Ізденуші
ұйымдастырушы
|
-Енді балалар экранға қарайық,
бейне көріністер арқылы қазақтың ұлттық оюларын және қазақтың
ыдыс-аяқтарының суреттерін көрейік.
Балаларға сұрақтар
беру:
-Қазақтың қандай ыдыс-аяқ
түрлерін білесіздер?
-Ұлттық ою-өрнек түрлерін
атаңыздар.
-Қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтары
өте әдемі келеді.Олар әр түрлі нышандағы оюлар түрімен
безендіріледі.Сендерде өз қолдарыңызбен әдемілікті өздеріңіз жасай
аласыздар.Қазір Зере әженің беріп жіберген табақшасын қазақтың
ұлттық ою-өрнектермен әшекелейсіздер.
-Балалар енді экранға
қарап,жұмыстың қалай жасалу әдісін және жолдарын
көресіздер.
Жұмыстың орындалу ретін
түсіндіреді.
-Үстел үстіндегі табақтың
ортасына қошқармүйіз оюын жапсырамыз.
-Қолымызға оюды алып. оюдың
әуелі сол жағына, содан кейін оң жағына,сосын оюдың төменгі
бөлігіне желімді ұқыптап жағып, оюды қағаз бетіне желімдейміз,
желімнің үстінен жайлап шүберекпен
басамыз.
-Енді балалар қайшыны
қолымызға алып, бас бармақпен сұқ саусаққа киеміз де, үстел
үстіндегі жіптерді қайшымен қиып аламыз.
-Суреті салынған құс қанаты
оюына желімді жайлап жағамыз да,қиылған жіптерді желім үстіне
себелейміз.
-Енді қызыл түсті қағазды
алып,екі қолмен қағазды жайлап жыртамыз.
- Табақта салулы тұрған гүл ою
үстіне желімді жағып,осы желім үстіне жыртылған қағазды
жапсырамыз.
-Ұқыпты желімдеңдер,желімнің
ізі қалмауы керек.
-Жұмысқа кіріспес бұрын
қайшыны,желімді пайдалану техникалық ережелерін еске түсіріп
өтейік.
-Қайшыны бір-бірімізге доғал
жағымен береміз,қайшыны бір-бірімізге қарай лақтыруға,сермеуге
болмайды.Қайшыны ұстаған кезде көзге,бетке жақындатуға болмайды,тек
төмен ұстап қию қажет.
-Желімді жайлап ашып,жаймен
мұқият жағу керек.Желімді ауызға салуға
болмайды.
Сөздік жұмыс
жүргізу.
Өрнек дегеніміз – бұйымның сыртына
түсірілетін әшекей.
Билингвальды
компонент:
табақ-блюдо,өрнек-орнамент.
Саусақ
жаттығуы:
Қонаққа
барамыз.
Бесбармақтың
үйіне
Келді бүгін
қонақтар.
Бес саусағың
біріксе,
Текке кетпес
уақытың.
Барлық саусақ- тату
дос.
Бір-біріңе
көмектес.
-Әдемі әуен бізге жақсы жұмыс
істеуге көмектеседі. Қазақтың әдемі әуені
шырқалады.
Балалардың
жұмыстануы.
Балалармен жеке жұмыс
жүргізеді.
|
Балалар экранға қарап, бейне
көріністі тамашалайды.
-Кесе,табақ,тостаған,
астау,бақыраш,зерен,күбі
-Қошқармүйіз,гүл,ирек,құс
қанаты т.с.с
Балалар тәрбиеші берген
сұрақтарға жауап береді.
Балалар табақты әшекейлеудің
әдісін қарайды,тыңдайды.
Балалар құралдармен жұмыс
жасаудың техникалық ережелерін мұқият
тыңдайды.
Балалар билингвальды
компонентті бірге қайталайды.
Балалар саусақ жаттығуын
жасайды.
Балалар әуен ырғағымен
жұмыстарын орындайды.
|