Материалдар / Ұйымдастырылған ашық оқу іс әрекеті: "Су бізбен дос"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған ашық оқу іс әрекеті: "Су бізбен дос"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға судың қасиеті таралы түсінік беру.Судың дәмі жоқ,иіссіз болатынын зксперимен жасау арқылы нақтылау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2022
239
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметі
Ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Таным» «Қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Су бізбен дос»
Мақсаты: Балаларды судың қасиеттерімен таныстыру (мөлдір,сұйық,ағып ) Судың сапасымен (таза,лас,жылы,суық,ыстық)

Дамытушылық:Эксперимент процесінде қызығушылықтары мен сөздік қорларын дамыту
Тәрбиелілік: Ойын кезінде бір біріне қайырымды болуды,жауаптылықты,суға ұқыпты қарау,жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік :Қоян,бассейн немесе үлкен тазик,су ыдыстары,шелек,стақан,сабын,сүлгі,қуыршақ,доп,текше

Ұйымдастыру барысы:

Тәрбиеші балаларды ортаға шақырып алады.

Қараңдаршы бұл не? (қолында су толы су құйғыш,лейка)

Дұрыс балалар,бұл суқұйғыш.

Қараңдаршы су құйғышпен мен не істедім? (су құйғыштағы суды тазикке құйады)

Балалар Су

Эксперимен ойыны.Су дегеніміз не?.

Балалар ,қараңдаршы су қалай ағатынын..Су қандай?

Балалар. Сұйық

Балалар ,судың дыбысын тыңдаңдаршы,қандай дыбыс,қалай ән айтады?

(ыдыстағы суды стаканға құйады) ыс-ысы-ыс

Судың түсі қандай?

Балалар жауап береді.(түссіз түсі жоқ)

(тәрбиеші сұйық,,ағады,түссіз сөздерін қайталатады)

Айтыңдаршы сумен не істейміз? (жуынамыз,ішеміз,гүлге құйамыз,шомыламыз,тамақ істейміз)

Балалар бәріміз бірге қалай жуыну керек екенін көрсетейік.

сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолың жу

Жуынсаң сен әрдайым

Таза бетің маңдайың

Тазалықтың досы

Су дегенің осы. (балалар бірге қайталайды)

Керемет тамаша балалар,қалай жуыну керегін біледі екенсіңдер.

Балалар біреу есік қағып тұрған сияқты,естіп тұрсыңдар ма?

Қоян: Ой мен қайда келдім?

Тәрбиеші:Қоян сәлеметсің бе,балабақшаға келдің.Қайда болғансың үстің бәрі кір,лас.Саған жуыну керек.

Қоян. жуынғым келмейді.

Эксперимент «Су қандай болады»

Бұл бізге түкте емес,жуынуды үйретеміз.

Балалар қоянды жуындыруға бізге нелер керек?

Балалар:су,сабын,тазик,сүлгі.

Дұрыс балалар.Міне екі шелек,біреуінде суық су,екіншісінде ыстық су.Саусақтарыңды малып тексеріп көріңдер.(тәрбиеші балаларға тексертеді)

Суық суға жуынуға болама? Ал ыстық суға ше?

Жылы суға жуыну керек.Қазір біз суды бір біріне қосамыз.Енді суымыз қандай болды?

Балалар (жылы)

Ал енді қоян сабынды езіп жуын.(қоян жуынады)

Қараңдаршы су таза болған,Ал қазір қандай болды?(балалар жауабы)

Қоян сүлгімен қолымызды,бетімізді сүртеміз.(қоян жуынып сүртінеді)

Қоян тап таза болды.

Қоян:Балалар көп рахмет сендерге,маған ұнады.Мен енді күнде жуынып жүремін

Келіңдер бәріміз бірге ойнайық.

Көпірдің үстімен,үстімен жүріп келеміз

Біз өзеннен өтеміз. (ұзын тақтайша үстінен жүріп өтеді)

Балалар тыңдаңдаршы біреу жылап тұрған сияқты.(жылаған дыбыс)

Қуыршақ Таня саған не болды? Өзенге добыңды түсіріп алдың ба?

Жылама Таня,балалар саған көмектеседі.

(үлкен ыдыста су ішінде доп)

Тыныс алу жаттығуы «Жел»

Қазір біз саған допты алып береміз. Кәне балалар допты үрлеңдер,бері қарай жылжып келсін.(балалар бәрі үрлейді тәрбиеші допты алып шығады)

Балалар доп неге суға батып кетпеді?

Эксперимент ойын «Батады-батпайды»(суға текше салады)

Балалар жауаптары. доп резинадан жасалған жеңіл.Егер текшені суға салсақ батып кетеді,ол ауыр.

Қорытынды: Балалар сендерге қоянға көмектескен ұнады ма?Кімге тағы көмектестіңдер?

Таняға добын алып бердіңдер ме?Сендерге көмектескен ұнады ма?

Қоян мен Таня мен қоштасайық.Қоян мен Таня қуыршақ сендерге сыйлық қалдырыпты.

Сыйлық тарату.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!