Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Құсмұрын кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қарлығаш» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК


Мектепалды даярлық «Жұлдыз» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні: 12.11. 2020 ж.

Тәрбиеші: Сальменова А.Х

Білім беру саласы: Денсаулық «Дене шынықтыру»

Өтпелі тақырып: «Қазақстанның жыл құстары»

Мақсаты:

Тәрбиелеу: Балаларды шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүру, шашырап жүгіру. Алға қарай жылжу арқылы оң және сол аяқтарын кезектестіріп секіру.

Оқыту: Гимнастикалық орындықтың үстінен еңбектеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Гимнастикалық орындық, сылдырмақ, кегли, дем алуға арналған құрал, музыка.

Билингвалдық компоненті: Сәлеметсіздер ме- здравствуйте, табиғат аясы- природа.

Сөздік жұмыс: Тізені бүгіп, отырып жүру, ұшыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезең.

Балаларды шаттық шеңберге тұрғызу.

Армысың алтын күн.

Армысың көк аспан.

Армысың жан досым.

Жылуына, жылу қос.

Міне менің қолым.

Келген қонақтармен амандасу.

Балалар біз бүгін сендермен табиғат аясына барамыз.

2. Негізгі бөлімі:

Жалпы дамыту жаттығулары:

Біз сендермен таза ауада жаттығу жасайтын боламыз.

Шеңберде жүру, жүгіру.

Балаларды екі қатарға тұрғызу.

- Қол белде, басты оңға, солға иілу, 5-6 рет

- қолды алға қарай тербету, 5-6 рет

- алға қарай жүзу, 5-6 рет

- артқа қарай жүзу, 5-6 рет

- оңға иілу, 5-6 рет

- солға иілу. 5-6 рет.


Дем алу жаттығуы:

Мұрнымен дем алу, ауызбен шығару. 3 рет


Балалар біз сендермен өзіміздің серуенімізді жалғастырамыз.

Балаларды шеңбермен жүргізіп, бір қатарға тұрғызу.



Негізгі жаттығулар: / 2 рет орындайды./

Балалар сендердің алдарыңда бірнеше жолдар бар, бұл құстардың жүретін жолдары. Егер біз осы жолдармен жүретін болсақ, біз де құстар сияқты қимылдар жасауымыз керек.

Дайынсыңдар ма?


/Балалар тізелерін жоғары көтеріп гимнастикалық таяқтардан атап өтеді, балалардың орындау техникасын бақылау./

  • Таяқшалардан аттап өту.

/Балалар кедергілердің арасынан балпандап өтеді, қолдарын тізеге қойып/

  • Алдарында тұрған кедергілерден қаздар сияқты балпандап өтіп шығады,

/қолдарына трубочканы алып жоғары қарай үрлейді, трубочкаға қонған құсты суға қарай ұшыру/

Кедергілердің арасынан өтіп, гимнастикалық орындықтың үстінен еңбектеп өту.

Қимылды ойын: «Кім қалай жүреді?»

Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа, ұжымдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: Ойын жүргізуші, балаларға қарама- қарсы тұрады, тәрбиеші балаларға жануарлар мен құстарды бір- бірден айтыа тұрады, айтылған жануардың немесе құстың жүрісімен балалар жүріп, жүргізушіге дейін жету қажет, ойын барысыңда жүргізуші белгі көрсетеді, қызыл түсте балалар тоқтайды, жасыл түсте балалар жүреді. Жүргізушіге бірінші болып жеткен бала , оның орын басады.

  • Бақа,

  • Қоян,

  • Тасбақа,

  • Балық,

  • Пингвин,

  • Аю,

  • Қарлығаш

Табиғат аясынан топқа оралу. Жүреміз шеңберге тұрамыз

Дем алу жаттығуы:

Мұрынға дем алау, дем шығаруда

«А»,

«У»,

«О» дыбыстарын айтып дем шығару.

Қорытынды:

Қандай ұйымдастырылған оқу қызметі болды?

Қандай жаттығу жасадық?

Сендерге бүгінгі қимылды ойындар ұнады ма?

Не үшін жаттығулар орындау қажет?

Өте жақсы, сендер бүгінгі жаттығуларды өте жақсы орындадаңдар, жарайсыңдар.


Тексерілді:








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2020
647
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі