын барлық жұмыстарда осы тазалау ережелері сақталады. Сызбада көрсетілген орындарды бізбен белгілеп, диаметрі 2 мм болатындай тесікті бұрғымен тесіп, тұғырға дайындалады.

2. Кереге мен уықтың міндетін атқаратын бөлігі - тұғырын қалың қабатты фанер бетіне көшіргіш қағаз көмегімен сызбасын көшіріп, қыларамен кесіп, соңынан тазалаймыз.

3. Шаңырақтың сызбасын қалыңдығы 4 мм фанер бетіне көшіріп, қыларамен кесеміз. Ортасындағы ойықтарын кесу үшін кесілетін орындарды бізбен белгілеп, бұрғымен тесіп, осы тесіктерден қылара жүзінің бір жағын доғасынан босатып, тесіктен өткізіп, доғасына қайта бекітіп, кесуге дайындаймыз. Бұйымдарда кездесетін барлық ойықтарды осы тәсілмен орындаймыз. Шаңырақ сызбасында белгіленген орындарды төрт жағынан диаметрі 1 мм болатындай өткерме тесіктер тесеміз. Бұл тесіктер құрастыру барысында керек болады. Кесілген жиектерін, екі жақ бетін егеумен, құмқағазбен тазалаймыз.

4. Керегені жұқа фанерден немесе пайдаланбайтын ағаш сызғыштан жасауға болады. Кереге шыбықтарының арасын кесу үшін, шаңырақты кесу кезінде пайдаланған тәсілдерді қолданамыз.

5. Бесіктің жақтау сирақтарының сызбасын қалыңдығы 4 мм тазаланған фанер бетіне көшіргіш қағаз арқылы түсіріп, қыларамен кесеміз. Арқалығы орнатылатын тесіктерді сызбаны басшылыққа алып орындаймыз.

6. Бесіктегі төсек салатын тақтайын да жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдермен орындаймыз. Сызбада көрсетілгендей түбектің орнын бұрғымен диаметрі 5 мм болатындай өтерме тесік дайындалады.

7. Сызбада берілгендей, бесік арқалығын егеумен цилиндр тәрізді жұмырлап егеп, қалыпқа келген соң құмқағазбен тегістеп, өлшеміне келтіріп, тазалаймыз.

8. Төсеніш-сырмақ жұқа тақтайшадан немесе жұқа фанерден жасалады. Төрт бұрышына ұлтымызда жиі қолданатын «Қошқар мүйіз» оюын келтірдік. Бұнда біз материал ретінде жеміс-жидектен босаған жәшікті пайдаландық.

9. Құрастыру барысында негізіндегі белгіленген орынға тұғырын бұрандалы шегемен орнатамыз. Мықты болуы үшін қосымша ПВА желімін пайдалану керек. Тұғырының астына ағаш материалынан қалыңдығы 8 мм, ұзындығы 30 мм, ені 14 мм болатын қосымша фундамент желімдейміз. Шаңырақты тұғырының иілген екі жақ басына желіммен вертикаль желімдеп, белгіленген тесіктер арқылы кеңселік түйреуіштермен шегелеп бекітеміз. Түйреуіштің ар жағынан өтіп кетпеуін ескереміз. Бесікті де құрастыру сызбасында көрсетілгендей ПВА желімімен құрастырамыз. Аэрозоль бояуын пайдаланып, керегелері мен төсеніш – сырмақты сұр түспен, қалған бөліктерін алтын түстес түспен боялады. Бояуы кепкен соң ұзындығы 20 мм болатындай қызыл және ақ түсті жіптерден шашақ жасаймыз. Дайын болған шашақты ұсақ шынжыр арқылы шаңырақтың астына бекітеміз. Бұл киіз үй ішінде шашақты баулардың болғанын білдіреді.

Сарамандық жұмыс кезінде жұмыстарын дұрыс әрі ұқыпты орындауларын қадағалаймын. Керек кезінде көмектер мен кеңестер, қосымша нұсқаулар беремін.

Жасалған бұйымның экономикалық есебі.

р/с

Материалдар

дана

бағасы

барлық

баға

1

Фанер

30х40


170 тг

2

Аэрозоль бояуы

2

300 тг

600 тг

3

ПВА желімі

30 гр

80 тг

80 тг

4

Бұрандалы шеге

2

8 тг

16 тг


Қорытынды баға



866 тг







V Қорытынды.
Әр оқушы өзінің жұмысын қорғайды. Қателіктері мен оның себептеріне талдау жасалады. Қолөнер-атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра және неше ғасырлар бойы даму үстіндегі халық шығармашылығы. Біз осыған сәйкес жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатпен жұмысымызды аяқтадық. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық пен талғампаздық, білім мен іскерлік, шығармашылық пен ізденіс, өзіңе деген сенімділікті қажет екендігін ескеріп, сабақты қорытындылаймыз.

VІ Өздерін, жұмыс орнын ретке келтіру.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қисаминов С. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Қазақстан 1995.

  2. Ғаламтор материалдары.













.















Е
ргазы КАЛИГОЖИН,

«Жас техник» үйірме жетекшісі,

Балалар шығармашылық үйі,

Күршім ауданы,

Шығыс Қазақстан облысы.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!