Материалдар / Ұйымдастырылған оқу қызметі Қауіпсіз мінез құлық негіздері .Тақырыбы :"Тамақтану әдебі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған оқу қызметі Қауіпсіз мінез құлық негіздері .Тақырыбы :"Тамақтану әдебі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
1469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қауіпсіз мінез кұлық негіздері

Тақырыбы: Қалай дұрыс тамақтану керек?


Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның мақсаты

. Дұрыс тамақтану ережесін білу және қолдану.

. Тамақтану мәдениетін сақтаудың маңыздылығын түсіну.

. Пайдалы және зиянды азық-түліктерді ажырату.

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

Дұрыс тамақтану ережесінің маңыздылығын түсіну

Көпшілік балалар:

Күнделікті өмірде дұрыс тамақтану ережелерін, мәдени дағдыларды қолданады

Кейбір балалар:

Бала денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың әсерін түсіндіреді.

Тілдік мақсат

Дағдыларын дамыту:

Қойылған сұраққа толық жауап беріп, ауызекі сөйлеуде белсенділік танытады.

Үстел басындағы мәдениеттілік дағдылары бар.

Көптілділік: азық-түлік – продукты питания – food ас мәзірі – меню – menu

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: тамақтану тәртібі, ыстық тағам, ботқа, мәдени дағдылар, қолдың тазалығы, дене бітімі

Пікір алмасу сұрақтары:

Үстел басындағы мәдениет денсаулыққа қалай әсер етуі мүмкін?

Күні бойы адам қаншалықты жиі тамақтануы керек?

Тамақтану тәртібі дегеніміз не?

Қалай дұрыс тамақтану керек?

Адамның ас үлесіне не кіруі керек?

Алдынғы оқыту

Денсаулық, тамақтану тәртібі жайлы қарапайым түсінік.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл

күй орнату

0-2 минут




II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут




















ҰОҚ ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-25 минут




(Ұ) Жағымды көңіл күй орнату.

«Сәлем, досым!» жаттығуы

Педагог балаларға бір-бірімен шынтақтарымен, тізелерімен, табандарымен, арқаларымен амандасуды ұсынады.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

Сендер ерекше көтеріңкі көңіл күйдесіңдер.

Осынша күш, жігер қайдан жиналды?

Кім және қалай оны қамтамасыз етті?

Балалар ойларын айтады.

Педагог ақпараты: Әр отбасында аналар мен әжелер әдетте өзінің жақындарына қамқор болып, оларға ерекше ықыласпен, үлкендер мен балалар үшін денсаулыққа пайдалы азық-түліктерді қолданып ас әзірлейді. Олар әзірлеген асты тауысып жеп, қамқорлығы мен еңбегіне алғысыңды білдіргеніңді көру олар үшін жағымды. – Әдетте сендер аналарыңа, әжелеріңе қандай сөздер айтасыңдар? – «Рақмет! Өте дәмді болды!» Бұл сөздер сүйікті аналарың мен әжелерің үшін ең жақсы мақтау. – Ал тамақтанар алдында адамдар бір-біріне қандай тілек білдіреді? – Астарыңыз дәмді болсын! Ең пайдалы ас – адамның тәбетімен, ықыласымен ішкен ас. Адамның тәбетіне түрлі факторлар әсер етеді.

Уақытылы дайындалған дәмді ас;

Әдемі жайылған дастарқан;

Жағымды көңіл күй.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. – Үстел басында қандай өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау керек? Балалар үстел басында өзін ұстау ережелерін айтады. • Үстел басына отырғанда қол таза болуы керек. • Тамақты шайнағанда сөйлеуге болмайды. Ол астың дұрыс қорытылуына көмектеседі. Шашалып қалмайсың және ауа жұтпайсың. • Тамақты ауызды толтырып асап жеуге болмайды. Тамақты ауызды жауып, дыбысын шығармай шайнау керек. Дыбысын шығарып шайнау айналадағы адамдарға жағымсыз әсер етеді. • Тамақ бөліктері мен нан қоқымын жеңімен сүртуге болмайды. • Ортаға қойылған тамақты өз алдынан ғана алып жеу керек.

Мақал-мәтелдермен жұмыс. – Ас адамға не үшін қажет, халық арасында неліктен тағам жайында мақал-мәтелдер көп таралған? Олардың мағыналарын қалай түсінуге болады? • Ас – адамның арқауы. • Ас тұрған жерде ауру болмайды. Балалар адам жүгіру, күлу, секіру, ойнау, ауырмау үшін тамақтанатыны жайлы талқылайды.

Педагог ақпараты: Адамға тамақтану – тіршілік әрекеті үшін, күш-қуат алу үшін қажет. Ағзаның әр жасушасы азық-түліктен өзіне қажетті пайдалы заттарды, дәрумендерді, микроэлементтерді сіңіруі тиіс. Сендер байқаған боларсыңдар, ашыққан сәтте ойнауға, үй тапсырмасын жасауға, тапсырманы ойлауға күш жетпей қалады. Аштықты сезіну тамақтану уақытын еске түсіреді. Тамақтану тәртібін сақтасақ, аштық сезімі мазаламайды. Тамақтану тәртібі асты дұрыс қорытуға көмектеседі. Уақытылы тамақтану бұлшық етке күш береді, ми белсенділігін сақтайды.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. – Күні бойы адам қаншалықты жиі тамақтануы керек?

Тамақтану тәртібі дегеніміз не? Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарап, өз ойларымен бөліседі, тамақтану тәртібі жайлы талқылайды.

Педагог ақпараты: Бір уақытта тамақтану өте маңызды. Адамның ағзасы тағамды бір уақытта қабылдауға үйренеді және ағза тамақтанар уақытқа дайындала бастайды. Тәбет ашылып, тағамның толықтай қоры тылуына көмектесетін арнайы асқазан сөлі бөлінеді. Тамақтану арасының ұзақтығы 3,5–4 сағатты құрайды. Адам организмі бір уақытта тамақтануға қалыптасады, мезгілі келгенде адам өзінің ашыққанын сезінеді, оның асқазанында арнайы асқазан сөлі бөлінеді. Асқазан сөлі тамақты толық қорытуға көмектеседі. Бұл адамның денсаулығы үшін аса маңызды тамақтану тәртібі..

Қалай дұрыс тамақтану керек?

Адамның ас үлесіне не кіруі керек?

Балалардың жауаптары.

Педагог ақпараты:

Дұрыс тамақтану бұл:

1. Тамақтану тәртібін сақтау;

2. Тағамның неше түрлі болуы. Үлкендердің және әсіресе балалардың денсаулығы, олардың өсуі, дене және ақыл-ой дамуы тікелей тағам сапасына, қолданылатын азық-түлік түрлілігіне байланысты.

Ал әлі өсіп, қатаюы қажет балалар үшін толықтай түрлі тамақтану аса қажет. (Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)

Әдетте балаларды үйде, балабақшада, мектепте немен тамақтандырады? Таңғы асқа қандай тағам пайдалы, түскі асқа ше?

Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарап, таңғы, түскі және кешкі асқа не дайындайтындары туралы айтады.

Педагог ақпараты: Таңғы ас ботқа, нанға жағылған май, ірімшік пен шайдан тұруы керек. Піскен жұмыртқа, йогурт жеуге болады. Түскі асқа сорпа, ет немесе балық, көгөніс салаты, нан, компот болуы қажет. Бесін асқа айран, түрлі нан өнімдері, банан немесе алма жеген жақсы. Кешкі ас жеңіл болуы тиіс. Ол ыстық тамақ, салат, нан мен шайдан тұрады.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)

Неліктен таңғы және кешкі асқа ботқа әзірлейді, ол несімен пайдалы? Балалардың жауаптары. Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарайды.

Педагог ақпараты: Ботқа – денің сау әрі мықты болуға көмектесетін пайдалы ас.– Түскі ас үшін қандай тағам пайдалы?

Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарайды.

Педагог ақпараты: Түскі аста міндетті түрде көгөністен дайындалған салат болуы тиіс. Салатты өсімдік майымен, қаймақ немесе табиғи йогуртпен араластырған жөн. Көгөністер ас қорыту жүйесінің жақсы жұмыс істеуі үшін дәрумендер қоры болып табылады. Сорпа күнделікті ас үлесінде болуы керек. Ыстық тамақ астың дұрыс қорытылуына мүмкіндік береді. Ет сорпасы, тауық, балық етінен дайындалған сорпа пайдалы. Қатты ауырған адамға тезірек сауығып, күш жинау үшін тауық сорпасын береді.

Түрегеп жүріп жеген құрғақ тамақтың зияны қандай?

Неліктен ыстық тамақты жеу керек?

Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарайды.

Педагог ақпараты: Құрғақ тағам ас қорыту жүйесіне зиян келтіреді. Неліктен печенье, кептірілген нан жегенде айран немесе шай ішу керек? Еш сусынсыз қанша бауырсақ жей аласың? Құрғақ тамақ асқазанға жеткенше өңеш арқылы ауыр қозғалып, жұтқанда қиындық туындайды. Құрғақ нан қоқымына шашалып қалу қаупі бар (ауа қарқыны арқылы нан қоқымы тыныс алу жолдарына түсуі мүмкін). Құрғақ тағамға бөлінетін асқазан сөлі жеткіліксіз. Балалар өз ойларымен бөліседі.

Көптілділік: азық-түлік – продукты питания – food, ас мәзірі – меню – menu (Ұ) «Ұрланған қуаныш» ертегісін оқып, талдау. Бір елде көңілді адамдар мекендепті. Олар өмірге құштар, белсенді жандар екен. Тыным таппай еңбектенеді, спортпен шұғылданады, табиғат аясында демалады. Балалар да, үлкендер де күн тәртібін сақтады, пайдалы тағамдарды қорек етті.

Қандай азық-түліктерді аса қауіпті деп атауға болады және неліктен? Тек уақыт өткен соң – бір күн немесе бірнеше айдан кейін өзіңді жайсыз сезініп, ауырғаныңды байқайсың.

Тәжірибе. Педагог шикі ет бөлігін шыны ыдысқа салып, үстіне «Кока-кола» сусынын құяды. ҰОҚ соңында балалар ыдыстағы етке қарап, біздің асқазанымызда да осындай жағдай болады деген қорытынды жасайды. Газдалған шырындардың қаупі туралы талқылайды. Педагог балаларға ғаламтордан көптеген кеңестер табуға болатынын айтады. Мысалы, «Кока-коланың» көмегімен кірленген тұрмыстық заттар мен су ағатын шүмектің астына қоятын ыдысты тазалауға болады. Бұл тазалаушы ұнтақты және сұйық сабынды ішумен бірдей. Ұнтақ пен сабынның дәмін көргілерің келе ме?

Бұл химияны не үшін ішеміз? Тәтті болғаны үшін бе? Сендер білесіңдер ме, бір литр бөтелкедегі газдалған тәтті шырында толық екі стақан қант бар. Бұл өте көп. Мұндай қант көлемі семіздікке, қант диабетіне, тіс эмалінің бұзылуына әкеліп соғады. (Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)

Балалар тамақтану ережелерін талқылайды.

Есте сақта:

Көшеде тамақтанба! Ол жерде тазалық ережесі сақталмайды.

Түрегеп жүріп тамақтанба!

Тамақтанар алдында тәттілерді жеме! Кестеден бес пайдалы тағам түрлерін ат























Әліппе-дәптер




























Әліппе-дәптер


























Әліппе-дәптер










Әліппе-дәптер















Әліппе-дәптер




















































IV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексия

25-30 минут

Педагог ҰОҚ қорытындылайды.. – Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер? – Сендерге не ұнады? (Р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады. – Егер сендер дұрыс тамақтану жайлы түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің с

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!