Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы "Ана өмір шырағы" ересектер тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы "Ана өмір шырағы" ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
музыкалық шығармаларды салыстыруда балаларды талғампаздыққа баулиды. Музыканың көмегі арқылы көңіл күйді сезініп, әңгімелей білуге, мимика түрінде көрсете алуға үйретеді. Әртүрлі сипаттағы әуенді қимылмен көрсетуге, би қимылдарын есте сақтауға дағдыландырады. Музыкалық қабілеттерін, шығармашылықтарын дамытуды жалғастырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

Технологиялық картасы


Ересектер тобы

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлім:Музыка

Тақырыбы: «Ана – өмір шырағы»

Мақсаты: музыкалық шығармаларды салыстыруда талғампаздыққа баулу. Музыканың көмегі арқылы көңіл күйді сезініп, әңгімелей білуге, мимика түрінде көрсете алуға үйрету. Әртүрлі сипаттағы әуенді қимылмен көрсетуге, би қимылдарын есте сақтауға дағдыландыру. Музыкалық қабілеттерін, шығармашылықтарын дамытуды жалғастыру.

Сөздік жұмыс: мимика, терция, кварта.

Билингвалды компонент: қуанышты-радостный, салмақты-уровновешанный, сабырлы-спокойный.

Оқу қызметінің кезеңдері

Музыка жетекшінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Вальс (Шуберт. «Билеп үйренейік» жинағынан) ойналып, балалар би қимылын қайталап үйренеді. Еске сақтап, биді мәнерлеп орындау шеберліктерін ұштайды. Би элементтерін соңына дейін көрсетіп, бірге мәнерлеп билеулерін қадағалайды.

«Гүлдермен би» қимылдары үйретіледі. Балалар мен аналары туралы әңгімен айтып, өз сезімдері, ой-пікірлері туралы сұрайды. Суретшілердің әйел-ананы бейнелейтін суреттерін көрсетеді, әңгімелейді. (А.Дайнека «Ана», Леонардо да Винчи «Мадонна», Д.Жилинский «Қайырлы таң»).

Балаларға әртүрлі көңіл күйдегі аналардың бейнелерін атап айтуды сұрайды (қуанышты, салмақты, сабырлы, т.б.)

Ал сендердің аналарың қандай көңіл күйде жүреді?

Қуанғанда қандай болады?

Сендерге ренжігенде не істейді?

Сендерді еркелеткенде, жақсы көріп иіскегенде түрі қандай болады?

Балаларға мимика арқылы көрсетуді ұсынады.

Еркелеткен баласын,

Аман болшы, анашым.

Үйренген би қимылдарын әуенмен мәнерлеп билейді, өз шығармашылықтарын көрсетеді.







Гүлдермен би қимылдарын нәзік, жеңіл орындайды. Гүлдердің әсемдігін қимылмен жеткізуге тырысады.




Атақты суретшілердің еңбектерін тамашалап, эмоциялық бейнелерін салыстырады,, әңгімелейді.




Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.


Мимикамен көрсетіп, бетәлпетті өзгерте көңіл күй түрлерін көрсетеді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Музыка тыңдау: «Аман болшы, анашым!»

Бұл ән бәріміздің де аналарымызға арналған.

Әннің көңіл күйі қандай?

Сендерге ұнады ма?

Мазмұнын әңгімелеуді сұрайды.

Дауыс жаттығуы: «Әдемі ән», «Анашым». Терең тыныс алып, дыбыстардың біркелкі шығуына көңіл аудару. Таза айтуларын қадағалау.

Ән үйрену: «Анашым» (Е.Хасанғалиев, А.Асылбек) орындаллады. Балаларға ән мәтіні және әуені үйретіледі.

Өтпесін әр кеш құр,

Ойнаймыз оркестр!




Аспапта ойнау: «Айгөлек» әуеніне қоңырау, үшбұрыш, бірнеше металлофон аспаптарында ойнауды жалғастырады. Әуеннің ырғағын сезіне, өз реттіліктерін сақтауын қадағалау.

«Өрнек» биінің элементтері қайталанып, есте сақтауға мәнерлеп айтуға үйрену.


Әнді зейін қойып тыңдап, әсер алады. Нәзік әуенді сезініп, ойға батады.


Алған әсерлерін жеткізе айтып, әңгімелейді.



Жаттығуды көңілді, жайдары орындап, терция (ре I, фа I) ми, ля кварта интервалдарын таза орындауға жаттығады. Әнді тыңдап, нәзік, сазды әуенін сезіне қабылдайды. Әнді орындағанда әннің сипатын түсініп, оны өз эмоцияларымен көрсете біледі.



Металлофонда, қоңырау, үшбұрышта реттілікпен үндестігін сақтай ойнайды. Оркестрде ойнауға қызығушылықтары артып, көңілденеді. Ұлттық би элементтерін үйреніп, мәнерлеп билеуге талпынады.

Рефлексиялық-түзетушілік










Қимылдық ән-ойын: «Алтын қақпа».

Ойын шартын қатаң сақтап, шапшаң қимылдауға, жұптасып, қақпа жасап тұруға дағдыландыру.

Өз аналарыңа қандай тілек айтасыңдар?

«Ана – біздің гүліміз» дегенді қалай түсінесіңдер?

Аналарыңа қандай мерекелік свйлық ұсынасыңдар?

«Менің сүйікті анам» тақырыбына өз аналарын бейнелеп, суретін салуға тапсырма беріледі.

Көрме ұйымдастырылады.


Ойынды ұйымшылдықпен, тату-бірлікпен белсене ойнайды, қызығушылықтары артады.

Ойларын жеткізе әңгімелеп, сұрақтарға жакап береді.

Өз аналарына тілектерін, тақпақтарын дайындайжды.

Мерекелік көңіл күймен шығады.






Күтілетін нәтиже:

Біледі:музыкалық шығармаларды тыңдап, салыстыру. Түрлі сипаттағы көңіл күйді ажырату, әнді таза, тембрін сезіне орындау.

Игереді:әртүрлі көңіл күйді мимикамен көрсетуді. Би қимылдарын мәнерлеп көрсетуді, гүлдермен биді жеңіл, бірқалыпты билеуді, аспаптардың үндестігін естіп, бірге оркестрде ойнауды.

Меңгереді: әнді таза орындап, эмоциясын көрсетуді, түрлі сипаттағы ауыспалы әнді мәнерлеп айтуды.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2018
500
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі