Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы "Қонжықа қонаққа" ересектер тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы "Қонжықа қонаққа" ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
әуеннің ырғақ екпінін сезіне білуге, әуенге сәйкес қозғалуға дағдыландырады. Музыкаға сәйкес образдық қимыл жасайды: айналу, екі ырғақты шапалақ жасау, екі аяқпен топылдату,иелу. Шығарманы сезіне тыңдайды, әнді ашық дауыспен, таза орындайды. Аспаптарда еркін ойнап, игеруге үйретеді. Музыкалық ойын әрекеттерін орындауға дағдыландырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

Технологиялық картасы

Сәуір айы 29 күні 2014 ж.

Ортаңғы топ

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлім: Музыка

Тақырыбы: «Қонжыққа қонаққа бару»

Мақсаты: әуеннің ырғақ екпінін сезіне білуге, әуенге сәйкес қозғалуға дағдыландыру. Музыкаға сәйкес образдық қимыл жасау: айналу, екі ырғақты шапалақ жасау, екі аяқпен топылдату,иелу. Шығарманы сезіне тыңдау, әнді ашық дауыспен, таза орындау. Аспаптарда еркін ойнап, игеруге үйрету. Музыкалық ойын әрекеттерін орындауға дағдыландыру.

Көрнекілік:ағаш қасықтар, жұмсақ ойыншықтар:үш аю: әкесі, анасы, Қонжық; қоян, тиын, үш аюдың үйі, үстел ыдыстармен және тағамдарымен, музыкалық сүйемелдеу.

Сөздік жұмыс: маңдайымызды, мұрнымызды, құлақтарымызды, денсаулығымызды.

Билингвалды компонент: үш аю-три медведя, қонжық-медвежонок, қоян-заяц, тиын-белка.

Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Көңілді әуенмен балаларды қарсы алады.

Сәлеметсіздерме балалар, сендерді көруге өте қуаныштымын! Бізге бүгін сабаққа қонақтар келді, кәне амандасайық. Сәлеметсіздер ме.

Валеологиялық распевка:

Қайырлы таң!

Бүгін күн көңілді

Кәне күлейік

Маңдайымызды сипайық

Мұрнымызды, бетімізді,

Бақшадағы гүлдей

Әдемі болайық..

Қаттырақ, қаттырақ

Алақанымызды ұқалайық

батылдау, батылдау

Шапалақ соғайық

Құлақтарымызды уқалаймыз

Денсаулығымызды сақтаймыз.

Балалар көңілді әуенмен залға кіреді.

Амандасады.



Қонақтармен амандасады.




Шеңберге тұрып распевка жасайды.

Сөздерін анық айтуға тырысады, сөздеріне сәйкес эмоционалды қимыл жасайды.


Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Балалар, қараңдаршы бізге хат келіпті! Ашып көрейік, кімнен екен! оқиды: («Құрметті балалар! Сендерді Қонжықтың туған күніне шақырамыз.Қонжық 4 жасқа келеді. Сендерді қонаққа күтеміз, келіңдер! Әкесі Михаил Потапович және анасы Настасья Петровна»)

-Сендер таныдыңдар ма, бұл қандай кейіпкерлер қай ертегіден?



-Ал балалар,қонаққа туған күніне барамыз ба? Олай болса, музыканы тыңдап, менің соңымнан көңілді адымдаймыз! ( фонограмма «Бірге көңілді адымдау»).
Менімше, біз жартылай келіп қалған сияқтымыз. Арықарай жолымыз жіңішке және ирек болады, сондықтан ақырын, кішкентай адымен жүгіріп өтейік. Бір бірлеріңнен қалмаңдар! (педагог соңынан жеңіл жүгіру,
жаттығу «Ирек жол»)
Міне, ғажайып алаңғада келдік Орманға көктем келіпті, қар еріп, күн жылынды.

Тыңдау: «Көктемдегі ормандағы дыбыстар»
Міне ғажап үй, ойлаймын бұл ертегідегі үш аюдың үйі! Есік қағып көрейік! (ширма ашылады, артында үстел тұр, үстелдің үстінде самауыр, кеселер, тәтті тағамдар. Үстел үстінде ойыншықтар отыр: 3 аю, қоян, тиын)
Балалар, бүгін Қонжықтын туған күні, қонжыққа қонақтар келіпті. Қонжық өте қуанышты, бізді биге шақырып отыр. Кәне бірге шеңберге тұрып билейік.
(жаттығу «Қонжықтың биі»)
-Балалар! Қараңдаршы, калай әдемі қонжықтың анасы үстел әзірлепті. Үстелдің үстінде не тұр?

Дұрыс, ал мынау самауыр!
Ал сендерге мына қасықтар ұнай ма? Олай болса Қонжыққа туған күніне көңілді ән сыйлайық.
«Қасықтармен ойнау» (фонограмма полька «Янка» - педагог қасықтар таратады) .
Балалар, ал сендер байқадыңдар ма, бізден басқа да қонақтар бар екен. Ол қандай қонақтар?
Ал сендер қоян сияқты секіру білесіңдер ме?

Кәне көрейік! (Жаттығу «Қояндар»)
-Балалар, бізге қоян мен тиын және қонжық ойын ұсынғалы отыр. Бәріміз шеңберге тұрайық.
Музыкалық ойын «Ойыншығыңды тап»
Жарайсыңдар балалар, ойынды жақсы ойнаныңдар. Настасья Петровна мен Михаил Потаповичке де ұнады.
Қонжықтың туған күнінде жаксы көңіл көтердік.Ал енді ән шырқайық
. («Ойыншықтар» И.Нүсіпбаев)
Қонжық: - Мен ата-анамды бәрінен артық жақсы көремін.
Мен қонақтарды, балаларды және осы балабақшаны жақсы көремін.

Балалар хатты көреді.


Қызығушылықпен тыңдайды.








Ия, таныдық.

Бұл «Үш аю» ертегідегі кейіпкерлер.


Ия, барамыз.


Балалар бірі соңынан бірі марш екпінімен жүреді.




Педагог сигналы бойынша қимылды ауыстырып, жеңіл жүгіреді.







Балалар шығарманы тыңдайды.

Балалар ертегідегі «Үш аю» үйін көріп, есігін қағады.









Балалар педагогпен бірге жаттығу жасайды.


Үстелдің үстінде ыдыстар тұр.

Ия, ұнайды.



Балалар қасықтарды алып, әуенді сүйемелдейді.



Байқадық

Олар: қоян және тиын.


Ия, білеміз

(балалар қоян сияқты секіріп, жаттығу жасайды).




Шеңберге тұрады.

Балалар ойының шартын сақтап, ойын ойнайды.







Балалар «Ойыншықтар» әнін орындайды

Рефлексиялық-түзетушілік

-Ал міне сендерге тәттілер әзірленіп тұр.Осы тәттілерді сендерге қонжық сыйлап отыр! (кәмпиттер таратады)
-Балалар, қонжыққа денсаулық, қуаныш сыйлайық, ал бізге балабақшаға оралатын кез келді!Сау болыңдар орман тұрғындары! (
Ән «Бірге көңілді адымдау» балалар залдан шығады)

Балалар қуанып, қонжықтын тәттілерін қабылдайды.





Көңілденіп, қол бұлғап қоштасып шығады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуеннің ырғақ екпінін сезіне білуге, әуенге сәйкес қозғалуға дағдыландыру. Шығарманы сезіне тыңдау, әнді ашық дауыспен, таза орындай білу..

Игереді: Аспаптарда еркін ойнап игеру.

Меңгереді: Музыкаға сәйкес образдық қимыл жасау: айналу, екі ырғақты шапалақ жасау, екі аяқпен топылдату,иелу. Музыкалық ойын әрекеттерін орындауға дағдыландыру.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2018
457
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі