жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Авторы: Жапбаркулова Гульмира Маликовна
Түркістан облысы, Шымкент қаласы
№24 «Алма» бөбекжай-бақшасы МКҚК, тәрбиеші
Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану, сурет салу
Тақырыбы: Үй құстары
Мақсаты: Балаларға үй құстарын таныстыру, олардың тіршілігін пайдасын айту. Үй құстарына қамқорлықпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Суреттер, дидактикалық ойындар арқылы сөздік қорларын есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі : Үй құстарының суреттері;
Сөздік жұмыс: Үй құстары
Билингвальды компонент: Балапан – цыпленок
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Балалар бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Келіңдер шеңберге тұрып, шаттық шеңберін орындап, қонақтармен сәлемдесейік. Қуан шаттан, Қуан шаттан, Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң, Қайырлы күн, Күліп шықты күн бүгін. Балалар өте жақсы орындарыңа отыра қойыңдар.
Дұрыс айтасыңдар, көктемде қар еріп, жылғалардан су ағады, құстар қайтып келеді. Ағаштар бүршік атып, гүлдер гүлдейді. Көктем туралы тақпақты кім айтып береді. Айбек Көктем болды алақай, Қуанар барлық балақай. Көтемде жаңбыр жауады, Бақша гүлге толады. Іңкәр Күн шуағын шашады, Жауында жауып алады. Көктем келіп жеткенде, Ағаштар бүршік жарады. Жарайсыңдар тақпақты жақсы айттыңдар.
|
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Үй құстарына тауық, әтеш, қаз, үйрек жатады.
Таң атпай көзін ашады, Әтеш қалай ән салдаы? Ку – ка – ре – ку. Балалар сендер әтеш туралы тақпақ білесіңдерме? Иә білеміз.
Альтаир Әдемі әтеш, Ойқастап жүріпті. Жан жақа қарапты, Айдарын тарапты.
Әтештің жанында тұрған тауық. Бұл да үй құсына жатады. Олар жем жеп, су ішеді. Жұмыртқа жұмыртқалайды. Тауық қалай дыбыстайды? Қыт-қыт-қыт. Тауық туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Алуа Ақтауық-ау, ақ тауық, Ақ тауық неткен қақсауық. Аяп жүрсем тауықты, Бір жұмыртқа тауыпты. Мынау қаз, қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Ал мынау қанаттары. Қаз тауыққа қарағанда үлкендеу болады. Жұмыртқасы да үлкендеу. Ал мынау үйрек. Қаз, үйрек жүзгенді ұнатады. Үйректіңде жұмыртқасы Тауықтың жұмыртқасынан үлкендеу болады. Қаз бен үйрек туралы тақпақ білесіңдер ме? (Иә)
Жасмин Үйрек айтты га-га-га, Шыға алмайсың жағаға. Су іздесең мұнда кел, Самал жел бар, мұнда да.
Асемай Қазым қазым қаңқылда, Көлде жүріп салқында. Жем шашайын жейсің бе? Кәмпит берші дейсің бе? Жоқ-жоқ-жоқ. Кәмпит тәтті болмайды ас. Арпа менен бидай шаш.
Жарайсыңдар орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар қаз қаңқ-қаңқ деп, ал үйрек крә-крә деп дыбыстайды. Балалар үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан ашады. Мына суретке қараңдаршы үй құстарының балапандары. Балапандар шиқ-шиқ-шиқ дейді. Қане бірге айтайықшы шиқ-шиқ-шиқ.
Билингвальды топтамасы: балапан-цыпленок үй құстарының пайдасы көп, жұмыртқасын және етін адамдар тағам ретінде пайдаланады. Жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен үй құстарына қамқорлық көрсетіп асырайды.
Дидактикалық ойын: Анасын тап. Шарты: балаларға суреттен үй құстары балапандарымен серуенге шыққанда, балапандар анасынан адасып қалғанын түсіндіру. Балалар балапанды анасымен жұптастырады.
Сергіту сәті Мен кішкентай қазбын, Суда сүңгіп жүземін. Оң қанатты бір қағып, Сол қанатты бір қағып, Қанатымды қатайтып, Мен анамдай боламын.
Ғажайып сәт. Балалар естисіңдер ме? Бізге қонақ келе жатқан сияқты. (музыка әуенімен тауық кіріп келеді) Тауық: Сәлеметсіңдер ме балалар, сендерге келе жатып, себеттегі жұмыртқаларымды суға түсіріп алдым. Жұмыртқаларды судан алуға сендер көмектесесіңдер ме? (иә) Ойын: жұмыртқаларды сүзу.
Шарты: суға түскен жұмыртқаларды сүзгішпен сүзіп алу.
Тауық: көп көп рахмет балалар, сендер менің суға түсіп кеткен жұмыртқаларымды әпердіңдер.
(Үн таспамен балапанның шиқылдаған дауыстары естіледі.)
Тауық: ой балалар менің балапандарым шиқылдап жатыр, қарындары ашқан болар. Тәрбиеші: Балалар келіңдер, балапандарға дән берейік.
Шығармашылық жұмыс: Балалар мақталы таяқшаны гуашьқа салып, балапанның суреті бар ақ қағазға кішкене нүктелер түсіреді. Тауық: Балалар сендер менің балапандарымды қамқолық таныттып, қоректендірдіңдер, сендерге көп-көп рахмет. Менің кететтін уақтым болды. Сау болыңдар! |
|
Рефлекссиялық қозғаушы |
Балалар бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? Сендерге қай үй құсы ұнады? Сендер бүгін үй құстарымен танысып, қамқорлық танытуды үйрендіңдер. |
Күтілетін нәтиже :
Біледі :құстарды сипаттауды.
Игереді: үй құстары туралы әңгіме құрастыруды.
Меңгереді: үй құстарына қамқорлық танытуды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген