Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ "Күйкен"бөбекжайының тәрбиешісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ "Күйкен"бөбекжайының тәрбиешісі

Материал туралы қысқаша түсінік
бөлме ішіндегі заттардың орналасуын түсіндіру арқылы кеңістікті бағдарлауды жалғастыру; - ұқыптылыққа тәрбиелеу; - танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: Цирк.

Мақсаты: - бөлме ішіндегі заттардың орналасуын түсіндіру арқылы кеңістікті бағдарлауды жалғастыру; - ұқыптылыққа тәрбиелеу; - танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Билингвальды компонент: маймыл – обезьяна, сайқымазақ – клоун, орындық – стул, арыстан – лев.

Қажетті құралдар: аренаның суреті, маймылдардың суреті, сайқымазақ суреті, арыстанның суреті, жаттықтырушының суреті.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: Балалар ойын ойнағылырың келе ме?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші: Ендеше тақтаға назар аударайық. Геометриялық пішіндерді тауып, орнына орналастыруымыз керек. Балалар қанекей тақтаға кім келеді? Анель мынау қандай пішін, түсі қандай?

Анель: Дөңгелек, түсі көк.

Тәрбиеші: Дұрыс жарайсың. Балалар қараңдаршы менің қолымдагы неге ұқсайды? Кім біледі?

Балалар: Дөңгелек.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Менің қолымдағы диск. Балалар бұл дискні кім тастап кетті екен? Сендер білмейсіңдер ме?

Балалар: Жоқ.

Тәрбиеші: Ендеше бұл дискінін ішінде не бар екенін білу үшін қосып, тыңдап көрейік. Ол үшін бәріміз экранға назар аударайық.

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен циркте ойнайтын сайқымазақпын! Жақында цирк болады. Соған дайындалып жатқанда циркте қолданатын заттар сынып қалды. Соны жасап көмектесесіңдер ма? Егер көмектессеңіздер сендерге арналған тосын сыйым бар.

Тәрбиеші: Балалар сайқымазаққа көмектесеміз ба?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші: Ендеше мен тақтаға цирктін суретін ілемін. Балалар тақтаға назар аударайық.

Үлгі суретпен жұмыс.

  • Балалар ненің суретін көріп тұрмыз?

  • Балалар қандай аңдарды көріп тұрмыз?

  • Балалар циркке барып көрдік пе?

  • Суретте тағы нені көріп тұрмыз?



Балалардың жауаптарын толықтырады.

1-тапсырма:

«Арена» ойыны

Тақтаға цирктін суретін ілініп тұрады. Балалар цирктін ішіндегі аңдарды, сайқымазақты, жаттықтырушыны санап шығуы керек.

Сурет бойынша сұрақтар қойады:

  • Аренада қанша сайқымазақ бар?

  • Аңдарды жаттықтырушының саны қанша?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, өте жақсы. Келесі тапсырмамызға көшейік.

2-тапсырма:

«Аңдарды орнына орналастыру» дидактикалық ойыны.

Тақтаға аңдар орналасқан цирктін суреті ілініп тұрады. Келесі тақтада бос аренаның суреті ілініп тұрады. Балалар кезекпен келіп, аңдарды үлгі сурет бойынша орнына орналастырып қойып шығады.



Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Келесі тапсырмаға көшейік. Балалар қанекей бәріміз орнымыздан тұрып бір серігіп алайық. Ол үшін бәріміз экранға назар аударайық.

3-тапсырма:

Сергіту сәті.

«Көңілді аңдар».

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, орнымызға жайғасайық.

4-тапсырма:

Ұжымдық жұмыс.

Топқа аңдар өтетін кедергілер жасау. Үлгі суретпен жұмыс жасайды.

Керекті құралдар: ағаштар, жіп, дөңгелектер, арқан.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалр. Өте жақсы, біздің жасаған кедергілеріміз сайқымазаққа унайды деген үміттемін. Енді біз оған өзіміздің жұмыстарымызды беріп жіберуіміз керек. Енді мен сендерге сайқымазақтың беріп жіберген тосын сыйын көрсетейін, ол циркке шақыру билеті. Мен соларды таратып беремін.

Сұрақтар:

  • Балалар біз бүгін кімге көмектестік?

  • Сайқымызықтың берген тапсырмалары сендерге ұнады ма?

  • Қандай кедергілерді жасадық?

  • Циркке барғыларың келе ма?



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: заттардың орналасуын түсіну арқылы кеңістікті бағдарлап, «оң, сол, үстінде, астында» сөздерінің мағыналарын түсінуді.

Нені игеру керек: орналасу реттілігін сақтап заттарды бір қатарға, солдан оңға қарай орналастыруды.

Нені меңгереді: бөлме ішіндегі заттардың орналасуын түсіну арқылы кеңістікті бағдарлауды.















«Болашақ бөбекжайы» МКҚК





djur-mer-tamer-i-cirkus-33347803.jpg

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Сабақтың тақырыбы: «Цирк



Өткізген: Тасболатова Мөлдір







қаңтар айы, 2017 жыл.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.10.2020
390
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі