Материалдар / Ұйымдастырылған оқу қызметі Сурет салу .Тақырыбы :"Гүлдер әлеміне саяхат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған оқу қызметі Сурет салу .Тақырыбы :"Гүлдер әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Наурыз 2021
592
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тобы/сыныбы:

Білім беру саласы: Шығармашылық

ҰОҚ: Сурет салу

Тақырыбы: Гүлдер әлеміне саяхат


Оқу мақсаты:

Балалардың гүлдер туралы білімдерін кеңейту

табиғатты қорғауға, сүйе білуге, оларды күте білуге тарбиелеу.

ҰОҚ мақсаты:

Қоршаған ортадағы болмысты елестете отырып, бейнелей алады

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Мозайка», «Гүлдер әлеміне саяхат», «Сәйкестендіру» тапсырмасы, Әнгімелесу, түсүндіру, көрсету, саяхат,

Ресурстар, дамытушы орта:

Сынып бөлмесі, түрлі-түсті қаламдар. Суреттер, түрлі-түсті қағаз, желім

Білігі мен дағдысын дамыту

Бейненің сипатына тән бейнелеудің техникалық тәсілдері мен құралдарын өз бетінше таңдай алады.

Жоспарлау

ҰОҚ кезеңдері

ҰОҚ барысы

Сабақтың басталуы

Жалпы психологиялық ахуалды құру

«Мозайка» ойыны.

Музыканың сүйемелдеуімен шеңбер бойымен жүреді. Музыка тоқтаған кезде алдын-ала дайындалған қағаз қиындыларын бір-бірден алады. Түстеріне қарай 2 топқа бөлініп қиындыларды құрастырып бейне шығарады.

1-топ Бәйшешек

2топ Қызғалдақ

Сабақтың негізгі бөлігі

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға гүлдер теруді ұсынамын. Гүлдерде сандар мен әріптер жазылған. Әріптер салынған гүлдерді бір себетке, сандар жазылған гүлдерді екінші себетке салады.

Себеттегі гүлдерді көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашамын. Қазақстан қызғалдақ отаны екенін түсіндіріп, видеоролик көрсетемін.

Ендеше балалар «Гүлдер әлеміне» саяхатқа шығамыз ба? Біздің саяхатымыз Тянь-Шань тауына болады.

Саяхатқа шығу үшін біз поезға мінейік. Поезға міну үшін тапсырма орындауымыз керек.

1-тапсырма

ТЖ «Суреттер сөйлейді» әдісі

1-топқа бөлме гүлдеріне қалай күтім жасау керектігін айтады, суреттерін көрсету арқылы балар өз жауаптарын айтады.

2-топқа дала гүлдеріне қалай күтім жасайды, серттерін көрсету арқылы балалр өз жауаптарын айтады.


Ал енді біз саяхатымызды жалғастырамыз. Тауымызға жетіп келдік. Тауға шығу үшін 2-тапсырманы орындаймыз.

1-топқа тапсырма

Араны бағыттау арқылы сандарды ретімен сызып шығу.


2-топқа тапсырма

Әріптерді атап, дауысты және дауыссыздарға ажыратып айту, дыбыстық талдау жасау


Тапсырманы дұрыс орындап, таудың шыңына да шықтық. Ал енді, гүлдерді көру үшін келесі 3-тапсырманың да кезегі келді.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

1-топқа

Қызғалдақтың суреті салынған раскрасканы бояп шығады.

1-топқа

Қызғалдақтың үлгісін түрлі-түсті қағаз қиындыларынан дайындалған қағаздарды жапсырады.


Балалар көрдіңдер ма таудың шыңында қызғалдақтардың жайқалып өсіп тұрғанын. Сендер тапсырманы дұрыс орындап, осы шыңды бағындыра алдыңдар.

Оқушыларға қызғалдақтар өсіп тұрған жерлердің суреттерін көрсету. Сабақты қорытындылау.


Саралау стратегиясы бойынша: қызығушылығы төмен оқушыларға жеке тапсырма «Сәйкестендір» ойынын ұсынамын.


Сабақтың қорытынды бөлімі

Балалар сабақ ұнады ма сендерге?

Біз не туралы көп білдік? Гүл не істей алады?

Гүлдейді, желден шайқалады, су ішеді, қурайды, жұпар иіс шығарады.

Балалар бүгінгі сабақты бас бармақ тәсілімен қорытындылаймыз.

  1. Ұнаса бас бармақты жоғары көтереміз.

  2. Қиындық кездессе жанына қарай көрсетеміз

  3. Ұнамаса төмен көрсетеміз





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!